Құрамы мен қасиетi Ситуациялық сұрақтар: Сүтті санитариялық бағалау

бет10/16
Дата21.12.2023
өлшемі79.02 Kb.
#487441
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
14 сүт

Әр түрлi санитариялық жағдайда сауылып алынған сүттiң бактерицидтiк қасиеттерi де түрлiше болады. Ал, санитариялық талапты сақтап сауылған сүт, оны сақтамай сауып алған сүттен, екi есе артық уақыт сақталады. Таза сүттiң түсi ақ, немесе сары болып келедi. Түсiнiң өзгеруi оның бұзылғандығын көрсетедi. Сүт iшiне кейбiр микроорганизмдер түскенде, сиыр көк пигментi бар тоғай шөбiмен азықтанғанда, желiнсау немесе туберкулез ауруларында, сүтке су қосқанда, оның майын алғанда және сүттi қалайы ыдыста сақтағанда сүттiң түсi көкшiл тартады. Сары түс пигмент шығаратын микробтар түскенде, денеде iрiңдеген жара болғанда, желiннiң туберкулез ауруында, уыз араласқанда, сиыр зубровканы жегенде немесе оны рауғаштан дайындалған дәрiмен емдегенде - сүттiң түсi өте сарғыш келедi. Желiн қатты қабынып, оның ұлпаларында жара болса, сүттiң түсi қан араласқандықтан қызғылт тартады.

Сүттiң иiсi. Таза сүттiң өзiне тән сүйкiмдi иiсi болады. Сүтке iшек бактериялары араласқанда, ауызы ашық ыдысқа құйылған сүт мал қорасының iшiнде ұзақ уақыт қалғанда - сүттен аммиактың иiсi сезiледi. Сиыр азығының iшiнде қалыптағыдан көп орамжапырақ болса, сүтке iшек бактерияларының кейбiр түрлерi және сәулеленетiн микроорганизмдер түссе, ондай сүттен орамжапырақтың иiсi шығады. Креолин, скипидар, карбол қышқылы, қарамай, йодоформ және осылар сияқты иiстерi күштi дәрiлермен емделген сиырлардың сүтiнде айтылған дәрiлердiң иiсi сезiледi. Сүттiң майы ашығанда, одан сүт қышқылының иiсi шығады. Ластанған сүттi салқын жерге қойғанда, одан ащытқы мен спирт иiсi шығады. Сүт пен балықты бiр бөлмеде сақтағанда, сүтке кейбiр микроорганизмдер түскенде, сиырды суармалы шабындыққа жайғанда, оны балық ұнымен азықтандырғанда, балдыр өскен судан суарғанда, сүттi темiр ыдыстың iшiнде сақтағанда - ондай сүттен балық иiсi шығады. Сүт iшiнде шiрiткiш бактериялар көбейгенде, сүт жағымсыз иiстi болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет