Р.Қажығаликызы, М. Ш. Шарипова ЖҮкті әйелдерді босануға дайындау кезіндегі медициналық Ұйымдардың Қызметін талдау оқу құралы Алматы «ҚазМҮббу» 2020ж


Босанудың оң тәжірибесін қамтамасыз ету үшін интранатальды кезеңде күтім жасау бойынша ДДСҰ ұсынымдарының жалпы тізімі



бет31/36
Дата25.04.2024
өлшемі140.76 Kb.
#499863
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
annotation211488

8. Босанудың оң тәжірибесін қамтамасыз ету үшін интранатальды кезеңде күтім жасау бойынша ДДСҰ ұсынымдарының жалпы тізімі



Күтім түрі

Ұсыныстар

Босану және бала туудың барлық кезеңі

Босанған әйелге құрметпен қарау

Күтім жасау кезінде әйелге құрметпен қарау, оның қадір-қасиетін, жеке басының қауіпсіздігі мен құпиялылығын сақтау, сондай-ақ зиян келтіруден және дұрыс емделуден қорғауды, ақпараттандырылған таңдау мүмкіндігін және босану кезінде үздіксіз қолдауды қамтамасыз ету ұсынылады.

Тиімді байланыс

Қарапайым, мәдени тұрғыдан қолайлы ережелерді қолдана отырып, босанған әйел мен оған күтім жасайтын персонал арасында тиімді байланыс ұсынылады.

Босану бойынша серіктестің болуы

Босану бойынша серіктестің болуы барлық әйелдерге ұсынылады.

Күтімнің үздіксіздігі

Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде әйелді басқаратын таныс акушердің немесе акушерлер тобының басшылығымен күтім жақсы орнатылған тиісті бағдарламалар болған кезде ұсынылады.

Босанудың бірінші кезеңі

Босанудың бірінші кезеңінің жасырын және белсенді фазаларын анықтау

5. Босанудың бірінші кезеңінің жасырын және белсенді фазаларының төменде көрсетілген анықтамаларын қолдану ұсынылады.
- Жасырын фаза жатырдың жиырылуымен және жатыр мойны каналының өзгермелі өзгеруімен сипатталады, оның ішінде жатыр мойнының біршама тегістелуі және алғашқы және қайталанған босану кезінде жатыр мойны каналының 5 см-ге дейін біртіндеп ашылуы.
- Белсенді фаза жатырдың тұрақты ауырсынуымен, жатыр мойнының тегістелуімен және жатыр мойны каналының 5 см-ден тез ашылуымен, алғашқы және қайталанған босану кезінде толық ашылуымен сипатталады.

Босанудың бірінші кезеңінің ұзақтығы

6. Әйелдерге босанудың бірінші кезеңінің жасырын фазасының ұзақтығы догма болып табылмайтыны және кең шектерде өзгеретіні туралы хабарлануы тиіс, алайда оның ұзақтығы (жатыр мойны арнасының ашылуы 5 см-ден толық ашылғанға дейін) әдетте алғашқы босану кезінде 12 сағаттан және қайталанған босану кезінде 10 сағаттан аспайды.

Босанудың бірінші кезеңі

7. Егер босану өздігінен басталса, белсенді фаза ішінде 1 см/сағ жатыр мойны каналының ашылу жылдамдығы (партограммада көрсетілген) ұрық үшін асқыну қаупін анықтаудың дұрыс емес өлшемі болып табылады және осы мақсаттар үшін ұсынылмайды.
8. Бірінші кезеңнің белсенді фазасында жатыр мойны каналының ашылуының минималды жылдамдығы 1 см/сағ, барлық әйелдерде қол жеткізілмейді және босанудың қалыпты ағымының өлшемі бола алмайды. Жатыр мойнының баяу ашылуы (сағатына 1 см-ден аз) оқшауланған белгі ретінде хирургиялық араласудың көрсеткіші болып табылмайды.
9. Жатыр мойны каналы 5 см ашылғанға дейін босану баяу жүруі мүмкін. Алайда, егер ана мен ұрықтың жағдайы қолайлы болса, босануды тездету үшін медициналық араласу (мысалы, окситоцин немесе кесарь тілігі) осы шекті деңгейге жеткенге дейін ұсынылмайды.

Босандыру бөлімшесінде емдеуге жатқызу

Бірінші кезеңнің белсенді кезеңіне дейін босану өздігінен басталған сау жүкті әйелді ауруханаға жатқызуды кейінге қалдыру ұсынылмайды. Зерттеу бағдарламаларына қатысты жағдайлар ерекшелік болып табылады.

Қабылдау кезінде жамбас мөлшерін өлшеу

Босануды бастаған сау жүкті әйелдердің жамбас мөлшерін күнделікті өлшеу ұсынылмайды.

Босандыру бөлімшесіне түскен кезде ұрықтың жай-күйін жиі бағалау

Дені сау жүкті әйелдерде өздігінен босану кезінде ұрықтың жағдайын бағалау үшін ұрықтың кардиотокографиясын үнемі жүргізу ұсынылмайды.
Босану кезінде ұрықтың жағдайын бағалау үшін доплерлік ультрадыбыстық аппаратпен немесе Пинар стетоскопымен аускультация ұсынылады.

Аралық пен қасаға аймағын қыру

Физиологиялық босану кезінде аралық мен қасаға аймағын күнделікті қыру ұсынылмайды.

Қабылдау кезінде клизма жасау

Клизма босануды жеделдету үшін қабылдау кезінде ұсынылмайды.

Саусақпен қынаптық зерттеу

Төрт сағаттық интервалмен саусақпен қынаптық зерттеу асқыну қаупі төмен әйелдер үшін босанудың бірінші кезеңінің белсенді фазасындағы ұрықтың жай-күйін бағалаудың әдеттегі әдісі ретінде ұсынылады.

Босану кезінде үздіксіз кардиотокография

Физиологиялық босану кезінде сау жүкті әйелдердегі ұрықтың жағдайын бағалау үшін үздіксіз кардиотокография ұсынылмайды.

Босану кезінде ұрықтың қайталама аускультациясы

Дені сау жүкті әйелдерде босану кезінде ұрықтың аускультациясын доплерлік ультрадыбыстық аппаратпен немесе Пинар стетоскопымен қайталама жүргізу ұсынылады.

Эпидуральді анестезия

Эпидуральды анестезия сау жүкті әйелдерде ауырсынуды жеңілдету үшін ұсынылады (босанған әйелдің қалауын ескере отырып).

Опиоидты анальгетиктерді қолдану

Фентанил, диаморфин және петидин сияқты опиоидты анальгетиктерді парентеральды қабылдау сау жүкті әйелдерде ауырсынуды жеңілдету үшін ұсынылады (босанған әйелдің қалауын ескере отырып).

Ауырсынуды бақылауға арналған релаксация әдістері

Релаксация әдістері, соның ішінде біртіндеп бұлшықет релаксациясы, тыныс алу әдістері, музыка және ақыл-ой тәжірибесі сау жүкті әйелдерде ауырсынуды жеңілдету үшін ұсынылады (босанған әйелдің қалауын ескере отырып).

Ауырсыну синдромын бақылауға арналған мануалды тәсілдер

Массаж немесе жылы пакеттерді қолдану сияқты қолмен емдеу сау жүкті әйелдерде ауырсынуды жеңілдету үшін ұсынылады (босанған әйелдің қалауын ескере отырып).

Босануды ынталандыру үшін ауырсынуды жеңілдету

Босанудың баяулауын болдырмау үшін және босану стимуляторларын қолдануды болдырмау үшін ауырсынуды басу ұсынылмайды.

Әйелдің қозғалғыштығы және жағдайы

Асқыну қаупі төмен әйелдерде босану кезінде жылжымал мен тік позицияны ынталандыру қажет.

Қынапты жуунышыа

Өлімге әкелетін жұқпалы аурулардың алдын алу үшін босану кезінде қынапты хлорексидин ерітіндісімен күнделікті жуу ұсынылмайды.

Босану қызметіне белсенді араласу

Босануды ынталандыру үшін белсенді медициналық араласу ұсынылмайды.

Күнделікті амниотомия

Амниотомияны босануды ынталандырудың оқшауланған әдісі ретінде қолдану ұсынылмайды.

Амниотомия мен окситоцинді ерте қолдану

Амниотомияны босануды ынталандыру үшін окситоцинді ерте енгізумен бірге бұрын қолдану ұсынылмайды

Эпидуральды анестезиядан кейін окситоцинді енгізу

Эпидуральды анестезияны алған әйелдерде босануды ынталандыру үшін окситоцинді енгізу ұсынылмайды.

Спазмолитикалық дәрі-дәрмектериктер

Босануды ынталандыру үшін спазмолитиктерді енгізу ұсынылмайды.

Босану қызметін ынталандыру үшін сұйықтықты көктамыр ішіне енгізу

Босану ұзақтығын қысқарту үшін көктамыр ішіне сұйықтық енгізу ұсынылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет