Құрастырушылар: доцент Куленов Б.Ә


Тақырып Ортағасырлық мәдениеттегі философия мен діннің феномені



бет3/8
Дата25.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#157987
1   2   3   4   5   6   7   8
4 Тақырып Ортағасырлық мәдениеттегі философия мен діннің феномені

1. Ортағасырлық философияның негізгі кезендері

2. А.Августиннің құдай және адам туралы ілім. Ф.Аквинский философиясы. Номинализм және реализм.

3.Мұсылмандық философияның қалыптасуы және ерекшелігі Аль-Кинди, Аль-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд философиясы.

4. Исламдық суфизм бағыты Х А Яссауидің көзқарасы. М.Кошғари, Ю.Боласағұн философиясы.

Орта ғасырлық Еуропада діни идеологияның үстемдігі философияның дамуына кері әсерін тигізді. Дегенменде философиялық ізденістер тоқтаған жоқ. 8 ғасырдан 14-15 ғасырларға дейін созылған философия схоластика (мектеби) атауымен белгілі. Философияның діни ілімнің қызметшісіне айналған шағы еді. Антика заманының соңғы кезеңдерінде пайда бола бастаған христиандық дүние таным өз күшіне ене бастаған. Міне осы кезеңде христиан теологтерінің аса ірі өкілдері Августин-Әулие (354-430) мен Фома Аквинский (шамамен 1225-1274) ілімдерінде адам туралы қағидалар көрініс тапты.

Христиандық ойшыл алғашқы католик шіркеуінің негізін салушылардың бірі әулие атанған Аврелий Августиннің ілімі батыс Еуропада кең таралды.

Оның ілімінде құдай ең жоғарғы асқақ мәңге ие, сондықтан ол ешкімге тәуелді емес. Құдай барлық тіршіліктің өзгерістердің алғы шарты. Адамды жасаған құдай. Августин адам деп алдыменен оның жанын айтады. Жан тек адамда ғана бар, жануарлар мен өсімдіктерде жоқ. Адам жаны мәңгі. Жан бөлшектенбейді, сондықтанда ол бөлінбейді, ыдырамайды. Жанның қабілеттері бар. Ол ерік, жад, зерде. Жанның еркі зердесінен биікте тұр. Құдайды жан зердесімен емес, сеніммен таниды. Сенім жанның еркіне сүйенеді.

Августин адамның еркін мойындай отырып, оған шек қойған. Адам нені қаласа, соны істей алмайды. Барлығыда құдайдан, адамның іс-әрекеті алдын-ала пайымдалып қойылған. Сенім-Құдайдың шапағаты. Адамның болмысындағы барлық жақсылық- Құдайдан. Ал сонда зұлымдық, жамандық қайдан шығады

Құдай адамды жаратқанда ерікті қылып жаратты. Ол өз еркіңмен таңдай білу деген сөз. Алғашқы адамдар құдайдың еркіне қарсы келіп, оның айтқанын орындамай жамандыққа ұрынған. Жамандық тәнді жаннан, табиғатты құдайдан жоғары қойғанда шығады. Осыдан адам екі ойлы, сондықтан ол жарымжан. Одан құтылудың жалғыз жолы – Құдайды ішкі рухыңмен беріліп қабылдау және оған сиыну. Сонда ғана күнәдан арылып, тазаланасың. Арылып, тазалану сыртқы дүниеге, табиғатқа емес, ішкі дүниеңе тереңдеп бойлап, өзіңді таба білуіне байланысты.

Августин ілімінен, христиан философиясының адам туралы ізденісін жалғастыра отырып, жаңа соқпақ табуға талпынғанын байқаймыз.

Христиан діні кең жайыла бастағандықтан, дәлелдеу оңайға түспеді. Осыған орай теологтар, қадым (антика) заман философиясына сүйеніп, оларды жаңа дүние танымға икемдей отырып пайдалануға күш салды.

Августин Платон дәстүрінен нәрусская алса, орта ғасырлық схоласт Фома Аквинский христиан қағидаларын Аристотель ілімімен жалғастырды. Фоманың ілімінде дүние ретімен ұйымдасқан жүйе (система), өзара байланысты сатылардан тұрады. Төменгі саты - өлі табиғат. Өлі табиғаттан өсімдіктер мен жануарлар шығып, олардан жоғары адамдар дүниесі пайда болады. Осы жүйенің биіктігінен, ең жетілген, барлық тіршіліктің алғашқы себебі, мәні құдайды көреміз. Адамның құдай жаратқан дүниеде, өзіне сай арнаулы орны бар.

Адамда дүниедегі басқа құбылыстар сияқты қозғаушы күшке мұқтаж. Ол қозғаушы күш – адамның жаны. Жан адам тәнінің қозғаушы күші ғана емес, оның формасы. Адам жан мен тәннен құралған. Адам жаны қозғаушы күш бола тұра өзі өзгермейді. Осыған байланысты мынадай проблема туатыны айқын егер жан өз мәніне байланысты өздігінен қозғалмайтын болса, ол қалай тәнді қозғай алады Осы қиыншылықтан Фома маңызды себеп (guantum ad esse) және кездей соқ себеп (guantum ad fiezi) деген ұғымдарды пайдалану арқылы шығады. Маңызды себепке сүйенсек, бір нәрсенің өмір сүруінің себебі, одан бұрынғы бір нәрсе мен байланысты болғандықтан әрі қарай түбін қуа келе алғашқы себепке тірелер еді. Ол шексіз жол. Екінші (кездейсоқ) себеп бір нәрсенің қайдан пайда болғанын жан-жақты дәлелдер келтіру арқылы түсіндіреді. Адамның жаны кездейсоқ себеп арқылы қозғалады. Ф. Аквинскийдің пайымдауынша жан тән емес, ол тәннің әрекеті, яғни тәнмен бірікпеген, тек сонда орналасқан. Дәл осы мағынада кездейсоқ себеп арқылы жан тәннің қозғаушы күші бола алады. Августин жанды тәннен тәуелсіз субстанция деп адамды жаннан айырмағанын жоғарыда айтқанбыз. Фома Аквинский Августинды толықтыра адамды тән мен жаннан құралған (compo situm) дейді. Сонымен бірге жанның мәңгілігін, дербестігін қорғау мақсатымен Августин толық және жартылай субстанция деген ұғым енгізеді. Толық субстанция деп тән мен жаннан құралған адамды айтамыз, ал жанды жеке алсақ, ол жартылай субстанция. Осы арқылы Фома Аквинский бір жағынан Августиннің артық кеткенін (адам мен жанды айырмағанын) түзейді, ал екінші жағынан оның жан адамның мәні деген сенімін арашалап қалады.

Адам жануарлармен періштелердің арасын жалғастыратын тіршілік иесі. Ф. Аквинский мен Августиннің қағидаларының айырмашылығына қарамастан, дүниедегі тіршіліктің бастауы жалғыз құдай. Адам жанының құндылығы және өлместігі осы ілімдерде көрнекті орын алатынын атап айтқанымыз жөн.

Өзінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы жағынан жерорта теңізінің шығысындағы елдер арғы орта ғасыр дәуірінде ( ғасырға дейін) еуропа елдерінен әлде қайда жоғары тұрған еді. Осы өңірде  ғасырда араб халифаты үстемдік құрған болатын. Араб халифатының тұсында жандана бастаған саяси-экономикалық өмір ғылымның, әдебиеттің, өнердің дамуына игі әсерін тигізді. Әртүрлі рухани дәстүрлердің, діндердің тоғысқан жерінде философиялық ойдың шыңдалып жетілуі кездейсоқ емес еді. Осы дәуірде еуропа философияның дамуы баяулай бастады, мұсылмандық шығыс елдерінде араб, парсы, түркі ойшылдарының еңбегі арқасында философия өзінің шарықтау биігіне көтерілді. Мұсылмандық ойшылдар грек философтарының дәстүрлерін жалғастырып жаңғырта білуімен қатар мұсылман дүниесінің философиясының ірге тасын қалады. Мұсылмандық философиясының негізін салғандар деп Әл-Кинди (800-870) мен Әл-Фарабиді (870-950) атаймыз. Солар салған жолды Ибн-Сина (980-1037), Ибн-Рошд (1126-1196) және тағы басқа да ойшылдар жалғастырды. Біздің мақсат үшін олардың барлығының ілімдерін қарастыру міндет емес. Дегенменде адам туралы айтарлықтай жүйелі қағида қалдырған мұсылман философтарының басты өкілдеріне назар аударалық.

Орта ғасырда мұсылман ойшылдарының арасында дүниедегі адамның алатын орны қандай, құдай мен адамның ара қатынасы қандай, дүние жаратылған ба, әлде мәңгі ме, деген сауалдар төңірегінде пікір таласы туды.

Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әл-Фараби "Сұрақтардың мәні", "Қайырымды қала .." және т.б. еңбектерінде жоғарыда аталған сауалдарға жауап беріп, теориялық толғамдар жасаған.

Діни қағидаға, құранға сүйеніп бүкіл тіршілікті, адамды жасаушы алла тағала деп Әл-Фараби үзілді кесілді тұжырым жасамаған. Ол философиялық талдау арқылы, алла тағаланың жасампаздығын мойындай отырып, бүкіл болмыс атаулының барлығын сатыларға бөлген. Барлық болмыс бірінші себептен шығады. Әл-Фараби алла тағаланың бейнесін, бейнесіз, дерексіз , Бірінші себеп, Бірінші парасат, Бірінші тұлға деген атаулармен алмастырған.

Сол, Бірінші себептен шыққан аспан денелерінің болмысы ай әлемімен аяқталады. Ай әлемінің ең кемелдісі парасатты жануар – адам. Адам жаны пайда болысымен оның болмысына күш, қабілет бітеді. Олар қуат беруші күш, түйсіктендіруші күш, елестетуші күш, парасатты немесе ойлаушы күш, қозғаушы күш, талпынушы күш деп бөлінеді. Осы күштер дене мүшелері арқылы қызмет жасайды. Айталық, қуат беруші күш - ауыз, асқазан, бауыр т.б. мүшелер арқылы, талпындырушы күш – жүйке тамыр арқылы көрініс табады. Осы күштердің барлығы дене мен байланысты. Сонымен бірге адам жанында денеге қатыссыз әрекет жасайтын күш бар. Ол – ақыл парасат. Адам ақылды болып тумайды, ақылға қабілеті бар жан болып туады. Ақыл енжар, потенциалды, актуальды деңгейлерінен өтіп тәжірибесі молайып байыған сайын бойға дарып әрекетті ақылға айналады. Әрекетшіл ақыл арқылы адам өз кемеліне келіп толысады. Адам ақылының толысқандығын бүкіл болмыстың түзілісіне ой жүгіртіп болжай алатындығынан көреміз. Әрекетшіл ақылға адам қауымдасу арқылы жетеді. Әль-Фарабидің «Қайырымды қала…» атты трактатынан үзінді келтірейік: «Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ал мұны ол жалғыз жүріп таба алмайды және оған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бержағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне сондықтан да бір-біріне көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады». Фараби осы ойларында адамның қоғамдық жағдайда қалыптасып, өз мәніне ие болатындығына күмәнданбаған. Әл-Фараби адам өмірінің мақсаты бақыт деп білген. «Бақыт - өз басы үшін көксейтін игілік; бұған ешбір жағдайда және ешқашанда басқа нәрсеге бола талпынбайды, өйткені (бақыттың) аржағында адамның қолы жете алмайтын бұдан артық нәрсе жоқ. Бақытқа жетуге көмектесетін еркін әрекет – тамаша әрекет. Мұны туғызатын әдет-ғұрып – қайырымдылық. Қайырымдылық дегеніміз оның өзі белгілеген, бірақ бақытқа жету мақсатынан туған жақсылық. Бақытқа (жетуге) бөгет жасайтын әрекет жаман немесе сұмпайы әрекет болмақ. Бұл әрекетті туғызатын әдет-ғұрып – кемшілік, кесепат, пасықтық». 

Осы пайымдаулардан Әл-Фарабидің адамға деген сүйіспеншілігі айқын көрініп тұр. Адамның ақыл-ойының оянуына «түрткі» болған бірінші себеп уақыт жағынан «алыстағы себеп», ал оның жетіліп дамуы адамның өзіне байланысты. Жеке адам өткінші, тән өлмек, ал жан мәңгі өмір сүреді. Әл-Фараби жанның өлмейтіндігіне, мәңгілігіне шынымен сенді деп кесіп айту қиын. Себебі Фарабиден қайырымды да білгір адамдардың жаны өлмейді, ал надан адамдардың жаны өледі

Адам жанының өлмейтіндігін Фараби осылай түсінген болса керек деп жорамалдауға болады.

Мұсылмандық дүниенің Орталық Азиядан шыққан ғұлама ғалымы Ибн - Сина «Жан туралы кітап» деген еңбегінде адамның басқа жануарлардан айырмашылығына көи көңіл бөлген. Адамның қызметі, іс-әрекеті туа біткен бейімділігімен қатар қоғамдағы ережелермен санасуынада байланысты. Адам алдына мақсат қоя біледі, және сол мақсатына қоғам арқылы жетеді. Қоғам өмірін реттейтін ережелерді жастайынан тәрбие арқылы бойына сіңіріп дағдысына айналдырады. Адам басқа адамдарға қызмет ете отырып өзінің қажетін өтейді. Мақсатқа жетер жолда ол өнерге, тілге сүйенеді.

Адамның парасатты жандылығы екі негізгі күшке сүйенеді. Оның бірі - ақылмен пайымдауға қабілеттілігі, екіншісі – практикалық күш . Практикалық күш адам тәнінің қимылының қозғаушысы да, ал пайымдаушы күш танымдық қызметке негіз болады. Адам сезімге берілмей, оның жетегіне ілеспей, қайта одан босанып періште дәрежесіне көтеріледі. Ондай дәрежеге жеткен адам алла – тағаланың жердегі ісін жалғастырып дәріптеушілердің қатарына жатады. Әрине, сезімнен толық құтылып, босану «ұлы пайғамбарлардың қасиетті жандарына » ғана тән, өйткені олар білімнің көмегінсіз-ақ дүниеге ой жүгіртіп болжай алады.

Ибн-Сина өз уақытының ұлы ғалымы, өзінің дәрігерлік еңбектерінде адам туралы, адам санасының, жанының қасиеттері туралы талдауларға көп көңіл бөлген. Ибн-Сина адам жанының мәңгілігін дәріптейді.

Әдебиеттер:

1 Алтай Ж. Философия тарихы:оқулық/Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли.-2-шi басылымы.-Алматы:Раритет.-2006.-310 б.

2 Байтенова Н. Ж. Философия:учебник для студ. вузов/КазНУ им. аль-Фараби; сост. Н. Ж. Байтенова.-Алматы:Қазақ университетi.-2006.-390 с.

3 Нысанбаев Ә. Философия тарихы/[ғылыми ред. Ә. Нысанбаев; құраст.: Ә. Нысанбаев, Ғ. Құрманғалиева; аударғандар: Д. Раев, А. Құлсариев].-Астана:Аударма.-2006.-484 б..-(Мәдени мұра)

4 Кiшiбеков Д. Философия:оқулық/Д. Кiшiбеков, Ұ. Сыдықов.-9-шы басылымы.-Алматы:Қарасай.-2008.-356 б.


5 Тақырып Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия

1. Қайта өрлеу дәуірінің басты сипаттары. Антропоцентризм.

2.Пантеизм: Н Кузанский, Дж Бруно, Н Коперник

3. Өнер философиясы: Данте, Петрарка. Әлеуметтік утопиялар: Мирандола, Макиавелли, Мор, Кампанелла

Шығыс Еуропа елдерінде XII–XIII ғасырларда сауда, қол өнер кәсібінің және қалалардың өркендеуімен байланысты экономиканың жандануы, саяси, мәдени өмірдің, көркем өнердің күрт дамуына себеп болды. Осындай, қолайлы жағдайда мәдениеттің аса гүлденіп дамуы XV- XVI ғасырлар арасында өткен еді. Осы құбылыс Ренессанс (қайта өрлеу, түлеу, жаңғыру) деп аталады. Жаңғыру деп қадым (антика) заман мәдениетіне мирасқорлық, сол мәдениетке тән ерікті ойды жандандыру деп қана қоймай, сонымен қатар оларды қайталау ғана емес, солардан қуат ала отырып жаңа сапаға өрлеу деп ұққанымыз дұрыс. Еуропа елдерінде экономикалық өзгерістер біркелкі болған жоқ, сондықтан Ренессанс алдыменен дамыған елдерде, атап айтсақ «Италияндық құбылыс» ретінде пайда болды. Ренессанс христиан дінінің үстемдігі шайқалып, әлсірей бастаған шақта дүниенің тетігі құдай емес, адам деген көзқарасты ұстанды. Әрине жүздеген жылдар қалыптасып қалған көзқарасқа, ой жүйесіне бірден әсер ету оңаиға соқпады. Ренессанстың бастапқы кезеңі гуманизм (humanus – адамгершілік) идеясымен байланысты болды. Осы идеяны іске асырып тарату өткендегі жетістіктерді әсіресе антика дәуірінің рухани мұраларын игеруге негізделді.

Жаңғыру дәуірінің философиялыық мәдениетінің басында ұлы тұлға Данте ( 1265-1321) – «орта ғасырдың соңғы ақыны сонымен бірге жаңа заманның бірінші ақыны» тұрған еді. Данте өзінің «Той», «Монархия туралы», «Құдіретті комедия» және тағы да басқа шығармаларында адам туралы гуманистік ілімнің негізін салды. Данте адамның күш-қуатына сенді. Шіркеу «мәңгілік» сауалдармен айналысып, адамның күнделікті жер бетіндегі күйбің тіршілігіне қол сұқпауы керек. Барлық адамға қатысты істер (саясат, тәрбие, өнер) адам парасатына бағынышты.

Адам табиғатын Данте қосмәнді деп табады. Адам жаны пайда болысымен-ақ, онда табиғатпен құдай сипаты тоғысқан. Құдай «табиғаттың тамаша еңбегін» байқап, оны жоққа шығармай аяқтаған. Адамның қосмәнділігі, оны екі мақсатқа жетуге бағыттайды. Оның біріне адам өмірде өзінің қасиетін аша білу арқылы, екіншісіне өлгеннен кейін «мәңгілік өмірдің» рахатына «құдай еркінін қалауымен» жетеді. Дантенің ілімі орта ғасырлық діни көзқарасқа қайшы келіп, олардан қолдау таппады. Адам құдайдың ашса алақанында, жұмса жұдырығында қалатын құлы емес, оны еркі өзінде. Ол дүниедегі болып жатқан оқиғалардың себебін құдайға сілтей салмай, өзінен іздеп, соған жауап береді.

Адам бойындағы ізгілікті қасиет оның іс-әрекетінен, қызметінен көрініс табады. Адам жанынан сарқылмас байлығын, құндылығын Данте «Құдіретті комедияда» тамаша жеткізген. Осы шығармада Данте адам өмірінің өткінші, қысқа екендігін еске ала отырып, ол өзінің қабілетін осы жердегі тіршілікте ғана жетілдіре алатындығына сендіреді. Данте адамды асқақ биікке көтерді.

Оны мына жолдардан көруге болады.

Ойла, кімнің ұлысың, қандай жерден таралдың,

Туған жоқсың татуға несібесін тағы аңның,

Ерлік үшін, еңбек үшін, білім үшін жаралдың.

(М. Мақатаевтың аудармасы).

«Ізгілікті адамның» тағдырын Данте білімге деген құштарлықпен байланыстырады. Егер Данте гуманистерде рухтандырып шабыт берсе, шын мәнінде гуманистердің қозғалысы Ф. Петраркадан басталады.

«Гуманизмнің атасы» Франческо Петрарка (1304-1374) адамның ішкі-рухани дүниесіне, инабаттылығына, бірегейлігіне (индивидуальность) көңіл аударды. Өзінің «Менің құпиям» деген еңбегінде адамның қайшылыққа толы ішкі дүниесіне үңіліп одан шығудың жолдарын қарастырады.

Әсіресе XV ғасырдың гуманисі Пико делла Мирандола (1463-1494) айрықша көзге түсті. Кең таралған «Адамның намысы туралы сөз» және «Астрологияға қарсы» деген шығармаларында адамды дүниенің кіндігі деп білген. Ол адамды шырқау биікке көтерді. Құдай адамды азат етіп жаратқаннан кейін, оның еркі өзіне тиді.

Адам табиғатын құдай жаратқанмен адамдық қасиеттерін адам өзі қалыптастырады. Адамның бақыты өзінің қолында . «... Жерде адамнан асқақ ештеңе жоқ, адамда ақылменен жаннан асқақ ештеңе жоқ». Адам рухының ғажайыптылығы оның еркіндігінде. Адам өз еркімен өз тағдырына жол табады. Ол төмендеп хайуан тіршілік жасауы да, биіктеп періште де болуы мүмкін. Адам өз тағдырын өзі шешетіне кәміл сеніп, ұғынған сайын, оның табиғатқа деген үстемділігіде арта бермек.

Жаңғыру дәуірінде адамның құндылығы ерекше бағаланды. Антика дәуірінде де, орта ғасырда да адамға деген ықылас дәл осындай болмаған еді. Осы дәуірде адамның жеке басының бірегейлігі, даралығы, ерекшелігі, ақын-жазушылар мен суретшілердің негізгі тақырыбына айналды. Ұлы ақындар мен суретшілер Петрарка мен Данте, Рафаэль, Боттичелли, Леонардо да Винчи және тағы басқа өнер қайраткерлерінің Ренессанс дәуірінде шығуы кездейсоқ емес еді.

Қарастырып отырған дәуіріміздің өзіндік қол таңбасы бар философы Николай Кузанский(1401-1464) адамды «микрокосм» идеясын пайдаланып қарастырған. Микрокосм идеясы антика философиясының алғашқы кезеңінде кең тарағанын біз білеміз.Кузанскийде «микрокосм» қоршаған бүкіл табиғат дүниесін өз бойына дарытып жинаған. Адам әлемнің, универсумның бейнесі дей отырып Кузанец осы идеяны әрі қарай дамытады. Адам «кіші дүние», универсум, әлем - «үлкен дүние», ал құдай - «максимальды кең дүние» дей келіп, «кіші – үлкенге ұқсас, үлкен – (кең) максимальды дүниеге ұқсас» деп Кузанец адамды әлеммен, құдаймен теңестіреді. Кузанец адамды «құдайдың бейнесі» деген ұғым арқылы оның мәнін жоғарылатады. Адамды құдайға телиді. Адам құдай екенін Христостан көруге болады. Христос, толысқан максимальды адам. Сондықтан адамды Христос деңгейіне көтеріп оны жаратылған деуге негіз бар. Осылай түсінетін болсақ дүние жоқтан жаралмаған, себебі құдай дүниенің сыртында емес онымен бірге. Дүниенің үйлесімділігін адамнан көреміз. Адамның ой еңбегімен айналысады және өнерлі жан, сондықтан ол «екінші құдай» болуға лайықты. Сонымен Кузанский адамды құдаймен табиғаттың жетілген көрінісі деп қарастырып пантеистік (табиғат пен құдайды қабыстыру) көзқарасқа біраз жақындығының нышанын байқатты. Осы көзқарасты, кейіннен Д.Бруно дамытқан болатын.

Адам туралы келелі ой айтқан, осы заманның көрнекті өкілінің бірі, Николло Макиавелли (1469-1527) еді. Италиянның қоғам қайраткері, тарихшы Н.Макиавелли адам бағытын, іс-әрекетін түсіндіруде діни қағидалардан өзін аулақ ұстады. Ол адам әрекетінің қозғаушы күші – мүдде, ықылас деп білді. Адам барға қанағат қылмай, байлығын үстемелеуге мүдделі. Олар әкесінің өлімінен көрі байлығынан айырылғанына қайғырады. Адамдар туралы айтарымыз, олар қайырымсыз және тұрақсыз, екі жүзділікке, алдауға бейімді, оңай олжа табуға құштар дей келе Макиавелли адам табиғатының өзімшілдігіне тұсау боларлық мемлекеттік ұйымдардың қажеттілігін дәлелдейді. «Патша» атаулы еңбегінде Макиавелли мемлекет құдайдың ісі емес, адамның ісі дейді. Мемлекет кемелдене, дамудың шегіне, биігіне жеткеннен кейін, қайта құлдырайды, сөйтіп мәңгілік айналысқа түседі. Айналыс – тағдырдың ісі, немесе құдай ісі. Тағдырды, Макиавелли қажеттілік деп те атайды. Тарих, саясат тек «уақыттың өтуі» емес, ондай «тағдыр», «қажеттілік» бар ортада адам іс-әрекет жасауға мәжбүр. Сондықтан адам қызметінің табысы, жетістігі осы тағдыр – қажеттілікке тәуелді болуымен қатар, соған икемделе оның тегеурініне мойымай әрекет етуіне байланысты. Әрине тағдыр қуатты күш, осы өмірге келгендер ертеме, кешпе оны сезетін болады, және одан қашып құтыла алмайсың дейді Макиавелли «Тағдыр туралы» поэмасында. Сонымен бірге «тағдыр – құдайға» қарсы тұруға болады. «Тағдыр» біздің іс-әрекетіміздің жартысын басқарады да, қалған жартысын адам өзі басқарады. Адам тағдырға білімімен қатар өзінің күш – қуатын, еркін қарсы қоя алады деп осы күштерді Макиавелл «вирту» (virtu) – ерлік деп атайды. «Ерлік» деп мақсатқа, табысқа жету үшін керек табандылықты, ынтаны, белсенділікті, күш – қуатты айтады. Адам тағдырдың тәлкегіне көне бермей, оның алдын алып амалын тауып қарсы тұра алады. Оған жетерлік қабілет адамда бар.

Макиавелли адамның қоғамдық, әлеуметтік мәніне назар аудара отырып тарихтың бағдарын соның мүддесімен тығыз байланыстылығына кәміл сенді. Макиавеллидің гуманизмі де осында жатыр.

Джордано Бруно (1548-1600) жаңғыру дәуірінің пантеистік дүние танымын әрі қарай дамытты. Бруно философияның негізгі ұғымы (Біртұтас) бірегей. Әлем бірегей, шетсіз, шексіз, тұрақты. Әлемнен басқа ештене жоқ, өйткені ол барлық болмыс. Ол мәңгі, жасалмаған, қозғалмайды. Құдай – табиғат бірдей, заттардың тегі, заңдылығы. Табиғатпен адам біте қайнасқан. Адам соның бір бөлігі ретінде сезінеді. Адам жануарлар дүниесінен бөлініп шыға бастаған шағында, олардан артықшылығы шамалы болды. Тек іс-әрекет арқылы, сонымен қатар рухани өмірдің жандана бастауы арқылы, адамдар жануарлық негізінен алшақтай бастады.

Адамның жаны өзінің субстанциясы бойынша жануарлардың жанына ұқсас болғанымен, құрылымы жағынан айырмашылығы бар. Жанның құрылымы дене мүшелерінің құрылымымен байланыста. «Қабілетті» деген жануардың дене құрылысы адамға жетпейді, сондықтан олардың ақылы кем. Еңбек ету арқылы адам өзінің мәнін ашады.

«Құдайлар адамға ақыл мен қол сыйлады, өзіне ұқсас етіп жаратып, барлық жануарлардан артық қабілет берді». Сонымен бірге оның еркі өзінде,- дейді Бруно «Асқақтаған хайуанды аластау» деген еңбегінде. Адамның өмірі өткінші, өлім алда, сондықтан үлкен мақсат қоя біліп сол үшін қажырлы ісімен, жанын қиюға дайын болуы керек.

Томмазо Кампенелла (1568-1639) жаңғыру дәуірінің соңғы кезеңіндегі әлеуметтік философия жасай білген көрнекті философ. Кампанелланың пікірінше, «дүние – орасан зор тірі жан, ал біздер оның құрсағында өмір сүреміз. Дүниедегі барлық заттарда түйсік бар. Дегенменде заттық дүниелердің сезімдік қабілеті әртүрлі, бірінде азырақ, екіншісінде көбірек кездеседі. Адамда, сезіммен қатар ақыл бар. Ақыл арқылы адам шексіз дүниені тани алады. Адам өзінің табиғат берген қабілетін барынша жетілдіруге құштар, және осы қасиетімен жануарлар дүниесінен жоғары тұр. Кампанелла адамның артықшылығын дәлелдеуде эволюциялық дамуды жете түсінбегендіктен теологияға сүйенуге мәжбүр болған. Соған қарамастан Кампанелла, адамның артықшылығын дәлелдеуі біршама қызықты.

«Бірде бір хайуан, маймыл немесе аю қолы бола тұра отты пайдалана білмейді, тіпті оның маңынада жолай алмайды, және оны күнненде ала алмайды, тастанда шығара алмайды». «Отты пайдалану өнері адамға ғана тән, сонымен бірге жазу өнері және сол жазуды сөйлете білу, уақытты көрсететін сағатты, компасты пайдалану – осының бәрі адам рухының ашқан жаңалығы». [4]

Кампанелла адам рухын мадақтап, оны табиғаттың билеушісі, патшасы деп, тек құдаймен ғана бәсекеге түсуге лайықты дейді. Адам – дейді Кампанелла өзінің «Адам туралы» трактатында – дүниенің екінші жасаушысы сияқты, бірінші себептің жердегі өкілі.

Адамның жануар дүниесінен ең басты артықщылығын Кампанелла, тек табиғатты билейтіндігіне емес, өркениетті өмір құра білетіндігінен көре білді.

Адам қоғамдасу арқылы өз қабілетін ашып, жетілдіре алады және әділетті мемлекет құру арқылы өзінің әлеуметтік мәнін толық аша алады, - деп сенді.

Сондықтанда адамның мақсаты алдымен сондай қоғамды мемлекетті құруы оның белсенділігіне байланысты. Жаңғыру дәуірі, дүниемен сан қилы қарым-қатынаста болатын ерікті ой мен істің адамын тәрбиелеуге рухани орта қалыптастырды. Ренессанс гуманистері адамның көп қырлығын аша отырып, оның сарқылмас байлығына сенді.

Ренессанс дәуірінің ерекшелігіде осында.

Әдебиеттер:

1 Алтай Ж. Философия тарихы:оқулық/Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли.-2-шi басылымы.-Алматы:Раритет.-2006.-310 б.

2 Байтенова Н. Ж. Философия:учебник для студ. вузов/КазНУ им. аль-Фараби; сост. Н. Ж. Байтенова.-Алматы:Қазақ университетi.-2006.-390 с.

3 Нысанбаев Ә. Философия тарихы/[ғылыми ред. Ә. Нысанбаев; құраст.: Ә. Нысанбаев, Ғ. Құрманғалиева; аударғандар: Д. Раев, А. Құлсариев].-Астана:Аударма.-2006.-484 б..-(Мәдени мұра)

4 Кiшiбеков Д. Философия:оқулық/Д. Кiшiбеков, Ұ. Сыдықов.-9-шы басылымы.-Алматы:Қарасай.-2008.-356 б.


6 Тақырып Жаңа заман мәдениетіндегі батысеуропалық философия
1. Философия және 16-17 ғасырдағы Ғылыми революция

2. Эмпиризм және рационализм: Ф Бэкон, Р Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц, Дж. Локк, Ж Гоббстың концепциясы.

3. Француз ағартушыларының философиясындағы адам, қоғам мәселері.

4. И.Канттық таным теориясы.

5. Гегельдің философиялық жүйесі. Диалектика. Фейербахтың материализмі.

Философияның дамуының XVII ғасырдан басталған кезеңін Жаңа заман философиясы деп атайды. XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырда Европада буржуазиялық революция кең өрістеп қоғамның экономикалық, саяси әлеуметтік өміріне жаңа леп алып келді. Осыған орай қоғамдық санада түбірлі өзгерістерге ұшырады. Жаратылыс тану ғылымдарының ашқан жаңалықтары өндірісте кеңінен қолданыла басталды.

Г. Галилей, И. Ньютон, Р.Бойль, У.Гарвей және тағы басқада оқымыстылардың ғылыми жетістіктері, философияның жаңа бағытта дамуына арқау болды. Ағылшын философы Ф.Бэкон (1561-1626) жаңа заман философиясының негізін салушының бірі. «Жаңа органон», «Жаңа Атлантида» және тағы да басқа еңбектерімен танымал философ эмпиризм бағытын ұстады. Оның ілімі бойынша, ғылым фактілерге сүйену керек. Ғылыми нәтижелерді тәжрибе арқылы сұрыптап, талдау үшін индукциялық әдістің артықшылығын дәлелдеуге күш салды. Осы эмпириялық, индукциялық әдісін адам болмысын тану үшін де қолданды.

Бэконның пікірінше барлық ғылымдардың мақсаты адам туралы ілім жасау. Ғылымдар шашырап кетпей, бір- біріне сүйене, байланыса отырып адам туралы келесі пікір, тұжырым жасай алады.

Адам тән мен жаннан құралғандықтан, ғылымдардың бірі тәнін зерттейді, екіншілері адамның жанына назар аударады. Ф. Бэкон адам қосмәнді дей тұрып адамның жанын зерделі жан, сезімтал жан деп екіге бөледі. Адам зерделілігіне «құдай шапағаты» тиді, ал сезімталдығы жалпы дене қызметімен байланысты. Адам ақыл ойының субстанциясының қайдан шыққаны, мәңгілігі және тағыда басқа сауалдарға жауап беру діннің еншісі. Осыған орай Ф. Бэкон адам жанының зерделілігі туралы жарытып ештеңе айтпайды. Адамның сезімтал жандылығын философияның үлесіне алып қалып Ф. Бэкон оның әлі тыңғылықты зерттелмей жатқанына қынжылады. Адамның қос мәні, яғни тәні мен жаны бір- бірімен байланысты. Тәннің байлығы оның саулығы, сұлулығы, қуат күші, ал жанның қабілеті – парасаттылығы, еріктілігі деп білеміз.Адамның кескін-келбетінен оның көңіл-күйін, рухани дүниесін білуге болады. Тәні саудың жаны сау. Ол дәрігерлік ғылымдар жүйесіне ертеден белгілі. Ф.Бэкон осы байланыстың басқа жағына көңіл аударады. Жанның саулығы көп жағдайларда дене қызметіне әсер етеді, сондықтанда жаны саудың дені сау деп айта аламыз.

Адамның әлсіздігі, дәрменсіздігі табиғат заңдылықтарын білмегендігінде. Табиғатты жеңу үшін оған бағыну керек, -дейді Ф.Бэкон.

Бағыну деп табиғат алдында тізе бүгу емес, оның заңдылықтарын өз мақсатыңа дұрыс пайдалана білу, өйткені адам табиғаттың түсіндірушісі, қызметшісі. Табиғатты тану жолында көптеген кедергілер, тосқауылдар бар. Ол кедергілер адам санасында түрлі себептермен сіңіп қалған пікірлер, бұрмалаған түсініктер, елестер. Ф.Бэкон осы елестерді төрт түрге бөледі.

Біріншісін «тектік елестер»-деп атайды. Ол адамның табиғатына біткен, өйткені сезімнің қабілеті дүниедегі сан қилы заттар мен құбылыстарды ажырата алмай жалған мәлімет береді. Ақылда табиғаттағы, қоршаған ортадағы елеусіз фактілерді өзінен қосып бажырайта, түймедейді түйедей қылып кең тұжырым жасауға икемді. Сондықтан дейді Ф.Бэкон ақылдың қанатына ауыр жүк іліп жерге күнделікті күйбің тіршілікке жақындастыра жүргізу керек. Тектік елестерден құтылу оңай емес, бірақ олардың күшін әлсіретуге болады. Екінші, “үңгір елестер” жеке адамның мінез құлқына, тәрбиесіне, өскен ортасына, байланысты. Әр адамның өз «үңгірі» бар. Осы үңгір табиғаттан түскен сәулені әлсіретіп, көмескі жеткізеді. Осы елестерден көпшіліктің тәжірибесіне сүйене отырып құтылуға болады. Үшінші елестерді Ф.Бэкон «алаң», «базар» елестері деп атайды. Адамдар жиналған жерлерде сөз таластары жиі болып тұрады. Олар бір сөзге әр түрлі мағына беріп, бір-бірін түсінбейді, ұғыспайды. Осындай жағдайда, талас-тартысты пайдаланып біреулер өз пікірін білдіріп алуы мүмкін. Қарапайым сана біреуге еріп еліктегіш келеді. Осы елестерден адам өз білімін жетілдіріп, оқу арқылы құтыла алады.

«Театр елестері» - деп Ф.Бэкон біреулердің беделіне, ойдан шығарылған қағидаларға сенуді айтады. Әсіресе ғылымдағы догматикалық ілімдер ойдың дамуына кедергі келтіреді. Бэконның пікірінше осы пірлер, елестер табиғаттың заңдылықтарын ашып, пайдалануға кедергі жасайды. Осыған қарамастан, адам олардан арыла келе, табиғатты танып біле алады. Ол Бэкон ұсынған тәжірибеге сүйенген индуктивті әдіс арқылы жүзеге аспақ. Ф.Бэконның адам туралы ойлары, кейінгі уақытта, әсіресе ағартушылар кезеңінде жаңа мәнге ие болып олардың дүние танымына күшті әсер еткені белгілі.

Ф.Бэкон жаңа заманның көш бастаушысы болса, француз ойшысы Р.Декарт (1596-1650) осы заман философиясының туын ұстаушыларының ең көрнектісі болды. Философияның рационалдық дәстүрін жалғастырып дамытушысы Декарт, адамның мәнін түсіндіруде ғылыми жаңалықтарға сүйенеді. Ол кезде көптеген алдыңғы қатарлы ойшылдар табиғатты алып механизм деп түсінді.

Адам, Декарттың пікірінше екі түп негізден жанмен тәнннен яғни рухани және материалды (дене) екі субстанциядан құралған. Рухани субстанцияның жалғыз қасиеті бар ол- ойлау, ал материалды субстанция кеңістікке кең таралғандығымен, созылмалығымен белгілі. Жануарлардың организмі сияқты адамның организмінде қарапайым машинаға жатқызған, Декарт механикалық заңдылықтарды адамды түсініп білуге қолданды. Осы көзқарас У.Гарвейдің қан айналымы және осы процестегі жүректің атқаратын қызметі туралы ашқан жаңалығымен тікелей байланысты еді.

Сонымен қатар Декарт адам тек қана организм емес, саналы жан болғандықтан оны механикалық заңдылықтары арқылы түсіндіруге болмайтынын түсінді.

Екі субстанция бір-біріне тәуелді емес. Адам мен жануарларды жақындастырумен шектелмей, Декарт олардың түпкілікті айырмашылығына басты назарын аударды. Адамның танымдық қабілеті тәнмен ешқандай байланысты емес. Адам қандай жағдайда болмасын өзінің іс- қимылын мақсатқа бағындырған. Мақсат бар жерде ой бар. Осының өзі-ақ «Әдіс туралы пайымдау» атты еңбектің авторының пікірі бойынша адамға біткен жалғыз қасиет ақыл-ой екендігіне күмән туғызбайды. Ол логикалық пайымдауды, ойлануды адам болмысының жалғыз ғана бұлтартпайтын кепілі деп сенді. «Cogito ergo sum», яғни «мен ойлаймын, олай болса мен бармын» деген қанатты сөз Декарттан қалды. Декарт философ болуымен қатар ірі математик екені баршамызға белгілі. Адам ақыл-ойын ерекше бағалаған Декартқа осы ғылымның түрткі болғаны күмән тудырмайды. Математикалық білімдердің логикалық сипатын аңғарған Декарттың пікірінше, математикалық ақиқаттардың айқындығы, анықтығы адам ақыл-ойының нәтижесі. Адам тек ақыл-ойымен, барлық құбылыстарға терең бойлап тани алады. Адам организмі механикалық заңдылықтарға бағынып өзінің бірегейлігінен, даралығынан айырылады да, ал ақыл-ойымен өзін тәуелсіз, ерікті бірегей (индивидуальность) субстанция екендігін сезінеді.

Осы екі субстанцияны қарама-қарсы деп тапсақ, онда адамның ойы мен дене қызметінің таңқаларлық келісімді іс әрекетін қалай түсіндіруге болар еді?.Бұл қиын сұрақ. Әрине дене өздігінен жанда өзгеріс тудыра алмайды. Жанда өздігінен денеге өзгеріс енгізуге қабілетсіз.

Дегенменде дене жанда жүріп жатқан процестердің даму бағытына, жанда денедегі жүріп жатқан процестерге ықпал ете алады. Олардың бір біріне әсерін Декарт адамның сопақша миы арқылы түсіндірмек болған.

Декарт осыған қанағаттанбай, бір біріне қарама-қарсы екі субстанцияның адам қызметіндегі байланысын түсіндіру үшін құдайдың мистикалық функциясына жүгінеді. Екі субстанцияның арасындағы үйлесімді байланысты құдай «түсіндіреді». Құдай ұғымы адам санасындғы «туа біткен» ұғым, ақиқат.

Әрине Декарт, адамдағы өзгерістер мен байланыстарды түсіндіруде құдайға сүйенеді. Сонымен бірге, Декарттың мына сөздеріне назар аударалық: «Осы өзгерістерді, менің түсінуімше, тек құдайдың әрекетіне телуге болмайды, өйткені ол тіпті-де өзгермейді. Сондықтан, мен оны табиғатқа телимін.Осы өзгерістердің орындалар тәртібін, мен табиғат заңдары деп атаймын.» Құдай дүниеде ешқандай ғажайып іс істемейді Табиғат заңдарына, құдай қолын сұқпайды. Дүние осы қалпында жаралған жоқ, және оның ары қарай дамуына құдайдың қатысы жоқ. Міне Декарттың осы ойларын адам табиғаты туралы тұжырымдарын саралағанда естен шығармауымыз керек.

Декарттың «қостекті»(дуализм) философиясына голланд философы Бенедикт Спиноза (1632-1677) «біртекті» субстанцияға негізделген жүйені қарсы қояды. Біртекті субстанцияның екі атрибуты (мәңгі айырылмас қасиет) бар. Олар кеңістікке таралғандығы (созылмалылығы) және ойлауға қабілеттілігі. Осы екеуінсіз субстанция мүмкін емес. Субстанияны ешкім жаратпаған, оның себебі өзінде, сондықтан Спиноза оны құдай немесе табиғат деп атайды. Құдай табиғаттан жоғары емес, ол онымен бірге қабысқан. Субстанция шексіз, ал дүниеде шегі бар заттарды, құбылыстарды Спиноза «модус» (түрлі күштер ) деп атайды. Модустар арқылы субстанция көрініс табады. Адам субстанияның модусы, жанмен тәннің тұтас бірлігі, табиғаттың шағын бөлшегі. Табиғи заңдылыққа бағынған адамның дене құрылысынан субстанцияның бірінші қасиетін көрсек, ал іс әрекетінен екінші қасиетін, яғни ойлауға қбілеттілігін табамыз.Адам табиғаттың айырылмас шағын бөлшегі бола тұра осы екінші қасиетімен саналы қызметке икемділігімен ерекшеленеді .

Адам жаны мен тәні біртұтас, бір біріне сай, бірақ осы тұтастықтың айғағы дене.

Жан, рух қашанда болмасын оқшау ойлардың, идеялардың жиынтығы. Жанның ең жақын объектісі- өзінің денесі. Осыдан жанға Спиноза «тәннің идеясы » деп анықтама береді. Жанның осы қасиеті оның енжарлығын, денеден тәуелділігін көрсетеді. Сонымен бірге жан тек өзінің денесін сезіп қоймайды ол өзінің оқшау ойларын, идеясында түсінеді.

Осы жағынан адам жанының парасаттылығын белсендіілгін байқаймыз.

Адам жанының осы қасиеті оны субъект дәрежесіне көтереді. Әрине Спиноза ойлауды денедегі жүріп жатқан процестермен тығыз байланыста және соған тәуелді деп біржақты қарапайым шешімге тоқталмаған. Ол тән мен жанның сапалық ерекшеліктерін айыра білген.

Барлық адамдар табиғаттың бөлігі ретінде соның ықпалында болатыны даусыз. Осы ықпалдың адамның ішкі дүниесіне әсері қандай?

Спинозаның адам туралы іліміндегі басты проблемалардың бірі-ол адамның еркі, бостандығы.

Декарт адамның еркін, ақылдан кең ұғым деп қарастырғаны белгілі. Адамның жаны тұтас субстанция болмағандықтан, қайта әртүрлі оқшау (дискретті ) ой-идеялардан құралғандықтан онда ондай ерекше қасиет болуы мүмін емес. Адам еркінің бостандығы бар деп түсіну қате пікір дейді Спиноза. Емшек емген сәби өз еркімен ана сүтін сұрайды, немесе қорқақ өз еркімен қашып құтылмақ деп түсіну дұрыс емес. Адам өзінің ықыласын білгенімен, соның астарында не жатқанын, қандай себеп ықыласты тудырғанын біле бермейді.

Шындыққа жүгінсек, ерік деп жүргеніміз жалпы ұғымдар жеке ойлар мен идеялардың жиынтығы. Осы ойлардың әрқайсысын жеке алып қарасақ олардың жетілмеген жартылай ақиқат екендігін немесе жалған екендігін байқар едік. Осыны адамдар біле бермейді де әбден толысқан ақиқатпен қаруланған ерік бостандығы бар деп сенеді.

Сондықтан, ерік бостандығы жоқ, өйткені сол жанның ерекше қасиеті деп жүрген еріктің өзі де жоқ. «Ерік пен ақыл ...бірдей», -дейді Спиноза. [6] Адам дүние түзілісінің заңдылығына бағынған «табиғаттың шағын бөлігі». Адам осы жағдайда, өзінің тіршілігін сақтап, қорғап қалуға тырысады.

Ол күйзеліп толқиды, қобалжиды өзінің (эмоциялық) көңіл-күйге бағынышты өмірін құрайды. Оны Спиноза аффект деп атады.

Аффект адам жанының түрлі идеяларға , ойларға толы жағдайы. Осы аффектілерге байланысты адам тәнінің іс-әрекетте қабілеттілігі бірде жоғарылап, бірде төмендейді. Декарттан соң, «Этиканың » авторы да адам құштарлығының шым-шытырық дүниесін талдап реттеу керектігіне мән берген . Адамға әсер етер аффектілердің негізгі түрлерін Спиноза құмарлықтан бастайды. Құмарлық тәнмен байланысты болғандықтан оның тазалығын, жалпы тіршілігін сақтап қорғайды. Оны жан сезіп құмарлықты ықыласқа аударады. Оны екеуінен басқа негізгі аффектілер қатарына қуаныш және қайғы жатады. Осы аффектілер адамның санасын басып тежейді. Аффект--құштарлықтың алдындағы дәрменсіздікті Спиноза құлдық деп атайды. Адам құштарлықтың құлы. Осы пайымдаулармен Спиноза адам бостандығын жоққа шығарды деп айтуға болар еді. Бірақ осы пікір Спинозаның ақырғы сөзі емес. Адамның аффекттің шырмауынан құтылып бостандыққа жетуге мүмкіндігі бар. Ол үшін сезімге емес парасатты-интуитивті танымға сүйену керек. Осының нәтижесінде адам енжар аффект-құштарлықты бұғаулап ақыл-парасатпен қаруланған белсенді аффект-қимылға көшеді. Спинозаның пікірінше адам еркінің бостандығы тек қажеттіліктен шығады. Қажеттілікке бағына, икемделе отырып бостандыққа жетуге болады.

Спиноза осы пайымдаулрында адамның бостандығын табиғи, әлеуметтік жағдайлармен байланыстыра алмағандықтан түбегейлі шеше алмаған.

Томас Гоббс (1588-1679) – ағылшынның философиялық жүйе (система) жасаған көрнекті ғалымы. Оның ықыласының адам мәселесіне ауғаны соншалық адам туралы көптеген еңбектер жазды. “Дене жөнінде”, “Адам жөнінде”, “Азамат жөнінде”, “Левиафан” және тағыда басқа шығармалары ғылыми қауымға белгілі.

Гоббстің ілімі бойынша тіршілікте талас тудырмайтын растық (реальность) ол – дене. Дененің бар екендігін ғылыми ұғымдар арқылы танып білеміз. Философияның айналасатын пәні де осы дене.

Адамды басқа табиғи денелер сияқты денеден тұрады. Сонымен бірге адам тек қана табиғи, физикалық дене емес оған қоса ол рухани тіршілік иесі. Ал рухты қалай түсінүге болады? Т. Гоббс денесіз рух бар дегенді мойындамайды. Рух деген сөз, біздің түсінігімізше, табиғи дене, жұқалығы соншалық, біздің сезімдерге әсер етпейді, бірақ кеңістікті толтырған. Адам рухани тіршілік иесі ретінде жасанды денелерді, мәдениетті тудырушы. Мемлекет те жасанды дене.

Адам өмірі Гоббстің пайымдауынша механикалық заңдылыққа бағынады, өйткені өмір дегеніміз тек мүшелердің қозғалысы. Қоғам алып механизм , ал адам – оның қарапайым бөлшегі. Барлық адамдар жаратылысынан бірдей тең, қабілеттері де және мүмкіндіктері де бірдей. Сонымен қатар адамдарда қатігез бен өзімшілдік басым. Осы қасиеттері жануарлармен жақындастырады, өйткені «адамдар жаратылысынан сараң ,қорқақ, ашушаң және басқа да хайуандық қылыққа үйір». Олардың іздегені - өз басының қамы. Сондықтан адамдар бір-бірін көре алмай жауласады. Адамның ықыласы аумалы- -төкпелі, тұрақсыз. Тұрақсыздық адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды тәртіпке салып, көмектесетін құқ туралы ғылыми ілім жасауға кедергі жасайды. Осы ілімдерді «тынбай қаламмен де, семсермен де жоққа шығаруда, ал сызықтар мен фигуралар туралы ілімдер талас тудырмайды, өйткені кейінгі ілімнен туған ақиқат адамдардың мүддесінен тиіспейді… Мен күмәндәнбаймын, - дейді. Т. Гоббс, - егер үш бұрыштың үш бұрышы квадраттың екі бұрышына тең деген ақиқат біреулердің бидік құқына немесе билігі жүріп тұрғандардың мүддесіне қайшы келсе… геометрия іліміне таласпаса да, бірақ геометрияның барлық кітаптарын жағып тынар еді». [7]

Философтың шығармаларында адамның табиғи және рухани қырларының ара қатынасы туралы мәселе қойылып талқыланған. Адам табиғат қоректену, қозғалу, көбею, сезім арқылы сияқты табиғи қабілеттері мен күштерден құралған. Осымен қатар адамдарда тәрбие арқылы қалыптасқан рухани қабілеттер бар. Олардың қатарына Т. Гоббс танымдық, қоғамдасып өмір сүруге икемділік қабілеттерін жатқызады. Рухани қабілеттердің адам болмысының әлеуметтік жағдайымен байланыстылығын Т. Гоббс жақсы түсінген.

Адамдардың жануарлардан артықшылығы ақылымен тілінде. Сондықтан олар бір-бірімен жауласып, өмір сүрудің зияндығын түсінеді. Ойлана келе, адамдар арасындағы қатынастарды реттеп, жалпыға бірдей тәртіп орнатып, бейбіт өмірді қамтамасыз ететін мемлекет құруға келісімге келеді.

Қоғамдық келісімнің нәтижесінде мемлекет – ұлы Левиафан пайда болады.

Мемлекет (баршаның ортақ денесі) құрылғаннан кейін адамдар бірігуге мәжбүр болады. Шындығында, олар тобыр күйінде қалып, әр кім өзінің қара басының мүддесін ойлайды.

Дегенмен де, басқаның мүддесіне қол сұқпау керек екенін мойындайды. Мемлекет бейбіт өмірді күшпен қамтамасыз етеді. Адамдар жаратылысынан тең болғандықтан мәңгі өзгермейтін «табиғи заңға» бағынады. «Табиғи заң» келісімді өмірдің ұйтқысы. Мемлекет адамдарды еңбек етуге, мейірімділікке, ұқыптылыққа, баулуға күш салады. Осыған қарамастан, адам мемлекеттің билігі жүрмейтін жағдайларда сол бұрыңғы әдетіне басады. Осыдан Гоббс адам туралы және қоғамдық құбылыстар туралы механикалық көзқарастың аясынан шыға алмаған деп айтуға болады. Солай десек те, Т. Гоббс адам парасатына сенді. Адамдар арасындағы қатынастарды реттеудің жолын құдайдан емес, күнделікті өмір тәжірибесінен, мемлекеттен іздеді.

ХVII ғасырдың екінші жартысында Англия Еуропаның саяси-философиялық дамуына күшті ықпал етті. Әсіресе, XVIII ғасырдың бірінші жартысында Францияда ағылшындар Локкпен, Ньютонның идеяларынан нәр алған ағартушылар қозғалысы кең жайылды. Ағартушылық дәуірдегі ойшылдар прогресске, адам ақылының мүмкіндігіне сенді.

Ағартушылық философияның ірі өкілдерінің бірі Жан-Жак Руссо (1712-1778), өзінің “Теңсіздіктің себептері туралы”, “Юлия, немесе Жаңа Элоиза”, “Қоғамдық келісім туралы”, “Эмиль, немесе тәрбие туралы” шығармаларында адам және оның әлеуметтік болмысы туралы ойларын ортаға салды. Руссоның мазасын алған сұрақтың бірі, әлеуметтік теңсіздіктің қарапайым адамға түсірген ауыртпалығынан қалай құтылу керек? – деген сұрақ. Адамның барлық қырын қамтып қалу мақсатымен ол философиямен қатар, психологияға, педагогикаға, социологияға да жүгінді. Руссоның байқауынша теңсіздіктің әр түрлері бар, айталық адамдардың қабілеті туғанынан бірдей болмайды, ал қоғамдық өмірде саяси теңсіздік, әлеуметтік-экономикалық деп ары-қарай жіктеле береді.

Сол теңсіздіктердің қайнар көзі – сол кездегі өркениетте жатыр деп түсінген Руссо қайшылыққа толы қоғамдық прогрессті әшкерелеу жолында біраз еңбек етті.

Ғылымға сүйенген прогресстің дамуы адамдарды бақытсыздыққа, азапқа түсірді. Адамның мәні оның еркіндігінде. “Адам ерікті болып туады, бірақ ол қайда болмасын құрсауда”. [8] Осы жағдайға адамдар өздері кінәлі. Руссо адамның әлеуметтік, моральдық, саяси жатсынуы, оның бітім-болмысындағы жаман қасиеттердің өрбіп өршуіне назар аударды. Осы құбылыстың түпкі себебі Руссо жеке меншіктен іздеді. Жеке меншік пайда болысымен теңдік жоғалды.

Осы тұғырықтан шығудың жолын Руссо табиғи қалыпқа түсіп, соған қайтып оралу деп ұққан. Табиғатқа оралу «төрттағандап еңбектеу емес», барлық адамдарға меншікті тең, бөлетін нағыз қоғамдастық құру. Сонымен, XVII – XVIII ғксырлардағы ойшылдар көзқарастарының алшақтығына қарамастан олар адамның мәнін ақыл-парасаттан іздеді. Осындай түсінік, таза теориядан емес, сол кезеңдегі әлеуметтік өмірдің ағысынан туған еді.

Әдебиеттер:

1 Жаңа дәуiр философиясы.-Алматы:Жазушы.-2006.-512 б..-(Әлемдiк философиялық мұра: 20 томдық;т. 6)

  2 Ғылым мен техниканың батыстық философиясы.-Алматы:Жазушы.-2006.-560 б..-(Әлемдiк философиялық мұра: 20 томдық;т. 10)

3 Жаңа дәуiрдегi француз философиясы.-Алматы:Жазушы.-2006.-560 б..-(Әлемдiк философиялық мұра: 20 томдық;т. 7)

4 Кiшiбеков Д. Философия:оқулық/Д. Кiшiбеков, Ұ. Сыдықов.-9-шы басылымы.-Алматы:Қарасай.-2008.-356 б.

7 Тақырып XIX ғ. Мәдениетіндегі батысеуропалық философия

1. Рационализм дәстүрі, жаңа философиялық жүйелердің ғылыми алғышарты.

2. ХIХ ғ Маркстік философиясы.

3. Классикалық емес философиясы. Иррационализм. Өмір философиясы: Шопенгауэр, Ф. Ницше

4. Позитивизм: Конт, Спенсер, Милль.
XVIII ғасырдың аяғында және XIX ғасырда Англиядан экономикалық жағынан , Франциядан саяси жене әскери icтep саласынан артта қалган Германия карымтасын неміс философиясының идеялық жеңістерімен қайтарды.

Немістің классикалық философиясы 1770-ші жылдарынан бастап 1831 жылға дейнгі қысқа кезеңді қамтиды.

Ол өзінің бірқатар тұтас кезеңдері арқылы сол кезде мүмкін болған философиялық дамудың шыңы ретінде көрінді. XYIII ғасырдың аяғы мех XIX ғасырдың басында Германия экономикалық және саяси мешеулікті жеңіп, буржуазиялық революцияға жакындай түсті. Классикалық неміс философиясының негізін қалаушысы И.Кант (1724 –1804 жж.) болды . «Мені екі нәрсе таңдандырады – бұлар төбемдегі жұлдызды аспан мен өз ішімдегі моральдық кодекс» деп жазды ол. Кант Күн жүйесінін пайда болуы көрінісін түзді. 1770 жылдан оның кызметінің сыншылық кезеңі басталды. Кант бойынша, адам танымының екі діңдегі бар – ақылға бағынатын парасат пен сезімталдық. Таныс субъектісінің белсенділігі идеясы неміс классикалық философиясында бастау алған.

Біздің заттар туралы түсінігіміздің өз біліміміздің салыстырмалы деңгейі тұрғысынан қарағанның өзінде әрқашан «өз бетінше заттардан» айырмашылықтары бар. Солайша, «біз үшін зат», яғни біз қабылдаған «о6ъект» (нысан) әрқашан “өз бетінше заттың», объектінің тек бiр жағы болып көрінеді. Ол о6ъектімен субъектіге аусатын философиялық зерттеудін бағыттарьн үстемелеп, трансценденталдық философияны жасайды. Оның негізгі еңбектері: «Таза ақылдың сыны», «Тәжірибелік ақылдың сыны». Кант адам еркіндігінің проблемасын қарастырды. Этикиға «категориялық императив» түсінігің енгізді.

И.Фихте – субъективтік идеалист. Оның негізгі шығармасы «ғылым– ілім».

Ұлы философ Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 жж.) өз философиясының негізгі етіп әлемнің даму принципін алды. Ол абсолютті идеяның (абсолюттік pyx) дамуын қарастырып, диалектикалық логиканы кұру аркылы дамуды түсініктер (категориялар) түрінде бейнелеуге қол жеткізді. Философия тарихында диалектикалық логика категоряларының, принциптерінің және заңдарының жүйесін алғаш болып негіздеген Гегель болған.

Г. Гегель барлық тіршілікті астында түсінік жасырынып жатқан жамылған деп есептеді. Гегель ілімінде түсінік деген әлемдік рухтың, А6солютті идеяның алдымен өз бетінше логикалық процесс ретінде дамып, одан табиғи болмысқа өтіп, онда өткен рухани даму формасында және шындық заңдарының ашылуы аркылы адам санасында қайталануы түріндегі қозғалыс пішіні деп түсіндіріледі. Абсолюттік идея өз-өзін А6солюттік ақиқат түрінде таниды. Ол диалектиканың негізгі заңдарын қалыптастырды. Гегельдің пайымдауы бойынша, кез келген даму төмендегі: беку (Тезис), тepicтey (антитезис) және терісті тepicкe шығару, қарама-қайшылықтарды жою (синтез) схемасымен дамиды. Қайшылықтар дұниені қозғауышы күш болып табылады және қайшылықтарсыз даму жоқ деп ұйғарған Гегель. Гегель диалектикасының негізінде кез келген дамудың кайнар көзі түсініктің өз бетінше дамуьмен дәйектеледі, демек, оның рухани табиғаты бар деген тұрғындағы идеалистік ұғым жатады. Оның негізгі еңбектері – «Рухтың феноменологисы», «Логика ғылымы >, т.б.

Гегель «Барлық шындық - ойлы, ал барлық ойлылық -

немесе «Ақиқат қалтаға сала салатын тиын емес», немесе «Минерва үкі іңірде ұшьш шығады», немесе «Ақиқат деген сезді естігенде менің кеудем көтеріледі» сияқты бірқатар пайымдауларын айтты. Бұл айтылгандардың әрқайсысын салмақты мән-мағыналары бар. Гегель, Кант – объективтік идеалистер.

Людвиг Фейербах (1804-1872 жж.) идеализмді өткір сынға алды. Өзінің «Христианшылдықтын мәні» аталатын негізгі еңбегінде ол материалистік идеяларды, сонымен бірге антропологиялық идеяны дамытады. Фейербах шешімді түрде дінге қарсы шықты, оның философиясының негізі махаббат ұғымы 6олып табьлады. Фейербахтың; философиялық iлiмi антропологиялық материализмге жатады.

Фейербах идеализм мен дін арасындағы логикалық байланысты байқады. Алайда Фейербах Гегельдін идеализмін ғана cepпіп тастаған жоқ. Ол бейнелі түрде айтқанда сумен бірге баланы да «төге» салуы себепті Гегель диалектикасын өз деңгейінде бағалай да, пайдалана да білмеді.

Немістің классикалық философиясы философиялық ойдың өзін жаңа деңгейге көтерді.

Диалектикалық – материалистік философияның негізін салушылар – Карл Маркс (1818-1883 жж.) және Фридрих Оигельс (1820-1895 жж.). Марксизм диалектикалық және тарихи материализмді, саяси экономиканы және ғылыми коммунизмді қамтиды. Маркстік философияның теориялық негізі немістің классикалық философиялық болып табылады.

Маркстік философияның мәні: «Философтар әр түрлі жолдармен дүниені түсіндірумен болды, алайда мәселе оны өзгертумен дәйектеледі» деген қағидада көрінеді.

Маркс пен Энгельс идеалистік тәсілдің қоғамдық-тарихи құбылыстарды түсіндірудегі дәрменсіздігін көрсеттi. Маркс пен Энгельс ғылыми айналымға мәні материалдық өндірістің қоғамдық өмірдің өзге салаларынына қатысты анықтаушы ролін танумен дәйектелетін «тарихты материалистгк түсіну» ұғымын енгізді. Маркс тарихи процесті жіктеудің формациялық концепциясының авторы. К. Маркс тарихтың материалистiк түсінігін философия тарихында алгаш жасап берген. Маркстің iлiмi бойынша қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды. Сонымен бiрге олap әлеуметтік-экономикалық детерминацияны абсолюттендірудің, оны сыңаржақты процесс ретінде қарастырудың қате екенін атап көрсетті.Қоғамның рухани өмipi салыстырмалы дер6естікке ие, оның кызметінің өз заңдары бар және олар қоғамдағы процестерді тездетіп немесе тежеп, даму барысына айтарлықтай ықпал етіп отырады.. К. Маркстің негізгі шығармалары: «Капитал», «Анти - Дюринг»,т.6. Ф.Энгельстің негізгі шығармасы «Табиғат диалектикасы».

В.И.Ленин ( 1870-1925 жж.) маркстік философияның негізгі идеяларын арғарай дамытқан. Маркстік – лениндік идеология кеңестік кезеңінде біздің қоғамда үстемді рөл атқарған. Лениннің негiзгi философиялық шығармалары: «Материализм және эмпириокрити­цизм», «Философиялық дәптерлер».


Әдебиеттер:

1 Есiм Ғ. Қазақ философиясының тарихы:оқулық/Ғарифолла Есiм.-Алматы:Қазақ ун-тi.-2006.-216 б.

2 Алтай Ж. Философия тарихы:оқулық/Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли.-2-шi басылымы.-Алматы:Раритет.-2006.-310 б.

3 Байтенова Н. Ж. Философия:учебник для студ. вузов/КазНУ им. аль-Фараби; сост. Н. Ж. Байтенова.-Алматы:Қазақ университетi.-2006.-390 с.

4 Есiм Ғ. Даналыққа құштарлық/Ғ. Есiм.-Семей; Новосибирск:Талер-Пресс.-2007.-521 б.
8 Тақырып XIX ғ. - XX ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы

1. П Чаадаевтың тарих философиясы.

2. Словянофильдік және батысшылдық бағыттар.

3. Орыс философтарының діни-философиялық ізденістері

4. Орыс космизм және мистикалық философия.

«Умом Россию не понять, Аршином общим не измерить. У ней особенная стать  

В Россию только можно верить».

(Ф. Тютчев)

Тютчевтің бұл сөздерін барлық орыс философиялық ойына эпиграф ретінде алуға болады.

Философияның ұлттық типтері болады, олардың қатарында орыс философиясы да бар.

Белгілі есімдерге Ломоносов, Чаадаев, Хомяков, Герцен, Черны­шевский, Соловьев, Бердяев, Флоренский, Шестов, Лосев, т.б. жатады.

Орыс халқының 988 жылы христиандықты қабылдауы оның дамуының шешуші қадамы 6олғаның атап көрсету қажет. Орыс философиясы Петр Біріншінің реформаторлық қызметіне дейін теоорталықтық түсінікті игерді. Петр Біріншінің реформасынан соң орыс зиялыларының қарқынды түрде Батыс еуропалық философиясын меңгеруi басталды. Философияның жүйелі дамуы XIX ғасырдың екінші ширегінен өзек алады. Ал XIX ғасырдың 40-50 жылдары идеялық даулар, негізінен, Ресейдің келешектегі даму жолдары төңірегінде өрбіді. Осы тұста белгілі екі ағым пайда болды – батысшылдық (В.Г.Белинский, А. И. Герцен, т.б.) және славянофильдік (И. В. Ки­реевский, А. С. Хомяков, т. б.).

Батысшылдар Ресейдің әлеуметтік қайта кұрылу келешегін Батыс Eypoпa елдері жетістіктерін игерумен байланыстырды. Ерте бой көрсеткен батысшылдардың арасынан философ, жазушы А. И. Герцен ерекшеленді. Ол батыс философтарының еңбектерін тамаша білді. Oл Гегель диалектикасын «революция алгебрасы» деп бағалады және адамзаттың антагонизмнен ада қоғамға ұмтылу заңдылығын негіздеуге

талпынды.

Герценнің барлық философиялық тұжырымдарында табиғат пен адамның, материя мен сананың, индивид пен халыктың, жаратылыстану мeн философияның, тарихи жағдайлар мен адам еркінің, тағы басқалар бірлігінде бейнеленетін жалпыбірлік идеясы өтіп тұрады.

Герценде болашақ қоғам социалистік идеалмен тектес. Герцен идеялары орыс философиясының, Ресейдің қоғамдық-саяси ойының дамуына зор ықпал етті. Сөйтіп ол халықшылдық (народничество) идеологияны тудырушылардың біріне айналды.

Егер батысшылдар қоғам дамуының еуропалық үлгілерін басшылыққа алса, славянофильдер ұлттыұқ идеялык дәстүрлері негізінде айрықша орыс философиясын жасап шығаруға ұмтылды.

Славянофильдер дін іздеушілікпен шұғылданды. Олардың тарапынан дінге рухани көшбасшының барлық құқықтары қайтарылуы керек болды.

Славянофильдер шындыкты интуитивтгк-сезімдік қабылдауға негізделен орыс халқының дінге бой ұсынушылығы туралы, православиелік-христиандық менталитеттің діни тұтастығын уағыздады.

А. С. Хомяков басбірлікті, бостандықты және махаббатты тек православие ғана сақтайды деп есептеді. Отбасындағы, қоғамдағы, өзге де рухани бірліктер негізінде пайда болатын алқалы жиналысы (соборность) түсінігі ең өзекті түсінікке айналады. Славянофильдік идеялары Л. Н. Толстойға да ықпал етті. Ол да дініздеушілікпен айналысты. Ол үшін «Бог» (Құдай) – Христос емес, Христос – өзгелерге махаббатты қалай қолдануды, жамандыққа күшпен жауап бермеуді үйреткен Адам. Бұл ұстаным конфуциандыққа, буддизмге және даосизмге тіреледі. Толстой үшін бірінші орында философия емес, дін түріндегі этика тұрады.



В. С. Соловьевтің (1853-1900 жж.) діни философиясы

«құдайадамдық жалпыбірлік» (концепция богочеловеческого всеединства») тұжырымдамасын негіздеуге бағытталған ғылым мен діннің синтезі іспетті өзіндік «тұтас білім» жүйесін құруымен ерекшеленеді.

Соловьев жалпыбірлік идеясын жасау үстінде славянофильдік алқалы жиналыстық (соборность) идеясынан тіреніп, жылжып кетеді. Жалпыбірліктін негiзгi ұстанымы – “Барлығы бiр құдайдың құзырында біріккен». жалпыбірлік – жаратушы мен жаратылушының бірлігі.

Соловьевтің құдайы ғарыштық ақыл» ретінде көрінеді.

Барлық өзгерістердің тікелей субъектісі ретінде жалпыбірлік идеясын қажет ететін әлемдәі жан кызметі айтылады.

Бұл идея София даналығы атына ие болды . Соловьев iлiмін сондай­ақ софиология деп атайды. дүниенің негізі мен мәні – әлем жаны» –София, оңы Соловьев құдайға, дүние мен адамға бірлік беретін жаратушы мен жаратылушы арасындағы байланыс дәнекері ретінде қарастырады.

Үш абсолютті құндылық – игілік, ақиқат және сұлулық мәні махаббат болып табылатын бірлікті қалыптастырады. Соловьевтың ғылым, философия және дін бipлiгінің қажеттіглігі туралы пікір аәемді жалпыбірліктің нeмece құдайдың ықпалымен қалыптасып біткен жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Соловьев орыстың діни философиясында интеллектуалдық тенденция өкілі ретінде көрінді.

Соловьев «Чтение о Богочеловечестве», «Оправдание добра» сияқты еңбектердің авторы.

В. Соловьев – әлемге неғұрлым кең танылған 'орыс философы.


Н. А. Бердяевтің діни философиясы (1874-1948 жж.). Н. Бердяев

– персонализм ілімінің өкілі (персона – жеке тұлға). жеке тұлға

Бердяевтің философиясында эмпиризмдік индивидуалистікпен сайкеспейді. Жеке тұлға адамның барлық рухани және жандық қабілеттер жиынтығы ретінде ойластырылады. Бердяевтің адам мен қоғам туралы оқуының басты мазмұны жеке тұлға мен объективацияның расындағы қақтығыс болып табылады.

Объективация жеке тұлғаны қоғамның бөлшегіне айналдыруға қамтылып, сөйтіп оңы бағынышты етеді. Объективациядан өтy барлық формада жеке бастаулардың ұжымнан басым тұруын білдіреді.

Бердяевтің тұжырымдамасында жеке тұлға адамның шыгарма­шылық және еркіндік әлемімен байланысын жүзеге асыратын «ішкі экзистенционалды жүйке» түрінде ойластырылады.

Бердяев нарғыз христиан идеологиясын іздеуге кipiceдi. Әрдайым жеке тұлға мәнін іздеу және сонысымен де күнды тәжірибе оның шығармаларында түзілген. Нағыз еркін адам бас пайда мүддесінен, қызғаныш пен өкпеден биік тұрады. Бостандық материалдық мүддеге бағынбайды – әйтпесе ол бостандық eмec. Мұндай еркіндік қалың бұқараны мазасыздандырады. Сондықтан олар өз тағдырларын жейтін нан мен тәртіпке уәде берген кез келген адамның қолына ойланбай бере салады.

Бердяевтің пікірінше, Құдай адамға қалай елестесе – ол сондай. Вердяев идеялары француздың экзистенциализмі мен персонализмінің дамуына ыкпал eттi.

Бердяевтің басты философиялық жұмыстары — «Еркіндік философиясы», «Тарих мәнісі және басқалары.

Орыс діни философиясындағы В.С. Соловьевтің интеллектуализміне Л. Шестов, П. Флоренский, т.б. қосылған антиинтеллектуалдық ағым қарсы тұрды. Жаңа орыс діни философиясындағы антиинтел­лектуалдық пікірді көбінесе Л. Шестов (1866-1938 жж.) жақтады. Оның ілімінің айқындаушы тұсы сенім мен ақылдың түпкілікті қарама 

қарсылығы, тіпті олардың бір-біріне сыйыспастығы туралы желісінен көрінеді. Оның қөзқарасынша, сенім– адам 6олмысының ерекше, мейлінше толық, биік қыры, адамзат қоғамының, беделдің, қисынды дәлелдердің заңдарына бағынбайтын жаңа өмірге деген түбегейлі бетбұрыс. Ceнім – адам өмip сүретін барлық идеялар шеңберінен бұлқынып шығуга деген дайындық. Нағыз дінге сенетін адам тек өзі сүйенетін барлық шектеуші заңдардың немесе барлық тіректердің талқандалғаның, бөлшектенгенің, жойылғаның, жоғалғаның, барлық жарықтардың өшкенің, барлық нұскаулардың кұртылғаның сезінетін адам болып табылады.

Антиинтеллектуалистер тепе-теңдік заңы болмыс құпияларына енуде түк пайдасыз болуымен қоймай осы жолда аяққа оратылатын бөгет деп түсіндіреді. П. Флоренскийдің пікірінше, тепе-теңдік заңы тек бүлдіруші ғана күш eмec, ол адам бойындағы жасампаздық бастауларды жойып, жеке тұлғаны жатқа айналдырады. Сондықтан да осы заңды жеңі – адамның рухани өлшемін қайта жаңғыртудың, жеке тұлғаны қалыптастырудың басты шарты болып табылады. Пұшайман, шеңбері өте тар ой-өріске дүниені көрудін ерекше рухани кабілеттілігі қарсы қойылады. Мұндай кабілеттің түрлі белгілері бар – сенім, сүйіспеншілік, дiни тәжірибе, т. б.

Антиинтеллектуалистердің тұрғысынан діни тәжірибе, ceнім – осы сөздердің дәл мағынасындағы таным емес, адамның тікелей құдаймен байланысы, трансценденттік қажеттілігінен туған ішкі сезім.

Орыс философиясының айрықша белгілерінің бipi – оның этникалық персонализмі. Этикалық персонализм қоғамдағы ұғынықты тілмен айтқанда алқалы жиналыс қағидасына әкеледі. Алқалы жиналыс (соборность) дегеніміз елдін құдайға деген махаббат негізіндегі бірлігі және адамгершілік құндылықтарына деген кұрмет.

Қaзipгі кезде орыс космизмін (Чижевский, т.б.),тұтастай алғанда,

орыс философиясының визиттік карточкасы ретінде бағалайды. Iстің мәніне келгенде орыс космизімі концепциясы орыс философиясының тұжырымдалған сипаттағы идеяларын, Соловьев, Флоренский, Федоров, Циолковский, Вернадскийлердің ақылы мен жүректерін жаулаған жалпыбірлік идеяларын бейнеледі.

Сөйтіп, орыс философиясының негізгі де, басты принциптері

тұтастық, жалпыбірлік, этикалық персонализм, қауымдастық және космизм ұстанымдары болып табылады.

Орыс діни философиясының орыс адамының рухани бағдарларына әсері. Орыс философиясының орыс адамының мәдени және әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне және табуына деген дүниетанымдық бағдарлары.


Әдебиеттер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет