Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет122/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Пайдаланылған әдебиеттер
1.  Н.Ә.Назарбаев. 
«Рухани  жаңғыру:  Болашаққа  бағдар»  атты 
бағдарламасы. (https://aikyn.kz/2017/04/13/9894.html) 
2.  Интернет ресурстары. 
   
 
 
 
 
 
 
 


266 
 
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ - ТӘРБИЕ   
НЕГІЗІ 
 
Утепова Арайлым Оразкызы 
Түркістан облысы, Түркістан қаласы, №23 жалпы орта мектеп  
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
   
   Елбасымыз өзінің  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында 
Қазақ Елінің мықты әрі біртұтас ел болуы үшін болашаққа қалай қадам басуы 
қажет  екендігін  көрегендікпен  айқын  көрсеткен.  Соның  ең  бастысы 
бұқаралық  сананы  өзгерту  мәселесіне  жете  көңіл  бөліп,  оны  өзгертуге  қол 
жеткізу  жолдарын  қадам-қадаммен  айқындап  беруі  бәріміз  үшін  ертеңгі 
күнге  жасалған  жоспар,  жарқын  болашаққа  деген  үміт,  әрі  сол  жолда 
жүктелетін  міндет  екені  сөзсіз.  Елбасы  өз  мақаласында  жаңғыруды  жүзеге 
асыруда  біріншіден,  ұлттық  рухани  код,  ұлттық  мәдениет  сақталмаса 
ешқандай  жаңғыру  болмайтындығын,  екіншіден,  алға  басу  үшін  ұлттың 
дамуына  кедергі  болатын  өткеннің  кертартпа  тұстарынан  бас  тартып 
«өзімдікі  ғана  таңсық,  өзгенікі-  қаңсық»  деп  кері  тартпай,  ашық  болу, 
басқалардың  ең  озық  жетістіктерін  қабылдай  білу,  бұл  табыстың  кілті 
екендігін  баса  айтты.  Сондай-ақ,  Президентіміз  бағдарламаға  құрылған 
мақаласында ел боламыз, дамыған елдердің алдыңғы қатарына шығамыз деп 
талпынсақ,  адамдардың  бәсекелестік  қабілеттерін  қалыптастыру,тәрбиелеу 
қажеттігін айтты. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа 
аманат  етіп,  сақтап  келген  құндылықтарды,  ұлттық  прагматизм  санаулы 
жылдарда ас та төк ысырапшылдыққа ұласқанын айтып, қазақстандықтарды 
серпілуге,  реализим  мен  прагматизмді  ту  етіп  ұстап,  ұлттық  бірегейлікті 
сақтауға, болашаққа сеніммен қадам басуға шақырады. 
Ел  Президенті  аталмыш  тұғырнамасында  білім,  ғылымға  ерекше 
басымдық  беріп  отыр.  «Терең  білім  -  тәуелсіздігіміздің  тірегі»,  деген  Н.Ә. 
Назарбаев  «Мәңгілік  ел  болуға»  қадам  басқан  тәуелсіз  қазақстанның  ендігі 
жаһандану  алдында  ұлт  ретінде  жойылып  кетпеуі  үшін  ұлттық  кодын 
сақтаған,  терең  білімді,  бәсекеге  қабілетті,  ұлттық  құндылықтарды  бойына 
сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді. 
 «ХХІ  ғасырдағы  ұлттық  сана  туралы»  атты  І  бөлімнің  «Бәсекелік 
қабілет»,  «Прагматизм»,  «Ұлттық  бірегейлікті  сақтау»,  «Білімнің  салтанат 
құруы»,  «Қазақстанның  революциялық  емес,  эволюциялық  дамуы», 
«Сананың ашықтығы» атты алты тармақ және «Таяу жылдардағы міндеттер» 
атты екінші бөлімдегі «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру», «Жаңа 
гуманитарлық  білім.  Қазақ  тіліндегі  «100  жаңа  оқулық»,  «Туған  жер» 
бағдарламасы,  «Қазақстанның  киелі  жерлерінің  географиясы»  ,  Жаһандану 
заманауи  мәдениет  «Қазақстандағы  100  жаңа  есім»  жобаларындағы  ойлар 
мен идеялар ұлттық мемлекеттілікті нығайту мен сақтаудың айқын да нақты 
көрінісі.  


267 
 
1.2017 жылдың 26 қазан Елбасымыз «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан 
латын  графикасына  көшіру  туралы»  Жарлыққа  қол  қойды.  Әлемдегі 
техникалық  ақпараттың  70  проценті,  электронды  тасымал  құралдардағы 
ақпараттың 80 проценті ағылшын тілінде.Дүнижүзі халықтардың 70 проценті 
латын  қарпіне  көшкені  белгілі.  Сондықтан  да  латыншаны  қазіргі 
коммуникацияның,  ғылымның  және  білімнің  тілі  деп  нық  сеніммен  айтуға 
болады. 
2.Елбасымыз  өз  мақаласында  алдағы  бірнеше  жылда  гуманитарлық 
білімнің  барлық  бағыттары  бойынша  әлемдегі  ең  жақсы  100  оқулықты  әр 
түрлі  тілдерден  қазақ  тіліне  аударып,  жастарға  дүнижүзіндегі  таңдаулы 
үлгілердің  негінде  білім  алуға  мүмкіндік  жасау  қажеттігін  айтқан  болатын. 
Осыған  байланысты  «Bilim  Media  Group»  ЖШС  компаниясының  негізін 
қалаушы  және  басшысы  Рауан  Кенжеханұлы  20-ға  жуық  оқулық  аударып 
жатқанын  атап  өтті.Оның  айтуынша  бүгінде  алғашқы  оқулықтарды  жазуға 
90-  ға  жуық  маман  тартылыпты.  Бұл  оқулықтардың  басым  көпшілігі  бұрын 
соңды қазақ тіліне , тіпті орыс тіліне аударылмаған жаңа басылымдар. 
3. Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары. 
4. Жаһанданғы заманауи Қазақстандық мәдениет. 
5.  «100  жаңа  есім»  жобасы.  Қазақстандағы  100  жаңа  есім»  жобасына 
жерлесіміз    белгілі  айтыскер  ақын    Бекарыс  Шойбеков  Ақсақалұлы  еніп 
қаламыздың мәртебесін тағы да бір асқақтатып биікке көтерді.             
6.  «Туған  жер»  арнайы  жобасы.  Мектепте  осы  «Туған  жер»  арнайы 
жобасының 4 кіші бағдарламалары негізінде жұмыстар жүргізілуде. 
Елбасының  «Болашаққа  бағдар:  Рухани  жаңғыру»  мақаласы  білім 
саласы  қызметкерлері  үшін  тәрбие  жұмысындағы  бағытымызды  айқындап 
берген  басты  құжат  болып  табылады.  Бұл  құжат  мектептің  тәрбие 
жұмыстарын жүйелеуге кең мүмкіндіктер ашады. Осы мақсатта «Туған жер» 
арнайы жобасының «Тәрбие және білім», « Рухани қазына», «Атамекен» кіші 
бағдарламалары  бойынша  жүзеге  асырылатын  іс-шаралар  жоспары 
бекітіліп,бұл  бағдарлама  ұжымға,  ата-аналарға  таныстырылып,  насихаттау 
жұмыстары  жүргізілді.  Болашаққа  бағдар:  Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы 
аясында көрме ұйымдастырылып,стенд пен логотивтер жасалынды. 
«Тәрбие  және  білім»  кіші  бағдарламасының  Өлкетану  базалық  бағыты 
бойынша«Алтын  адам»  кіші  жобасы  негізінде  оқушыларды  туған  өлке 
тарихын білуге, зерделеуге ынталандыру мақсатында директордың тәрбие ісі 
жөніндегі орынбасары Е. Нарымбетов Ержанұлы мен мектеп мұғалімдерінің  
ұйымдастыруымен  5-8  сынып  аралығындағы  150-ге  жуық  оқушылар 
Шымкент  қаласындағы  Мәдени-тарихи  өлкетану  мұражайында  Елбасымыз 
Н.Назарбаев  «Дәуір,  тұлға,  қоғам»  көшпелі  көрмесіне,  «Ай»  ойын-сауық 
кешеніне, хайуанаттар саябағына саяхатқа апарып, оқушылардың ықыласына 
бөленді.  Оқушылар  өздерінің  керемет    әсерде  сезінгендерін  қуанышпен 
жеткізсе, ата-аналар да өз алғыстарын айтты.  
«Менің  Отаным  -  Қазақстан»  кіші  жобасы  аясында  тарих-география 
пәнінің  мұғалімдері  оқушыларды  туған  өлке  тарихын  зерделеуге 


268 
 
ынталандыру,  өлкетанулық  білімнің рөлі  мен  маңызын  арттыру  мақсатында 
каламыздағы  Жеңіс  саябағына  және  Арыстанбаб  кесенесі,  «Отырар» 
мемлекеттік  археологиялық  қорық  музейіне,  Домалақ  ана,  Бәйдібек  би 
кесенелеріне, Ақмешіт әулие үңгіріне сяхатқа апарып келді. «Тарих мұрасы» 
кіші жобасы аясында «Туған жерге туыңды тік» атты керемет кеш өткізілді. 
«Ұстаз  -  өзгеріс  жаршысы»  кіші  жобасы  аясында  «Тұнық  жырдың 
тұмары  -  Фариза  ақын»  атты  қалалық  байқауда  Ізетілләева  Құттықыз  3 
орынмен  марапатталды.  «Білім  шыңы»  атты  педагогтер  мен  оқушыларға 
арналған  республикалық  ғылыми  –әдістемлік,  танымдық,  мәдени-  рухани 
журналына Қуанышбаева Гұлнұр, Ыдырысова Ақбота және бастауыш сынып 
мұғалімдерінің «Рухани жаңғыру –жастарға жарқын бағдар» атты тақырыпта 
атқарған  жұмыстары  жарық  көрсе,  Ізетілләева  Құттқызбен  5-сынып 
жетекшілерінің  «Рухани  жаңғырудың  жарқын  жолы»  тақырыбында  іс-
шарасы  жарияланды.  9-сыныптар  арасында  ұйымдастырылған  «Білгірлер 
отауы»сайыс  сабағы  мен  география  пән  мұғалімі  Бохаева  Мадинаның 
«Өңіріміздегі  жел  энергетикасы»атты  ғылыми  жобасы    жарияланды.«Өрле 
Қазақстан!» кіші жобасы аясында балалар мен жасөспірімдер,оркестрлер мен 
ансамбльдердің  шеруіне  қатысып  мектебіміздегі  «Дала  сазы»  аспаптық 
ансамбль  клубының  ансамбль  құрамымен  облыстық  байқауға  қатысып,  ІІ 
Дәрежелі диплом иеленді. 
«Дарынды  ұрпақ  –  ел  болашағы»  кіші  жобасы  аясында  дарынды, 
талантты,  шығармашыл  балаларды  анықтауға  бағытталған  іс-шаралар 
негізінде  28.09.2017  ж.  күні  қалалық  байқаудан    11  «Ә»  сынып  оқушысы 
Айсекенов  Асылтай  «Ауыл  шаруашылықта  техникаларды  қолдану»  
номинациясы  бойынша  облыста  І  орынмен  марапатталып,  4.11.2017ж  күні 
Қарағанды    қаласында  өткізілген  Республикалық  байқаудан    сертификатпен 
марапатталып  келді.      7  «Г»  сынып  оқушысы  Жұмабай  Нұрасыл  қалалықта 
ұйымдастырылған «Ұлы өнер тапқыштыққа алғашқы қадам» -атты байқауда 
«Баламалы  энергетика»    саласы  бойынша  ІІ  орынмен  марапатталды.    8  «Б» 
сынып  оқушысы  Амангелды  Ұлдана  «Авиация»    саласы  бойынша  ұшақ 
құрастырып,  Алғыс  хатпен  мараптталды.    8  «А»  сынып  оқушысы  
Алтынбекова  Айгерім    «Су  көлік  саласындағы  техникалық    құрастыру» 
номинациясы бойынша  қалалықтан І орынмен, 11.04.2018ж  күні  облыстан 
ІІІ орынмен марапатталды. Сондай-ақ «Туған жер-алтын бесік» атты қалалық 
өлкетану сайысында 7-10 сынып оқушылары 1 орынды иеленді. 
«Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие және білім» бағдарламасының 
қоғамдық  ұйымдар  және  балалар  мен  жасөспірімдер  қозғалысы  іс-шаралар 
жоспарына  сәйкес  мектеп  оқушылары  аймақтық  «Айбын»  әскери  – 
патриоттық жастар жиынына қатысып марапатталды. 
 «Кітап  -  білім  бұлағы»  кіші  жобасы  бойынша      ата-аналар  жиналысы 
өткізілді. «Лидер Reader- ON» іс-шарасының жоспары мен ережесіне сәйкес  
бір тоқсан  көлемінде кітапханаға келген білім алушылардың ішінен ең үздік 
13  оқырман  анықталып,  берілген  4  кезең    бойынша  28  ақпанда  іс-шара 
ұйымдастырылды.  Сонымен  бірге  оқушыларға  арналған  «100  кітап»  атты 


269 
 
тақырыпта  сайысы  өтілсе,  мектепте  «Құнды  сыйлық»  акциясы 
ұйымдастырылып,  BOOKROSSING  көрмесі  жасалынды.  Мектебімізде  оқу 
жылында әр сенбі «Кітап оқу күні» болып белгіленген. 
2.«Отаным  -  тағдырым»  бағыты  негізінде  «Абай  даналығы»  жобасын 
іске  асыруда  қазақ      мен  әдебиеті  мұғалімдері,  сынып  жетекшілері  Абай 
мұрасын  талдау  жасау  арқылы  баланың  ойына  қозғау  салу  шығармашылық 
жұмысқа баулу мақсатында күнделікті сабақ жоспарына ендіріп, кіріктірілген 
минуттар мен сынып сабақтарын өтуде. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
М.Шерниязданованың  жетекшілігімен  8-9  сынып  оқушыларынан  «Абай 
әлемі»  клубын  ашып,  мақсат,  міндеттері  таныстырылып,  жоспар  бойынша 
жұмысын жалғастыруда.  
3.Саналы азамат бағыты негізінде «Кәсіптік білім беру», «Мен таңдаған 
мамандық» атты тақырыптарда 9-сынып жетекшілері А. Құрманбекова мен Р. 
Жоранова ашық тәрбие сағаттарын өтті. 
«Отбасы  әлемі»  кіші  жобасы  бойынша  «Ұл  мен  қыз-ұлт  намысы» 
кешенді  іс-шарасы  негізінде  «Әжелер  тәрбиесі»  тақырыбында  9-11  сынып 
қыздарының  100  пайыз  қатысуымен  жиналыс  өткізілсе,  10  «А»  сыныбында 
осы тақырыпта ашық тәрбие саты өтілді. 
4.  «Рухани  қазына»  кіші  бағдарламасы  негізінде  Рухани  жаңғыру 
бағдарламасын  насихаттауға  және  Алғыс  айту  күнінің  маңыздылығын  одан 
әрі  нығайтуға  ықпал  ету,  мерекелік  көңіл  күй  қалыптастыру  мақсатында 
«Алғыс  айту-парызым!»  атты  мерекелік  кеш  өтіліп,  осы  тақырыпта  тілек 
бұрышы  жасалынды.  8  наурыз  –Халықаралық  әйелдер  мерекесіне  арналған 
«Сиынар  ем,  Ана  деген  тәңірге»  атты  кешімізді  қаламыздағы  Этномәдени 
орталығында  өткізіп  Алғыс  хатпен  марапатталдық.Қыздарды  халқымыздың 
ізгі  қасиеттері  имандылық,  инабаттылық,  ізеттілік,  ісмерлік  негізде 
тәрбиелеу,  әр  қыз  баланы  парасатты,  жан-жақты  болуға,  сұлулық  әлемін 
түсінуге  тәрбиелеу,  табиғат  сыйлаған  қасиеттерінің  ашылуына  көмектесу 
мақсатында  «Көктем  аруы-2018»  байқауы  өтілді.  Тұрғындар  мен  жастар 
арасында  көше  атауларының  тарихын  және  тұрғындардың  көше  атауына 
деген  құрметін  арттыру  мақсатында  «Сіз  тұратын  көше»    атты  танымдық 
шара,  1  мамыр  -Қазақстан  халқының  бірлігі  күні  мен  Отан  қорғаушы  күнін 
және Ұлы Отан  соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар 
ұйымдастырылды. 
Рухани  жаңғырудың  жүзеге  асырылуын    бүкіл  ел  болып  «Бір  жағадан 
бас,  бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет