Құрамы мен қасиетi Ситуациялық сұрақтар: Сүтті санитариялық бағалау



бет8/16
Дата21.12.2023
өлшемі79.02 Kb.
#487441
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
14 сүт

Протеиназаларсүтке негiзiнен қаннан енедi, сондай-ақ микробтар және лейкоциттермен де синтезделедi. Ол белоктың, оның iшiнде казейннiң гидролизiн катализдейді. Сүттiң микробтары да (шiрiткiш бактериялар және микрококтар) протеиназаны синтездейдi осыған орай сүт пен сүт өнiмдерiнiң дәмi бұзылады. Бiрақ, сүт қышқылды бактериялардың өндiрген қышқыл протеиназалары ашыған сүт өнiмдерi мен iрiмшiк дайындауда маңызды орын алады.

Протеиназалар – сүтке негiзiнен қаннан енедi, сондай-ақ микробтар және лейкоциттермен де синтезделедi. Ол белоктың, оның iшiнде казейннiң гидролизiн катализдейді. Сүттiң микробтары да (шiрiткiш бактериялар және микрококтар) протеиназаны синтездейдi осыған орай сүт пен сүт өнiмдерiнiң дәмi бұзылады. Бiрақ, сүт қышқылды бактериялардың өндiрген қышқыл протеиназалары ашыған сүт өнiмдерi мен iрiмшiк дайындауда маңызды орын алады.

Рибонуклеаза – сүтке қаннан енедi, ол рибонуклеин қышқылының нуклеотидтерге ажырауын жылдамдатады.

Дәрумендер. Сүтте адам мен малдың қалыпты дамуына қажетті дәрумендердің бәрі де бар. Дәрумендер сүтке азықпен, көмірсулары таз қарын микрофлорасынан өтеді. Дәрумендердiң көпшiлiгi өсiмдiктерде, тек кейбiрi ғана күйiс малдарының ас қорыту аппаратында түзiледi.

Адам ағзасы дәрумендердi синтездей алмайды, сондықтан оларды өсiмдiк пен мал өнiмдерiнен сүт, жемiс-жидек, көкөнiс және т.б. арқылы алады.Қазiргi уақытта тамақтың құндылығы оның құрамындағы дәрумендердiң мөлшерiне қарай анықталады. Адамның бiр тәулiкте жейтiн тағамында 1,0 мг А дәруменi, 2,0 мг В1 және В2 дәрумендерi болуы шарт. Дәрумендердiң көбi ағзада зат алмасу үдерісiн жақсартады. Ағзада дәрумені аз мал авитоминоз ауруына шалдығады. Қазiргi уақытта 30-астам дәрумендердiң түрi бар.

  • Дәрумендердiң негiзгi көзi табиғи тағамдар. Оның iшiнде сүттiң алатын орны өзгеше. Сүттiң құрамында А, Д, Е, К, В дәрумендерi кездеседi. 100,0 г сүттiң iшiнде болатын дәрумендердiң (мг) мөлшерiне майда еритiн – А (ретинол) - 0,02-0,2; Д (рахитке қарсы) - 0,002; Е - (токоферол) - 0,06; К -(геморрагияға қарсы) - 0,032; суда еритiн В1 (тиамин) - 0,05; В2 (адермин, пиридоксин) - 0,1-0,12; В2 - (рибофлавин) - 0,2; В6 (адермин, пиридоксил) - 0,1-0,15; В12 (анемияға қарсы) - 0,1-0,3; РР (никотин қышқылы) - 0,05-0,4; В3 (пантотен қышқылы)0,28-0,36; С (аскорбин қышқылы) - 0,5-2,8; Н (биотин) -0,0000-0,00003.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет