Ісіктерді және тұқым қуалайтын мутацияларды стохастикалық (ықтималдық) әсерлер деп атайды. Ісік немесе мутация орган үлкен дозаны немесе аз дозаны қабылдағанына қарамастан, бірдей әрекет етеді, мұның бәрі ісік немесе мутацияның пайда болу ықтималдығына айналады. Тек сәулеленуден пайда болатын қатерлі ісік түрлері жоқ.
Дегенмен, кейбір қатерлі ісік түрлері басқаларға қарағанда белгілі бір сәулелену дозасының жылдамдығының жоғарылауын көрсетеді. Сондай-ақ, қатерлі ісік ауруының даму қаупі әсер ету жасына байланысты өзгеретіні белгілі - бұл қауіп балалық шағында ауырған адамдарда жоғары.
Ғалымдар: Сүт безі қатерлі ісігінің қаупін 70%-ға дейін төмендетуге болады
3.2 Иондаушы сәулеленудің денсаулыққа әсері
Иондаушы сәулелену жасушалармен әрекеттескенде, ол жасушаларды және генетикалық материалды (яғни, дезоксирибонуклеин қышқылы немесе ДНҚ) зақымдауы мүмкін. Тиісті түрде жөнделмесе, зақымдану жасуша өліміне немесе ДНҚ-дағы ықтимал зиянды өзгерістерге (яғни, мутацияларға) әкелуі мүмкін. Иондаушы сәулелену дозаларының денсаулыққа әсерін екі санатқа бөлуге болады: детерминирленген және стохастикалық.
Детерминистік әсерлер шекті дозаға жеткенде пайда болады, бұл шекті мәннен төмен доза нақты әсер туғызбайды дегенді білдіреді. Әсерінің ауырлығы дозаланған сайын артады. Терінің қызаруы (эритема) шамамен 300 рад (3 Гр) шекті дозасы бар детерминирленген әсердің мысалы болып табылады. Детерминистік денсаулық әсерлері, кейде денсаулыққа «қысқа мерзімді» әсерлер ретінде сипатталады.
Стохастикалық әсерлер кездейсоқ пайда болады. Популяцияда пайда болатын әсердің ықтималдығы қабылданған дозаға қарай артады, ал әсерінің ауырлығы дозаға тәуелді емес. Ісік - бұл сәулелену дозасынан туындауы мүмкін негізгі стохастикалық әсер, көбінесе әсер етуден кейін көптеген жылдар өткен соң.
Денсаулыққа стохастикалық әсерлердің доза шегі болмайды, одан төмен олар болмайды деп болжанады. Дәл осы себепті сәулелену дозасының ешбір деңгейі толығымен «қауіпсіз» деп есептелмейді, сондықтан дозалар әрқашан мүмкіндігінше төмен болуы керек (ALARA). Денсаулыққа стохастикалық әсерлер, кейде денсаулыққа «ұзақ мерзімді» әсерлер ретінде сипатталады.
ДЕНСАУЛЫҚҚА СТОХАСТИКАЛЫҚ ӘСЕРЛЕР
Кейбір жұмысшылар, мысалы, радиология қызметкерлері, жұмыс барысында бірнеше рет иондаушы сәулеленудің төмен деңгейіне ұшырауы мүмкін. Алынған доза деңгейлері әрдайым дерлік денсаулыққа детерминирленген әсер ету үшін қажетті шекті дозалардан төмен болады. Қатерлі ісік сияқты денсаулыққа стохастикалық әсерлер сәулелену дозасын енгізгеннен кейін бірнеше жыл өткен соң пайда болуы мүмкін. Денсаулыққа жағымсыз әсер ету ықтималдығы алынған сәулелену дозасына пропорционалды.
Зерттеулер қатерлі ісік ауруы мен шамамен 10 рем (0,1 Зв) немесе одан жоғары сәулелену дозасы деңгейлері арасында маңызды байланысты көрсетті, бұл аурудың даму қаупі сәулелену дозасының жоғарылауымен артады. Төмен деңгейдегі радиациялық әсер үшін (яғни бүкіл дене дозалары шамамен 10 рем (0,1 Зв) төмен зерттеулердегі статистикалық шектеулер қатерлі ісік қаупін бағалауды қиындатты.
Радиацияның ең қауіпті әсері
Әлем қайғылы оқиғалардың (Хиросима мен Нагасакидің бомбалануы, Солтүстік Алтайдағы ядролық сынақтар, Windscale немесе Чернобыль реакторларының істен шығуы) салдарын зерттеу арқылы иондаушы сәулеленудің әсері туралы білді және адамдар иондаушы сәулелену ұғымын байланыстыруды үйренді. Алайда, осы апаттардың салдары туралы көпжылдық зерттеулер тұрғысынан белгілі болғандай, радиация тудыратын ең үлкен қауіптердің бірі қорқыныш пен сенімді ақпараттың болмауы болып табылады.
Мысал ретінде, Чернобыль апатынан кейін көп ұзамай бала күткен мыңдаған украиндық және белорус әйелдері жүктілікті тоқтату туралы шешім қабылдады (нақты себепсіз). Бұл екі елде 1986-1987 жылдар аралығындағы қажетсіз түсіктердің саны сол кездегі Шығыс Еуропада туылған барлық сәбилердің 1/3 бөлігін құраған.
3.3 Радиоактивті ластану
Радиоактивті ластану - қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық түрінен кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластануды мынадай топтарға бөледі: 1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа - (гелий ядросы), бетта - (жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма - сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі); 2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі). Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядер қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:
:: Атом өнеткәсібі;
:: Ядролық жарылыстар,
:: Ядролық энергетика;
:: Медицина мен ғылым.
Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радияциялық сәулелермен ластайды. Келесі бір қауіпті радинуклид - стронций-90, ол ядролық сынақте кесінде түзіледі (жартылай бөліну периоды 27.7 жыл). Ол ағзаға асқазан-ішек жолдары , өкпе, тері жамылғышы арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жиналады. Стронций қанда патологиялық құбылыстар тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрлысының бұзылуына әкеледі. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, лейкемия ауруы болуы мүмкін. Қазіргі гигиена ғылымының өзекті мәселесі: адам өмір сүретін ортаның зиянды және қауіпті факторларын анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың халық денсаулығына тигізетін қауіп-қатерін бағалай білу болып табылады. Қауіп-қатер туғызатын әртүрлі факторлар нақты елдің, аймақтың жағдайларына да тәуелді екенін ескеру қажет.
4. Иондаушы сәулелелерден және радиоактивті заттардан қорғану. Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері.
Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған қолғаптарды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі мүшелерге өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек. Екер кішкентайбөлшектер ішкі ағзаларға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ ұлпаларға жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады. Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады. Тез еритің цезий - 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылын көп мөлшерде пайдалану керек. С,Д витаминің ішу өте пайдалы. Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін.
Химиялық тәсіл. Радияцияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін пайдаланады. Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады. Бұл цистамин 0,2 және калий йоды.
Биологиялық тәсіл иондалған сәулеленуді ем ретінде пайдалануға болады. Ауруды диагностика әдісімен тексеру үшін де таңбаланған атомды пайдаланады, ол радиоизотопты зерттеулер. Сәуле терапиясы мен қан өндіру жүйесінің ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды радияциядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. Әсіресе экологиялық аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе, радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан жан-жақты білім және тәрбие беру екенін естен шығармауымыз керек.
Иондаушы сәулеленулер тірі организммен ықпалдасқан кезде олар энергиясын ұлпаларға көп берген сайын зақымдану да арта түседі. Организмге берілген энергия мөлшері доза деп аталады. Сәулеге ұшыраған дененің массасының сіңірілген бірлігінің сәулелену энергиясының мөлшері сіңірілген доза деп аталады. СИ Халықаралық бірлік жүйесінде дозалық бірліктердің өлшемі (СИ) ГРЕЙ (Гр).Сіңірілген дозаны бағалау үшін,сондай-ақ РАД-0,04 1/кг; 1 Гр-100 Рад жүйеден тыс бірлігі пайдаланылады. Грей белгілі бір физикалық дене массасының сіңіріліген бірлігінің иондаушы сәулелену энергиясының санын білдіреді. Экспозициялық доза, ол альфа,бета және гамма сәулеленудің организм ұлпасын зақымдау қабілетін көрсететін коэффициентке көбейтілген,сіңірілген доза мөлшеріне тең: 1 рад хк -1бэр; 1 Грхк-1 Зв (зиверт).
Жіті сәулелік аурудың белгілері. Иондаушы сәулелену адам ағзасына еніп өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез-келген молекуласын иондайды, олар химиялық байланысын бұзады, нәтижесінде биологиялық процестердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бұзады. Сәуле ауруының ауыртпалығы сәулеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Алынған сәуленің мөлшеріне қарай жіті және созылмалы түрі болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде адам ұзак уакыт сәуле ауруына шалдығады. Қабылданған мөлшеріне карай сәуле ауруы төрт түрлі дәрежеде болады: 1-дәрежесі жеңіл түрі - 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа түрі - 200-400 рентген мөлшерінде; 3-ші дәрежесі ауыр түрі - 400-600 рентген мөлшерінде; 4-ші дәрежесі өте ауыр түрі - 600 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.
Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді: бірінші кезең-жеңіл- сәуленің ағзаға әсері оның мөлшеріне карай болады. Ең алғашкы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, құсу, іш өту, төрінің бозаруы, қан қысымының тұрақсыз болуы, естен тануы. Ауруды емдеуге болады. Екінші кезең - орташа-бірінші кезеннен кейін уакытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезең деп айтамыз. Емделген жағдайда 2-3 ай ішінде сауығады. 20 процент жағдайда адам өледі. адам үшінші кезең -ауыр- жағдайдын жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады, екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, тершендік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысынын бұзылуы байкалады және қанда өзгеріс болады - тромбоцитопения, эритроцитопения, лейкоцитопения. Өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда, сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады - науқастың қызбасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан үюы бүзылады, жүқпалы аурулар дами бастайды, өкпенің кабынуы, дизентерия, іш өту, канның бұзылуы, т.б. Сәтті жағдайда 3-6 айда сауығуы мүмкін, адамдардың 20-70 пайызы өледі. Төртінші кезең - өте ауыр-20-30 минуттан кейін алғашқы белгілері біліне бастайды. Дәрет сұйлып тоқтамайды. Тері зақымданады, тері ұлпаларында бета-күйікті тудырады.
Алғашқы дәрігерге дейінгі көмектің көлемі;
1.Асқазанды жуу немесе құстыру.
2.Ацорбент - активтелген көмір таблеткасы 25-30 гр.
3.Қозуды және қорқыныш сезімі пайда болғанда - б/е 2 мл седуксен ертіндісі.
4.Қалқанша бездің зақымдануының алдын алу ретінде - 0,125 г. калий йодид таблеткасын немесе 3-5 пайызды тұнбасын ішу.
5.Қан қысымы төмендегенде - б/е 60-90 мг преднизолон ертіндісі немесе 2 мл допамин ертіндісі.
6.Жоғалған сұйықтың көлемін толтыру- сілтілі сусын ішккізу.
7.Терінің ашық жеріне санитарлық өндеу.
8.Радиопротектор - цистамин 0,2 әр сағат сайын 1 таблеткадан
9.Жатқызған күйде зембілмен тасымалдау.
Белсенді бөлшектер мөлшері жағынан өте кішкентай және жылдамдығы жоғары. Сондықтан олар көптеген тосқауылдарды жайбарақат еніп, қалың бетон мен қорғасын қабырғаларының алдында ғана тоқтайды. Сондықтан ионды сәуле шығаратын барлық өндірістік, медициналық орындарда олардың қызмет сипаты бойынша тиісті тосқауылдар мен қоршаулар бар.
Табиғи иондаушы сәулелерден қорғану қиын емес. Тікелей күн сәулесінде болуды шектеу жеткілікті, тотығумен айналыспаңыз және бейтаныс жерлерге барғанда мұқият болыңыз. зерттелмеген бұлақтардан, әсіресе радон мөлшері жоғары жерлерде су ішпеуге тырысыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |