Құрамы мен қасиетi Ситуациялық сұрақтар: Сүтті санитариялық бағалау


Жаңа сауылған сүттi қақпағы тығыз жабылған ыдыста ұстаса, онда анаэроб бактериялары өседi, мұндай сүттен шiрiк иiсі шығады



бет11/16
Дата21.12.2023
өлшемі79.02 Kb.
#487441
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
14 сүт

Жаңа сауылған сүттi қақпағы тығыз жабылған ыдыста ұстаса, онда анаэроб бактериялары өседi, мұндай сүттен шiрiк иiсі шығады.

Жаңа сауылған сүттi қақпағы тығыз жабылған ыдыста ұстаса, онда анаэроб бактериялары өседi, мұндай сүттен шiрiк иiсі шығады.

Сүттiң консистенциясы бiр ыдыстан екiншi ыдысқа құйғанда анық байқалады. Жаңа сауылған сүт бiркелкi сұйықтау болады. Бiрақ та, сүт iшiнде сүт қышқылды бактерияларының кейбiр түрi шiрiткiш бактериялардың тiршiлiк әрекетiнiң нәтижесiнде, сүтке уыз араласса, желiнсау ауруының кейбiр түрлерi мен аусыл ауруында сүт тым қоюланып кетедi. Сүт қышқылы бактериялары мен iрiткi өндiретiн iшек бактерияларының сүт iшiнде өсуiнен, желiнсау ауруының қоздырушысы стрептококтың сүт iшiнде көптеп өсiп-өнуiнен сүт iрiткi болып кетедi.

Сүт iшiнде iшек бактериялары, ашытқы және май қышқылды бактериялар өсiп-өнсе, ондай сүт көпiршiктенiп тұрады. Сиыр күйлеген кезде, сүтке су қосқанда, дұрыс қатпаған сүттi қайтадан ерiткенде сүт су сияқты сұйық көрiнедi.

Сүттiң дәмi. Таза және сапалы сүттiң тәттiлеу дәмi болады. Сауын сиырға балық ұнын бергенде және оны балдыры бар сумен суарғанда, ондай сиырдың сүтi балық татиды. Сиыр жусан, пияз, дала қышы, көгерiп кеткен сұлы мен арпа сабанын, шiрiген қызылша, дымқыл картоп және осылар сияқты азықты жесе шiрiткiш бактерия мен ашытқыштар өсiп-өнсе, сүтке уыз қосылса, ауру сиырды сауу, рауғаш және осы сияқты дәрiмен емдесе, сиырды суалтар алдында және сүттi таттанған ыдыста сақтаса - ол сүттiң дәмi ащы болады. Күн сәулесi мен ыдыстың әсерiнен iшек бактериялары, ащытқы және т.б. микроорганизмдердiң өсiп-өнуiнен, сиырды батпақты жайылымға жаюдан, сүттi қалайыланбаған (темiр, мыс) ыдыстардың iшiнде сақтаудан сүт дәмi қышқылданып кетедi. Сиырды суалтар алдындағы сүтi, уыз араласқан сүт және желiнсау ауруы мен желiн безiнiң туберкулез ауруы кезiнде сүт тұзды келедi.

Пептон мен аммиак өндiретiн бактериялардың өсiп-өну әрекетiнен, жаңа сауылған сүттi жабық ыдыстың iшiнде сақтағанда, дала қырықбуыны өскен шалғын жайылымына жайғанда, ашыған сүттi содамен бейтараптағанда және желiн безi туберкулез болғанда сүттен сабын дәмi шығады.Сиырды шаршыгүлдi тамыр түйнектілерге жататын шалқан, тарымен азықтандырғанда оның сүтi шалқан татиды. Құрамында шомыры бар азықты, шалқанды, жапырақ-сабақты жеген және дала қышы, жабайы шомыр өскен аңызда жайылған сиырдың сүтi шомыр татып тұрады. Жабайы сарымсақ пен пияз өскен жерге жайылған сиырдың сүтiнде сарымсақ пен пияз дәмi бiлiнедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет