Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



Pdf көрінісі
бет44/73
Дата15.06.2023
өлшемі4.67 Mb.
#475077
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73
Символдарды форматтау
Символдарды форматтаудың негізгі құралы объектілер инспекторы терезесі 
болып табылады.
- шрифтер тізімі. Бұл тізім шрифтер гарнитурасын таңдауға арналған. 
Батырманы басқанда компьютерде орнатылған шрифтер тізімін ашады. Курсорды 
шрифт атын келтіргенде шрифтің қандай екенін көруге болады. Шрифт тышқанның
батырмасын басу арқылы таңдалады.
- шрифт өлшемі (кегль). Бұл параметрдің көмегімен шрифт өлшемі 
пунктпен беріледі (1 пункт =1/72 дюйм).
- стандартты түс таңдауға арналған батырма. Бұл батырманың 
көмегімен шрифт түсі таңдалады.
- бұл батырма таңдалғанда, шрифтің ені қалыңдай түседі.
- курсивпен жазу батырмасы. Бұл батырма таңдалғанда шрифт символдары 
қиғашталып жазылады.
- трекинг. Бұл параметр әріптердің арақашықтығын анықтайды. Оң 
мән әріптердің арақашықтығын үлкейтіп, теріс мән кішірейтеді.
- бұл тізім мәтін символдарын арнайы индекспен жазуға 
мүмкіндік береді.
- URL өрісі. Егер WEB бетінің адресі немесе файл енгізілсе, онда бұл
мәтін гиперсілтемеге айналады. Іnternet-ке Flash-фильмін ж ариялағаннан кейін осы
мәтін арқылы пайдаланушының сайтын белгілегенде WEB-беті немесе файл
шақырылады.
Мәтіндік объектіге растрлы немесе градиенттті бояу үшін оны
графикалық элементке өзгерту керек:
Изменить (Өзгерту, Modіfy) а Разбить (Бөлу, Break Apart) Кез келген әріпті 
ерекшелейік. Ол үшін
Микшер цвета (Түс микшері, Color Mіxer) секциясында орналасқан 
палитрадан дайын градиентті құюды таңдаймыз.


Мәтінді импорттау және онымен жұмыс істеу
Flash-фильмінің кадрларына орналастыратын үлкен көлемді мәтінді осы
программада теру міндет емес. Flash программасында орфографияны тексеру
мүмкіндігі қарастырылмаған. Мұндай жағдайда мәтінді MS Word редакторында
теріп, алмасу буфері арқылы оны көшіріп қоюға болады.
Мәтінді көшіру
MS Word редакторында теріп немесе осы программада терілген мәтінді
ашыңыз.
Flash-фильміне
қойылатын мәтінді
ерекшелеп, оны алмасу
буферіне көшіріңіз (Edit – Copy (Түзету-көшіру, Правка -копировать)).
Flash программасына өтіп, 
құралын таңдаңыз.
Мәтіндік блок құрып, Edit-Paste (Түзету-қою, правка-вставить) командаларын
орындаңыз. Нәтижесінде мәтіндік блокқа алмасу буферіндегі мәтін қойылады.
Мәтінді енгізу үшін Edit-Paste Spatial (Түзету- арнайы қою, правка-специальная
вставка) командаларының мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Бұл команданы
орындағаннан кейін экранда Арнайы қою сұхбат терезесі (238-сурет) пайда
болады. MS Word құжаты опциясын таңдағанда мәтін MS Word редакторында
жасалған форматын сақтай отырып, кадрға қойылуға ыңғайланып, осы
программамен байланыс орнатылады.
Мәтіндік блок құрылып, одан кейін толықтырылғаннан кейін ол
мәтінмен әдеттегі Flash ортасындағы графикалық объект ретінде жұмыс істеуге
болады.
238-сурет. Арнайы қою терезесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет