ҚҰрастырушылар: Мусатаева Г. Т., Конуспаева А. Т. Компьютерлік жүйелер интерфейстері: 5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы. Алматы: аэжБУ, 2013



бет11/18
Дата19.01.2024
өлшемі193.65 Kb.
#489439
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
стандартты және арнайы интерфейстер

Бақылау сұрақтары:
1) Адам-оператор талдағыштарының сезу табалдырығының сандық бағалары қалай анықталады?
2) Адам-оператор талдағыштарының уақыттық сипаттамалары қандай?
3) Адам-оператордың жылдамдығы қалай анықталады?
4) Оператордың қалпына келуі қалай анықталады?
5) Оператордың дайындығының коэффициенті қалай сипатталады?
9 дәріс. Пайдаланушылар санаттары
Дәріс мақсаты: интерактивті жүйелерді пайдаланушылар жіктелімі. Оператордың қызмет түрлері. Адам-оператордың қызмет кезеңдері. Адам-оператордың әрекет түрлері. Оператордың қолданатын модельдер түрлері.
Осы сұраққа арналған оқулықтарда интерактивті жүйелерді пайдаланушылардың жіктедімдерінің бірнеше нұсқалары келтірілген. Бірақ берілген әдістерде ерекшеліктер бар болғанмен, олардың жіктелім қағидалары бірдей болады.
Пайдаланушының интерактивтік жүйеге қатынасы негізінде, онымен жұмыс істеу тәсілдеріне әсер ететін факторлар жатыр.
- адам қажеттілігі, яғни сұхбат жүргізетін серіктеспен түсіністікте болу;
- пайдаланушының қабілетілігі, оның шапшаңдылығымен (ең біріншіден пернетақта мен маусты қолдануында), лингвистикалық қабілеттілігі, есеп шығару қабілеттілігінен тұрады;
- өзіндік қасиет, яғни үйренуге қабілеттілігі, шыдамдылығы, қатеге төзімділігі, шығармашылық қабілеттілігі;
- компьютерлік білім деңгейі. Бұл жерде көбінесе бағдарламалаушы немесе бағдарламалаушы емес пайдаланушылар, соңғыларын үш санатқа бөлуге болады:
- дайындалған пайдаланушылар, шығармашылық есеп шығарушылар, аналитиктер және зерттеушілер (яғни жұмыс іскерлігі толықтырылғандар);
- дайындалған пайдаланушылар, операцияларды орындаушылар (яғни, жұмыскерлігі тұйықталған);
- жай пайдаланушылар, компьютерлік білімі аз.
Пайдаланушының қолданбалы облысқа дайындығы оның тілді (мамандалған терминология) қолдануына және есеп шығару тәсілдеріне әсер етеді.
Жүйені қолданудың себебі келесілер болуы мүмкін:
1) міндетті - жұмыстың керекті бөлігі;
2) міндетті емес – кәсіби қызметтің қосымша құрамдасы ретінде;
3) міндетті - жеке қажеттілік тұрғыдан (мысалы, белгілі ақпаратты тек компьютер арқылы ғана алуға болатын жағдайда);
4) міндетті емес – жеке бас өмірінде (мысалы: ойын-сауық ретінде).
Жүйеге деген қатынасын және жұмысқа талабын, оның компьютерлік білім деңгейімен және оны қолдану себебімен анықталады; ол келесідей болуы мүмкін:
- нейтралды - пайдаланушы компьютерді тек жұмыс құралы ретінде қарағанда;
- жағымды, пайдаланушы компьютерді ынтамен, яғни одан көбірек пайда алу мақсатында (немесе рахат алуда);
- жағымсыз, пайдаланушы компьютермен қолдануды шектеу ретінде қарастырғанда (техникаға деген сенімсіздікпен қарағанда).
Пайдаланушының  мақсаты келесідей болуы мүмкін:
- компьютердің көмегімен есеп шығару (оның ішінде ойын-сауық сипатында да болуы мүмкін);
- жүйемен жұмыс істеуді үйренуде.
Жүйенің сипаттамасына байланыссыз уақыт шектеулері (оның ішінде оның жылдамдығы) болады. Бұл жағдайда пайдаланушы уақыт тығыздығына бейімделенуіне себеп болады, бұл әсіресе есеп шығаруда және контекстік жұмыстарда кездеседі.
Адам оператор жұмыс істейтін басқару иерархиясының деңгейіне және басқару жүйесінің түріне (немесе ақпаратты өңдеуге) байланысты оператор қызметінің келесідей түрлерін атауға болады:
Оператор-технолог, технологиялық үдеріске толығымен кірісетін және де басқарудың стандартты рәсімдерін орындайды.
Оператор-манипулятор, механикалық әсерлерден тұратын басқару процедураларын іске асырады.
Оператор-бақылаушы, үдерістің жағдайын және нақты уақыттағы жүйе ішіндегі ауытқуларды бақылайды.
Оператор – зерттеуші, қарым-қатынасы бар рәсімдермен регламенттелмеген және ойлау қабілетке негізделген (программист);
Оператор – жетекші, ұйымдастырушы және директивтік сипаттағы қызметтерді орындайды.
Оператор – жобалаушы, АЖЖ құрамына кіретін, машинамен жобалауға қосылған.
Әртүрлі санаттағы операторлармен техникалық (немесе есептеу) жүйелер арасындағы өзара қатынасының ерекшелігі бар. Бірақ оператордың көпшілігіне тән төменде қарастырылатын бірнеше жағдайлар бар (мысалы, ойлау қабілетінің моделі ортақ және адамның шешім қабылдағаны, оның психофизикалық мінездемесі және т.б.).
Адам-оператордың қызметі.
Тапсырманы орындау барысында барлық деңгейдегі операторларға тән 5 кезең бөлінеді:
1) анықтау – есептің шешілуін реттейтін белгілер тобын оператордың қабылдауы;
2) жіктелім – жағдайды тану және бақылану үдерісінің және техникалық жүйенің жағдайын анықтау;
3) жоспарлау – тапсырманың орындалуына әкелетін іс-шаралардың тізбегін құру және шешім қабылдау;
4) орындау – бар ресурстарды пайдалана отырып, жоспарды орындау;
5) тексеру – іс-әрекеттің орындалуын және оның тиімділігін тексеру.
Операторлармен шешілетін тапсырмалар 3 деңгейге бөлінеді:
- үдерісті реттеу, ол кішігірім динамикалық теңестіруді қарастырады және үдерістің жеке параметрлеріне түзетулер енгізуді қарастырады;
- режимді өзгерту, ол үдерістің түбегейлі өзгеруіне алып келеді және ауыспалы үдерістерді қарастырады, операцияның көп бөлігін және оператордың іс-әрекетінің күрделі алгоритмдерін қарастырады.
Адам-оператордың өзін-өзі ұстау типтері.
Оператор есептің күрелігі және қойылымына байланысты 3 деңгейге бөлінеді.
- дағдыға сай ұстаным – ол болатын үдерістерді алдын ала қарастыруы тиіс;
- ережеге сай ұстаным – оператордың қызметі басқару ережелерін пайдаланумен байланысты, жүйелерді пайдалану нұсқауларында көрсетілгендей;
- білімге сай ұстаным-болып жатқан үдерістерге және ақпараттарды өңдеуге түніспеушілікпен қарауды талап етеді.
Оператор тапсырманы шешкенде 5 типті молделді қолданады:
- физикалық, жүйедегі үдерістердің математикалық баяндалуынан тұрады;
- функционалдық, негізгі ішкіжүйелерді, оның қызметін және өзара байланыстарын сипаттайды;
- экономикалық, негізгі басқару операциялардың құн шамаларын байланыстырады;
- процедуралық, қондырғыны басқару ережелерін баяндайды;
- когнитивтік, оператормен қалыптасатын, үдерістің интуитивтік моделін сипаттайды.
Бақылау сұрақтары:
1) Пайдаланушының интерактивті жүйелермен қатынасына қандай факторлар әсер етеді?
2) Оператор қызметінің түрлері қандай?
3) Адам-оператор қызметінің кезеңдері қандай?
4) Адам-оператор жүрісінің түрлері қандай?
5) Операторлар өзінің қызметінде қандай моделдерді қолданады?
10, 11 дәрістер. Сұхбаттың құрылымдары және түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет