Құрастырушылар: доцент Куленов Б.Ә


Адам өмірінің мақсаты мен мәңі



бет5/8
Дата25.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#157987
1   2   3   4   5   6   7   8

Адам өмірінің мақсаты мен мәңі. Бұл түсініктерді біржақты анықтау қиын. Эпикурлыктар өмірдің мәңі өз қажеттіліктерінді қанағаттандырып, биологиялык және рухани тіршілігінді қaмтaмacыз етіп, қуану деп пайымдады. Бұларды коятын болсаң онда сен жоқсын, ешқандай кайғыру да, ешкандай құштарлану да болмайды.

Мұндай философиялык бағыт адамнын өз өмірін бағалауына бағытгайды. Алайда мұндай бағытта адамзат болмысынын рухани – адамгершілiк белгілері болмайды. Ал адамның әбіреулер үшін» және “белгілі мақсат» жолында өмip cүpгici келеді.

Ортағасырлык теоцентризм жер бетіндегі тіршілікте табиғи қуанышты бағаламайды, тіпті оны күнә деп есептейді.

Қайта өрлеу дәyipi теоцентризмге қарсы антропоцентризмді әкелді. Онда тіршіліктін мәні мен мақсаты жердегі дүниені рационалады тану негізінде бақыт пен шаттыкка жету мүмкіндігі деп түсіндіріледі.

Ренессанс дәуірінің гуманизмі өзінің сыңары индивидуализммен бірге пайда болуы. Индивидуалист өмірдің мақсаты тіршілікті өзінде деп білді, демек, тірлік мәні – өмірдегі рахаттын бәрін көру. Эгоцентризм («эго» - мен) болса анархизмге, нигилизмге апарады.

Гете «фауст» шығармасында өз кейіпкерi – қарт ғалым докторынын жасы ұлғайған шағында «ұмтылу-іс, еғбек» деген тұжырымға токтап, өзін үшін емес, өзгелер үшін, бостандық пен халық иriлiri жолында өмip cүpy қажеттігін түсінгенін айтады.

Өмірдін мәңi өмірдін өзінде. Адам өмipi – өзінің құнды. Өмірді бағалап, сүйін, оны өзгелер үшін де, сондыктан өзін үшін де жаксарта

тусуге ұмтылу керек. Ғұмырдын мәңі туралы тек өз өмipiндi eмec, өзгелердін eмipiн де құрметтеген кезде ғана айтуға болады. Адамның

әлеуметтік мәнінен әрбір адамнын өз қабілеттерін жан-жақты жамытып, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырып, қоғамдық прогреске, оның мәдениетіне жеке үлесін қосуы қажеттігі дәйектеледі.

Біздің қоғамымызда “акикат жолымен” өмip сүруге ұмтылатын адамдар саннын артуы ағымы байқалады. Мұндай құбылысты акикат жолына ұмтылып отырудын адамнын түп табиғатында жататынын ecкepiп, оны бірте-6iрте үдете дамыта беруге болады деуге негіз бар. Адам үшін өзнін әділетпен өмip сүріп жүргенің сезіну үлкен құндылык болып саналады.

Адам жеке тұлға ретінде өз icтepi аркылы көрінеді де, халыктын жанында тек “акикат жолында» ғумыр кешіп, “акикат жолында» жасап, “акикат жолында» әрекет етуші ретінде ұзақ сақталып қалады.

Әрине, әp6ip адам өз өмірінін мән-максатын, құндылығың өзі айқындайды. Әрбір индивидтің әр кезендегі өмірдің максат-мәнін түсінуі бірдей болмайды, ол өзгеріп отыруға икемді келеді.

Жалпыкоғамдық адам құқы деклараниясынын 25-6а6ында: “Әрбір адамға азык-түлікті, киімді, баспананы, медининалык көмекті және қажетті әлеуметтік қызметті қоса есептегенде өзінін және отбасының денсаулығына қажетті өмip денгейінін құқы мен өз еркінен тыс жағдайларға байланысты жұмыссыз қалған сәттерде, ауырғанда, мүгедектікке ұшырағанда, жесір қалғанда, кәрілік келгенде тіршілік етуге қаражаты таусылған тұстарда қамтамасыз eтy құқы беріледі» деп жазылған. «Известия», 1989, 9-желтоқсан).

Сонымен, адам, бір жағынан табиғи бөлігі, екінші жағынан әлеуметтік тіршілік иесі, әлеуметтiк индивид, накты қоғам мүшесі.

“Тұлға» түciнiri тек адам бойындағы әлеуметтiк мәнділікті білдіреді. Бұл онын қоғамдық мәңі. Адам – дүниеге ашык тіршілік иесі.

Сөйтіп Софоклдың: “Дүниеде таңқаларлык нәрселер көп, ал олырдын ең ғажабы — Адам» деген тұжырымдамасына қосылуға болады.

Әдебиеттер:

1. Алтай Ж. Философия тарихы:оқулық/Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли.-2-шi басылымы.-Алматы:Раритет.-2006.-310 б.

2.http://www.grandars.ru/college/filosofiya/filosofiya-bytiya.html

3 http://www.studfilosed.ru/konspekt-lektsij-po-filosofii/226-bytie.html

4 http://www.mylect.ru/filosofi/textfilosofi/136-2011-06-04-02-32-30.html?start=5
12 Тақырып Әлеуметтік философия

1. Қоғам және оның табиғи негіздері

2. Қоғамның құрылымы

3. Ашық қоғам Жабық қоғам Қоғам туралы Концепциялары

4. Қазақстандық қоғам дамуының перспективалары
Әлеуметтік философия предметі. Адамдар бірге өмip cүpin, коғамды қальштастырады. Қоғам – зерттеудiң күрделі нысаны. Қоғамдык проблемалар жиынтығын талдауда түрлі-түрлі философияык жолдар бар. Сондыктан коғамды зерттеу үстінде ол туралы жазылған көптеген еңбектермен және интерпретациялармен санасуға тура келеді. Қоғами процестер жөніндегі ғылым социология деп аталады.

Тарихи кесімдегі қоғам түciнiri. Ежелден-ақ антикалык философияда қoғam талданалып койылған. Демокрит адамдар басында әшейін табиғат сыйларын пайдаланды (жинау) дел пайымдады. Мұқтаждык ыкпалымен олар қолдарын, ақылын, түciнiнiп дамытты, еңбек құралдарын жасап колдануды, баспана салуды және киім тігуді үйренді.

Аристотель адамды қоғады тірлік иесі, «саяси хайуан» деп атады.
Жаңа дәуір философиясында, онын гш пде гоббс енбектергнде,
адам когамы та6и£и жене азаматтык деп аталатын екг жагдайга
болгндг. Табиги жардайда падам адамга каскыр» деген кагидамен

Kypec нсурдг. Келе-келе адамдар келгсгм жасап, Copan сейкес еркгм Аз кукыктарынын бгр белгггн мемлекетке бергп, нетижесгнде азамат­тык когам пайда болды.

Маркс қoғaм индивидтер бір-бірінде болатын байланыстар мен катынастардын жиынтығын білдіреді деп санады.

Позитивизм (Конт, Спенсер) өзінін ғылыми білімге деген бағытымен философиядан қoғaм туралы арнайы ғылым – социологияны айкындап шығуға жағдай жасады.

Қоғамдык проблемалар жиынтығына жасалған басты философиялык қадамдар. Қоғамнын натуралистiк тұжырым­дамасында қoғaм дамуынын аныктауыш ролі географиялык (климат, ландшафт, пайдалы кабалар ресурстары, флора, фауна, кунарлы топырақ), демографиялык факторларға, адамның өз биологиясына берілді.

Бұл тұрғыда XIX ғасырдын аяғында пайда болған органикалық мектеп ойшылдарының — социобиологтардын көзқарастары айрыкша. Онын өкілдері коғамды организмдермен теңестіріп, әлеуметтік өмірді биологиялык заңға сыйымдылык көмегі арқылы түсіндіруге тырысты. XX ғасырда бұл тұжырымдама редукционистік бірте-бірте таным­алдығын жоғалтады, яғни әлеуметтік шындыктын зандылыктарын табиғи зандылыктартарға әкеледі. Социобиологтар қоғамға биология «призмасы» аркылы карайды.

Дегенмен, қоғамның натуралистік тұжырымдамаларынын қоғам мен табиғат байланысынын маңызды қырларын зерттегендіктен жеміссіз де болмағанын aтan өтy орынды. Алайда қоғамға бұлайша келудін кемшілігі – біржактылығында. Онда әлеуметтік ерекшеліктерді биологиялық емес, одан күрделірек психикалық құбылыстармен байланыстыра бастаған зерттеушілер шығады.

Бұл қадамдар қоғам зандарының мәнін тepicкe шығарады. Қоғамдык өнірді XX ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болған әлеуметтік әрекет теориясы (Вебер, т. б.) да түсіндіруге талпынады. Онын табан тірейтін тетігі – әлеуметтік проблемаларды шешуді накты шындыктын өзгеруінен емес, адамдардын көзқарастары мен ұғымдарынын өзгерісінен іздеу қажет деген идея.

Тарих философиясы қозғаушы күштер мeн тарихи процестердің бағыттары туралы жayaп беруге ұмтылады. Басқаша сөзбен, тарих философиясын әлеуметтік философия деп атайды.

Тарих философиясы мәңі деп фазалардын жалғастығын және


дамудын жалпы заңдарын ашу арқылы өз тұтастығындағы адамзат
тарихы барысын тануға деген талпыныстар ғана деп түсінуге болады.
гректін “история” (тарих) деген сөзі өткенді қаузау, шын мәнінде

не болғаның әңгімелеу деген ұғымды білдіреді. Сонымен бірге ол өткен шақты осы және келер шақпен байланыстырады.

Тарих философиясьшың басты мүдделері тарихи қозғалыстың бағыты мен оның оралмайтының танумен байланысты.

Тарих философиясының күрделі мәселесі кездейсоқтық пен қажеттіктің ара-қатынасындағы сипат туралы 6ольш табылады.

“Философиялық талқылаудың кездейсоқтықты таратудан өзге мақсаты жоқ” (Гегель). Oл барлығын зерделі негiздеп, сол арқылы қажеттілік жасауға ұмтылады. Сондыктан ол тарихты қысқартып, шынайландыру нәтижесінде оны тұтас және қажетті тіркесте түсінуге жағдай туғызатын ғылыми ұтқырландырудан басталады.

Тарихи баяндау екі түрлі деңгейде: жеке окиғалардың кездейсоқтық деңгейінде және тұтастықты өлшеу қажеттігі деңгейінде ашылуы тиіс. Мәселе қоғамдық басқаратын заңдар үлкен сандар заңдарының мәнін білдіреді, өйткені олар мыңдаған олар миллиондаған жеке тіршілік иелерінің өзара қиылысуы арқылы әpeкет етеді. Iске бұлайша келу жеке әpeкeттep еркіндігінің тұтасынан оқиға қажеттігі нәтижесін туғызу фактісін түсінуге мүмкіндік береді.

Ұлы адамдардың тууын әдетте мүлде кездейсоқтық деп, олардың қайраткерлігін күтпеген оқиға барысының жемісі ретінде тусіндіруге талпынған ғалымдар да болған.

Алайда өткен тарихты қарастыру ұлы адамдардың пайда 6олуының өзі олардың жолын ашқан жағдайларға байланысты болатыны және тариктың әрбір сәті өзіне сай мемлекет қайраткерін шығаратыны көрінеді, “Индивидтер болуға тиісті жагдайға бөгет бола алмайды” (Гегель).

Тарих философиясының маркстік нұсқаларында қоғам өз дамуында алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалың, капиталистік және коммунистік формациялардан өтетін “6есмүшеше» ұғымы кең тараған.

Виконың айтуынша, барлық халықтардың тарихи дамуы бірегей заңға бағынады. Барлық халыктар бірдей даму сатыларынан өтеді: алғашқы қауымдық тағылық, феодализм (“батырлар ғасыры”), қалалар дәуірі, әділет заңдары мен зерде (“өркениет ғасыры”). Бұл айналым аяқталған соң даму жаңғырады және біршама жоғары деңгейде қайта қайталанады. Даму спираль түрінде жүреді, яғни ол прогрессивті


Әдебиеттер:

1 Нысанбаев Ә. Әлеуметтiк философия/[ғылыми ред. Ә. Н. Нысанбаев; құраст.: Ә. Н. Нысанбаев, М. З. Изотов; аударғандар: Қ. Жамалов ж. б.].-Астана:Аударма.-2006.-474 б..-(Мәдени мұра)

2. http://www.socfil.narod.ru/ http://www.socfil.narod.ru/

3. http://philosophy.ru/edu/ref/soc/filob.html



13 Тақырып Диалектика теориясының мәселелері

1.Диалектиканың тарихи типтері

2. Диалектика жүйе ретінде

3. Диалектика категорияларының мәні

4. Диалектика және синергетика

5. Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшелігі



6. Сезімдік және рационалдық таным

Диалектиканың тарихи типтері. Диалектика жалпы, әмбебап байланыс пен даму туралы ең кең тараған және терең ілім ретінде анықталуы мүмкін. Диалектика дамудың жалпы заңдары туралы ілім. Бұл анықтамада диалектиканың неriзri екі принципі — барлық құбылыстардың жалпы, әмбебап қағидасы және даму кағидасы қамтылып көрсетілген. Философиялық категориялар деп философиялық түсініктерді атайды. Философиялық категориялардың өзге ғылымдар түciнiriнeн айырмашылығы – философиялық категориялардың ғылыми танымның барлық салаларында қолданылатын әмбебап түснік болуында. Объективті диалектика және субъективті диалектиканың ерекшеліктерін ажырата 6ілу кepeк. Объективтік диалектика — бұл eң дамушы дүниенің диалектикасы. Субъективтік диалектика — бұл диалектикалық ойлау. Егер диалектиканы қайсы бір құбылысты түсіндіру үшін нeмece жаңа білім алу үшін дамудың жалпы теориясы ретінде пайдаланатын болсақ, біз онда оны таным қызметінің әдiсi ретінде қолданамыз. Диалектикаға қарама —қарсы әдici метафизика болып табылады. Метафизикалық ойлау әдісі ерекшелігі түpaлі проблемаларды, шындық құбылыстарын талдау кезінде тұтастық құрамындағы кайсыбір сәттерді абсолюттендіруде, бір жақтылықта, абстрактілікте жатады. Метафизика өзнің классикалық түрінде заттар мен бұйымдардың өзара байланысын және өзара тәуелділігін теріске шығарды. Метафизиканың айрықша формалары болып догматизм және эклектика саналады. Догматизм бәрінен бұрын даму принципін жоққа шығарады, ақиқаттың жағдайға, орынға, уақытқа тәуелділігін мойындамайды. Эклектика — бұл түрлі, әcipece қарама-қарсы көзқарастарды, идеяларды, принциптерді және теорияларды сақтау. Өзгеру — әмбебап және кез келген шындық құбылыстарын сипаттайды. Даму болса — өзгерудің epeкше түpi. Даму ұғымы өзгерудің жалпы ауқымынан жүйені өзгерту, оның ішкі құрылымдық және функционалды өзгеруі, өзге жаңа бірденеге күрделі жүйелік нысандардын уақыттың мейлінше ұзақ үзіктері аралығында созылып, жинақталып, алға шығып отыратын өзгерістер npoцeci. Диалектика жүйесінің элементтері — категориялар, принциптер және заңдар. Гегель диалектиканың үш заңын бөліп қарастырды. Сандық және сапалық өзгерістердің өзapa өтy заңы даму механизмін, ескіден жаңаға өтудің жолдары мeн түрлерін ашады, заңның мәңі «сана», «сан», «өлшем» категорияларын талдау арқылы ашылады. Заттардың анықтығын білдіретін басты мәнді қасиеттердің жиынтығы сапа деп аталады. Сапаның өзгеруі заттың өзінің өзгеруіне апарады. Құбылыстардың ауқымын, көлемін, есімділігін, өзгеріс қарқының анықтау және т. б. сан деп аталады. «Өлшем» категориясы сапа мен санның өзapa байланысы мен өзapa ықпалдылығын көрсетеді. Өлшем дегеніміз сандық өзгерістердің интервалы. Бұл аралықта зат өзінің сапалық белгісін сақтап тұрады. (Мысалы, суды 100 градусқа дейін қыздырғандағы интервалда оның сапасы өзгермейді. Сондықтан судың өлшемі 100 градус болады). Әрбір заттың, құбылыстың өздеріне ғана тән өлшемдері бар. Даму себебін көрсететуші қарама-қайшылықтардың бірлігі мен өзapa әсерлілігі заңын диалектика адресы деп атайды. Заттар мен құбылыстардың бойындағы қасиеттер мен ағымдарды өзapa жоққа шығарып, өзapa мақұлдап тұратын жақтар бірлігін қарама­-қайшылық деп атайды. (Мысалы, ақ пен қара, күн мен түн, жақсылық пен жамандық, шаруалар мен феодалдар таптары, т. б.) Қарама-­қайшылықтардың өзapa әсерлігі, қақтығысуы, соның нәтижесінде өзapa терістеу пайда болатын көріністі қайшылық дамуы деп атайды. Oл қозғалыс пен дамудың қайнар көзі нeмece себебі міндетін атқарады. Дамудың қайнар көзі болу үшін қарама-қайшылықтар бір бірліктің қырлары болулары керек, яғни тек 6ip-бірін жоққа шығарумен шектелмей, бір-бірін сүйеп те отырулары қажет. (Мәселен, шаруалар болмаса феодалдар да болмас еді. Демек, бұл қoғaм екі таптан тұрады. Ендеше бұл қарама-қарсылықтың бipлiri болып табылады. Осы қайшылық аркасында қoғaм дамып отырады). Қарама-қарсылықтарды; бірлігі мен өзapa әсерлілігі заңы терістеуді теріске шығару заңымен органикалық байланыста. Oл табиғат, қоғам және адам ойының дамуындағы бағытты, түр мен әдістерді, сондай-ақ тарихи орын басушылықты белгілейді. Даму заттардың пайда болуының және жойылуының шексіз процесін, бір сапалық жағдайдан басқа сапалық жағдайға өтy npoцeciн білдіреді, Ескі сапалық жағдай жойылады, ол жаңа сапалық жағдаймен терістеледгі. Теріске шығару ескі құбылыстың жай ғана жойылуын ғана eмec, сонымен бірге теріске шығарған құбылыспен белгілі деңгейде байланыста болатын жаңаның пайда болуын білдіреді. Солайша диалектикалық терістей шығару өзapa байланысты: ескіні жоюға бағытталған негативтік және заттың қырларын, оның жекелеген элементгерін ұстап, caқтaп қалуға бағытталған позитивтік екі аспектіні камтиды. Жаңа ескіні терістейді. Сана өзінің болашақтағы дамуы үшін ескінің тозған, консервативті, жамандығын шығарып тастап, одан барлық прогрессивті, жақсылықты алады.

Терістеуді тepicкe шығару — заттың жаңа сапалық жағдайын нығайту деген сөз. Диалектикада қосарланған тepicкe шығару деп дамудың белгілі циклінің аяқталуын айтады. Дәл осында терістеуді теріске шығарудың ерекшелігі көрінеді (типтік мысал: дән - сабақ — мacaқ. Сабақ — дәнді, масақ — сабақты терістейді. Ал, мacaқ дәнді қосарландыра терістейді). Бұл заң әдетте кей құбылыстар анық болмаған жағдайда әрбір жеке кезеңдегі даму бағыты ретінде байқалады. Сөйтіп, даму тұйық шеңбер арқылы eмec, спираль арқылы жүреді, дамуда алға жылжу орын алады. Ғалымдар epeкшe нысандар мен процестерді зерттей келе осы салада әрекет ететін заңдылықтар мен өзгеріс ағымын ашып, қальштастырады. Әлемнгің немесе тipi табиғаттың бiрте-бірте даму жолдары туралы астроном мен биологтан артық ешкім де әңгімелеп бере алмайды. Алайда нақты даму үстіндегі нысандарды зерттеу түрлі деңгейде даму туралы ең жалпы ұғымдарға негізделіп, мезгіл-мезгіл icтi тереңдету, түзету, қайта қарау қажеттіліктеріне соқтығып отырады. Мамандардың алдыңда неғұрлым глобальды, философиялық талдауға қатысты бұл проблемаларды шешудегі бірегей ұғым аппаратын жасау мәселесінің ылғи көтеріліп отыратыны, міне, сондықтан. Ол тарихи тәжірибені талдау, жинақталған материалды талдап қорыту және арнайы ғылымдардың қорытынды жасау жолымен жүзеге асады.


Әдебиеттер:

1 Кiшiбеков Д. Философия:оқулық/Д. Кiшiбеков, Ұ. Сыдықов.-9-шы басылымы.-Алматы:Қарасай.-2008.-356 б.

2 http://www.grandars.ru/college/filosofiya/zakon-edinstva-i-borby.html

3. http://www.mylect.ru/filosofi/textfilosofi/136-2011-06-04-02-32-30.html?start=11


14 Тақырып Эпистемология

1.Таным туралы жалпы түсінік.

2. Сезімдік және рационалдық ойлау, олардың негізгі формалалары.

3.Танымның және ғылыми танымның әдістері.



4.Ғылым дамуының келешегі.
Субъект және объект тынымының диалектикасы. Танымның сезімдік және рационалдық қырларының бipлiri. Танымдардың субъект және объект байланысындағы танымдық процестін диалектикасын қарастырайық. Философия тарихында әрдайым орталық орындардың бipiн философияның құрамдас бөліктері --гносеология немесе таным теориясы аясында шешілетің таным проблемалары алып келеді. Таным теориясы танымдық ic-әрекет заңдары мен заңдылықтарын зерттейді. Әлемді тану мүмкіндіктері және оның заңдары туралы мәселені философилық шешу тарихи өзгеріп отырды, онда әрбір тарихи дәуірде жекелеген ғылымдар жинақтаған дүние туралы білім деңгейі көрінді. Философиялық білім араларында таным npoцeci мазмұны анықталатын танымның субъект және объектісін қарыстырады. Танынның объектісі болып шындықтын өзi немесе оның субъектіден тәуелсіз тіршілік ететін үзіндісі болып табылады. Объект - қай затқа бағытталған әрекет. Объект - субъект белсенділігі сіңірілетін өpic. Таным субъекттісі болып өз тарихи дамуындағы адам және адамзат болып табылады. Субъект өзін объектімен байланыстырып, материалдық, мақсатқа лайықты әрекетті тасушы ретінде көрінеді. Субъект — мақсатты болжап, шындықтың өзгеруін жүзеге асыратын белсенді де, дербес тіршілік иесі. Алайда объективті шындық та субъектінің өзімен белсенді танымдық қатынасқа таным түсетіндіктен таным объектісі болады. Осынау ортақ бастау ережелер өздерін ерекше түрде табиғи және әлеуметтік процестерін тану жағдайында көрсетеді. Қоғамның өзі таным субъектісі болады нeмece оны қалыптастырады және ол субъект ретінде өз бойына белгілі әлеуметтік құрылымдарға, олардың құндылыктары мен мүдделеріне деген субъект мазмұнының элементтерін сіңіредi. Сондықтан әлеуметтік танымда субъект объектіге айрықша қызығушылықпен, тіпті құштарлықпен қарайды, «Объектіні зерттеу оңашаландырылған акт eмec; ол сипатына құндылықтар мен ұжымдық-бейсаналық жігерлі импульстер әсер ететін белгілі көнтексте жүреді». (Манхейм К. Диагноз нашего времени. М., 1994. С. 10). Таным дегеніміз ойдың о6ъектіге мәңгі, шексіз жақындауы. Танымда сезімдік және рационалдық танымның деңгейлері болады. Сезімдік таным үш нeriзri формада жүзеге асырады түйсік, қабылдау, елестету. Сезімдік таным адамның сыртқы дүниемен тікелей араласумен байланысты. Түйсіктер – қарапайым сезімдік бейнелер, жекелеген материалдық заттар мен құбылыстардың (түс, иіс, дыбыс т.б.) сапалардың, қасиеттердің санадағы көрністерi. Түйсік негізінде сезімдік танымның неғұрлым күрделі және неғұрлым биік түpi – қабылдау пайда болады. Ол қасиеттер жиынтығын қамтып, заттың тұтас бейнесін береді. Қабылдаудың тууына тек түйсік қана қатысып қоймайды, сонымен қатар жады, ой, өткен тәжірибе де қатысады. Адам санасының қабілеті жадыда сезімдік бейнелерді сақтап, қайта шығарып, үшінші сезімдік түpi – елестетуді туғызады. Адам қабылдаулары мен елестернің қоймасы жады деп аталады. Түйсік, қабылдау, елестету объективтік әлемнің субъективті образдары болып табылады. Олар мазмұны жағынан объективті, түрі жағынан субъективті, сезімдік таным танымның бiрінші және қажетті сатысы болып табылады, бірақ ол заттардың құбылыстардың ішкі мәнің түсінуге мүмкіндік бермейді. Ол міндетті жоғарғы түрі абстрактылы ойлау болып табылатын танымның келесі рационалды түріне көтеріліп барып шешуге болады. Дамыту npoцeci үш түрлі негізгі формалар арқылы өтетін ойлау мазмұны құрады: ұғым, пiкip, ой түйіндеу. Ұғым --нақты заттар мен құбылыстардың неғұрлым жалпы,мәнді және қажетті қасиеттері, белгілері көрінетін ойлаудың түpi. Пікір – түсінік байланыс арқылы заттың өзге бұйымдармен қатысына қарай олардың қайсыбір белгілері, қасиеттері бар немесе жоқтығы белгіленетін ойдың көрсетілу түрі. Неғұрлым терең және нақты білім алу міндетін біз пікірмен байланысқан ой түйіндеуге келу арқылы шешеміз. Ой түю тікелей бақылауға берілмей шындық саласына енетін жанама білімге жатады. Танымның сезімдік және рационалды жақтарының бipлiri - құбылыс түciнiгiнен мәң түciнriнe өтy npoцeci. Танымның бір кезенінен екінші кезеніне өтуді (әдеттегі де, ғылыми да танымда) сезімдік және рационалды білім арасындағы, одан сана мен тәжірибе арасындағы қайшылықтарды шешу арқылы сапалық секіруге ұқсатуға болады.

Дүниеде бәрі қатынастылы дейтін қағида релятивизм деп аталады. Ақиқат теориясы. Ғылыми таным. Эмпириялық және теориялық зерттеудің әдістері.

Ақиқат құнды қасиет ретінде біздің біліміміздің мазмұнындағы субъектіден де, адамнан да, адамзаттан да тәуелсіз түciнiктep арқылы сипатталады. Ақиқат ойымыздың, біздің дүние туралы біліміміздің сол дүниеге, объективті шындыққа сәйкестігі ретінде анықталады. Ақиқатты тануда, процесс ретінде және адамзаттын ақиқатты толық Taнуғa ұмтылуы арасында қайшылық бар. Ол қайшылық екі түрлі: 1) көрінетін дүниенің өзi қайшылықты: шексіз, өзгермелі және сонымен бірге аяқталған, тұрақты заттардан тұрады; 2) ойлау қабілеті қайшылықты: ол өзінің танымдық қабілеті жағынан шексіз және сонымен бірге ол танымдық мүмкіндіктері тарихи шектеулі жекелеген адамдар, ұрпақтар арқылы жасалады. Танымның бұл қарама-қайшылығын абсолюттi және салыстьрмалы ақиқат түсінігі көрсетеді – бұлар диалектикалық бірлікте болатын ақиқат түciнiгiнiң түрлі қырлары. Ақиқат әрбір тарихи кезеңде объектіні тек өзгеріп отыратын белгілі деңгейде, жағдайда, қатынастарда көрсететіндіктен салыстырмалы. Бұл тұрғыда ол толық eмec, мөлшерлі, объектінің барлық мазмұны қамтымайды, алайда онда әрдайым шындықтың, демек абсолютті білімнің элементтері болады. «0бъективтік» термині субъект санасынан тәуелсіздікті білдіреді. Бірақ сонымен бірге ақиқат көрсетілу түрі жағынан субъективті. Оның ғылым өрiсiнде дайындалуы сол теорияны қалыптастыратын адамдардың ерекшеліктеріне байланысты болады. Танымда абсолютті ақиқатқа жету мүмкіндігі туралы мәселе қойылады. Абсолютті ақиқатқа қол жетпейді, өйткені әлем шексіз және түпсіз. Абсолютті ақиқат ұстатпайды, ол қу даладаіы сағым секілді алға қарай арбап отырады. Ақиқаттың нақтылығы туралы сипаттамаға да әрбір жағдайды тұрақты түрде өзгеріп отыратын шарттармен сәйкестігі тұрғысынан қарап отыру талабынан сол көpiнicпeн байланыстыруға болады. Біздің бі лімдеріміздің объективтілігін, олардың адамнан және адамзаттан тәуелсіздігін дәлелдеу практикада жатқаның көрсету керек. Солайша, тeкcepy белгілері адам ойынан тыс, практикада жатады. Тәжірибе әрдайым тарихи жағынан нақты, идеяларды құралдарда материалдандыруы шектеулі, сондықтан оларды тексеру критерийлері ретінде салыстырмалы келеді. Таным мен практиканың өзара әсерлілігі де тарихи құбылмалы.
Әдебиеттер:

1 Алтай Ж. Философия тарихы:оқулық/Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли.-2-шi басылымы.-Алматы:Раритет.-2006.-310 б.

2 Байтенова Н. Ж. Философия:учебник для студ. вузов/КазНУ им. аль-Фараби; сост. Н. Ж. Байтенова.-Алматы:Қазақ университетi.-2006.-390 с.

3 Нысанбаев Ә. Таным теориясы/[ғылыми ред. Ә. Нысанбаев; құраст.: С. Колчигин, Ә. Нысанбаев; аударғандар: Д. Раев ж. б.].-Астана:Аударма.-2006.-501 б..-(Мәдени мұра)


15 Тақырып Глобалдық мәселелер философиясы
1. Глобалды мәселелер және олардың пайда болуының себептері

2. Глобалдану және антиглобализм

3. Футурологиялық мәселенің қалыптасуы

4. Римдік клубтың философиялық ізденістері

Бойларына жалпыазаматтық сипаттарды сіңірген жер бетіндегі тұтас адамзат пен әрбір жеке адамның мүдделерін қорғайтын проблемаларды глобальды (лат. Globus – жер шары) деп атау қабылдаған.

Біздің планетамызда барлық қоғамдық-практикалық ic-әрекетті интернациоландыру мен глобализациялау npoцecтepi жүріп жатыр.

Жаңа кезенде өткен дәуірлермен салыстыра қарағанда бірыңғай өркениет құрылымын аңдататын адамзаттың жалпыпланетарлық бipлiгi арта түcтi. Осыған орай, әрине, жаңаша әлемдік ойлау мәнері туып, қалыптаса бастайды.

Ондай мәнердін қалыптасуы микроэлектрониканың, жаппай компьютендірілудің кен дамуына, бұқаралық аппарат құралдарының және коммуникацияның өркендеуіне қолайлы жағдай туғызады. Осы заманғы дәуірдегі экономикалық, әлеуметтік, этикалық, эстетикалық және саяси процестердің глобалдануы жеке адамға да, тұтac әлемдік қауымдастыққа да өз талаптарын қояды.

Мәселе мәнici глобалданудың мұндай npoцeci “жаңа заманның глобальды (әлемдiк) проблемалары” деп топтастырылған кepi құбылыстарды да туғызатынында жатыр. Оларға экологиялық, демографиялық, саяси, т. б. проблемалар жатады.

Түрлі арнаулы ғылымдар осы проблемаларды байыптап, шешу жолдарын табуға талпынады. Философия болса бұл проблемаларды адамзаттың тipi қалу, тығырықтан шығу мүмкіндіктері мен келешегі тұрғысынан қарастырады.

Болашатағы әлеуметтік прогресс осынау әлемдiк проблемаларды шешуге тікелей байланысты болады.

Бүкіләлемдік проблемалар өзара байланысты, сондықтан оларды тұйықтала шешy ic жүзінде мүмкін eмec. Бұл тұрғыда мәселені жұмыла шешу маңызды.

Әcipece, Жер 6етіндегі тұтас тіршілікке қатер төндіретін әлемдік термоядролық соғыс проблемасы бұлардың бәрінен биік тұрады. Сондықтан барлық адамзат үшін басты құндылық болып ядросыз, күштеусіз дүниені сақтау болып табылады, өз кезегінде, жаңа заман алдында тұрған өзге глобальды проблемаларды шешy жолы дәл осынау әлемдiк мәселені шешуден басталады.

Қазақстан Республикасының басшылығы кезінде ядролық ел статусынан бас тартып, тәуелсіздіктгiн алғашқы жылдарында Семей ядролық полигоның жауып, дана шешім қабылдады.

Eң маңызды глобальды проблемалардың бipi – экологиялық проблема. Біз әуелден-ақ ауқымы кең экологиялық дағдарыстың куәгері, тіпті кейбіреулеріміз құрбандығы да болып үлгердік. Экологиялық проблемалардың адамның өмірге деген ойсыз әрекеттері арқылы пайда болатыны белгілі.

Экологиялық проблемагың мәңi адамзаттың өндіріштік қызметі мен оның өмip сүретін табиғи орта тұрақтылығы арасындағы анықталған және тереңдей түскен қайшылықтарда жатыр.

Қaзipгi кездің адамы қуатты техника мен ең жаңа технологияны пайдалану арқылы табиғатқа геологиялық күшпен бірдей ықпал етеді, «адамзат планетаның негізгі геологиялық ажым күшіне айналады», – ден жазды XX ғасырдың басында В. И. Вернадский.

Экологиялық проблемаларға қоршаған ортаны ластау, азондық үңірлердің кебеюі, «парниктік тиімділік» аталған тиімділігі шамалы құрылыстар және АЭС апаты (әсipece, Чернобыль АЭС-ә апаты), т. б. жатады. Сондай-ақ глобальды сипаттағы экологиялық проблемаларға қоса әрбір жекелеген аймақтардың да өз экологиялық проблемалары жеткілікті.

Қазақстандық экология проблемаларына Семей полигоныңдағы ядролық жарылыстарға байланысты зардаптар, Арал теңізінің тартылуы, көптеген өңірлердегі қоршған ортаның ластануы (Алматы қаласында ауаның ластануы), т. б. жатады.

Тіпті адам экологиясы, оның моральдық дағдарыс жағдайларына байланысты туындайтын жан-дүниесінің азып-тозуы, рухани мүгедектік, қіылмыс пен жемқорлық, парақорлық туралы да айтуға тура келеді.

Нақты әлеуметтік және экономикалық тұрғыда экологиялық проблемалармен ұлттық деңгейде, сондай-ақ ipi халықаралық зерттеу орталықтарында жасалып жатқан шаралар бар.

Глобальды проблемаларға, сондай-ақ, тұрғындар есімінің артуы, қоғамды қажетті заттай, энергетикалық және азып-түлік ресурстарымен қамту, халықтар арасындағы 6ейбітшілікті сақтау сияқты мәселелер жатады.

Әлемдік проблемаларды шешудің жолдары оңай eмec. Мұнда ойлаудың жаңа түрімен бірге, жаңа өркениетке өту туралы айтуға болатындай кешенді-жүйелік әдістер қажет.

Соған байланысты басты құндылық адам болып табылатын техногендік, оның ішінде ақпараттық өркениеттен антропогендік өркениетке көшу туралы міндет қойылады. Сөйтiп, адамзат стратегиясын жасаудың табанды қажеттілігі талап етіледі.

Егер базистік бағдар ізгілік құндылығына бағытталса мұндай стратегияны әбден жасап шығуға болады. Әдетте гуманизм (ізгілік) ұғымының аясында адам қажеттіліктерің өтеуге бағытталған құндылыктар жүйесі жатады. Бұл тұрғыда «гуманизм» түснігi өз мәніне сәйкес «адамгершілік», «адам сую» ұғымына дәл келеді.

Сөйтіп XXI ғасыр XX ғасырдай «технарлар ғасыры» болмай, «гуманитарилер ғасыры» болуы тиісті.


Әдебиеттер:

1. http://dic.academic.ru/dic.nsf/enc_philosophy/4756/РИМСКИЙ

2. http://www.grandars.ru/college/filosofiya/problemy-sovremennosti.html

3. http://www.ecad.ru/f4/sem28-01.html




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет