Дәріс мақсаты: адам-оператордың компьютерлік жүйелердегі орны туралы түсініктер.
Пайдаланушы мен бағдарламалық жүйенің диалогтық өзара қатынасында хабарламаның екі түрі белгіленеді:
- пайдаланушының ақпаратты енгізуі құралы арқылы туындаған кіріс хабарламалары және ақпаратты шығару;
- көрсету көмегі арқылы, жүйемен негізделетін шығару хабарламалары.
Диалогтың бірінші қадамы көп жағдайда жүйенің бір немесе бірнеше шығару хабарламаларын беруінен басталады. Шығару хабарламалары, процедуралық бөлімнің орындалуын немесе жүйенің жағдайы мен диалогының нәтижелерін көрсетеді. Диалогтың реттілігі, өз кезегінде бастамасы жүйе мен пайдаланушыға жататын реттіліктерге бөлінеді. Және де бастаманың үшінші түрі – басқару сигналдары арқылы, бастаманы ауыстырып отыратын, аралас бастамасы болады. Өзара қатынастың директивті түрі - жүйені білуді және операциялық жүйенің басқару командаларын жақсы білуді талап етеді.
CLI - командалық файлдар негізіндегі, бағдарламалық жүйемен диалогты – директивті өзара қатынас түрі интерфейсін жасау тәсілдерін игеру мен дағдылану. Диалогты қатынастың бұл түрі алдын ала дайындалған пайдаланушыға арналған және одан бағдарлама алгоритмдерін білуді, сондай-ақ осы бағдарламаларды басқарудың параметрлерімен бөлек командаларын білуді талап етеді. Бағдарламаларды іске қосу немесе бөлек директиваларды орындау командалық жолдан басталады.
Пайдаланушы мен бағдарламалық жүйенің өзара қатынасының директивті – диалогты іске асыратын, 4 командалық файлды құрудан тұрады. Пайдаланушы мен жүйе диалог жүргізілетін командалық файлдар (bat-файл) құрылуы керек:
1-нұсқа – параметрлермен символдармен; мұнда «р» параметрін пайдаланғанда «stud» каталогінің мазмұнын көруге болады.
@echo off
if -%1= =- goto konez
if %1== p goto work
: work
dir c:\stud
pause
goto konez
: konez
echo Сіз жұмысты аяқтайсыз ба?
pause
goto exit
: exit
2-нұсқа – файлдардың атын пайдаланатын параметрлермен.
a.txt файлының параметрі ретінде қарастырғанда осы файлдың мазмұнын қарау.
@echo off
if -%1==- goto konez
if not exist %1 goto mess
echo файлды қарау
type %1
pause
goto konez
: mess
echo файл табылған жоқ
pause
goto konez
: konez
echo Сіз жұмысты аяқтайсыз ба?
pause
goto exit
: exit
3-нұсқа – “CHOICE” сыртқы командасын пайдаланумен.
Бұл мысалда әрекеттесудің диалогтық директивті түрі қарастырылған, мұнда командалық файл келесі функцияларды орындайды: “y” альтернативасын таңдағанда “stud” каталогі көрсетіледі, “n” альтернативасын таңдағанда – бағдарламадан шығу, егер де қолданушы ешқандай таңдау жасамаса, онда ДЭЕМ 10 секундтан кейін өзі таңдау жасайды, бұл жағдайда жұмыс аяқталуы орындалады.
@echo off
echo Егер сіз “stud” каталогін қарағыңыз келсе “Y” басыңыз
choice /c:YN /t:N,10
if errorlevel 2 goto vyhod
dir C:\stud
pause
goto exit
: vyhod
echo Жұмыс соңы
pause
:exit
4-нұсқа – бірнеше параметрлерді пайдаланумен.
@ECHO OFF
if /%1==/ goto konez
if not exist %1 goto error
if %2==u goto udal
if %2==c goto copu
if /%2==/ goto konez
:copu
md AAA
echo Katalog cozdan
pause
copy %1 AAA
pause
goto exit
:udal
del %1
pause
goto konez
:error
echo file ne ukazan
:exit
Сапалы интерфейсті құру “пайдаланушы мүддесі бәрінен де артық” қағидасын және соған сәйкес бүкіл бағдарламалық өнімді құру әдістемесін іске асыруды қарастырады. Ағылшын тілді әдебиетте мұндай қарастыруды суреттеу үшін User-centered Design (UCD) – “жасалған зат пайдаланушыға арналған” термині қолданылады. Бәрінен басқа, бұл технология, интерфейсті ертерек жобалап, бағдарламалық өнімді құру кезінде ары қарай дамытуға негізделген.
Пайдаланушы интерфейсінің «жақсы» құрамы мынада: пайдаланушы бағдарламалық қамтаманы басқарып отырғанын байқайды, ал керісінше емес.
Бақылау сұрақтары: 1) “Адам-оператор” интерфейсін ұйымдастыру барысында қандай негізгі сұрақтар қарастырылады?
2) Инженерлік психология нені зерттейді?
3) “Адам-оператор” интерфейсін ұйымдастыру барысында инженерлік психология қандай негізгі сұрақтарды шешеді?
4) “Адам-оператордың” ақпаратты басқару мен өңдеудегі жалпы сұлбасындағы рөлі мен орны қандай?
5) Ақпаратты басқару мен өңдеудің жалпы сұлбасына түсініктеме беріңіз.