ЭКСПЕРИМЕНТ
Педагогикалық экспериментті өткізу үшін жалпы жағдайда бірнеше жыл қажет. Біз қорытындылау экспериментін жүргіздік. Ол бізге зерттеудің идеясы мен гипотезасын анықтауға мүмкіндік берді. Барлық ұсыныстар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткізіліп жатқан жұмыстар арқылы тексеріліп отырды. Қорытындылау экспериментін 2010-2011 оқу жылында қаланың № 217 Шалғынбаев атындағы қазақ орта мектебі, университет жанындағы қазақ-түрік лицейінде, Сырдария ауданының Амангелді кеңшарындағы №44 орта мектептерде жүргізілді. Біздің елдегі мектептер бейінді оқытуға көшкендерне 6-7 жыл болды. Жоғарыда аталған мектептерде жүргізілген бақылаулар, сол мектептердің физика пәні мұғалімдері жүргізген жұмыстар кейбір объективті қиындықтардың барлығын анықтады. Орта мектеп физика пәні мұғалімдерімен сөйлескен кезде, олардың бейінді мектептерде жұмыс істеу үшін өздерінің теориялық және әдістемелік дайындықтарының жетімсіздеу екендігі анықталды. Сол себепті біз кейбір іс-қағаздарды зерттедік. Дәлірек айтқанда, «Физика мамандығына арналған оқу жоспарымен», «физиканы оқыту әдістемесі» курсының бағдарламасымен, сол сияқты арнаулы және қосымша курстар бағдарламаларымен таныстық. 2010-2011 оқу жылында өткізілген қортындылау эксперименттің нәтижесінде, яғни іс-қағаздарымен танысу, физика пәні мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесі нәтижесінде бейіндеп оқыту мектептерінде жұмыс істеу үшін жоғары дәрежеде дайындау үшін тиімді жолы мамандандыруды ендіру арқылы жүргізу. Бұл жұмыс жоғары оқу орындарында 2-3 жылдан бері жүргізіліп келеді. Біз оған бейінді оқыту үшін қажетті арнайы және қосымша курстарды қосу арқылы бұл мәселелерді шешуге болады деп ойлаймыз. Мамандандыру, біздің ойымызша үш бөліктен тұруы керек:
Бірінші бөлік – физика негізгі заңдарын мен дүниенің физикалық суреттемесін тереңдете оқыта отырып, физика курсын оқытуды логикалық жалғастыру.
Екінші бөлік – қосымша әдістемелік дайындау, яғни «Физиканы оқыту
әдістемесі» курсын логикалық жалғастыру.
Үшінші бөлік – мамандандыру мақсатымен байланысты арнайы және қосымша курстар.
Жоғарыда көрсетілген бөліктердің әрқайсысы үшін, біріншіден, оқу процесін көтері үшін ғылыми-педагогикалық негіз, екіншіден, осы ұсыныстарды жүзеге асыру үшін негізгі материалдарды қарастырдық. Біздің жағдайымызда бақылау және экспериментальді топтары бар қалыптасқан эксперимент жүргізуге мүмкіндігіміз болмады. Оқыту және бақылау экспериментінің жақсы варианты экспериментальды оқыту процесінде болып жатқан барлық жағдайларды ескере отырып оқыту. Қорытындылау эксперименті, бізге дәл ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді. Болашақта университет физика пәні мұғалімі мамандығында оқитын студенттеріне
оқыту курстарын жүргізу үшін мынадай есептерді шешуіміз керек:
1. Арнайы және қосымша курстар жүйесін жасауымыз керек.
2. Ұсынылған курстардың оқыту әдісінің дұрыстығын қарастыруымыз керек.
3. Осы курстардың университет қабырғасында оқыту мүмкіндігін қарастыру.
Мамандандыру курстарын өткізу мерзімінде төмендегі сабақ формаларын пайдалануға болады: лекция, практикалық сабақтар және семинарлар, зертханалық сабақтар, студенттердің өздігінше сабақтары. Бастапқыда көптеген курстар бойынша негізгі ауыртпалық лекция оқуға түсті. Бірақ мамандандыру үшін, практикалық және семинар сабақтарының да пайдасы көп екендігі белгілі. Бұдан біз лекцияға қарсы қарсы екен деген ой тумауы керек. Лекцияларда мұғалім студенттерді ақпараттандырмай, қарастырылып отырған сұрақтарға өзінің жеке көзқарасын көрсету керек. Бұл студенттердің мектепте шығармашылықпен жұмыс жасауға дайындығына өте тиімді. Бірақ осы этапта студенттердің дайындығы үшін ең тиімді оқытудың түрі семинарлық сабақтар болып табылады. Мұндай сабақтарда студенттер өздері жұмыс істейді, өз ойларын айтады, сөз таластырады. Студенттердің жұмыс жасаудың ең тиімді жолдарының бірі студенттермен жеке жұмыс жасау. Мұндай оқыту түрлері әрбір студенттің жеке жауапкершілігін күшейтеді және олардың өздігінше әрі шығармашылық жұмысын күшейтеді. Ұсынылып отырған мамандандыруға кіретін курстарға тереңірек тоқталуымыз керек.
а) Физика курсының қосымша тараулары
Бұл курсты өткізу барысында, бейінді мектептерге қажетті физикадан материалды таңдау типін анықтадық. Бұл курстың негізгі міндеті физиканың кейбір тақырыптарымен студенттерге тереңірек білім беру. Олар «Франк-Герц тәжірибесі» «Бор теориясының қиындығы», «Ядролық спектрлер», «Нейтрино.Позитрон». Әрине «Месибауэр эффектісі», «Радиоактивті изотоптарды алу және оларды пайдалану» тақырыптарын оқу студенттерге қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл тақырыптарды оқыту барысында қосымша лекциялар оқытылуы керек. Студенттердің көп қызығушылығын «Жоғары температуралы плазманы жасау және ұстау. Токамак» тақырыптары туғызады. Бұл курста лекциямен қатар практикалық сабақтар, сонымен бірге студенттердің өздігінше жұмыс істеу сабақтары жүргізіледі.
Бұл курсты оқыту барысында оқытудың мынадай формаларын қолдануымызға болады: лекциялар, семинарлық сабақтар, студенттермен жеке жұмыстар. «Атомдық физиканың кейбір сұрақтар» курсын оқыту барысында жалпы физика курсынан қайталана оқытылатын материалдар анықталды (кесте 2.1).
Кесте 2.1-«Физиканың кейбір сұрақтары» курсы (67сағат).Атомдық физиканың таңдаулы сұрақтары (лекция-30 сағат, практика-15сағат, СӨЖ-22сағат)
п/н
|
Сабақтың тақырыбы мен мазмұны
|
лекция
|
практика
|
зертхана
|
СӨЖ
|
1
|
Кіріспе. Алғашқы түсініктер. Атом тарихы. Беккерель жаңалығы.
|
2
|
1
|
|
1
|
2
|
Радиоактивтілік. Атомның ішкі дүниесі. Атомның күрделі құрылымының ашылуы.
|
2
|
1
|
|
2
|
3
|
Электронның екі жүзділік қасиеті. Ядро құрылысы. Томсон ұсынған атом моделі.
|
2
|
1
|
|
2
|
4
|
Зат энергия. Эйнштейн. Уран және трансуран элементтері.
|
2
|
1
|
|
1
|
5
|
Ғасыр жаңалығы. Радиоактивті ыдыраудың заңдылығы.
|
2
|
1
|
|
1
|
6
|
Үдеткіштер. Ауыр элементтердің табиғатта сирек кездесуі – адам зат тіршілігінің кепілі.
|
2
|
1
|
|
2
|
7
|
Уран изотоптарының кемшіліктері. Атом отын тұтату.
|
2
|
1
|
|
1
|
8
|
Ауыр су мен графит. Ядролық реакцияларды басқару.
|
2
|
1
|
|
1
|
9
|
Атом ошағы реактордың конструкциясы
|
2
|
1
|
|
1
|
10
|
Атом бейбіт еңбекке қызмет етеді
|
2
|
1
|
|
1
|
11
|
Атом энергиясының болашағы
|
2
|
1
|
|
1
|
12
|
Атомдық соғыс қарулары
|
2
|
1
|
|
1
|
13
|
Анықталмағандық қатынастар. Шредингер теңдеуі. Физикалық шамалардың операторлары. Сызықтық гармоникалық осциллятор.
|
2
|
1
|
|
2
|
14
|
Ең тиімді электр станциясы. Ең қуатты кеме.
|
2
|
1
|
|
2
|
15
|
Турбогенераторсыз атом электр станциясы. Термоядролық синтез. Анниниляция – энергия көзі.
|
2
|
1
|
|
3
|
ә) Орта мектеп физика кабинеті
Бұл курстың негізгі міндеті студенттерді орта мектеп физика кабинетінің оқу
процесінде алатын орны мен оған байланысты оны қалай жабдықталуы керектігімен таныстыру. Сонымен қатар, осы кабинетке қажетті дидактикалық метариалдар мен әр түрлі құрал жабдықтарды дайындауға қалыптастыру. Курсты лекция оқудан бастаймыз. Бұл курс бойынша 15 сағат лекция қарастрылған. Одан кейін 15 сағат практикалық семинар сабақтары өтіледі. Курста зертханалық сабақтар өткізумен аяқтаймыз (30 сағат). Бұл курста, сонымен бірге, 18 сағат көлемінде студенттердің оқытушымен өздігінше жұмысы қарастырылған. Студенттер бұл курсқа үлкен қызығушылықпен қарайды. Әсіресе, бұл қызығушылық төмендегі тақырыптарды оқытқан кезде анық байқалады. Студенттермен сөйлескен кезде, олардың бұрында құралды жөндеу жұмыстарымен таныс болғанымен, олардың білімі мен дағдысының шектеулік екендігі анықталды. Тәжірибені физика пәнінің мұғалімдері мен университет студенттерімен әңгіме нәтижесі, бізге осы ұсынып отырған курсымыз дұрыс екендігіне көзімізді жеткізді. Әрине бұл курсқа семинар сабақтарымен қоса, көп назарды зертхана сабақтарына аударған кезде ғана көп нәтижеге жетуге болатынын айтып кетуіміз керек. Кесте 2.2 көрсетілгендей «Физика кабинетін электржабықтау», «Физикалық экспериментті орындау кезіндегі қауіпсіздік ережесі», «Құралдарды дайындау және жөндеу».
Кесте 2.2-«Орта мектеп физика кабинеті» курсы (67 сағат) (лекция-30 сағат, практика-15 сағат, СӨЖ-22сағат)
|
Сабақтың тақырыбы мен мазмұны
|
лек
ция
|
практика
|
зерт
хана
|
С
Ө
Ж
|
1
|
Орта мектеп физика кабинеті. Кіріспе. Физика кабинетін ұйымдастыру принциптері және қойылатын талаптар. Физика кабинетін жабдықтаудың политехникалық бағыттамасы
|
3
|
1
|
|
3
|
2
|
Орта мектеп физика кабинеті пәні бойынша оқу құрал-жабдықтаржүйесі. Орта мектеп физика экспериментінің мазмұны. Физика кабинетін ұйымдастыру міндеттері. Оқу құрал-жабдытарының кейбіреулерінің мінездемесі.
|
4
|
2
|
|
3
|
3
|
Физика кабинеттерінің жоспарлануы және орналастырылуы. Оқытушы мен оқушылардың жұмыс орындары. Орта мектептің типтік, оқу физика кабинеттері. Зертхана бөлмесіндегі оқытушының орны. Зертхана және оның жабдықталуы. Физика кабинетінің электржабдықталуы. Ауылдық жерлердегі мектеп физика кабинеттерінің жабдықтарының ерекшеліктері
|
4
|
3
|
|
3
|
4
|
Жабдықтарды сақтауды ұйымдастыру және оларды сабаққа дайындау.Демонстрациялық құрал-жабдықтар. Фронтальды зертханалық сабақтарды өткізуге арналған жабдықтар. Практикумге қажетті жбыдқтар. Қағазға басатын аудиовизуальды құралдар. Физикалық эксперимент орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Физика кабинетін жаңа оқу жылына дайындау
|
4
|
3
|
|
3
|
5
|
Лабораториялық шаруашылықты басқару. Кабинет жабдықтарын есепке алу. Толықтыру, профилактикалық қызмет және ағымдық жөндеуден өткізу. Кабинетті жабдықтау жүйесіндегі қолдан жасалған приборлар мен көмекші құралдар.
|
4
|
2
|
|
3
|
6
|
Физика кабинеттеріндегі астрономиялық бұрыш. Астрономия сабағының оқу көмекші құралдары, оның струкциясы және жоспарлануы.
|
3
|
1
|
|
2
|
7
|
Мектеп физика кабинеттерін жабдықтау үшін атқарылатын жұмыстар. Приборларды дайындау және жөндеу. Слайдтар дайындау.
|
4
|
1
|
|
2
|
8
|
Физика кабинетіндегі сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Физика кабинетіндегі еңбек күзеті. Еңбек күзетінің құқықтық және ұйымдастыру мәселелері. Физика кабинетінде сабақтың дұрыс және қауіпсіз өтілуі үшін қажетті шаралар. Еңбек күзеті бойынша құжаттарды жүргізу.
|
4
|
2
|
|
3
|
в) Физиканың қиын есептерін шығару
Мамандандырудың бұл курсының сабақтары негізінен практикалық сабақтар түрінде жүргізіледі. Мамандандырудың негізгі курстары оқытылатын болғаннан кейін ғана бұл сабақтар өткізіледі. Яғни, бұл курстың сабақтары барлық оқытылғанның қорытындысы болады. жалпы физика курсының есептерін шығаруда әдетте әртүрлі жолдар пайдаланылады. Бұл студенттердің есептің физикалық мәнін жоғары ғылыми дәрежеде түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бұл әртүрлі жолдарды мектеп физика курсы есептерін шығаруға да мүмкіндік береді (кесте 2.3).
«Физиканың қиын есептерін шығару» курсы
п/н
|
Сабақтың тақырыбы мен мазмұны
|
лекция
|
практика
|
зертхан
а
|
СӨЖ
|
1
|
Физика есептерінің білімділік және тәрбиелік мәні оның оқу процесіндегі орны. Аса қиын есептер. Эксперименттік, графикалық және асақиын есептер және оларды шығару әдісі
|
1
|
|
|
|
2
|
«Кинематика» тарауы бойынша есептер шығару
|
|
1
|
|
|
3
|
«Динамика» тарауы бойынша есептер шығару
|
|
1
|
|
|
4
|
«Статика» тарауы бойынша есептер шығару
|
|
1
|
|
|
5
|
«Механикалық тербелістер» тарауы бойынша есептер шығару
|
|
1
|
|
|
6
|
«Жылу құбылыстары» тарауы бойынша есептер шығару
|
|
1
|
|
|
7
|
«Қатты және сұйық денелердің жылулық ұлғаю» тарауы бойынша есептер шығару
|
|
1
|
|
|
8
|
«Газдар» тарауы бойынша есептер шығару
|
|
1
|
|
|
9
|
«Ылғалдылық. Қаныққан бу және қанықпаған булар» тарауы бойынша есептер шығару
|
|
1
|
|
|
10
|
«Электростатика» тарауы бойынша есептер шығару
|
|
1
|
|
|
11
|
«Тұрақты ток» тарауы бойынша есептер шығару
|
|
1
|
|
|
12
|
«Электромагнитизм» тарауы бойынша есептер шығару
|
|
1
|
|
|
13
|
«Жарықтаң шағылу» тарауы бойынша есептер шығару
|
|
1
|
|
|
14
|
«Жарықтың сынуы» тарауы бойынша есептер шығару
|
|
1
|
|
|
15
|
«Сутегі атомының Бор бойынша теориясы» тақырыбына есептер шағыру
|
|
1
|
|
|
16
|
«Кванттық механика элементтері» тақырыбына есептер шығару
|
|
1
|
|
|
17
|
«Қатты дене физикасының элементі» тақырыбына есептер шығару
|
|
1
|
|
|
18
|
«Атом ядросы физикасының элементі» тақырыбына есептер шығару
|
|
1
|
|
|
19
|
«Элементар бөлшектер физикасының элементтері» тақырыбына есептер шығару
|
|
1
|
|
|
20
|
Олимпиада есептерін шығару
|
|
1
|
|
|
Бұл біздің проблемамызды екі қырдан қарастыруымызға негіз болады. Біріншіден, студенттерді физикаға оқытудың эффективтілігін арттыру позициясынан, екінші жағынан студенттерді болашақ орта мектеп физика пәнінің мұғалімі қызметіне дайындау мәселесі бойынша. Мектеп тәжірибелі физика пәнінің мұғалімдері мен университеттің студенттерімен әңгімелесу және бақылаулар нәтижелері бұл курстың қажеттілігін көрсетеді. Бұл курстың студенттердің физикалық құбылыстарды анықтай алу шеберліктерін қалыптастыруға, есептерді шығару дағдыларына ие болуға көмектеседі.
Сонымен, бейінді мектептерді жұмыс жасайтын физика пәнінің мұғалімдерін дайындау барысында университет қабырғасында мамандандырукурстарын оқытқан дұрыс болатындығын көрсетеді. Барлық ұсынылған курстардың әдістемелік жағынан дұрыс ұсынылғаны дәлелденді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мектептің жоғары сыныптарында бейінді оқыту қажеттілігі мемлекет пен қоғам тарапынан мектептегі білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптардан, республиканың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуынан туындаған заңды құбылыс болып табылады. Бүгінгі күнгі мектеп тәжірибесінде бейінді оқыту бірқатар қиындықтармен қабаттасып өтіп келеді, бұл оқу бағдарламаларының ғылыми ақпарат ауқымының арттырылуынан туындап отыр. Оқытудың қоғамыдқ-гуманитарлық және жаратылыстану математикалық бағыттарындағы оқу бағдарламалары мен тұжырымдамалары жасалды. Диссертациялық зерттеуге қойылған міндеттер ұсынылған теориялық болжамды дәлелдейді және келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:
- жасалған зерттеу жұмыстары бейінді білім берудегі оқыту мен тәрбие берудің зор мүмкіндіктерін ашады;
- оқушы әлемдік стандарт деңгейіне сай жоғары сапалы біліммен қамтамассыз етіледі, жан-жақты мәдени, құзыретті тұлға қалыптасады.
-
өз-өзін тәрбиелей алатын, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар, кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгерген азамат тәрбиеленеді;
-
өзінің жеке басының мүддесін қоғам мүддесімен үйлестіре алатын тұлға қалыптасады;
-
шығармашылықпен еңбектенетін қоғамдағы нарықтық бәсекелестікке қабілетті, өзін-өзі толық іске кірістіре алатын, сауатты болашақ маман даярланады.
Жоғары сыныптарды (11-12) бейіндеп оқытуға көшу, жалпы еліміздегі білім беру жүйесінде бар түрлі олқылықтар мен кемшіліктерден арылуға жол ашады, әлемдік білімге зер салып жете білуге, мейліне көңіл аударуға мүмкіндік туғызады деп ойлаймын. Білім берудегі кездесетін олқылықтарды толтыру сияқты мәселелерді зерттеу келешектің ісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |