Мұғжизаны мойындамаудың ақыры
Салих барлық сөзінде: «Аллаһ тағаланың уәдесi хақ. Азап жақын.
Жақында сендерге келедi», – дейтін. Сонда қауым кәпiрлерi Салихты
мазақтап, азаптың тезiрек келуiн сұранатын. Енді олар жиналып, Салих пен
жанұясын түнде ұйықтап жатқанда өлтiрудi ойластырып, жаңадан жоспар
түзе бастады. Бiрақ Аллаһ тағала пайғамбарын және оған ерген мүміндерді
қамқорлығына алған едi. Сол түнде Аллаһ тағаланың уәде еткен азабы келдi.
Жер сілкініп, күн күркіреді. Қатты найзағай ойнап, өте қорқынышты бiр
айқай естілді де, кәпiрлердiң денесін қимылдауға келместен қатып қалған
денелерге айналдырды. Салих оянғанда, кәпiрлер душар болған жағдайды
көрiп, Аллаһ тағаланың оларды өлтiргенiн және өзiн мүміндермен бiрге
құтқарғанын бiлдi. Кәпiрлерге қарап: «Ей, қауымым! Мен сендерге
Раббымның
жолдауын
жеткiзiп,
насихаттадым.
Бiрақ
сендер
насихаттаушыны мазақ еттіңдер. Ақиқаттың ақыры осылай аяқталады», –
деп терең күрсінді.
Мiнеки, иманға келудi қаламайтын кәпiрге ешқандай мұғжизаның әсер
етпейтiнiн, керiсiнше, өздері талап еткен мұғжизадан қалай қорқатынына
көз жеткiздiңдер. Расында, Аллаһ тағала олардың талап еткен мұғжизаларын
бердi. Салих бұл мұғжизаға, яғни түйеге қастандық ойламауды ескертті
және оларды Аллаһтың қаһарынан сақтандырды. Бiрақ олар Салихтың
сөзiне құлақ аспастан түйенi өлтiрдi де, өз басына қасірет тілеп алды. Салих
азаптың келетiндiгiн уәде еткен-дi. Кәпiрлер уәденің тез орындалуын талап
27
еттi. Олар өздерi талап еткен мұғжизадан соң Аллаһқа бойсұнып, Салихты
мойындағанда, олардың басына азапты күн тумас еді. Аллаһ тағала тәубеге
келіп, иман келтірген әрбір пендесіне үлкен кешірім беріп, жарылқайтынын
ұмытпаңдар!
|