ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
6. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.
3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА
7. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
-
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (15%)
-
Балалар бөлімшесінің бокстары
-
Балалар емханасы
-
Емханада жүргізілетін құжаттар
-
Балалар емханасында жүргізілетін санитарлы ағарту жұмыстары
9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (30%)
Жоспар:
-
Санитарлык эпидемиялогияға карсы тәртіп дегеніміз
-
Емдеу бөлімінің емдік сақтандыру тәртібі
-
Залалсыздандыру туралы түсінік
-
Залалсыздандыруды өткізу шарттары
Санитарлык эпидемиялогияға карсы тәртіп дегеніміз - аурухана ішіндегі жұқпаның таралуының алдын алуға бағытталған санитарлык профилактикалык және эпидемияға карсы іс-шаралардың жиынтығы.
Емдеу сауыктыру мекемелерінің эпидемиялык тәртібі онын бағытына карай анықталады.
Санитарлык профилактикалык іс - шаралардың жиынтығын ұйымдастыру мен жүзеге асыру жауапкершілігі емдеу сауықтыру мекемесінің бас дәрігеріне, бас мейірбикеге (акушер, фельшер) және бөліміндегі аға мейірбикеге (акушер, фельдшер)жүктеледі.
Емдеу сауықтыру мекемесіндегі санитарлық эпидемиялогияға қарсы тәртіпті қамтамасыз ететін іс - шаралардың бірі дезинфекция.
Емдеу бөлімінің емдік сақтандыру тәртібі
Ауруханаға түскен пациент өзінің күнделікті өмір ырғағынан айырылып, жакын адамдардан алшақтап, күнделікті жұмысынан тыс калып, коркыныш сезімдер, үрей пайда болып мазасы кетеді. Кейбір жағдайда мінезіне байланысты депрессия, невроз пайда болады.
Сондықтан бөлімшедегі тәртіпті ұйымдастыруда пациенттердің жеке касиеттерін ескеріп отыру керек: пациенттерге палаталарға жекелік касиеттері және ауруына карай колайлы микроклимат жасау.
Бұл емдеу және сактандыру шаралары емделушілердің күші мен саналарына тыныштык беруге арналады, келесі тәртіптен тұрады:
1. Емделушінің психикасын сақтандыру тәртібін камтамасыздандыру;
2. Ішкі күн тәртібі ережесін катаң сактау;
3. Қозғалыс белсенділігінің тиімді тәртібін камтамасыздандыру. Бөлімде тыныштыкты сактау керек, акырын сөйлесу керек,
емделушілерге радио және теледидарды қатты қоюға рұксат берілмейді, кіші медициналык кызметкерлер бөлмелерді жинау барысында, күндізгі және кешкі демалыс уақытындағы тыныштыкты бұзбауы керек. Емделушілерден бөлімдегі күн тәртібінің сакталуына талап ету керек. Медицина кызметкерлерінің негізгі кағидасы медициналык этика мен деонтологияны сактау.
Пациентке айткан сөздің оның денсаулығының жақсаруының үмітін тудыратынын әрқашанда естен шығармау керек. Пациенттер үшін тұрмыстық қалыпты,мәдени көңіл көтеру жұмыстарын ұйымдастыруға (әңгімелесу,әдебиеттер оқу, кино көру) көп көңіл бөлу.
Бөлмелерді жақсы жарықтандыру-әсіресе кешкі уакытта көз жанарына катты әсер етпейтіндей болуы керек.
Бөлме температурасы -18-20°С, бөлмені үнемі желдетіп отыру, салкын кезде жылы көрпе таратып отыру.
Залалсыздандыру дегеніміз бұл - аспаптарда, таңу материалдарында микроағзалар мен олардыц спораларын толық жою болып табылады.
Науқасты күту және емдеу кезінде қолданылатын кез келген заттар толық дезинфекцияланбаса, басқа адамдарға ауру жұқтыра алады. Жеткіліксіз залалсыздандырылған аспаптарды қолдануы сарысу, гепатит, ЖИТС, стафилококк және басқа инфекцияларды дамыта алады.
Біздің елде "Медицинаға белгіленген өнімдерін дезинфекциялау және залалсыздандыру" тараулын стандарты енгізілді (42-21-2-85 ГОСТ). Осы стандарттан дезинфекциялау мен залалсыздандырудың әдістері, дәрілері мен тәртіптері белгіленді.
Қазіргі емдеу мекемелерінде орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшелер (ОЗБ) ұйымдастырылды. ОЗБ-да ашық түрде медициналық өнімдерін залалсыздандыруға болмайды. Ашық түрде құрғак ауа шкафында залалсыздандыруға болады.
Вирусты гепатитпен (Боткин ауруы) ауырған науқастарға процедуралык кабинетте барлық шприцтер мен инелерден бөлек алдын-ала залалсыздандырылған тазарту және залалсыздандырудан өткен жеке шприцтер мен инелер беріледі. Процедуралық кабинетте бөлімшедегі вирусты гепатитпен ауырған науқастардың тізімі болу керек.
Майлы (жирный) шприцтер мен инелерге крафт-пакеттер арналады. Майлы ерітінділерді енгізуге арналған шприцтерді басқа шприцтермен араластырмайды. ОЗБ-ға залалсыздандыруға тапсырғанда процедуралық мейірбике майлы шприцтері бар орағыштарды белгілейді, себебі олар бөлек салынады.
Барлық катетерлер мен сүңгілер залалсыздандырылады, бірақ ЖИТС-тің нұсқауларына байланысты орталықтандырылған. Залалсыздандырудың алдында алдын-ала залалсыздырылған тазартудың алғашқы үш кезеңі өткізіледі.
Зақым келтіре алатын және шприцті кабықпен қатынаста болатын медициналық аспаптарды пайдалану процесінде олардың жеке түрлері және егу препараттары қанмен, жарамен катынаста болатын барлық өнімдер залалсыздандырылады.
Алдын-ала залалсыздандырылған тазартудан кейін залалсыздандыру өткізіледі.
алалсыздандыруды өткізу шарттары
Залалсыздандыруды фильтрлі, не фильтрсіз қорапшада, бөз, пергамент немесе дымқылдыкты өткізбейтін қапшықты қағаздан жасалған қорапшада, Е маркалы автоматтарда бұйымдар орағыштарға арналған кағаз қорапшада, ОКМВ - 120 маркалы темір бұйымдарға арналған орағышты қағазда, екі қабатты тығыздалған қағаздан жасалынған екі қабатты жұмсак орағышта өткізеді.
Қолданылатын жабдықтау: бу стерилизаторы
Сапаның бақылауы бензой қышқылының көмегімен тексеріледі: бу стерилизатор ішіне 132° температура, 2 атм қысымын-да 20 минуттың ішінде балқитын бензой кышқылының кристалдарымен шишаға салынады.
Орағыш түрлері:
а) крафт-пакет.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (35%)
Тақырып бойынша қажетті материалдарды дәптерге конспект ретінде жазып отыру.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (10%)
Тесттер:
1. Дезинфекция сатыларын және аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы тазалауды атаңыз:
1) ыстық жуатын ерітіндіде 15 минут бойы сулау
2) ағын судың астында жуу
3) ыстық ауамен қүрғату шкафында кептіру
4) ағын судың астында жуып, дистиллденген суда жуу
5) мата-дәкерлі тампонның көмегімен аспаптарды жуатын ерітіндіде жуу.
6) аспаптарды 3% хлорамин ерітіндісінде дезинфекциялау
2. Аспаптарды зарарсыздандыруда зарарсыздандырудың қандай тәртібін қолданады (температура, уақыт, қысым):
1) құрғақ шкафта
2) автоклавта
Сәйкестікті табыңыз
1) температура 120 С
2) температура 132 С
3) температура 160 С
4) температура 180 С
5) қысым 1,1 АТМ
6) қысым 2 АТМ
7) уақыт 20 мин
8) уақыт 45 мин
9) уақыт 60 мин
10) уақыт 120 мин
3. Кесетін аспаптарды қалай зарарсыздандырады?
1) автоклавта
2) қүрғақ шкафта
3) 96% этил спиртіне 2 сағат салып қояды
4)1 сағат бойы кайнатады
5) дезинфекциялы камерада
4.Қолданылған қолғаптарды зарарсыздандыру кезіндегі зарарсыздандыру тізбегін анықтаңыз?
1) талькпен ішін және сыртын толтырады
2) автоклавта зарарсыздандырады
3) дәкерлі қағазбен орайды
4) кептіреді
5) 2% хлорамин ерітіндісінде 2 сағат бойы жарарсыздандырады
6) ағынды судың астында жуады
5. Оптикалық жүйесі бар аспаптарды қалай зарарсыздандырады?
1) автоклавта
2) пароформалинді камерада 48 сағат
3) құрғақ шкафта
4) 2 сағат қайнатады
5) күйдіреді
6) таза формалинде
Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңцаңыз:
А) 4,5
Б)1,2,6
В) 2,3,5
Г) 2,6
Д)2,4
6. Аспаптардағы канның ізін анықтайды
1) индикатормен
2) баканализбен
3) бензидинді сынамен
4) фенолфтолейнді сынамен
7. Аспаптарда жуғыш заттардың қалғанын анықтайды
1) индикатормен
2) баканализбен
3) бензидинді сынамен
4) фенолфтолейнді сынамен
8. Манипуляциядан кейінгі аспаптарды ендеудегі бірінші этап?
1) ағын сумен жуу
2) 3% хлорамин ерітіндісінде салып кою
9. Бұйымдарды химиялык әдіспен зарарсыздандыруда мына ерітіндіден басқасының барлығы қолданылады:
1) 3% сутектің асқын тотығы
2) 6% сутектің асқын тотығы
3) дезоксон-1
4) хлоргексидин
5) 96% этил спирті
10. Шприцтерді, аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы евдеудің бірінші этапы болып табылады:
1) ағын сумен жуу
2) «Биолот» еретіндісінде сулау
3) 1% хлорамин ерітіндісінде сулау
4) 3% хлорамин ерітіндісінде сулау
Ситуациялык есептер.
1. Аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы ендеуде фенолфтолейнді сына алғанда аспаптар кызыл түске боялды. Осы кездегі сіздің тактикаңыз?
2. Оптикалық жүйесі бар аспап пароформалинді камерада 8 сағат бойы зарарсыздандырылды. Бүл аспаппен ауруды тексеруге болады ма?
12. Сабақты қорытындылау. 4 мин (2%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
13. Үйге тапсырма беру. 4 мин (2%)
Н-1, 4 - бөлім, 284 – 308 бет
14 – сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Науқастың қауіпсіздігі.
2. Сағат саны: 4 (180 мин 100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
-
оқыту: Оқушыларды мейірбике жұмыс істеу барысында науқастың қауіпсіздігін сақтау шараларымен таныстыру.
-
тәрбиелік: Оқушыларды медициналық ұйымдардарға қойылатын санитарлы эпидемияға қарсы шаралардың заңдылықтарын ұстануға тәрбиелеу.
-
дамыту: Оқушыларда жалпы науқас қауіпсіздігін сақтау қабілеттілігін дамыту.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
6. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.
3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА
7. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (6%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (15%)
-
Санитарлык эпидемиялогияға карсы тәртіп дегеніміз
-
Емдеу бөлімінің емдік сақтандыру тәртібі
-
Залалсыздандыру туралы түсінік
-
Залалсыздандыруды өткізу шарттары
9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (30%)
Жоспар:
-
Функционалды төсекті пайдалану
-
Дәрет ыдысын және зәр қабылдағышты беру
-
Төсек орынды дайындау
-
Теріні күту
-
Науқасты жуындыру
Өте ауыр халдегі науқастар толық түрде іс – шаралар мен жеке гигиенасын қамтамасыз ете алмайды. Ұялу себебімен кіші мейірбикелерге ойындағысын айта алмайды. Мейірбикелердің негізгі міндеттері болған соң, ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу керек.
Ауыр халдегі науқастарды жуындырғанда, басқа да жәрдемдер көрсеткенде өте қысылады. Науқас қатты қысылмау үшін мейірбике міндетті:
-
Науқасқа мұндай жағдайда ұялмау қажеттілігін абайлап түсіндіру қажет;
-
Пердемен жауып қоюды қамтамасыз етуі керек;
-
Басқа науқастардың палатадан шығуын талап ету керек;
-
Дәреталатын заттарды тапсырғаннан кейін ауруды жеке қалдыру керек.
Емделушіге төсек дайындау. Емделуші көп уақытын төсекте өткізеді. Төсек орны ыңғайлы, таза, матрастарының қаттылығы орташа, жатқан орнын былғамайтынпленка төсеу қажет. Матрас ақжаймамен жиырылмайтындай жабылуы қажет.
Жағдайы нашар науқасқа матрастың үстіне екі қабатты ақжайма, жастықтың тысын да екі қабаттап салады. Ауа райына, күн мезгіліне байланысты қалың көрпе тысымен баріледі.
Науқастар төсек жабқыштарына қатты тігістер кедергі жасамау керек. Отыруға ыңғайлы қалып болу үшін төсектің басын көтеру керек, аяғын тізесіне дейінжиып отырғызу керек. Бас жағын көтеру үшін бірнеше жастық қойып биіктетуге болады. Аяқ жақты да биіктету үшін жастық, валик, тізенің астын жоғарылату арқылы түзетуге болады.
Терінің күтімі. Қалыпты қызмет істеу үшін тері таза болу керек. Теріде жиналатын тері безде іріңнің секреттерімен, шаң және микробтармен тері қабаттарының ластануы іріңді бөртпелерге, тері қабаттарының ластануы іріңді бөртпелерге, тері қабаттарының түсуіне, жараларға, ойықтарға әкеп соғады.
Науқастарға ванна немесе душта 7-10 күн ішінде 1 рет жуынуға болады. Төсек жағдайындағы науқастарға мейірбике ыдысқа су құйып, жуыныға көмектеседі.
Ауыр науқас адамдардың киімдерін ауыстыру.
Шешіндіруді орындау тәртібі:
-
Науқастың бас жақ денесін көтеріңіз
-
Абайлап кір көйлегін желкесіне дейін түріңіз
-
Науқастың екі қолын көтеріп, оратылған кір жейдені басынан шешіп алыңыз
-
Жеңін шешіңіз. Науқастың қолы жарақаттанған болса, киімін алдымен сау қолынан, содан соң жарақатталған қолынан шешіңіз.
Киіндіруді орындау тәртібі керісінше жүреді:
-
Екі жеңін кигізіңіз, қолда жарақат болса – алдымен ауру қолға, содан кейін сау қолға кигізу керек
-
Жейдені басынан кигізіп, денесіне түсіріңіз
Кіші дәрет ыдыстарын қолдану. Қуықты босату үшін арнаулы ыдыстар қолданады. Ер адамдар мен әйелдерге қолданылатын ыдыстар әр түрлі болып келеді. Науқастың ыдысы ішіндегі дәреті бостылып, жылы сумен шайылады. Дәреттің иісін кетіру үшін арнаулы ерітінділермен, хлормен т.б.шаяды. Дәретін ұстай алмайтын адамдарға денесіне резеңке ыдыстар байлап қояды.
Науқасты жуындыру. Ауыр науқасты дәретке отырған сайын, жуындырып отыру керек.
Іс-әрекет алгоритмі.
-
Науқасты шалқасынан жатқызып, екі аяғын ашып, бүгіп қоямыз.
-
Науқастың астына клеенка төсеп, ыдысты қою.
-
Оң қолына мақта немесе салфетка алып, сол қолына марганцовка мен фурацилин ерітінділері бар 30-35г жылы суы бар құман аласыз. Құманмен бірге Эсмарх резеңке түтікшесін және қысқыш алуға болады..
-
Жыныс мүшесіне осы суды құясыз, мақтамен жоғарыдан төмен қарай жүргізіңіз.
Жуындыру реті:
-
Жуындыру үшін 8-16мақта тампондары керек.
-
Алдымен кіші жыныс мүшелерін жуу керек.
-
Содан соң анустың маңайын, мақтамен ауыстырып жуады.
-
Құрғату керісінше жүреді, мақтаны ауыстырып отыру қажет.
-
Клеенкамен ыдысты алып тастаңыз.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (35%)
Тақырып бойынша қажетті материалдарды дәптерге конспект ретінде жазып отыру.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (10%)
Тесттер:
-
Ауыр науқасты адамдардың киімін ауыстыру:
-
Күнде
-
Кірлеген сайын
-
2-3 күнде 1 рет
-
7-10 күнде 1 рет
-
Ауыр науқасты адамның денелерін күнде сүрту керек. Ол үшін:
-
10% перманганатты калий ерітіндісімен
-
1/500 фурациллин ерітіндісімен
-
Жартылай су қосылған 70 % этил спиртімен
-
10% мүсәтір спирті ерітіндісімен
-
Науқасқа дәрет сындыратын ыдысты әперудің дұрыс ретін анықта:
-
Ыдыстың астына клеенка төсеу
-
Ыдысты алу
-
Ыдысты жылы сумен шайып, ішіне аздап су қалдыру
-
Ыдысты залалсыздандыру
-
Ыдысты науқастын астына қою
-
Науқастың жамбасын көтеру
-
Науқастың төсек орнын қай кезде ауыстырады?
-
14 кунде 1рет
-
7-10 кунде 1 рет
-
Күнде
-
2-3 күнде 1 рет
-
Ауыр науқастардың денесін күнделікті өңдеу үшін:
-
10% камфор спиртінің ерітіндісімен
-
10% мүсәтір спиртінің ерітіндісімен
-
10% калий перманганаты ерітіндісімен
-
96% этил спиртімен
-
Жүйелі жуынуын белгілеңіз:
-
Анус аймағы
-
Кіші жыныс еріндері
-
Шап қатпарлары
-
Үлкен жыныс еріндері
12. Сабақты қорытындылау. 4 мин (2%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
13. Үйге тапсырма беру. 4 мин (2%)
Н-1, 4 - бөлім, 284 – 308 бет
15 – сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Халі ауыр науқасты қаупсіз тасымалдау ерекшеліктері.
2. Сағат саны: 6 (270 мин 100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
-
оқыту: Оқушыларды мейірбике жұмыс істеу барысында науқастың қауіпсіздігін сақтау шараларымен таныстыру.
-
тәрбиелік: Оқушыларды медициналық ұйымдардарға қойылатын санитарлы эпидемияға қарсы шаралардың заңдылықтарын ұстануға тәрбиелеу.
-
дамыту: Оқушыларда жалпы науқас қауіпсіздігін сақтау қабілеттілігін дамыту.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
6. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.
3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА
7. Ұйымдастыру кезеңі: 15 мин (6%)
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 42 мин (15%)
-
Функционалды төсекті пайдалану
-
Дәрет ыдысын және зәр қабылдағышты беру
-
Төсек орынды дайындау
-
Теріні күту
-
Науқасты жуындыру
9. Жаңа сабақты түсіндіру : 81 мин (30%)
Жоспар:
-
Тасымалдау түрлері
-
Каталкада науқасты тасымалдау ережелері.
-
Шок жағдайындағы науқастарды тасымалдау ерекшеліктері.
-
Науқастарды жатқызып, отырғызып тасымалдау
Тасымалдау 2-ге бөлінеді:
1.транспортабельді - жатқызып, отырғызып, жартылай отырғызып тасымалдау.
2.транспортабельді емес - оларды тез арада реанимациялық бөлімғе ауыстырады.
Тасымалдау әдісін дәрігер белгілейді.
Орташа жағдайдағы науқастар палатаға өздері жаяу немесе мед.қызметкерлерімен бірге барады. Ауыр халдегі науқасты носилкада жаткызып тасымалдайды. Сондай-ақ кресло каталканы қолдану керек.
Қабылдау бөлімінен алыс корпустарға науқастарды жеткізу үшін казіргі уакытта көптеген ауруханалар арнайы транспортгармен камтамасыз етілген.
Каталкада наукасты тасымалдау ережелері.
Әрбір каталка таза төсек-орын жапқыштармен және одеялмен төселген болуы керек. Төсек-орын жапқыштарын әр науқастан кейін ауыстырып түрады. Одеялоны кағып, жұкпалы аурулардан кейін дезинфекцияға жібереді. Лифт болмаған жагдайда ауыр халдегі наукастарды носилкада 2 немесе 4 адам апарады. Басы алға карап түрады. Носилканын төменгі аяктарын көтереді. Наукасты түсіргенде аяғын алдына қаратып, носилканың төменгі аяқтарын көтереді.
Шок жағдайындағы науқастарды тасымалдау ерекшеліктері.
Шок жағдайындағы ауыр халдегі науқасты санитарлык өңдеусіз бөлімшеге жібереді. Онда интенсивтік қадағалау палатасы бар. Қимылдауға болмайтын науқастарды носилкадан тесекке ақырын ауыстыру ережелерін сақтайды: носилканы кереуеттің басына аяк жағымен қояды. Егер палата алаңы кішкентай болса, носилканы кереуетке параллель қойып, ал медицина кызметкері носилка мен кереует ортасында наукаска бет жағымен қарап түрады.
Миына қан кұйылған науқасты носилкаға арқасымен жаткызып тасымалдайды. Есінен айрылған науқасты тасымалдағанда кұсык массаларынын тыныс алу жолдарына түспеуін кадағалау керек. Осыған карай наукастың басын бір бүйіріне бүрады. Жүрек -кан тамыр ауруымен ауыратын наукастарды ауыр ентігу кезінде носилкада жартылай отырып тасымалдайды, өйткені суыққа өте сезімтал, оларды жылы орап, аяк-қолдарыыа грелка кою керек. Жедел миокард инфарктыңда да носилкада тасымалдайды. Жедел қан тамыр жетіспеушілігі кезінде басы аяғынан төмен болуы керек.
Каталка болмаған жағдайдагы тасымалдау.
1 адам тасымалдау кезінде науқас санитардың мойнынан ұстанды;
2 адам тасымалдау кезінде біреуі наукастың аяғын және жамбасын, екіншісі арқасын және басын үстайды;
3 адам тасымалдау кезінде біреуі аяғын, келесі - белін, аркасынын жартысын, үшіншісі арқасын және басын үстайды.
Науқастың жағдайына байланысты тасымалдау әдісін дәрігер белгілейді ( зембілмен, қолмен, лифтімен, жаяу).
-
Науқасты ауыстыру 3 адамға қолайлы. Каталканың жоғарғы жағын төсектің аяқ жағына келтіріп қою керек.
-
Үш адам аурудың бір жағында тұрсын: біріншісі қолын науқастың басы мен денесінің астына , екіншісі белінің, үшіншісі – белден төмен, тізенің жанынан ұстаңыз.
-
Бір мезгілде ауруды көтеріп, аурумен бірге каталкаға қарай 90ºС –қа бұрылыңыз.
-
Көрпенің бір жағына каталкадағы науқасты жатқызыңыз, екінші жағымен жабыңыз. Басының астына жастық салыңыз.
-
Науқасты бөлмеге бас жағынан кіргізіңіз.
-
Бөлмеде: каталканың жоғарғы жағынтөсектің аяқ жағына әкеліңіз.
Үшеулеп науқасты көтеріп, 90ºС –қа бұрылып, төсекке жатқызыңыз. Емделушіні, әрине тасымалдаған қолайлы.
Каталканы төсектің жанына әкелудің басқа тәсілдері бар: көлденеңнен, жақыннан, кезекпен.
Ең қолайлы тәсіл: көлденеңнен және жақыннан болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |