Реферат ыбырай Алтынсарин – тұңғыш педагог, ағартушы. Орындаған: 3 ис-1 тобының студенті Нуртаза А. Е тексерген: оқытушы Бакиева А. К. Өскемен 2023 жоспар I кіріспe II негізгі бөлім



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата20.02.2024
өлшемі216.09 Kb.
#492527
түріРеферат
1   2   3   4   5
Реферат по казахскому Нуртаза А.Е 23-ИС-1

2.1 Этнографиялық еңбектер. 
Ыбырай Алтынсарин көп нәрсе жасалды, мен олардың кейбіреулері 
туралы айтқым келеді. 
САЛАҚТЫҚ 
Кәрім деген мешер өзі жұмыска тәуір жігіт те болса, жуынып, кірсіз көйлек 
киіп, таза жүрумен ісі жок еді. Әркім 
айтушы еді: - Саған не болды, Кәрім, бойыңнан кірінді ағызып 
жүргенше, жуынсаң болмай ма? - деп. - Қолым тимейді,- деуші еді ол. 
Сөйтіп жүріп, тұлабойын шикан каптап және қотыр 
болды. Бұл күйде кұрысып-тырысып жатканында, әркім сұрайды: 
- Кәрім, саған не болды? Кәрім айтады екен: деп. 
- Күнәм үшін Құдайдың бір берген сазайы-дағы, — деп. 
Оған карсы таныстары: 
- Рас, Кәрім, Құдай-Тағала таза жүрмеген былғаныш 
кісіні сүймейді, тым болмаса жұмасына бір моншаға түсіп, не болмаса 
үйінде сабынмен жуынуды әдет етсең, бұ бәлеге душар болмас едін. 
Сонымен, Кәрімді ауру жататын үйге алып барып, таза жуындырып, таза 
киім киіндіріп, ем қылған сон, аз 
ҚАРАҒЫЛЫШ 
Ертеде бір бес ағайынды жігіт бар екен. Бесеуі бір бәйтеректің қасына 
жарты жер салған екен. Егіні піскен соң, түнде келіп біреу жеп кетеді екен. Сонан 
соң олар егінін күзетіпті. Әуелі үлкен ағасы күзетіпті, бірак ешкімді көрмепті. 
Солайша төрт ағасы төрт күн күзетіпті. Бесінші күні ең кішісі күзетіпті, аты 
Қарағы- лыш екен. Қарағылыш күзеткен күні көктен бір қара бие келіпті. Егінді 
жеп жатканда Қарағылыш оны ұстап алыпты. Сонда әлгі кара бие айтыпты: 



Ей, бала, мені жібер, — деді. - Менің бес құлыным бар, бесеуін бесеуіңе 
берейін, — деді. 
Карағылыш оны қоя берді. Сонан соң кара бие құлын- дарын алып келіп, 
ең кішісін Қарағылышка берді, бөтен төртеуін төрт ағасына берді. Сонда бәрі 
жарысқанда Қарағылыш озады екен. 
ӘДЕП 
Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп 
тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем 
берді дейді. Оған карсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек бас ұрып сәлем 
алды. Қа- сындағы бай: 
Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыкка неге 
сонша басұрасыз? - деп айтты дейді. 
Сонда әкім: 
-Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, 
мен онан әдепсіз болып қалай- ын ба? - деді дейді 
ҚАНАҒАТ 
Әзірет Әліден бір жүт келіп сұрады дейді: - Толық байлык кайтсең 
табылады? 
Әлі айтты: 
Қанағат ете білсең. Қанша мал көп те болса кана- ғаты жоқ кісі байлыкка 
жеттім деп тоймайды. Қанша мал аз да болса, барына қанағат ете білсе, бұл 
адамның көңілі жайлы, тынышырак болады. Соның үшін Әзірет Әлі: байлық - 
канағатта, - деді 
МЕЙІРІМДІ БАЛА 
Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінін 
қолын кесе-тұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны 
бе- руге тұрғанда, күнәлі төренің жас кыз баласы «әкем үшін жауап беремін» деп, 
мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті. 
Тақсыр патшам, - деді кыз, - менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның 
үшін қолынан айрылуы ке- рек болды. Мінекей, тақсыр, әкемнің колы, -деп 
өзінің қолын көтерді. - Бұл қол да менің жазықты болған атам- ның қолы, бірак 
мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыныз, тақсыр, осы 
нашар колын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама 
калдыруға. 


10 
Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне ракы- мы келіп, төренің 
күнәсін кешті дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет