ауысады. Бұл 1 кадрмен 120-шы кадрлар аралығы бірінші кадрдың
көшірмесімен толтырылғанын көрсетеді.
Ерекшелеу сайманының көмегімен құстың суретін қозғалыстың соңғы орны
120-шы кадрға орналастырамыз (255-сурет).
Уақыт шкаласындағы 1-ші кадрдың белгісін тышқанның оң жақ
батырмасымен белгілеп, ашылған контекстік менюден Сreat
Motion Tween
(Қозғалыстың аралық кадрлдарын құру; Создать промежуточные кадры движения)
командасын таңдаймыз. Сондай-ақ бұл команданы Insert - Great Motion Tween
(Қозғалыстың аралық кадрлдарын құру; Создать промежуточные кадры движения)
командасымен де орындауға болады. Уақыт шкаласындағы 1- ші кадрмен 120-шы
кадрлардың аралығы ашық жұпаргүл түске боялып, осы кадрларды біріктіретін
бағыттауыш пайда болады (256-сурет).
255-сурет.
256-сурет.
Great Motion Tween командасы объектінің бастапқы жағдайын көрсететін
кадр мен оның соңғы жағдайын көрсететін кадрлар арасындағы барлық аралық
кадрларды құрады. Егер ағымдағы кадрдың көрсеткішін қандай да бір аралық
кадрға әкелсек, онда осы кадрға сәйкес қозғалыстың бастапқы және соңғы
нүктелерінің арасындағы объектінің жағдайын көруге болады. Great Motion Tween
командасының орнына объектілер инспектірінің опцияларын
пайдалануға болады
(257-сурет).
257-сурет.
Frame (Кадр) өрісіне кадр атауы жазылады. Бұл басқа фильм кадрларынан
осы кадрға шартты және шартсыз көшуді ұйымдастыру үшін қажет. Tween
(Аралық кадрлар; Промежуточные кадры) тізімінің көмегімен Flash-те мүмкін
болатын анимацияның үш типінің бірін таңдауға болады. Қозғалыстың автоматты
түрдегі анимациясын құру үшін, қозғалымтың бастапқы нүктесіне
сәйкес кадрда
осы тізімнен Motion (Қозғалыс; Движение) командасын таңдау қажет.
Қарастырылған мысалда объект көрерменнің жанынан солдан оңға қарай
бірдей қашықтықта қозғалды. Егер қорзғалыс процесінде объекті мен
көрерменнің арасындағы арақашықтық өзгеретін болса, мысалы, жақындаса,
онда орын ауыстырумен қатар объектінің өлшемі ұлғаюы тиіс.
Flash
технологиясы объектінің орын ауыстыруын, оның өлшемінің өзгерісін және
айналуын бірге орынлауға мүмкіндік береді. Келесі
мысалда объект бірінші
кадрдағымен салыстырғанда біртіндеп өлшемі ұлғайып, оңнан солға, жоғарыдан
төмен қозғалады. Мұның бәрі көрерменге объектінің жақындап келе жатқан
құбылысын сипаттап көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: