ҚҰран кәрім хикаялары


бастады әрi қайтарады. Ол – Кешiрушi әрi өте Сүюшi. Ғарыштың иесi



Pdf көрінісі
бет83/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   102
Хикаялар

бастады әрi қайтарады. Ол – Кешiрушi әрi өте Сүюшi. Ғарыштың иесi, 
аса Ұлы. Қалағанын iске асырушы»
Кәпір патша мен сиқыршы 
Өткен замандардың бiрiнде бiр патша өз қауымына әмiрiн жүргiзiп, 
оларды өзiне сиындырыпты. Бұйрығына қарсы шығатын әрбiр кiсiнi 
қорқытып, ескертіп отырған. Ол елi үшiн әрi патша, әрi құдай болды. 
Адамдар одан зәре жоқ қорқатын. Шындықты бiлетiндер өте аз едi. 
Көпшiлiктiң жүрегiнде иман жоқ болып кеткен-дi. Олар бiр Аллаһқа 
құлшылық жасап, сиыну қажет екенiн, Аллаһтан өзге құдайлардың жасанды 
әрi оларға сиынуға болмайтындығын бiлмейтiн. Бұл қауымның патшасы да 
сол жасанды құдайлардың бiрi едi. Әлбетте, жасанды құдай қай кезде де 
жасанды күйiнде қалады. Егер одан Перғауыннан қорыққандай қорықса да 
немесе өткен iзгi кiсiлер секiлдi жақсы көрсе де, не қолмен жасалған мүсiн 
болса да, бәрiбiр жасанды қалпында қала береді. 
Сөйтіп, жасанды тәңірге айналған патшаның көптеген уәзiрi мен 
көмекшiсi бар-тұғын. Олар патшаның зұлымдық iстерiне көмек беретiн. 
Олардың арасында аса бiлiмдi бiр сиқыршы бар еді. Бұл сиқыршының 
мiндетi – өз сиқырымен адамдарды алдап-арбап, патшаға сиындырып, 
патшаны құдай етiп көрсету. Ол адамдардың бiрде-бiреуiнің шындық 
туралы ойламай, ақиқатты бiлмей, патшаның зорлық-зомбылығына қарсы 
шықпай, үнемi патшаға мойынсынып, құлшылық жасаулары үшiн сиқырлық 
өнерiн жалғастырумен болды. Адамдарды осылайша сиқырмен алдап, 
қорқытып, патшаға сиындыру жалғаса түсті. 
Жылдар өте бұл сиқыршы да қартайды. Бiрде ол сарайдағы патшаның 
алдына келіп: «Уа, жоғары мәртебелi әмiршiм! Көрiп тұрғаныңыздай, менiң 
жасым ұлғайып, қартайдым. Менен кейiн де адамдарды алдап, сiзге 


106 
бағындыра беруі үшiн бiр жақсы, зерек баланы таңдап, маған шәкiрт етiп 
берсеңiз. Мен оған сиқыр-бiлiмдерiмдi үйретсем», – деп өз ұсынысын 
бiлдiрдi. Патша сиқыршының бұл ұсынысын мақұл көрiп, оның 
айтқанындай бiр баланы таңдады. Ол балаға қарт сиқыршыдан сиқырдың 
құпия-сырларын үйренуі үшiн сарайға күнде келуге әмiр еттi. Жас бала 
сиқыр iлiмiн үйрену үшiн мәжбүрліктен үйiнен сарайға таңертең келiп, 
кешке қайтатын. Осылайша күндер сырғып өтiп жатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет