Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С


№21 Практикалық жұмыс. Графикалық объектілердің анимациясы



Pdf көрінісі
бет46/73
Дата15.06.2023
өлшемі4.67 Mb.
#475077
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73
№21 Практикалық жұмыс. Графикалық объектілердің анимациясы
Анимация бұл статикалық суреттердің тізбектеліп бірінен соң бірінің 
шығарылуы. Flash фильмі кадрларының шығарылу ретін көрсету үшін уақыт 
шкаласы пайдаланылады. Жаңа фильм құрғанда уақыт шкаласының барлық оң жақ
бөлігі бос тіктөртбұрыштардан тұрады, ал курсор бірінші кадрда орналасады. 
Мұндағы бос тіктөрбұрыштар құрылатын фильмнің кадрларын бейнелейді. Бос 
Flash фильмінде ағымдағы кадрдың көрсеткіші тек бірінші кадрда ғана 
орналасады. Flash ортасында кадрлар уақытты сипаттау үшін пайдаланылады (243-
сурет).
243-сурет. Монтаждау үстелі терезесі
Фильмге кез келген мөлшердегі кадрларды қосуға болады. Кадрлардың 
жиілігі ескертусіз секундына 12 кадр, қарапайым Web жұмыстары үшін 
секундына 8 кадрды қолдануға болады. Кадрлар жиілігін көбейту фильм 
қозғалысын жылдамдатып, анимацияны шынайылыққа жақындатады. Ал жиілікті 
кеміту фильмді баяулатады, анимацияның күрделілігіне қарай діріл пайда болуы 
мүмкін.
Flash фильмнің өлшемін азайту үшін мүмкіндігінше кадрлар жиілігін 
төмендету қажет. Кадрда объект пайда болғаннан кейін бірінші кадрдың бос 
тіктөртбұрышы нүктесі бар тіктөртбұрышқа ауысады (244-сурет).
Мұндай кадр кілттік кадр деп аталады.


Кілттік кадр барлық уақытта қандай да бір объектілерден немесе алдыңғы
кадрларға қатысты осы объектілердің өзгерісінен тұрады. Кілттік кадрлардың 
тізбегін құра отырып, кез келген қиындықтағы анимациялық тізбек құруға болады. 
Кілттік кадрлар тізбегінен тұратын анимация кадрлық анимация деп аталады.
244-сурет. Уақыт шкаласы
Әрбір кілттік кадр нүкте бойынша салынған күрделі объектілердің 
түрлендірулерінен тұратын болса, онда бұл кадрлық анимация анимацияның 
әмбебап түрі болып табылады. Оның жалғыз кемшілігі әрбір кадрды қолмен 
салуға тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет