9
ЕКІНШІ ХИКАЯ
ӘБІЛ МЕН ҚАБЫЛ
Адам атаның балалары
Адам ата мен Хауа ана жер бетіне түскеннен кейін осы жерде өмір сүріп,
ондағы ризықтармен қоректенетін және жер бетін мекендейтін балалары
мен ұрпағының көп болуын армандады. Хауа ана Аллаһ тағаланың
қалауымен жүкті болды. Ең алдымен тұңғыштары – Қабыл есімді ұл бала
мен оның сыңары – бiр қыз бала дүниеге келді. Одан соң екiншi ұлы Әбіл
мен оған сыңар тағы бiр қыз бала туылды.
Адам мен Хауа ана
Раббыларының өздеріне нығмет ретінде берген балаларына қатты қуанды.
Екеуі кiшкентай нәрестелерін аса сүйіспеншілікпен жақсы көрiп, оларға
мейiрiмдi ата-ана бола бiлдi.
Балалар бір жанұяда ата-анасының тәрбиесімен бiрiн-бірі жақсы көретін,
өзара өте бауырмал жандар болып өсті. Олар есейiп,
ержеткен соң баянды
өмiр сүру үшін біраз күш-жiгер жұмсап, тер төгу қажеттігін түсінді. Қабыл
жерден өсiмдiктер мен дәмді жемiс-жидектердiң өсiп шығатынын байқады
да, егiншiлiкпен айналысты. Ал Әбіл адамдардың пайдалануы үшін Аллаһ
тағаланың шаруа малдарын жаратқанын көрiп, мал шаруашылығымен
айналысуға бел буды да, ол қойшы болды. Осылайша қос бауыр өздері
таңдаған кәсібін жасап, жайлы өмiр сүре бастады.
Достарыңызбен бөлісу: