ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет97/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Хикаялар

Уайым және сенім 
Перiште бұл сөздi айтты да, кетіп қалды. Мәриям сауалдарына тиiстi 
жауабын алып, бұрынғыдан да таңданып, уайымдап жалғыз өзi қалды. Ол 
естiгенiн ой елегiнен өткiзiп, қорытындылады. Егер жүктi болып, бала 
көтерсе, адамдардың өзi туралы не дейтiндерiн елестетiп көрдi. Олардың: 
«Бұл бала қайдан келдi? Мәриям зина жасапты», – дерi сөзсiз. Ешкiм ол 
баланың Аллаһ тағаланың мұғжизасы екенiне сенбейдi. Иә, мүлде сенбейдi. 
Мәриям не iстерiн білмей, мұңайып, көп қайғырды. 
Ақырында, Мәриям Аллаһ тағаланың жазғанына көнiп, болашақ 
күндерде не болатынын күттi. Мәриям адамдардан алыстады. Өйткенi 
олардың бұл iстiң мұғжиза екенiне сенбей, оның абыройына дақ түсiрiп, 
оған «бұзақы, зинақор» деп жала жабуы сөзсiз. Сол үшiн де Мәриям Аллаһ 
тағала қалаған iс соңына жеткенге дейiн, үй iшiнен, қауым адамдарынан 
жырақта болуды қалады. Күн өткен сайын оның уайымы арта түстi. 
Жасыруға тырысқанымен де, бұл iс бәрiбiр ашылады. Бiрнеше айдан кейiн 
бала дүниеге келiп, адамдар оны көретiн болады. Бұл уақытта Мәриям өзiн 
Аллаһ тағалаға тапсырып, бойсұнуынан басқа ешқандай амал жасай 
алмайды. Тек оның иманы мен тақуалығы ғана қайғысын жеңiлдетеді. 
Өйткенi ол Аллаһ тағала Өзi қолдап, бұл қиындықты жеңiлдiкке, 
қорқынышты қуанышқа, уайымды тыныштыққа алмастырып беретiнiне 
күмәнсiз сенедi. Мәриям туылатын баласының адамдар үшiн мұғжиза 
болып, дүниеге келген алғашқы күндерiнде-ақ сөйлейтiнiн бiлдi. Бұл да 
оның пәктiгiн дәлелдеп, ақиқатты айқын көрсетiп, адамдардың жаласын 
қайтаруына көмектесетiн болады. 
Исаның дүниеге келуі 
Мәриям Аллаһ тағаладан жеңiлдiк сұрап, құрма ағашының алдында 
жалғыз өзi тұрды. Ол өзiнiң хал-жағдайын, уайым-қайғысын ешкiмнің 
көрмеуі үшiн адамдардан алыстап кеткен-ді. Толғағы басталып, ол бiрнеше 


121 
сәттен кейiн босанатындығын сезiп, құрма ағашының астына жақындады. 
Бiрақ бұл жерде оған босануына көмектесетiн ешкiм жоқ едi.
Мәриям қураған құрма ағашының түбiнде жалғыз өзi босану 
ауыртпалығын басынан кешiрдi. Ендi оған тамақ, дәрi-дәрмек және қасында 
отырып, дертiн жеңiлдетер серiк керек. Ол бөтендiк, қиындық, жалғыздық 
тауқыметiн тартты. Қашанға дейін осы бір азапты сәт жалғаса бермек? 
Бiрер сәттен кейiн кең, байтақ далада жас нәресте дүниеге келiп, 
шырылдап жылай бастады. Мәриям ендi жалғыз емес. Қураған құрма 
ағашының астында баласымен бiрге. Ол балаға қарап, өкiнiп, өзiнiң әкесiз 
туылған бұл балаға ана болмай тұрып бұ дүниеден әлдеқашан өтiп кеткен 
болуын армандап: «Мен бұл күнiмдi көрмей тұрып өлiп, мүлдем ұмыт 
болып кеткенiмде…» – деп қайғырды. 
Ендi ол не iстейдi?! Оның басынан бұл қиындық қашан кетедi. Қазiр ме? 
Әлде кейiн бе, уа, Раббымыз? 
Мәриям 
осылай 
күрсiнiп, 
басына 
түскен 
қайғы-қасiреттiң 
ауыртпалығынан өлiп кетудi армандап, ойға берiлiп, жылап отырған. Кенет 
оның құлағына әлдебiр дауыс келiп, оның ой-пiкiрiн бөлiп жiбердi. Ол жан-
жағына қарап, дауыстың қайдан келiп жатқанын барлады. Бiрақ бұл қазiр 
ғана дүние есігін ашқан жас нәрестенiң дауысы-тұғын. Нәресте анасына: 
«Ей, анашым! Жыламаңыз, қайғырмаңыз. Аллаһ тағала сiздi ұмытпайды. 
Бұл – Аллаһ тағаланың мейiрiмi. Ей, анашым! Қасыңыздағы мынау кiшкене 
арықты көрiп тұрсыз ба? Одан су iшiңiз, мүлде шөлдемейтiн боласыз. Аллаһ 
тағала менi мұғжиза еттi. Және сiздi есепсiз ризық-несiбеге бөледi. Мынау 
қураған құрма ағашын сiлкiңiз. Аллаһ тағаланың құдiретiмен тәттi, пiскен 
жемiстер түседi. Ей, анашым! Жыламаңыз, қамықпаңыз. Аллаһ тағаланың 
нығметтерiнен iшiп-жеп, демалыңыз. Ал адамдармен кездесе қалсаңыз, 
оларға: «Мен мейiрiмдi Аллаһ тағала жолында ораза тұтуды ниет еткенмiн. 
Бүгiн 
ешкiмге 
сөйлемеймiн», 
– 
деп 
өзiңiздiң 
бiрде-бiр 
сөз 
айтпайтындығыңызды жариялаңыз. Сонда Аллаһ тағаладан жеңiлдiк, 
қуаныш келедi. Аллаһ тағала сiздi ешқашан ұмытпайды», – дедi. 
Бұл хикаядан шығар қорытынды: бiздiң ой-санамызда, жүрегiмiзде, 
тiлiмiзде үнемі Аллаһ тағаланың әрбiр нәрсеге күшi толық жететiндiгi, егер 
бiр нәрсенi қалап, «бол» десе, болатындығы және әке-шешесiз Адамды 
жаратқан Аллаһ тағаланың, әкесiз Исаны жаратуға да шамасы келетiндiгi 
жүруі шарт. 
Мәриям ана мен оның дүниеге шыр етіп жаңа келген сәбиінің тағдыры 
қалай жалғасқаны келесі хикаяда баяндалады. 


122 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет