Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С


Бірнеше объектілердің анимациясы



Pdf көрінісі
бет50/73
Дата15.06.2023
өлшемі4.67 Mb.
#475077
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73
Бірнеше объектілердің анимациясы
Flash – фильмінде бір уақытта бірнеше объект орналасуы мүмкін. Осы 
объектілердің қозғалысының анимациясын жасаған кезде әрбіреуін жеке қабатта 
орналастыру керек. Мысал ретінде кадрға кез келген сурет қояйық.
Суретті кадрдың оң жақ жоғарғы бөлігіне орналастырамыз.
Бейнені алмастыру буферіне көшіреміз.
Жаңа қабат қосамыз. Осы қабатқа алмастыру буферінде орналасқан бейнені 
көшіреміз. Көшірілген бейнені кадрдың сол жақ төменгі бөлігіне 
орналастырамыз.
Енді анимация құрамыз:
Ол үшін ерекшелеудің көмегімен екі бейнені де ерекшелеп аламыз.
Іnsert (Қосу, Вставить) - Сreat Motіon Tween (Қозғалыс құру, Создать двойное 
движение). Бос орынды белгілеңіз.
Екі қабаттағы кадрларды ерекшелеу үшін 50 көрсеткішін басып тұрып 
төменге қарай орнатамыз: Keyframe (Кілттік кадрды қосу, Ключевой кадр).
Бірінші қабаттың 20-шы көрсеткішінде тышқанның оң жақ батырмасын 
басамыз. Пайда болған контекстік менюден Keyframe (Кілттік кадрды қосу
Ключевой кадр) командасын таңдаймыз. Ерекшеленген бейнені қарама-қарсы 


бұрышқа орнатамыз. Сол операцияны екінші қабаттағы кадрдың 20-шы 
көрсеткішіне де орындаймыз.
Фильмді ойнатамыз.
№22 Практикалық жұмыс. Батырма құру және оны бағдарламалау
Бағдарлама іске қосылғаннан кейін қабаттың (Layer1) үстіне меңзерді 
апарып, тышқан батырмасының оң жағын басамыз. Ашылған контекстік 
мәзірден Properties (Қасиеттер) командасын таңдаймыз. Ашылған сұхбат терезеден 
қабаттың атын «Фон» деп өзгертеміз. Фон бетіне File → Import → Import to Stage
(Файл → Импорттау → Сахнаны импорттау) командаларының көмегімен 
векторлық, растрлық бейнелерді, суреттерді импорттауға және орналастыруға 
болады.
Уақыт шкаласындағы Insert Layer 
(Қабат құру) батырмасы көмегімен 
екінші қабат құрып, жоғарыдағы тәсіл арқылы оның атын «Батырма» деп 
өзгертеміз.
«Батырма» қабатына Саймандар тақтасындағы Tools (Құралдар) тобынан 
Rectangle Tool (Tөртбұрыш) құралын және Сollors (Түстер) саймандар тобынан 
Fill Color (Толтыру түсі) палитрасынан боялатын түсті таңдап, Options 
(Параметрлер) тобынан 
Бұрыш радиусын орнату құралын таңдаймыз. Сол 
кезде төмендегідей сұхбат терезе шығады:
Радиус бұрышының өрісіне 45 санын пернетақтадан енгізіп, экран бетіне 
батырма құрамыз.
Саймандар тақтасындағы
Text Tool (Мәтін) құралы арқылы, батырма 
бетіне Теория сөзін жазамыз.
Мәтіннің типі объектілер инспекторы терезесінің көмегімен беріледі. Оны 
экранға шақыру үшін Window → Properties (Терезе → Қасиеттер) командасын 
орындау қажет. Нәтижесінде «Қасиеттер» терезесі ашылады. Text type ашылатын 
тізімінің опциялары мәтіннің типін анықтауға мүмкіндік береді. Ал, Properties 
панелі мәтіннің әрбір түріне қажетті параметрлер жиынтығын береді.
Мәтінмен жұмысты қамтамасыз ететін қасиеттер терезесі


Arrow Tool (Көрсеткіш) 
құралын таңдап, құрған батырмамыздың 
үстінен екі рет үздіксіз шерту арқылы ерекшелеп белгілейміз, Modify → Convert
to Symbol (Өзгерту → Символға түрлендіру) командасы немесе пернетақтадан F8 
функционалдық батырмасы арқылы таңдалған графикалық объектіні символға 
түрлендіреміз. Сонда символдың аты мен типін көрсетуге болатын сұхбат терезе 
шығады. Аты деген өріске «Батырма», ал типін Button (Батырма) етіп, OK 
батырмасын басамыз. Осы кезде біздің батырмамыз автоматты түрде Кітапханаға 
келеді.
Батырманың үстінен тышқанның сол жақ батырмасын екі рет үздіксіз 
басамыз, сол кезде уақыт шкаласының түрі суреттегідей болады, яғни төрт кадр 
пайда болады: Up (Вверх), Over (Над), Down (Вниз), Hit (Нажатие).
Батырма құрудағы монтаждау үстелі
Hit кадрына барып тышқанның оң жақ батырмасын басамыз, ашылған 
контекстік мәзірден Insert Keyframe (Кілттік кадр қою) командасын таңдаймыз 
немесе пернетақтадан F6 функционалдық батырмасын басамыз.
Уақыт шкаласының жоғары жағындағы Scene1–ді (Сцена1) таңдап, 
Windows (Терезе) мәзірінен Behaviors (Компонент инспекторы) командасын 
таңдаймыз немесе пернетақтадан Shift+F3 батырмаларын қатарынан басамыз. 
Ашылған сұхбат терезеден 
Add Behavior батырмасын басып, Web → Go To Web
Page (Web → Web-бетіне өту) командасын орындаймыз.


Осы кезде ашылған Go to URL (URL-адреске көшу) сұхбат терезесіндегі 
URL өрісіне URL-адресті, яғни, Word бағдарламасы арқылы дайындаған 
құжатымыздың типін htm етіп сақтап, оның адресін осы жолға жазамыз. Ал, 
ашылатын құжат жаңа терезеде ашылуы үшін төменгі Open in ашылмалы 
тізімдерінен «Blank» командасын таңдаймыз, сосын Ок батырмасын басамыз. 
Егер өріске WEB-бетінің адресі немесе файл енгізілсе, онда бұл мәтін 
гиперсілтемеге айналады.
Осы әрекеттерді орындағаннан кейін, Control → Test Scene командасын 
орындаймыз. Бұл командалар тізбегі екпінді сахнаны SWF форматындағы 
фильм
ретінде
сақтап,
программаны
фильмді
жүргізу
режиміне
көшіріп, фильмді ойнатуға жібереді. Осы кезде т-мендегі терезе 
ашылады.
Ашылған терезедегі батырманы басқанда, біздің манағы Word 
бағдарламасындағы дайындаған құжатымыз, Internet Explorer бағдарламасы 
арқылы ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет