ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет80/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   102
Хикаялар

ЖИЫРМА ЕКІНШІ ХИКАЯ 
ҮҢГІР ИЕЛЕРІ 
 
Иман келтірген жігіттер 
Үңгір иелері туралы Құран Кәрімде: «Расында, олар Раббыларына 
иман келтiрген және Бiз имандарын артық еткен жiгiттер едi», – деп 
баяндалады. Ол жiгiттер Раббыларына иман келтiрген азаматтар еді. Құран 
Кәрiмде Раббыларына сенген әрi Аллаһ тағала олардың имандарын 
арттырған бұл жiгiттер «үңгiр иелерi» деп аталды. Және бұл туралы аят та 
«Үңгір иелері» аталады. 
Бұл жігіттер аспан мен жердi өте нәзiк, тәртiптi жүйеде жаратып, 
бейнелеген жалғыз Жаратушының бар екендiгiне көз жеткiздi. Олар бұл 
әдемi жаратылыс туралы толғанып, барша мақұлықтарды жаратқан Аллаһ 
тағалаға иман келтiрдi. Сондықтан да олар: «Бiздiң Раббымыз – көктер мен 
жердiң Раббысы. Бiз Оған ғана құлшылық етемiз. Одан басқа ешбір тәңiрге 
сиынбаймыз», – дедi. 
Бiз де оларға қосылып: «Уа, Раббымыз! Саған сендiк, Сенi дәрiптеймiз. 
Сенен өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқ», – деуімiз қажет. 
Қауымның тәңірі 
Ол жiгiттер бiр-бiрiнен «Не үшiн бiз iстерiмiзде де, ғибадатта да 
қауымнан өзгешемiз, қауым бiзден өзгеше? Бiз Аллаһ тағалаға сенеміз, ал 
олар ше?» – деп сұрасты. Шындығында, қауым адамдары тура жолдан 
адасқан, кәпiр болып кеткен мәңгүрт жандар едi. Олар өз қолдарымен 
жасалған үлкендi-кiшiлi мүсiндерді ғибадатханаға қойып, жалғыз 
Жаратушы Аллаһ тағалаға емес, осы мүсiндерге сиынатын. Олар нағыз 
надандықта өмір сүріп жатқан адамдар еді. Ақылды адам ақылсыз тасқа 
сиына ма? Ақылынан адасқан қауым ешқандай дәлелсiз Аллаһ тағаладан 
басқа тәңiрге сиынып жатыр. Ал Аллаһ тағала олардың бұл ұнамсыз iстерiн 
ешқашан қабыл етпейдi. Бірақ мұны түсінетін қауым көрінбейді. Ендеше, 
Аллаһқа серік қосқан адасушылардан залым ешкім де жоқ?! 
Жiгiттер өзара әңгімелерін жалғастырды: «Бiздiң мiндетiмiз – ақиқатты 
қауым адамдарының санасына жеткiзiп, насихат айту. Олар бiзге қарсы 
Қиямет күнi куә болмаулары үшiн және имандылық мiндетiмiздi орындап
оларды тура жолға бастау жолында әрекет жасауымыз қажет. Егер солай 
iстемейтiн болсақ, Қиямет күнi Аллаһ тағала олар үшін бiзден есеп алады». 
Осылай десті де, олар қауымға уағыз айта бастады. Бiрақ қауым адамдары 
бұл жiгiттердiң сөзiн тыңдамай, түрлi қарсылық көрсеттi. Тiптi бұл жiгiттер 
туралы хабар кәпiр патшаларына дейiн жеттi. Кәпір патша халықтікiнен де 
асқан теріс көзқараста еді. Сөйтіп, патша бұл жiгiттерге егер имандарынан 


103 
қайтпаса, қатты азапқа душар болатындықтарын ескерттi. Бiрақ бұл мүмін 
жiгiттер имандарында берiк тұрып, алған беттерiнен қайтпай, үгiт-
насихаттарын жалғастырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет