Рецензенттер: ҚҚэу э.ғ. к., доцент Тажбаев Н. М



бет15/15
Дата21.06.2016
өлшемі1.88 Mb.
#151446
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Тапсырма 12. «Компьютерді жабдықтауыштар» ДБ құрыңыз.

Реквизиттік құрам:


  • жүйелік блок

  • Монитор

  • Перне тақтасы

  • Тышқан тетігі

  • Принтер

  • Сканер

Зертханалық-тәжірибелік жұмыс №17

Сараптау жүйелері

Жұмыстың мақсаты: Сараптау жүйесінің негізін және олардың ағаш тәрізді шешімін құруды үйрену.

ТапсырмD:

Әдістемелік құралды қолдана отырып мыналарды орындаңыз:

1. Шартты тексеру үшін ағаш тәрізді шешімді құру. Ағаш тәрізді шешім бес өрнектен құралу керек.

2. Функция шебері көмегімен логикалық өрнектің мәнін тексеру қажет.

3. Есептің шешуін файлға ат беріп сақтау.

4. Лабораториялық жұмысты қорыта отырып есеп беру.


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Ақпарттық жүйенің дамуының басты қадамы болып сараптау жүйелерін тұрғызу табылады. Сараптау жүйесі қолданушыға сұрақ қойып, жағдайды бағалап, қандайда бір түрде шешімді алу қажет. Сонымен қатар сараптық жүйелер шешім алынған, бірақ оны негіздеу кезінде қолдануы мүмкін.

Сараптық жүйенің ерекшелігі олардың өз бетімен дамуы. Бастапқы деректер білім базасында факт ретінде сақталады, олардың арасында сарапшы мамандар белгілі қатынас жүйесін орнатады. Сараптық жүйені тестілеу кезінде ол нақты сұрақтар туралы қате мәліметтерді берсе немесе ол туралы тіпті бермесе, онда СЖ базасында басты факторлар жоқ немесе қатынастың логикалық жүйесінде қателер бар екендігін білдіреді. Осы жағдайда немесе басқа жағдайда СЖ сарапқа жеткілікті сұрау салып, оны өзінің сапасын автоматты түрде жақсарта алады.

СЖ қандай да бір нақты тұлғаға жасалуы мүмкін және сол кезде оны жасау кезінде тапсырушының талаптары, оның көзқарастары ескеріледі. Мұндай жүйелерге әртүрлі автоматтандырылған жұмысшы орындарын жатқызуға болады.

Бақылау мысалы

Егер логикалық функциясының тексеру есебін шешудің мысалын қарастырайық.

Есепті шешу үшін Excel ҚБП Функция шеберін қолданамыз. Бұл есепті шешу үшін логикалық функция Егер категориясын қолданамыз.

Мұнда есеп шартын тексеріп, өте тиімді шешімді қабылдаудың ағаш тәрізді шешімі келтірілген.

Мысалы:

Енді Excel программасына өтіп, Функция шеберін іске қосамыз. Функция Шебері терезесі 2 ден 1 қадамы атты сұқбат терезесі пайда болады. Бұнда сол жақ өрісте Категория, ал оң жақта Функция орналасқан. Логикалық категорияның Егер функциясынын таңдаймыз. Егер функциясы келесі синтаксистер бойынша логикалық тексерісті асыруға мүмкіндік береді:



Егер (логикалық өрнек, егер мән ақиқат болса, егер мән жалған болса).

Содан кейін оның аргументін енгізу үшін Келесі> батырмасын басамыз.

Екінші қадамда басты параметр болып Логикалық өрнек табылады. Бұл жерде нәтижесінде АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН мәнді беретін кез-келген мәнді немесе өрнекті енгізуге болады.

Егер мән ақиқатты қайтарса, онда логикалық өрнек АҚИҚАТ мәнін қабылдайды.

Егер мән жалғанды қайтарса, онда логикалық өрнек ЖАЛҒАН мәнін қабылдайды.


Функция шеберінің 1 қадамының сұқбат терезесі

Біздің тексеретін шартымыз: Университетке түсу үшін қаржы бар ма?

Логикалық өрнекте АҚИҚАТТЫ немесе ЖАЛҒАНДЫ орнатамыз. Ақиқат бұл жағдайда - 1 саны, ал жалған сәйкесінше – 0 саны болады.

Егер мәніміз ақиқат болған жағдайда, онда Иә деген бағыттағы өрнекті жазамыз. Егер мәніміз жалған болған жағдайда, онда Жоқ деген бағыттағы өрнекті жазамыз.



Функция шеберінің 2 қадамының сұқбат терезесі

Мысалдың негізінде Ақиқат бағытындағы барлық тармақтарды қарастырамыз.

А1 ұяшығына «Университетке түсу үшін қаржы бар ма?» деген шартты енгіземіз. Содан кейін В1 ұяшығына Ақиқат мәнін, яғни 0 санын енгіземіз. А2 ұяшығына курсорды әкеліп, Функция шеберін таңдаймыз. Содан кейін жоғарыда берілген қадамдар бойынша есепті шешудің шарттарын тексереміз. В бағанына тексерілетін логикалық өрнекке байланысты 1 (Ақиқат) немесе 0 (жалған) мәндерін қоямыз. Функция шеберінің соңғы әрекеті ОК батырмасын басу. Есептің тиімді шешімдерін тапқанша логикалық мәнді тексеру жалғаса береді.

Қажет нәтижені алғаннан кейін құжатты сақтап, программаны жабу керек.
Тапсырма:


  1. Логикалық категорияның Егер функциясын қолдана отырып емтихан тапсырудың ағаш тәрізді шешімін құрып, есептеп шығар.

  2. Логикалық категорияның Егер функциясын қолдана отырып берілген бейне кассеталарды тіркеудің ағаш тәрізді шешімін құрып, есептеп шығар.

  3. Логикалық категорияның Егер функциясын қолдана отырып туристік фирманы таңдаудың ағаш тәрізді шешімін құрып, есептеп шығар.

  4. Логикалық категорияның Егер функциясын қолдана отырып қонақ үй кешенін таңдаудың ағаш тәрізді шешімін құрып, есептеп шығар.

  5. Логикалық категорияның Егер функциясын қолдана отырып зейнет ақы қорынн таңдаудың ағаш тәрізді шешімін құрып, есептеп шығар.

  6. Логикалық категорияның Егер функциясын қолдана отырып үй-жай салу үшін жер таңдаудың ағаш тәрізді шешімін құрып, есептеп шығар.

  7. Логикалық категорияның Егер функциясын қолдана отырып Техникалық қызмет көрсету орталығында транспорт құралдарына техникалық байқауды өткізудің ағаш тәрізді шешімін құрып, есептеп шығар.

  8. Логикалық категорияның Егер функциясын қолдана отырып кеден декларациясын құрудың ағаш тәрізді шешімін құрып, есептеп шығар.

  9. Логикалық категорияның Егер функциясын қолдана отырып медициналық байқаудың нәтижесінде анықталған аурулар бойынша ағаш тәрізді шешімін құрып, есептеп шығар.

  10. Логикалық категорияның Егер функциясын қолдана отырып көрсетілетін қызмет бойынша медициналық мекемені таңдаудың ағаш тәрізді шешімін құрып, есептеп шығар.

  11. Логикалық категорияның Егер функциясын қолдана отырып баспахананы таңдай отырып жарнамалық буклетті таңдаудың ағаш тәрізді шешімін құрып, есептеп шығар.

  12. Логикалық категорияның Егер функциясын қолдана отырып 1 млн. тенгеден көп қозғалмайтын мүлікті есепке алу бойынша салық қызметінің ағаш тәрізді шешімін құрып, есептеп шығар.


Зертханалық-тәжірибелік жұмыс №18

Компьютерлік желілер

Жұмыстың мақсаты: «Желі құрауышы туралы мағлұматтар алу және компьютер желісінің ерекшеліктерін меңгеру».

ТапсырмD:

Әдістемелік құралды қолдана отырып мыналарды орындаңыз:

1. Теориялық материалды меңгеру

2. Жергілікті желіні қолддану үшін қажет құрауыштарды үйрену.

3. Өзіңіз жасаған файлды немесе құжатты жергілікті желінің көмегімен басқа компьютерге көшіру.

4. Лабораториялық жұмысты қорыта отырып есеп беру.


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Жергілікті желі – бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер. Мұндай компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Ал компьютерлік ауқымды желіге келетін болсақ, онда олардың ара қашықтығына шек қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрлықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар. Әрине мұндай байланыстыру желісін шағын немесе орташа фирмалар жасай алмайды. Ауқымды желі құру үшін біраз қаражат керек, көптеген телефондар каналдары, жер серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері қажет.

Жергілікті желілерде компьютерлер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, айта берсеку 100 мегабитке жетеді. Ал, ауқымды желілер жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық мұндай жоғары емес, телефон каналдарының пайдалану кезіндегі оның жылдамдығы секундына 2400-57600 биттер аралығында болдаы.

Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады.

Компьютерді желіге қосу арнаулы желі адаптері арқылы орындалады. Желі адаптері бөлек сатылады, бірақ кейде компьютер құрамында болуы да мүмкін. Желі адаптері қызмет етуіне байланысты үшке бөлінеді: жалпы шиналық, жұлдызша тәрізді және сақиналық. Шоғырланған сымдар арқылы байланысатын шиналық топологияның негізгі кемшілігі – кабнель үзілсе, желі түгелдей жұмыс істемей қалады. Жұлдыз тәрізді топологияда әрбір компьютер өз кабелімен жеке қоректену блогы бар таратқыш құрылғыға жалғанады. Мұнда бір кабель үзілгенмен, тек бір жұмыс станциясы ғана істен шығады да, желі қалған станциялармен жұмыс істей береді. Шиналық тополоияға қарағанда, мұндағы зиян әлденеше рет төмен болады.

Сақина топологиясы кезінде деректер бір компьютерден екінші компьютерге эстафета түрінде беріледі. Егер компьютер басқа компьютерге арналған деректерді алса, ол оларды шеңбер бойымен келесіге береді. Егер деректер алған компьютерге арналса, онда олар әрі қарай берілмейді.

Жергілікті желі жоғарыда аталған топологияларды қолдана алады. Бұл біріктірілген компьютерлер санына, олардың өзара орналасуына және басқа жағдайларға байланысты. Әртүрлі топологияларды қолданып орындайтын бірнеше жергілікті желіні бір жергілікті желіге біріктіруге болады. Мысалы ағаш тәріздес топология.
Тапсырма:

1. Жұмыс столына папка құрып, оның ішіне өзіңіз туралы автобиография жазылған файл құр. Осы папкаға басқа компьютерден кірмеу үшін пароль құрыңыз.

2. Көрші компьютерде *.*doc файлдарын іздеңіз. Өзіңе қажетті файлды дискетіңе көшіріп ал.

3. Көрші компьютерлік класстағы бір компьютерде папка құрыңыз. Сол папкаға өзіңіздің құжаттарыңызды көшіріңіз.

4. Көрші компьютерде С:\ Менің құжаттарым папкасында Студент.doc файлын құрып, ішіне текст жазыңыз. Сол файлды өз компьютеірңізге көшіріңіз.

5. Көрші компьютерлік класстағы бір компьютерде папка құрыңыз. Сол папкаға өзіңіздің құжаттарыңызды көшіріңіз және басқа қолданушы сол папкаға желі арқылы кіре алмас үшін пароль қойыңыз.

6. Көрші компьютердегі *.*jpg файлдарын тауып, оны өзің отырған компьютердегі Сурет папкасына көшір.


  1. Өзің отырған компьютерде Достар папкасын құрып, оның ішін өзіңнің досың туралы құжат жасап, досың отырған компьютерге жібер.

  2. Көрші компьютерде отырған студентпен компьютер арқылы бір-бірімен хат алмасыңдар.

9. Көрші компьютердегі Менің құжатым атты пакадан *.*doc файлдарын тауып, оны өзің отырған компьютердегі құжаттар папкасына көшір.

  1. Көрші аудиториядағы компьютерде электрондық кесте құр. Осы құжатты өзің отырған компьютерге көшір.

  2. Өзің отырған компьютерде өзің оқитын мамандық туралы жазылған текстік құжатты осы аудитория ішіндегі барлық компьютерге жібер.

  3. Көрші компьютерлік класта отырған студентпен хат арқылы хабарлас.

  4. Өзің отырған компьютерде *.*jpg файлдарын тауып, оны барлық компьютерлерге таратыңыз.

  5. Өзің құрған текстік құжатты көрші компьютердегі Менің құжатым атты пакаға сақта.

  6. Өз компьютерінде жұмыс істей отырып, көрші компьютерде NC операциялық қабыршығын іске қос.

16. Көрші компьютерде С:\ Менің құжаттарым папкасында Студент.doc файлын құрып, ішіне текст жазыңыз. Сол файлды өз компьютеірңізге көшіріңіз.
Зертханалық-тәжірибелік жұмыс №19

HTML тілінің негізгі тәгтерін пайдалану

Жұмыстың мақсаты: HTML тілінің көмегімен қарапайым WEB-парақтар жасап үйрену.

Қажет құралдар мен қойылатын талаптар: дербес компьютер, Блокнот (Notepad) және Іnternet Explorer программалары, сонымен бірге дербес компьютерде оны қолданушы ретінде жұмыс жасай білу керек.

1.1. HTML-құжатты дайындау

HTML-құжат – бұл аты.htm қосымшасы бар, қарапайым мәтіндік құжат. Мына, HTML-құжатты Блокнотта теріп шығыңыздар:





Менің алғашқы парағым

1-ші мысал









Сәлем!


Бұл HTML-құжаттың ең қарапайым мысалы.


Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады,

олардың түсін де, қаріп типін де, фон түсін де

өзгертетін мүмкіндіктер бар. Мәтін ішіне суреттер

орналастыруға да болады.







Енді осы терілген құжатты, мысалы, Айна.htm деген атпен дискіде сақтау керек. Сонда оның белгішесі өзгеріп Интернетте көруге болатын түрге айналады.

Бұл Айна.htm файлын бір мезетте Іnternet Explorer-де және Блокнотта ашып, оларды түрлендіріп көруге болады. Ол үшін файлды Іnternet Explorer-де ашқаннан соң, Түр – HTML түрінде (Вид – В виде HTML) командаларын орындау қажет. Сонда файл­дың алғашқы мәтіні Блокнотта ашылып, оны түрлендіріп өзгерту мүмкіндігіне ие боламыз. Қажетті өзгертулер енгізіп оны қайта сақтап қою қажет. Осы өзгертулердің HTML-құжатта іске асқанын көру үшін, қайта Іnternet Explorer-ді ашып Түр – Жаңалау (Вид – Обновить) командасын орындау керек немесе Саймандар тақтасын­дағы осы командаға сәйкес батырманы басса болғаны.

Сонымен кез келген программа мәтінін Блокнотта тергеннен кейін, оған өз қалауыңызша ат беріп, оны *.htm (* – кез келген ат) түрінде сақтау керек. Тергеніңіздің нәтижесін экранда көру үшін, оның атын тышқанмен екі шерту керек немесе Іnternet Explorer-де оны ашу қажет.


    1. HTML құжатының құрылымын анықтау тәгтері

HTML құжатының кез келгені тәгінен басталып, соған сәйкес түріндегі жабылу тәгімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.

Құжаттың тақырыптық бөлігі және тәгтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте, бұл бөлікте ... тәгтерімен шектелетін құжаттың терезе маңдайшасында тұратын ресми атауы орналасады. Көптеген броузерлер бұл атауды терезе тақырыбында тұратын файл аты есебінде пайдаланады.



Осы құжатты принтер арқылы баспадан шығарғанда, браузер оны әр парақтың сол жақ жоғарғы бұрышына жазып отырады. Атаудың өте ұзын болмағаны дұрыс, әдетте ол 64 символдан аспауы керек.

Жазылатын мәтін құжаттың негізгі тұлғасы деп аталатын ...

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет