Дәріс мақсаты: қосымша деңгейінің өзара қатынас интерфейстері. WEB - қосымшалардың өзара қатынас интерфейсін орындау.
Екі қосымшаның, WEB – броузер және WEB-сервердің (әдетте бұл екі қосымша әртүрлі машиналарда және соған сәйкес түрлі бағдарламалы-аппараттық платформаларда орналасқандықтан, бағдарламалы-аппараттық интерфейс терминін қолданамыз) өзара қатынас интерфейсін қарастырамыз.
WEB- қосымшаның өзара қатынас интерфейсін орындағанда (Hypertext Transfer Protocol – гипертекст тасымал хаттамаы) қолданылады, WWW - World Wide Web торабында орналасқан, қолданбалы деңгейдегі хаттама және әртүрлі ақпаратқа кіру мүмкіндігін қамтамасыз етуші. НТТР хаттамасы берілген мәліметтердін түріне байланыссыз, ақпаратты көбейтудің жоғарғы өндіргіштік механизмін иемденеді. Хаттама нысаны – бағытталған технологиялар бойынша құрылған және түрлі тапсырмаларды шешу үшін, мысалы таратылған ақпараттық жүйелерді басқару үшін қолданылады.
Берілген әртүрлі форматтарды сақтау және ұсыну қабілеті НТТР-ді қолдана отырып, WWW жүйесін ерекше енгізу құралы етеді.
Қазіргі кезде HTTP хаттамасы WWW жүйесінде негізгі хаттама ретінде қолданылады. Осыған қарай HTTP хаттамаында жұмыс істеу әдісін толығырақ қарастырайық. HTTP хаттамаы WWW серверлерінде ақпараттық ресурстар мен сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. WWW торабының көпфункционалды ресурстарына қатынасты үйлестіру үшін, серверлер интерфейстер кешенін қолдайды. Ол тораптық ресурстарға қол жеткізу әдістеріне және деңгейлерді құрылымдауға мүмкіндік береді. Әр интерфейс құрылымы мен әдісі бар торап нысанісінен тұрады. WWW торабында орналасқан ақпаратты іздеу үшін Web-броузер деп аталынатын арнайы қосымша қолданылады. Нысандардың (клиенттік және серверлік) келісілген өзара қатынасы бағдарламалық интерфейс түсінігін қалыптастырады.
Қосымша деңгейінің хаттамаы негізінде құрастырылған бағдарлама – аппараттық интерфейстерді қарастырайық. URI (Uniform Resource Identifier, ресурс сәйкестендіргішы), URL (Uniform Resource Locator, ресурстың орны), URN (Uniform Resource Locator, ресурстың аты) - бір сервистің әртүрлі идентификациялық аспектісі. Ол ресурс орналасқан, интернет жүйесі арқылы кіруге болатын тораптың түйінінің түрін, қатынас әдісін және орнын анықтайды. Бұл сервис үш бөлімнен тұрады.
1) Сұлба. Сервистің түрін сәйкестендіру. Ол арқылы сервиске қатынас жасауға болады. Мысалы WWW сервер.
2) Адрес. Ресурстың адресін (хост) сәйкестендіреді. Мысалы, www.ripn.net.
3) Кіру мүмкіндігінің аты және жолы. Таңдалынған хоста, ресурсқа толық жол сәйкестенеді. Біз оны ресурсқа кіру мүмкіндігіне пайдаланатын боламыз. Мысалы /home/images/image l.gif. Мысалы, Microsoft (WWW-серверде) сайтында орналасқан, readme.txt файлы келесідей сәйкестендіргішы бар ресурсқа ие: http://www.microsoft.com/readme.txt. Ол дегеніміз ресурсқа қатынас үшін HTTP хаттамасын пайдалану керек, (кіру сұлбасы қос нүктемен бөлінген “:” және пайдаланған хаттамадың атын көрсетеді) келесі екі слэш www.microsoft.com серверінің адресін көрсетеді және файлдың аты /readme.txt қолданылады.
Әдетте ресурс орналасқан компьютер туралы айтылса, оны URL немесе URN мәндері пайдаланылады, ол егерде ресурс толық белгіленсе (түрі, хост, жолы көрсетілсе) онда URI қолданылады. Әрине таңбаларды орын ауыстыруға болады, бірақ тексте оны не білдіретінін түсіндіру керек.
URI сәйкестендіргішы ресурс атын көрсетеді және оның параметрін де анықтайды. Параметрлер жолынан ресурс аты мына таңбамен “?” бөлінеді. Параметрлер жолы тұрақты құырылымдық символ тобынан тұрады, мынадай символмен“&” белгіленеді, мұндай лексама оның параметрінің атынан және оның “=” символымен бөлінген мәнінен тұрады. Бос орын символы “ “, “+” таңбасына ауыстырылады. ASCII символдар жиынтығына кірмейтін лексем символы “%” таңбасына және осы символдың он алтылық мәніне ауыстырылады. Берілген ресурсқа барлық жол параметрлері, бір жол параметрі болып табылады, сондықтан да жолдың жеке параметрлерінің атауының немесе оның реті, түрінің соншалықты маңызды емес. Мысалы: http://www.exe.com/bm/scrshell.run?in=10&go=ok+and+ok&event=l&event=2
Бұл URI сәйкестендіргіш төрт параметрден тұрады, үшеуі оны сандық, ал екеуі бір атауға ие. URI сәйкестендіргішға кейбір параметрдің мәндеріне талдау жатады. Аталмыш мысалда scrshell.run ресурсы.
HyperText Markup Language (HTML) – WWW торабында сақталатын ақпаратты баяндау тілі. HTML файлы графикалық, бейне, аудио ақпараттың қосылғанын білдіретін арнайы кодтан немесе ақпараттың (Web-броузер Java Script, Java) ортасын көрсететін орындау кодынан тұрады. Web-броузер қосымшасы Java және JavaScript тілдері үшін, олар орындалатын операциялық жүйе немесе орта, ал Web-парақ жұмыс істеу үшін бөлінген ресурс болып келеді. Бұл тілдер пайдаланушының деректері бойынша Web парақты құрмайды, оны өзінің жұмысы үшін және пайдаланушы үшін негіз ретінде пайдаланады. Web броузер бұл файлға қол жеткізгенде кодталған HTML файлдағы ақпаратты талдаудан өткізіп пайдаланушыға ыңғайлы түрде жеткізеді.
“HT” әріптері HTML хаттамаы атауында “Hyper Text”- WWW торабында ақпаратты орналастырудың негізгі тұжырымдамасын білдіреді. Hyper Text құжаты гиперсілтеме (hyperlinks) деп аталынатын арнайы байланысы бар және ол құжат мәтінінде орналасады. Гиперсілтеме қолданушыға құжаттың бір бөлімнен екінші бөлімге көшуге ғана емес, сонымен қатар WWW торабындағы құжаттармен байланысуға мүмкіндік береді.
Common Gateway Interface (CGI) – бұл WWW жүйесін кеңейту стандарты. WWW серверларға аргументтерді пайдаланушы анықтай алатын бағдарлама құруға мүмкіндік береді. CGI интерфейсі пайдаланушының мүмкіндігін арттырады және аталмыш Web парақпен байланысты бағдарлама орындауға мүмкіндік береді. Ол дегеніміз WWW серверінен ақпарат алу мүмкіндігі болады. Мысалы WWW серверді қолданғандар ең соңғы ауа райы болжамы туралы ақпарат ала алады. Ол үшін дерекқордан қазіргі уақыт мезетіне ауа райына сұраныс жасайтын бағдарламаны орындау қажет. CGI интерфейсі WWW сервер мен сыртта орындалатын бағдарламалардың байланыс құралы болып табылады. Ол пайдаланушының сұранысын қабылдайды да, оны сыртқы бағдарламаға береді, одан кейін нәтижесін пайдаланушыға құрастырылған Web парақ арқылы қайтарады. Web парақтар бір-бірінен айрықша болуы мүмкін. Себебі олар пайдаланушы анықтаған параметрлерге байланысты қалыптасады.
CGI механизмі әмбебап болғандықтан ол кез келген WWW серверлер арасында деректерді алмастыра алады. CGI интерфейсі орындалатын файлдардан құралған соң, оған онда орындалатын бағдарлама түрлеріне шектеулер болмайды. Бағдарлама орындалатын модульдерді құралатын кез келген бағдарлама тілінде жазылуы мүмкін. CGI-бағдарлама Perl және Shell сияқты операциялық жүйелердің командалық тілдерін пайдалана отырып жазылуы мүмкін.
Қазіргі уақытта техналогияда көбінесе активтік серверлік парақтар ASP (Active Server Pages) технологиясы кеңінен қолдануда. Бұл технология CGI стандартын пайдалануын қарастырады. Бірақ, Web парақ құру мақсатында, нысанды-бағытталған деңгейде ғана пайдаланады.
Пайдаланушы интерфейсінің бұл түрі, дисплейі кішкене мөлшердегі қалта компьютерлеріне пайдаланылады. Мұндай жүйелерде, осы ерекшелікті ескеретін, пайдаланушы интерфейсінің нысандары қолданылады.
HTML форматтағы гиперсілтемені қолданатын, пайдаланушы интерфейсін құруға дағдылануға арналады. Гиперсілтемелер, “Hand User Interface” жобасының талаптарын ескеретін, пайдаланушы интерфейсінің компоненттері болып табылады.
WUI негізіндегі пайдалану интерфейсінің компоненттері, тораптық бағдарламалық қосымшадағы пайдаланушының өзара қатынасын қамтамасыз етеді (мысалы Интернетте). Пайдаланушыға ақпаратты көрсетуден басқа, WEB парағының негізгі функцияларының біріне (WUI нысанілері бар кезде), WEB – торапқа белгілі деректерді жіберіп, оларды серверде өңдеу мүмкіндігі жатады. Бұл мақсаттар үшін парақтын кодына, HTML-парағында арнайы түр – нысаніні көрсететін, олардың көмегімен интерактивті интерфейс құруға болатын, арнайы тэгтер қосылады.
WEB – бағдарламалау тобының бағдарламалық құралының арнайы мүмкіндіктері қолданылады, мысалы JAVA-script немесе VB-script. Бағдарламалық жүйенің пайдаланушы іс-әрекетіне реакциясы ретінде көрсетілетін, “оқиға” мүмкіндіктері қолданылады. “Оқиғалар” дұрыс қолданылса пайдаланышуға тиімді көмек көрсете алады, мысалы: деректерді енгізуде, тасымалдауда, білмегенді толықтыру сияқты көмектер береді.
Бақылау сұрақтары:
1) Қосымшаның өзара қатынас интерфейстері қалай орындалады?
2) Web-қосымша мысалында өзара қатынас интерфейсінің негізгі құрамдастарын атаңыз.
3) CGI интерфейсі қандай қызмет атқарады?
Достарыңызбен бөлісу: |