104
Өйткенi қауым бiздi өлтiрмек болып iздеп жүрген шығар», –
деп қалаға
жиналғанды сақтандырып ескертіп жатты.
Қалада
Қалаға шыққан жігіт ақша алып, өте абай болып, сақтықпен қаладағы ең
жақын дүкенге барды. Ол бөтен көрiнiстерге таңданды. Қала да, жолдар да
басқа. Мынау сатушыны бұрын көрмеген. Дүкен де, жүрiп келген жолы да
өзгерiп, жаңарған. Ол көп ойланып тұрмастан, сатушыдан жейтiн тағам
беруiн өтiнiп, ақшасын ұсынды. Сатушы бұл ақшаны алмай, «бұл – ертедегі
ақша. Қазiр қолданылмайды» деп жiгiтке жұмбақ болған сырды ашып,
айналасындағы
жаңа көрiнiстерден, адамдардың бөтендігінен ештеңе
түсінбей есі шыққан жiгiттi тыныштандырды.
Сатушы бұл хабарды қуана тарата бастады. Жағдай жiгiт қорқып
келгендей қауiптi емес екен. Адамдар өзгерген. Кәпiр патша да дүниеден
өткен. Мүсiндер жойылған. Көпшiлiк бiр Аллаһқа сенiп, Оған ғана сиынады.
Патшаға, мүсiндерге табыну деген жоқ. Таңданып тұрып қалған жiгiт
айналасында жиналып қалған адамдарға: «Қазiр менi жiберiңiздер. Мен
үңгiрдегi
серiктерiме барып, оларға бұл қуанышты хабарды жеткiзейiн», –
деп үңгiрдегi серiктерiне бет алды.
Достарыңызбен бөлісу: