Құрастырушы: Тагабаева Л. М. Шымкент 2013


Материалды-техникалық жабдықталуы



бет4/8
Дата01.07.2016
өлшемі0.66 Mb.
#170712
1   2   3   4   5   6   7   8

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



7. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу

  • Алдын алу (профилактикалык) антисептика дегеніміз?

  • Аурухана ішілік инфекцияда амбулаторлық көмек;

  • Стационарлық медициналық көмекті жүйелі бақылау.

9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:


  • Медициналық қалдықтар анықтамасы

  • Медициналық қалдықтарға жататындар

  • Медициналық қалдықтардың қауіптілік дәрежесі

"Медициналық қалдықтарды жинауға, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер және нормаларды меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті. Осы санитарлық ереже медициналық қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру, сақтау, тасымалдау және көму тәртібін белгілейді.

Осы санитарлық ережеде мынадай терминдер және анықтамалар пайдаланылды:

1) медициналық қалдықтарды көму - әрі қарай қолдануға жатпайтын, қоршаған ортаға зиянды заттардың түсуін болдырмау мақсатында жіберілген және оларды қайтып қолдану мүмкіндігін болдырмайтын, залалсыздандырылған медициналық қалдықтарды оқшаулау, зиянсыздандыру;

2) медициналық қалдықтар - медициналық қызмет көрсету және медициналық қол әрекетін жүргізу үрдісі барысында тізілетін қалдықтар;

3) медициналық қалдықтармен жұмыс істеу - медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға байланысты жұмыстың түрлері;

4) медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру - механикалық, физикалық, химиялық немесе биологиялық іздеу арқылы медициналық қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;

5) қондырғы - медициналық қалдықтарды ұсақтауға және зарарсыздандыруға, кәдеге жаратуға, өртеуге арналған арнайы технологиялық жабдық;

6) медициналық қалдықтарды сақтау - тасымалдау және жою мақсатында алып кеткенге дейін арнайы жабдықталған контейнерлерде медициналық қалдықтарды ұстау.

4. Медициналық қалдықтарға:

      1) стационарларда, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияда, диспансерлерде, медициналық пункттерде, егу кабинеттерінде;

      2) жедел және шұғыл медициналық көмек ұйымдарында, қан құю станцияларында;

      3) клиникалық - диагностикалық зертханаларда, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларында, патологиялық - анатомиялық зертханаларда;

      4) ғылыми-зерттеу институттарында және медициналық саладағы оқу орындарында;

      5) фармацевтік өндіріс нысандарында;

      6) сауықтыру ұйымдарында (саяжайларда, профилакторияларда, демалыс үйлерінде, пансионаттарда);

      7) сот-медициналық сараптау ұйымдарында;

      8) ауруларға ұзақ уақыт күтім жасайтын ұйымдарда;

      9) емдік-косметологиялық ұйымда тізілетін қалатын қалдықтар жатуы тиіс.

      5. Нысандарда медициналық қалдықтармен жұмыс істеуге күнделікті бақылау жүргізетін жауапты маман (эпидемиолог, бас дәрігердің мейірбике ісі жөніндегі орынбасары, бас дәрігердің орынбасары) тағайындалуға тиіс.

      6. Нысанның жауапты маманы жұмыс орнында қызметкерлерді медициналық қалдықтармен жұмыс істеудің қауіпсіз ережелеріне оқытып, оның орындалуын бақылауы керек.

      7. Нысанның басшысы аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімі бойынша медициналық қалдықтармен жұмыс істеудің сызбасын осы санитарлық ережеге 1-қосымшаға сәйкес бекітеді.

      8. Нысанның жауапты адамдары осы санитарлық ережеге 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша журналда медициналық қалдықтардың санын және сапасын күнделікті есепке алуды жүргізеді.

      9. Медициналық қалдықтарды көлік құралдарына тиеген сәттен бастап белгіленген жерде оларды қабылдағанға дейін тасымалдауды жүзеге асыратын адам олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларын сақтауға тиіс.

      Медициналық қалдықтар қауіптілік дәрежесі бойынша қауіптіліктің 5 класына бөлінеді:

      А класы - қатты тұрмыстық қалдықтарға ұқсас, қауіпті емес медициналық қалдықтар;

      Б класы - қауіпті (қатерлі) медициналық қалдықтар;

      В класы - төтенше қауіпті медициналық қалдықтар;

      Г класы - құрамы бойынша өнеркәсіптік қалдықтарға ұқсас медициналық қалдықтар;

      Д класы - радиоактивті медициналық қалдықтар.


      Медициналық қалдықтардың морфологиялық құрамының сипаты осы санитарлық ережеге 3-қосымшада келтірілген.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (35%)

Тақырып бойынша қажетті материалдарды дәптерге конспект ретінде жазып отыру.



11. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (10%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. Медбикелік процесс түсінігі қашан және қай жерде пайда болған ?

а) 90 жылдың соңында Канадада

б) 70 жылда Великобританияда

в) 50 жылдың орталарында АҚШ та

г) 2000 жылы Россияда
2.Медбикелік ісі модельдері ерекшелінеді

а) этика және деонтологияда

б) медбике ісі философиясында

в) кәсіби сапалықта

г) қарыз бен жауапкершілік сезімінде
3.Медбикелік ісі көрсетеді

а) дәрігер нұсқауын орындау

б) инъекцияны орындау

в) медбикелік құжаттарды толтыру

г) қоршаған орта жағдайындағы мәселелерді шешу
4.Медбикелік процесс- бұл

а) медбикелік практиканың ғылыми әдісі

б) дәрілік препараттарды тарату

в) медбикелік ісін үйрету

г) ситуация жағдайларды анықтау
5.Маслоу бойынша адам қажеттілігін неше сатыға бөлінген

а) 5


б) 10

в) 14


г) 20
6. Медбикелік процесстің мақсаты бұл

а) науқасты толығымен емдеу

б) дәрігер нұсқауын қатаң орындау

в) науқасты қадағалау және күту

Сәйкестікті табу


  1. 1 кезең а) жоспарлау

  2. 2 кезең б) диагноз қою

  3. 3 кезең в) медбикелік жоспарды реализация жасау

  4. 4 кезең г) науқасты тексеру

  5. 5 кезең д) медбикелік қатысуларға баға беру

7.Медбикеллік процессті реализациялау- бұл

а) күтім жоспарын орындау

б) медбике қызметінің координациясы

в) күтімді жүргізу

г) барлығы дұрыс


СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:

1. Науқасты тексеру кезінде субъективті тексеруді объективті тексеруден қалай

ажыратасыз? Айырмашылығын атаңыз.

2.Науқасқа медбикелік диагноз қою кезінде қандай мәселерді анықтау керек ?

3.Күтуді жоспарлауда медбикелік процесске қол жеткізу үшін қандай мәселелерді анықтау керек ?

4.Науқастың күтімінде мақсатқа жету үшін, науқастың мәселелерін шешу үшін көмекке кімді шақырасыз.



12. Сабақты қорытындылау: 4 мин (2%) оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.

13. Үйге тапсырма беру: 4 мин (2%)

Н – 1, 2-бөлім, 154 – 173 бет



9 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Медициналық мекемелеріндегі санитарлы – эпидемияға қарсы шаралар. Зарарсыздандыру.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларды ауыр халдегі науқастарға күтім жасауға, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдануға үйрету.

тәрбиелік: Оқушыларды ауыр халдегі науқастарға күтім жасау кезінде, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдану кезінде этикалық – деонтологиялық принциптерді сақтауға тәрбиелеу.

дамыту: Оқушыларда ауыр халдегі науқастарға күтім жасау, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдану

қабілеттілігін дамыту.



5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



7. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • Медициналық қалдықтар анықтамасы

  • Медициналық қалдықтарға жататындар

  • Медициналық қалдықтардың қауіптілік дәрежесі

9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:


  • Санитарлы - эпидемиологиялық тәртіптің түсініктемесі

  • Дезинфекция, асептика антисептика түсініктемесі

  • Санитарлы- эпидемиологиялық тәртіптің негізгі мақсаттары

  • ЕПҮ- дағы медбикенің санитарлы- эпидемиологиялық тәртіпті қамтамасыз ету

  • Қазақстандағы ЕПҰ-дағы санитарлы- эпидемиологиялық тәртіпті сақтау негізгі нормативті құжаттары.

Науқастардың гигиена ережелерін орындау және бөлімше-сінің бөлмелерін санитарлық үстауына байланысты. Науқас ауруханаға түсерде өзінің гигиеналық заттарымен палатаға жатуға рұқсат етіледі.

Қабылдау бөлімшесінде алғашқы санитарлык өңдеуді өткен педикулезі бар науңас ерекше бақылауға алынады және жеті күннен кейін паразиттерді толық жойғанша қайта өңдеуден өткізіледі.

Жаңа түскен науқаска таза төсек салынады. Оған жеке күтім заттары беріледі: су ішкізетін ыдыс, стакан, түкіргіш және зөр қабылдағыш, дөрет ыдысы.

Жағдайы нашар науқастардың іш киімі және төсек заттары кірлегеніне қарай, калғандарында бір рет жеті-он күн ішінде ауыстырылады.

Кір төсек-орын, киімдер мақтадан жасалынған қаптарда жи-налады. Олар сортталып және сүрыпталып, осы максатка беріл-ген арнайы бөлмелерге өткізіледі. Науқастарға шаштараз қызметі аптасына екі рет көрсетіледі. Науқастар жалпы гигие-налық ережелерін сақтауы тиіс: таңертеңгі жөне кешкі дөрет, тамақ алдында қолдарын жуу. Бөтен төсектерде отыруға болмай-ды. Палатаның ауасын күніне 4 рет тазартады.

Науңас ауруханадан шығарылғаннан кейін жеке күтім зат­тары жөне оның аурулық киімі мен аяқ киімі дезинфекцияла-нады (кестені қараңыз).

Бөлімше күніне екі рет дымқыл әдісімен дезинфекциялық ерітінділер (0,015% деохлор ерітіндісі) қолдануымен жинасты-рылады.

Жинастыру аспаптары (шелек, шүберек, щеткалар) таңбала-нады жене палатаға, процедуральщ кабинетке, буфетке жөне тағы басқа бөлмелерге белек арналады. Қолданғаннан кейін де-зинфекцияланады (кестені кара).

Барлық ауруханаларда инфекция жүңтырған науқастарды табу жөнінде іс-шаралар жүргізіледі. Осы мақсатпен барлық дене ңызуының жоғарылау кезеңі 5 күнге созылатын безгек-пен ауырғандардың қатаң есебі жүргізіледі. Жүқпалы ауруы-на күдікті болатын науқасты табу кезінде оны дереу палатаға немесе изоляторға (кан тышқақ, вирусты гепатит) оңашалай-ды. Аурухана ішінде инфекция табылса, бөлімшенің барлық кызметкерлеріне кезексіз тексеріс жүргізеді.

Химиялық өдіспен залалсыздандыру дәрілер ішікде көбінесе хлор және оның жарықталған ерітінділері, 0,015, 0,06 % део­хлор ерітінділері қолданылады.

Дезинфекцияның сапасын ңараумен баңылау (бөлменің са­нитарлык жағдайы), химиялық әдіспен (дезинфекциялық ерітінділердің белсенділігін тексеру) жөне бактериологиялық жолмен (егу, жүғынды алу) жүргізіледі. Бөлімшенің аға мейір-бикесі санитарлық-эпидемиологиялық ережелерінің сақталу төртібін бакылайды. Дезинфекцияның сапасы мен дүрыс өткізу жағынан бакылау СЭС (санитарльщ-әпидемиологиялық станция-сы) міндеттеріне кіреді.

Санитарлы- эпидемиологиялық тәртіп – аурухана ішілік инфекцияның пайда болуына бөгет болатын, эпидемияға қарсы және санитарлы- профилактикалық шараларды ұйымдастыру жүйесі болып табылады.

ЕПҰ-дағы санитарлы- эпидемиологиялық тәртіп- осы мекемедегі науқастарға оптималды гигиеналық жағдайды орнату орнату үшін территориялар мен палаталардың санитарлы тазалығына емдеу мекемелерінің жылуына және вентиляцияны, жарықтығына, жиһаздың және ішкі әрлеуіне аурухананың ғимараты және жерінің жайласуын, жайғасуы бойынша қойылатын талаптарды, және де сонымен қатар аурухана ішілік инфекцияның алдын алуға бағытталған талапты да қамтиды. Емдік мекемелерде санитарлы – эпидемиологиялық тәртіпті сақтауға бағытталған шаралардың негізгі элементтері болып асептика, антисептика бойынша қойылатын талаптарды қатаң сақтау және дезинфекцияны жүргізу болып табылады.



  • Дезинфекция- сыртқы орта объектілердегі жұқпалы аурудың қоздырғыштарын жоюға болатын заттар мен әдістерді зерттейтін ғылым.

  • Антисептика – жарадағы, патологиялық ошақтағы немесе ағзадағы микроорганизмдерді жоюға болатын іс – шаралардың жиынтығы.

  • Асептика – жараға инфекцияның түсуін алдын алуға бағытталған іс – шаралардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасында ЕПҰ- дағы санитарлы – эпидемиологиялық тәртіпті қамтамасыз ететін негізгі нұсқалары әдістемелік құжаттарға мыналар жатады:

  • ҚР ДСМ 11.10.1999ж №476 бұйрық «АІИ –жұқпалы қауіпсіздік орнату»;

  • ҚР ДСМ 26.11.2002ж №1050 бұйрық « Республикада вирусты гепатитпен ауру – сырқауды төмендету бойынша жүргізілетін шаралар»;

  • СанПиН №8-01-013-03 « Медициналық құралдарды дезинфекциялау және стерилизациялау. Тәсілдер, құралдар, тәртіптер»;

  • 3.06.2001ж Қазақстан Республикасының СЭС ОМО ұсынысы « Емдік – профилактикалық мекемелерде АІИ- ның алдын алу шаралары»;

  • СанПиН № 8-01-011-2001 6.03.2001ж « Операциядан кейінгі іріңді асқынулардың алдын алу бойынша шараларды өткізу және ұйымдастыру»;

  • СанПиН 8-01-083-2002ж « Ана мен бала өмірін сақтау ұйымына және де аурухана ұйымының маңызына және жабдығына қойылған талаптар»;

  • ВОЗ инструкциясы,1989ж №2 сериясы СПИД « Адамның имунотапшылық вирусы мен әсерлі күресуіне арналған стерилизация және дезинфекция тәсілдері бойынша нұсқау».

Аурухананың негізгі емдік- профилактикалық мекемелерін соғу үшін екі жақты немесе бір жақты кіреберіс жүйесі қолданылады. Туберкулезді және балалар ауруханаларда ашық және жабық балкондар болады, олар науқастардың таза ауада болуына арналған.

Емдеу-профилактик мекемелерін қүрылысында каридор системасы үсынылады. Балалар және туберкулез ауруханаларда ашық және жабық дәліздер және балкондармен қүрылады ол науқастардың таза ауада жүруі үшін. Аурухананың негізгі үяшығы палата болып табылады.Палаталар 1 және 4 керуеттік болып емдеу мекемесінің түріне байланысты. Палатада керуеттің максимал саны 6- дан аспауы керек.

Керуетке палатаның 7м2 бөлінуі керек. Палаталардың 10% I керуетгік болып табылады, олар ауыр халдегі науқастар үшін болып табылады. Палаталардың, дәліздердің, бөлімшелердің қабырғасы ашық түстегі бояулар мен боялуы тиіс себебі олардың кірленгені білінуі керек. Майлы бояулармен бояуды ұсынылады себебі ол қабырғалар көп жуылады. Линолеум және пластикпен төселген полдарды күніне бірнеше рет тазалау мүмкіндігі бар.Керуеттердің аралығы бір метрден кем болмауы тиіс,себебі ауруларды көру оларды қозғату және емдік процедураларды жүргізу үшін қажет. Керуерттер никелденген немесе майлы бояумен боялған болуы қажет себебі олар сүртуге ыңгайлы.Ауыр халдегі науқастар үшін функционал керуеттер және жастықшалар қодданылады, себебі науксақа керекті жағдайды жасау үшін, әр керуерттке оттегі және электр сигнал үшін басқыш орнату қажет.Керуерттің жаныңда керуерт маңлы столы болуы қажет, оған науқастың керекті заттары қойылады.Төсек тартып жатқан науқастар үшін қозғалмалы столиктер тамақтану үшін қойылады.
Бөлімшеде құралдарды күтіп ұстау. Күту құралдарына: суартқыштар, грелкалар, мұздатқыштар, шыны эмальданған және резеңкелі Эсмарх табақшасы, дәрет ыдыстары, зәр жинақшалар, мензуркалар, дене, су және ауа температурасын анықтайтын градусниктер, резинадан жасалған дөңгелек қойғыштар, ойық жараның алдын алу үшін қолданылатын матрастар, т.б.жатады. бұл заттар арнайы түрде сақтанылады.

Науқастың күтіміне арналған зттарды стерилизациялау және дезинфекциялау. Дәрет жйәне зәр жинағыш ыдыстарды науқасқа берер алдында олар жылы болу үшін ыстық сумен шаяды. Қолданылғаннан кейін оларды хлорлы әктің 0,5 % % немесе хлораминнің 1% –і ерітіндісінде зарарсыздандырылады. Қолданылған клизма ұштары « лас» деген жазуы бар арнайы шыны ыдыста, ал таза ұштары – сабынмен жуылғаннан кейін қайнататын стерилизаторларда болу керек. Инфекциялық бөлімдерде әр науқастың стационарлардан шыққанға дейін жеке қолданылатын заттар болады.

Ауруханалық құрал – жабдықтар. Аурухана құрал-жабдықтарына, кереуеттер, сөрелер, зембілдер, шкафтар, креслолар жатады. Аурухана құрал – жабдықтарының сақталуына шаруа- медбике жауапты болады. Құрал- жабдықтардың санитарлы тазалығына тазалықшы жауап береді, ал оның жұмысын медбике бақылайды. Бөлімшедегі барлық медициналық, технологиялық, санитарлы-техникалық және басқа да жабдықтар, жиһаз және саймандар әрекеттегі техникалық шарттар мен стандартқа сәйкес болуы қажет. Бұл зарарсыздандыру және ылғалды тазалықты жүргізуге мүмкіндік береді. Науқастарға арналған палаталарда, дәрігерлер мен медбикелердің бөлімшелерінде ыстық және суық сумен жалғастырылған қолжуғыштар орнатылуы тиіс. Әр ір бөлімше механизациясы аз, қажетті және тиісті заттармен қамтылуы тиіс.

Бөлімшенің барлық бөлмелері, құрал – жабдықтары, медициналық және басқа да құрал саймандары таза болуы тиіс. Бөлмелердің ылғалды тазалығы тәуелділігіне екі реттен кем болмауы керек, ал керек болған жағдайда жиірек және жуғыш ерітінділерді және де ҚР ДСМ қолдануға рұқсат етілген қазіргі дезинфектанттарды қолдану керек. Шыны айналар ішкі жағынан айына 1 рет, ал сыртқа жағынан айына -4-6 ррет сүртіледі. Бөлмелерді ылғалды тазалау жұмысына өткізу үшін ұнтақ тәрізді синтетикалық жуғыш заттарды қолдануға болады. Барлық тазартуға арналған жабдықтарда белгілі бір бөлімшені жинау жұмыстарының түрлері көрсетіліп, таңбалануы тиіс,тағайындау бойынша қатаң тәртіппен қолданылады және бөлек сақтанылады.

Палаталардың және басқа да функцияналды, бөлмелердің күрделі тазалығы- қабырғаларды, еденді, барлық жабдықтарды уақытылы жуу және де жиһазды, шаңды, жалюзидегі шаң-тозаңды сүрту сияқты айына бір рет кесте бойынша жүргізілетін іс – әрекеттерді айтамыз. Каридор, дәріхана және басқа да бөлмелердегі қоқысты жинау үшін сауыттар орнатылуы тиіс, ал медико - техникалық процеспен байланысты егу және сол сияқты басқа да бөлмелерге педалді шелектер болуы керек. Стерилдіктілікті , асептика және антисептиканың ерекше тәртібін сақтауды талап ететін бөлмелерді тазалап болған соң және де экспулация процесінде ультра күлгін бактерициді шаңдар мен мерзімді түрді сәулелендіру қажет. Палаталарды тәулігіне 4 рет таза ауамен желдету керек. ЕПҰ- ның бөлмелерінде жылына 1рет, қажеттілігіне байланысты жиі жеңіл косметикалық жөндеуден өткізілуі тиіс.

Тәртіп (режим). Ауруханалық тәртіп – науқастардың уақытылы және дұрыс тамақтануын, емдеуін және санитарлы-гигиеналық шараларды қамтамасыз етеді. Күн тәртібіне байланысты бүкіл медицина қызметкерлерінің жұмысы ұйымдастырылады.



Ауруханада шынайы жарықтандыру.

Күн сәулесі адам организмі үшін пайдалы жәнеде көптеген микробтар үшін жойғыш. Науқастар келіп түсетін (палата, дәліз, каридор және де басқа) бөлімшелер солай орналасуы қажет. Көбірек күн сәулесі түсу үшін. Осы мақсатта палата терезелері оңтүстікке, онүстік шығысқа, оңтүстік батысқа қарауы кажет, ал операциялық бөлменің терезелері солтүстік, солтүстік шығысқа, солтүстік батысқа қарауы қажет.



Жасанды жарыққа қойылатын талаптар

Кешкі және түнгі уақыттағы электр жарығы тым жарық болмауы қажет. Сол уақытты дәрігерлер бөлмесінде, лабораторияда, егу бөлмесінде, әсіресе операциялық бөлмеде және жара таңу бөлмесінде өте жарық болуы қажет.Операциялық бөлме және таңу бөлмесінде ерекше көлеңкесіз жарықтандыру системасы қолданылады.



Аурухана бөлімшелеріңдегі ауа температурасы.

Палаталарда ауа температурасы + 20°С таңу бөлмесі және жуыну бөлмесінде +25-22°С операцион бөлмесінде және босану бөлімшесінде +25 "С болуы қажет. Бөлімшедегі температура бір қалыпты болуы тиіс.



Ауруханада бір науқас үшін гигиеналық ауаның қалыптылығы

Адамдар бар бөлмедегі ауаның қүрамы әр дайым өзгеріп түрады. Бөлмедегі ауа шаңдары микробтары мен вирустар таралуына үлкен маңызы бар және сонымен қатар грипп жоғары тыныс алу жолдары қатарына, қызылша, қызамық ауруларына алып келеді. Аурухана палатасындағы бір науқасқа 27-30 м3 ауаны қүрау қажет, әр сағат сайын бүл ауа таза ауаға алмастырылып түруы кажет. Бөлме ауасының сыртқы таза ауамен алмастырылып түруы. Жабығы және жасанды желдендірумен жүзеге асырылады.



Аурухана бөлмесінін желдендірілуі

Аурухана бөлімшелеріндегі желдендіру форточка немесе терезе арқылы реттеу мүмкін емес өйткені климаттық және метериологиялық климатқа байланысты.Ауруханада жасанды келіп жөне тартып түратын желдендіру орнату қажет.Ол ауаны тазалап жылытып және суыту үшін. Опреациялық бөлмелер, бокстар, изометрлар өздеріне келіп және тартып алатын системалар болуы қажет. Әр бөлімшеге тартып және соратын гигиеналык, ауаның қалыпты болуы шарт.



Бөлімшедегі құрал жабдықтар.

Күту (қүрал заттарына - су ішкізгіш, мұз мұйық, грелка, резенке эмалданған және шыны Эсмарх кружкасы, тастауша зәр қабылдағыш, дене қызуын өлшеу үшін градусник және ауа судың температурасын өлшеу үшін градусник, резенке крук, ойық жараларының алдын алу төсегі жастықшалар және басқалар. Осы айтылған қүрал жабдықтардың барлығы өздеріне арналған арнайы орындарда түруы қажет. Науқастарды күтуге арналган қүрал жабдықтарды зарарсыздандыру және дезинфекциялау. Тастауша және зәр қабылдағыш науқасқа берілу алдыңда ыстық сумен шайылады, жылы болып түруы үшін қолданып болғаннан кейін оларды 0,5 % хлорлы әк және 1% хлорамин ерітіндісімен дезинфекциялайды. Қодданылған клизма үшін үштықтар арнайы «кір « деген жазумен жабыстырылған шыны ыдыста сақталуы керек. Ал тазалары стерилизаторда сабынмен жуылғаннан соң сақталады. Инфекциялық бөлімшеде әр науқастың ауруханадан шыққанша өзін күтуге арналған күрал жабдыктары болуы қажет.



Дезинфекция - АІИ алдын алудын өте маңызды бағыттарынын бірі болып саналады. Медицина кызметкерлерінің бұл жұмысы күрделі. Ол аурухана палаталарындағы функционалды бөлімшелердегі, медициналык кұрал-жабдыкгардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді бағытталған. Залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру және оны жүзеге асыру, медбике мек кіші медицина қызметкерлерінң күрделі кұнделікті орындалатын міндеггерінін бірі. Бұл шара АІИ алдын алуда ерекше орын алады, өйткені дезинфекция ауруханадағы аурудың бірден бір себебі. Тағы бір мән беретін жай - антибиотиктерге резистентті АІИ коздырғыштарының госпнтальдық штаммдары сырткы орта факторларынын, онын ішінде дезинфектанттар әсеріне тұракты. Мысалы, аурухана ішілік сальмонеллез - 8а1т, іурһітигіит - күнделікгі залалсыздандыруға колданылатын кұрамында хлоры бар дезинфектанттардың әдеттегі концентрацияларына сезімталдылыктары жоқ. Олар хлораминнін 3% ерітіндісіне немесе сутегінін аскын тотығынын 5% ерітіндісіне - 30 минутта өледі. Медбикенін бұл ғылыми фактілерІнің білмеуі және концентрациясы төмеи ерітіділерді колдануы, ауруханада сырткы әсерлерге өте жоғары дәрежедегі тұракты госпитальді штаммдардын пайда болуына алып келеді.

Жоғарыда аталған мысалдар, ауруханада профилактикалык және ошакты (кұнделікті және корытынды) залалсыздандыруды жүргізу тәсілдерінде және тактикасында көп айырмашылықтар бар екендігін көрсетеді. Дезянфекция - күнделікті жні колданылатын, эпидемиологиялык кауіп тудыратын заттар мен қүрал-жабдыктарға жасалады. Сондыктан, концентрациясы жоғары ерітінділермен саштарлы бөлмелер, ыдыстар, жұкпалы наукастын жеке кнімдері мен төсектері өнделеді.

Эпидемияға карсы тәртіп және дезинфекция ережелерін сактау медицина кызметкерлері денсаулығын сактау және АІИ ауруларын жою екендігін білу кажет. Бұл ереже барлык медицина кызметкерлеріне, әсіресе операциялык, тану, егу бөлмелерінде, зертханада жүмыс істейтіи медицина қызметкерлеріне катысты, өйткені, олар АІИ тудыратын жоғары қауіптІ жұкпалы биологиялык материалдармен жүмыс істейді. Бөлімше жәяе функционалды бөлімшелерде медицина кызметкерлері тәртіпті катаң сақтау керек, яғни жеке сактану, техика кауіпсіздігінің ережелерін сактау керек, резенке қолғаптарды, колданылған заттарды, бір колданылатын кұралдарды міндетгі турде дезинфекциялау кажет. АИТВ инфекциясын, вирусты гепатит В, С және де баска аурухана ішілік инфекдияларды алдын алу үшін барлык колданылған затгарды, кұрал-жабдықтарды зарарсыздандыруға дейінгі өндеуден өткізіп, кейін зарарсыздандырады.

Медицинада қолданылатын заттарды зарарсыздандырута дейінгі өңдеу клиника-диагностикалық бөлімдерде жүргізіледі. Ол дезинфекииядан және зарасыздандыруга дейінгі тазалаудан түрады.

Кұрал-жабдыкгарды, резенке қолғаптарды, лабораториялык ыдыстарды химиялык тәсілмен залалсыздандыру - 60 минуткд хлороминнің 3% ерітіндісіне және 90 минуткд сутегінін аскын тотығынын 4% ерггіндісіне салвп қою аркылы жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет