ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет89/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102
Хикаялар

Кәпірлерге төнген азап 
Дегенмен ауыл иелерi күпiрлiкте қала берді. Бұл насихаттар олардың 
қасарыспалықтарын, зұлымдықтарын, күпiрлiктерiн арттырды. Оларға 
Аллаһ тағаладан өздерiне-өздерi зұлымдық жасағандарын түсіндіретін азап 
келетiн уақыт та жақындап қалған едi. Мiне, бұл азаптың белгiлерi де келiп 
жеттi. Жерді жарған бiр ғана айқай болды да, кәпiрлердің бәрі қатқан денеге 
айналды. Қараңдаршы, оларды жою үшiн аспаннан жүректi жарарлық 
қорқынышты бiр ғана айқай келiп, олардың жанын алып, денесiн 
қимылдатпай, қатырып тастады. 
Хикаяның Құранда келуі 
Жоғарыда баяндалған ауыл иелері жайлы хабар Құран Кәрімнің «Ясин» 
сүресiнiң 13-32-аяттарында келтірілген: 
Аса Мейiрiмдi, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен бастаймын. 
«(Мұхаммед!) Оларға – ауыл иелерiне елшiлер келгендiгiн мысал 
етiп көрсет. Бiз оларға екi елшiнi жiбердiк. Олар бұл екеуiн жалғанға 
шығарды. Елшілерді үшiншiсiмен қуаттадық. Олар: «Расында, бiз – 
сендерге жiберiлген елшiмiз», – дедi. Олар: «Сендер де – бiз сияқты 
адамсыңдар. Аллаһ еш нәрсенi аян қылған емес. Сендер тек қана өтiрiк 
айтып тұрсыңдар», – дедi. (Елшiлер): Раббымыз бiледi, әлбетте, бiз – 
сендерге жiберiлген елшiмiз. Және бiздiң мiндетiмiз ашық жеткiзу ғана», 
– дедi. Олар: «Сендер себептi бiз сәтсiздiкке ұшырадық. Егер сендер 
тоқтамасаңдар, сендердi тас боран етемiз. Және сендерге бiзден 
күйзелтетiн азап болады», – дедi. (Елшiлер): Сәтсiздiктерiң өздерiңнен. 
Сендерге 
уағыз-насихат 
қылынса, 
(мұнымен 
сәтсiздiкке 
ұшыраймысыңдар?) Жоқ, сендер – өздерiң шектен шыққан 
қауымсыңдар. (Сол сәтте) қала шетiнен бiр кісi жүгiрiп келiп: «Ей, 
қауымым! Бұл елшiлерге ерiңдер. Өздерi тура жолда болған және 
сендерден ешқандай ақы сұрамайтын кiсiлерге ерiңдер. Мен өзiмдi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет