Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет82/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   128
Сөз құдіреті

–Келесі станциядан қалдырып кетейік, анасын тосып ал-
сын.
– Денің сау ма, титтей бала не біледі, адасып өлмей ме?
– Далаға таста деппін бе? Станцияның бастығына та-
стап кетеміз де.
– Мынау алас-қапаста станция бастығы бала баға ма? Ай-
тады екен ау...
– Әй, қойыңдар, – жамырап бара жатқан қатындарды Алев-
тина Павловна тоқтатты (68-бет).
Міне, барлық жердегі орыс адамдарының диалогтері осы 
тақылеттес. Әрине, бұл – дәл аударма емес, Нәзираның бұл 
диалогтегі ұққан сөздерінің қазақша мазмұны.
Ал романның таза қазақтар туралы бөліктерінде, яғни 
«сюжеттік шегіністерде» Нәзираның өткен күндерді есіне 
алған сәттерінде қазақ кейіпкерлердің диалогтері сөйлеу тіліне 
тән одағай, қаратпа, қыстырма сөздермен, қарапайым элемент-
термен нағыз қазақша диалог етіп берілген. Мысалы:
Дариға жеңгем... мойнымнан құшақтап алып:
– Қыз-ау, сен әлгі демалысқа келген кәмендерді көрдің бе? 
– деді.
– Көрдім.
– Көрсең, жаным-ау, не бітіріп жүрсің ?Жұрт деген тек 
гу-гу етеді. Өзі әлі үйленбепті. Тұқымы да ақкиіздің ішінде ды-
рауы көрінеді. Осы жолы құр кетпейді деседі. Я-я, жай келіс 
емес, қалыңдық іздеп келіпті дейді.
– Іздесе қайтейін?
Дариға жеңгем «денің сау ма?» дегендей, бетіме үрпие 
қарады.
– Қыз-ау, не дейсің сен? Бүкіл аудан аузын ашып отырған 
жалғыз жігітті...
– Қойшы, Дариға-айу ерні көнтиген, көзі быттиған біреуді 
соншама...


193
– Қыз-ау, есің дұрыс па? Қазақ айтқан емес пе, «ат ерінді, 
ер мұрынды келсін» деп.
– Мұның мұрны кішкентай, ерні үлкен ғой.
– Е, болса ше? – деп өз екпінімен кете берді де кенет сөз 
мағынасын түсініп, өз ағаттығына күліп жіберді. – Туһ, сен де... 
Оның ернін қайтесің. Құдай беріп, қолыңа түссе, әлі-ақ ерт-
теп мініп аласың ғой (29-30-беттер).
Міне, бұл шағын диалог – нағыз қазақтардың – қайын 
сіңлісі мен жеңгесінің диалогі. Нәзираның Қасымбекпен, 
Абанмен де (соғыс кезеңінде басқа қазақша сөйлейтін жал ғыз 
адам) әңгімелері қазақша, бірақ мұндай қазақы диалогтер көп 
емес, өйткені олардың бірге болған күндері де аз. Сондықтан 
кейіпкер тілі машығы арқылы оның бейнесін сомдай түсу тәсілі 
бұл шығармада бірінші кезекте тұрмаған.
Көркем шығарма үш түрде: не бір нәрсені (оқиғаны, 
адамдарды) суреттеу не баяндау немесе бір нәрсе туралы 
толғануболып келеді. «Шырағың сөнбесін» – бас кейіпкердің 
басынан кешкендерін баяндай отырып, оның ішкі жан дүниесін 
ашу, яғни «адам және ғалам» де ген тақырыпқа барған туын-
ды. Баяндау қарапайым сөйлеу мәнерінде берілген. Лексикасы 
негізінен бейтарап, экспрессивтік бояуы жоққа тән, синтаксисі 
– сөйлеу тілінікі. Роман атының өзі – шығарма идеясының 
конденсаты (сығындысы), яғни алапат қырғында опат болған 
үш азаматтың шырағын сөндірмес үшін екі баланы жетектеп, 
үшіншісін құрсағында елге аман алып келе жатқан Нәзира 
бейнесінің түйіні, жан тазалығы.
Сөйтіп, қорыта айтқанда, заманымыздың ірі жазушысы, аса 
ойшыл, білімдар, мықты суреткері – Тахауи Ахтановтың өзге 
көркем дүниелері сияқты, «Шырағың сөнбесін» романы – тілі 
мен көркемдік стилі тұрғысынан қазақ прозасында кейіпкер 
атынан баяндалатын туындылардың классикалық үлгісі болып 
табылады.
Дарын иесінің қалам тартудағы әр қырынан танылған 
мүмкіндіктерінің аясын танудағы бұл ізденіс-талдауларымызда 
жас жазушыларға Ахтанов қаламы үлгі болып көрінсе, қалың 
оқырман жазушы мұрасына сүйсіне түссе деген мақсатты 
көздедік.


194
ҚАБДЕШ ЖҰМАДIЛОВ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет