ҚҰран кәрім хикаялары


Адам ата мен Хауа ананың қателесуі



Pdf көрінісі
бет5/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Хикаялар

Адам ата мен Хауа ананың қателесуі 
Iбiлiс тыйым салынған ағаштың жемісінен жегiзу үшiн Адам мен оның 
жұбайын азғыруда үлкен тұзақ құрды. Ақыры ол екеуі жолдан тайып, әлгі 
ағаштағы жемістен дәм татты. Осылайша олар Аллаһ тағаланың әмiрiне 
бойсұнбады. Нәтижесiнде, Хақ тағала Өзі уәде еткендей, жаннаттан 
шығарылатын болды. Аллаһ ол екеуіне: «Мен сендерге бұл ағаштан жеуге 
тыйым салмадым ба? Әрi шайтанның сендерге нағыз дұшпан екендігін 
айтпадым ба?» – дедi. Сөйтiп, Адам ата мен әйелi Хауа өздерiне зұлымдық 
жасады. Олар шайтанның сөзiн тыңдап, азғыруына ерді. Сол себепті де 
Аллаһ тағала олардың бұл күнәларына лайықты жазасын берiп, жаннаттан 
қуды. Адам мен жұбайы екеуі жасаған күнәның жазасын көрдi. 
Өкіну және тәубе ету 
Адам ата мен Хауа ана істеген қателiктерiне қатты өкiндi. Екеуі 
Раббылары – Аллаһ тағаланың үйретуі және жәрдемімен: «Уа, Раббымыз! 
Бiз өзiмiзге зұлымдық жасадық. Егер Сен бiздi жарылқап, мейiрiміңе 
бөлемесең, сөзсiз, зиянға ұшырағандардан боламыз», – деп тәубеге келді. 
Аллаһ Мейiрiмдi әрі Жомарт. Өздерінің қателіктері үшін өкініп, кешірім 
мен жарылқау тілеген күнәкарларды әрдайым кешiреді. Өйткені Құранда: 
«Әлбетте, Ол – тәубелердi қабыл Етушi, аса Рақымды», – делінген. Адам 
мен оның жұбайы тәубелерінің қабыл болып, күнәларының кешірілгеніне 
қатты қуанды. Сөйтіп, екеуі «Раббымыз Аллаһ бiздi жаннатында 
қалдырады» деп үмiттендi. Бiрақ Аллаһ тағала оларға: «Барлығың 
жаннаттан түсiңдер!» – дедi. Раббымыз Аллаһ оларға тәубесіне келген 
пенделері үшiн Қиямет күнi жаннатты, ал Өзінің бұйрықтарына қарсы 
шығушыларға тозақты нәсіп ететінін хабарлады. Iбiлiстің өздеріне мәңгі 
дұшпан күйiнде қалатынын және олардың иманды, iзгi адамдар болуын 
қаламайтынын да қатаң ескерттi. Осылайша Аллаһ тағаланың перiштелерге: 
«Мен сендер бiлмеген нәрселердi бiлемiн», – деп айтқан сөзi жүзеге асып, 
Адам және оның әйелi Хауа жаннаттан жер бетiне түсiрiлдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет