ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет94/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   102
Хикаялар

Нәрестенің дүниеге келуі 
Уақыт өте келе Имранның әйелi арманының жүзеге асқанын сезiндi. 
Өйткенi оның бойына бала бітті. Күннен-күнге оның қуанышы артып, тiлi 
тоқтаусыз Раббысын мадақтап, дәрiптеумен болды. Ол таяуда дүниеге 
келетiн перзентi үшiн қажеттi жабдықтарды дайындай бастады.
Жас нәресте де шыр етіп, дүние есігін ашты. Ана Аллаһ тағала нәсіп етiп 
берген нәрестесiне бiр көз тастап қарағысы келдi. Ана басынан кешкен 
босану қиындықтарын ұмытып, көзiн ашып, қасында жатқан нәрестесiне 
қарады. Бiрақ ол өзi күтпеген жағдайға тап болып, шошып кеттi. Бұдан кейiн 
оның жүзін мұң басқандығы айқын бiлiндi. Неге? Ана не туралы ойланды?
Жаңа босанған ана көзiн аспанға тiге қарап, дұға жасап тұрғандай: «Уа, 
Раббым! Мен қыз туыппын ғой», – дедi. Ол туылатын нәрестенiң қыз 
болуын мүлде ойламаған-ды. Оның бүкiл ойы, арманы өзi ниет етiп 
арнағандай ғибадатхана қызметiн атқаратын ұл перзент едi. Ал дүниеге 
келген нәресте қыз бала болып шықты. Қыз бала ұл баладай ғибадатхана 
қызметiн атқаруға жарамайды ғой. Ана бұл сөздi айтып, сан қилы ойды ой 
елегiнен өткiзiп, көзi аспанға қадала қарап жатты. Әрбiр нәрсенi Естушi 
Аллаһтан сол сәтте: «Аллаһ оның не туғанын бiледi», – деген жауап келдi. 
Иә, расында, Аллаһ тағала дүниеге келген перзенттің қыз бала екендігін 
бiледi. Бiрақ Аллаһ тағала Өзiне ғана аян белгiлi бiр себеппен бұл анаға қыз 
бердi. Өйткенi дінді насихаттауда, иманды қоғам орнату жолында қыз 
баланың да тигізер үлесi зор. 
Имранның әйелi сөздерiн жалғастырып: «Ұл бала қыз баладай емес. Мен 
оны Мәриям деп атадым. Мен оны және оның ұрпағын шайтаннан 
сақтауыңды сұраймын», – дедi. Аллаһ тағала оның дұғасын қабыл етiп, 
оның бағыштаған арнауын, қыз бала болса да, қабыл алды. Бұл ананың 
қайғысын сейілтіп, ол қайтадан қуанды. Ол перзент көрудi сұраған едi
перзент Аллаһ тағаланың қалауымен дүниеге келдi. Перзентi ұл бала болуын 
армандаған едi, ол қыз бала болып туылды. Әрi ол перзентiн Аллаһ тағала 
жолында арнаймын деп ниет еткен едi. Аллаһ тағала оның ниетiн қабыл 
алып, оған нығметтерiн түгелімен бердi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет