Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С


тақырып. Web-кескіндерді өңдеу: HTML құралдарымен; Macromedia



Pdf көрінісі
бет14/73
Дата15.06.2023
өлшемі4.67 Mb.
#475077
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73
7 тақырып. Web-кескіндерді өңдеу: HTML құралдарымен; Macromedia 
Flash бағдарламасы құралдарымен. 3D Studio Max бағдарламасы.
12 - дәріс. HTML құралдарымен Web-кескіндерді өңдеу
Дәрістің мақсаты: Үш өлшемді графиканың ерекшеліктерін студенттерге 
таныстыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Суретті құжатқа қою
Графикалық кескіндерді өңдеу тэгтері
Дәрістің тезисі: Суретті құжатқа қою. 
Бұнда А элементі арқылы мультимедиялық файлға сурет арқылы сілтеме 
жасауға болады. Ол келесі түрде жазылады:
< A href = “ http :// Travel Del. Com/video/ Midle Sea.avi ” >

Екінші жолы Web параққа арнайы элементтерді қолдану арқылы орындалады. 
Ол элементтер:
IMG, APPLET, OBJECT, EMBED, BGSOUND
Қарапайым сілтеме келесі түрде құрылады:
Сілтеме мәтіні
Мысалы:
< A href =”review.html”> шолу 
Шолу сөзіне шерткенде review.html құжатына көшеді. Басқа торапқа көшу 
үшін тегі қолданылады:
жазылады және де қандай 
да бір файлға сілтеме тегі арқылы жүзеге асырылады. 
 гиперсілтеме мәтіні  сілтемелерді безендіру үшін 
style атрибуттары қолданылады, келесі түрде жазылады: Style =”font – weight:bold; font – variant: small – caps”>
5-бөлім. мәтін
Шрифтердің қоюлығы = - сызу варианты.
Түстері:
link – активтелмеген сілтемелер түсін орнатады.
vlink – қаралған сілтеме түсін орнатады.
alink – тышқан көрсеткіші апарылып көрсетіп тұрған сілтеме түсін орнатады.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
HTML тілінің графикалық кескіндерді құжатқа
қою тэгтерін ата
HTML-құжатта кескіндерді өңдеудің қандай жолдары бар?
Дәріс–13. Macromedia Flash бағдарламасы құралдарымен Web-
кескіндерді өңдеу
Дәрістің мақсаты: Macromedia Flash бағдарламасының интерфейсін 
қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:


1. Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктері 
2. Macromedia Flash бағдарламасының саймандар панелі.
Дәрістің тезисі: 
FLASH бағдарламасы мүмкіндіктері:
Біріншіден, ол бізге кескінді жеңіл салуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ол 
сызықтардың түзу сызылуын бақылайды және де пайдаланушының қозғалыстарын 
түзейді. (бұл өте актуалды, егер суретті графикалық планшетпен емес, тышқанмен 
салса). Көпқабатты кескіндерді де жеңіл жасауға болады. 
FLASH бағдарламасын пайдалана отырып, мәтіндік информацияны 
құрастыруға болады, және бұл бағдарлама пайдаланушы кейбір мәліметтерді енгізе 
алатындай формалар жасай алады. Бұл пайдаланушылық формалар HTML 
құралдары жасайтын формаларды еске түсіреді және солар сияқты іс - әрекет жасай 
алады. Мәтіндік өрістер қарқынды өзгере алады. Одан басқа да әртүрлі қосымша 
мүмкіндіктері бар (мысалы, кернинг және тренинг үшін инструмент өте ыңғайлы).
FLASH бағдарламасы арқылы әр түрлі анимациялар құруға болады. Осында 
траекториямен обьектілерді жылжыту үшін, морфинг үшін (морфинг дегеніміз бір 
обьектінің формасын басқаға айналдыру), бір обьектінің бөліктерінің тәуелсіз 
анимациясы үшін қолайлы инструменттер бар. Анимацияның басқа түрлері үшін де 
инструменттер бар. Бірнеше қабатты қолданудың арқасында тек қана қозғалыстағы 
немесе формаларын өзгертетін обьектілерді анимациялау ыңғайлы; бұл жағдайда 
компьютер статикалық обьектілерді қайта салуға өзінің ресурстарын кетірмейді. 
Одан басқа басқару элементтерінің көмегімен (мысалы, батырма, меню және тағы 
басқа) қолданушымен жеңіл қарым – қатынас ұйымдастыруға болады. Бұл 
элементтер арқылы анимацияны басқаруға және, мысалы, интернеттен қажетті 
ресурстарды жүктеу кезінде сервермен қарым – қатынас жасауға да болады.
FLASH бағдарламасы арқылы жасалынған анимация дыбыспен де 
сүйемелдене алады. Және бастапқы фонограмма үзіліссіз болса да керекті 
кадрларды белгілі бір дыбыстық эффектілермен жеңіл синхронизациялауға болады. 
Сондай – ақ кез келген қолданушының оқиғасына дыбыс қосуға болады (мысалы, 
тышқанның батырмасын немесе компьютердің пернетақтасының пернесін басқан 
кезде).
FLASH бағдарламасы арқылы автоматты түрде FLASH роликтері 
қолданылатын веб – беттері үшін HTML кодын генерациялауға болады және бұл 
жұмыстың нәтижесін басқа таралған форматтарға да экспорттауға болады. Мысалы, 
анимацияланған GIF – файлын алуға немесе бағдарлама сияқты жүктелетін бөлек 
орындалатын роликтің файлын құруға болады. Бұндай іске асыру тәсілінде FLASH 
роликтерінен бағдарламаларды жіберуге болады. Бірақ бірде – бір бағдарлама не 
нәрсені де сидыра алмайды. FLASH жүйесінде ыңғайлы интерфейс болғанымен
онда графикалық редакторлардың мамандандырылған кейбір әдеттегідей 
мүмкіндіктері жоқ. Мысалы, FLASH бағдарламасында AdobePhotoShop 
бағдарламасы сияқты көлеңке түсіру және фильтрлерді қолдана алмаймыз. Сондай – 
ақ үш өлшемді обьектілерді құру инструментариийі жоқ (мысалы, 3D StudioMax 
бағдарламасында сияқты) және дыбысты редактрлеу мүмкіндіктері тым нашар. 
Егер сіз өзіңіздің ролигіңіз үш өлшемді сценалар немесе редактрленген 
дыбысты қолданғыңыз келсе, онда болашақ роликтің фрагменттерін 
мамандандырылған бағдарламалар арқылы алдын – ала өңдеп алу дұрыс болады. 
Дегенмен FLASH бағдарламасы (әсіресе графика – анимациялық бөлімінде) кәсіби 


бағдарламалық пакеттерге өте жақын мүмкіндіктер ұсынады. Ал кейбір жағдайларда
әуелі олардың көзқарасы жағынан қолдану ыңғайлылығы бұл көп жақты 
бағдарламаны құрастырушылардың негізгі мақсаты болады. 
FLASH бағдарламасының ескі нұсқаларында сценарийлардің командалары 
бірден кез келген програмист емес адамға өте оңай және ыңғайлы болған.
Бір қызығы, басқа көп бағдарламалардан гөрі кейбір қарапайым 
операцияларды FLASH бағдарламасында орындау әлдеқайда ыңғайлы. Бұл 
қоланушы интерфейсінің алдын – ала ойластырылғанның арқасында.
FLASH бағдарламасының құралдар панелі
FLASH бағдарламасының негізгі терезесінде құралдар панелін, роликпен 
жұмыс істейтін жұмыс үстелін және қосымша панелдерді көруге болады.
Енді құралдар панелімен таныссақ. Суретте көрсетілгендей ол төрт бөлімнен 
тұрады. Жоғалғы бөлігінде обьектіні салу және трансформациялау үшін Tools 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет