ҚҰрастырушылар: Мусатаева Г. Т., Конуспаева А. Т. Компьютерлік жүйелер интерфейстері: 5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы. Алматы: аэжБУ, 2013



бет14/18
Дата19.01.2024
өлшемі193.65 Kb.
#489439
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
стандартты және арнайы интерфейстер

Дәріс мақсаты: графикалық және графикалы емес пайдаланушылық интерфейстердің ерекшеліктері.
Бағдарламалық құрылғылар индустриясында қолданылатын пайдаланушылық интерфейстердің бірқатар жіктелімі бар.
Қазіргі уақытта қолданылатын жалпы жіктелімін қарастырайық. Жалпы жағдайда пайдаланушылық интерфейстерді екі үлкен топқа бөлуге болады:
- WIMP-интерфейсі, оның компоненттер: window - терезе, icon - пиктограмма, menu - мәзір, pointer - көрсеткіш болып табылады.
- SILK - интерфейсі, speech - сөз, icon - пиктограмма, language - тіл, knowledge - білім.
Қазіргі уақытта WIMP-интерфейс тобы кеңінен таралған. Арнайы облыстарда қолданылатын SILK-интерфейстер тобы сирек қолданылады. Төменде бағдарламалық өнімдерді жобалаушыларда кеңінен таралған WIMP-интерфейс туралы толығырақ қарастырамыз.
Қазіргі кезде қолданылатын пайдаланушылық интерфейстердің жіктелімін қарастырайық, олар төрт топқа бөлінеді:
- графикалық пайдаланушы интерфейсі (Graphical User Interfase - GUI);
- пайдаланушы Web-интерфейсі (WEB-User Interfase WUI);
- қалта құрылғыларын пайдаланушы интерфейсі (Hand-User Interfase-HUI);
- графикалық емес командалық жолдың пайдаланушы интерфейсі (Command Line Interfase CLI).
Графикалық пайдаланушы интерфейс (GUI).
Графикалық пайдаланушы интерфейс (Graphical User Interfase – GUI) “пайдаланушы-компьютер” қарым-қатынасының стилі ретінде анықталады. Онда мынандай негізгі элементтер қолданылады: терезелер, пиктограммалар, мәзір және көрсеткіштер. Кейде GUI-интерфейсін WMP-интерфейсі деп атайды.
GUI-интерфейсінің негізгі қасиеттері – ол бақылау жасау мүмкіндігі, маус немесе көрсеткіштің қолданылуы, графиканың пайдалануы, функция мен мәліметтер қосымшасы ауданының болуы. GUI – компоненттерін тереңірек қарастырайық. Терезе – ол бейнелеу құрылғысының облысы, нысандармен, нысандар туралы ақпаратпен өзара қатынасы үшін қолданылады немесе нысандарға қолданылатын әрекеттерді орындауға арналған. Терезеде тақырыптар жолы болады, ауыспалы операциялар теруіне ие болады, мөлшерінің өзгеруі, мәзір теруімен және нысанілер туралы ақпарат көрсететін арнайы облысы болады. Әдетте терезе тікбұрышты болып келеді. Онда терезені қолданатын қосымша, GUI–бағытталған қосымша болып келеді. Терезе ақпаратты құрылғы бейнесінің тек қана бір аймағына немесе облысқа бейнелейді. Бейнелеу құрылғысын жарым-жартылай қолдану, бірмезетте бірнеше нысандармен немесе сұхбатты басқарушылармен өзара қатынаста болу үшін бірнеше терезені қарап шығуға мүмкіндік береді.
Пиктограммалар. Пиктограмма көп жағдайда терезеге ұқсас болып келеді, бірақ формальды анықтамаға сәйкес – бұл бейнелеу құрылғысының облысы, нысандармен көрнекті қылу үшін қолданылады. Пиктограмманың типтік қасиеттері нысанды, тақырыбын немесе атын көрсету үшін графикалық символдарды қосады, сонымен қатар операцияларды бақылайды. Пиктограммада орындалатын, нысанды сипаттайтын – бұл Open (ашу) операциясы, ол нысан туралы ақпараты бар терезені сипаттайды.
GUI–интерфейсінде қолданылатын, формалды түрде пиктограмма болып саналмайтын графикалық символдардың жиыны бар. Нысандардың атрибуттерін, жағдайларын және әрекеттерін сипаттайтын графикалық символдар ақырғы пайдаланушылармен пиктограмма сияқты қабылдануы мүмкін. Бірақ GUI–интерфейсі және стандарттарды құрастырушылардың көзқарасы бойынша, оларды графикалық батырмалар ретінде қарастырған жөн. Мұндай жағдайларда графикалық символдардың қолдануына мына терминдер “пиктограмма” және “графика” арқылы өзара алмастырылады.
Мәзір. Мәзір баламалардың қатарын көрсетеді. Оның көмегімен пайдаланушы, өзінің таңдауын жүзеге асырады. Әдетте GUI бағытталған мәзірдің баламасы – нысандармен амалдар орындау үшін, пайдаланушылармен таңдалатын командалардың аттары болып келеді. File (Файл) мәзірі - мәзірдің мысалы, ал File мәзірінде орналасқан - Print командасы баламалы нұсқасының мысалы болып табылады. Мәзірде барлық пайдаланушы командалар орналасқан. Жүйенің графикалықтан өзгешесі, керісінше мәзірде дисплей толығымен қолдану қажет. Бірақ мәзір иерархия тәсілімен орналасу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет