СЫРҚАТТЫ САНИТАРЛЫҚ ЖУЫП – ШАЮ
Науқастарды педикулезге қарау қажет. Бас пен киімнен шыққан биттер түрлі қауіпті жұқпалы аурулардың тасымалдаушылары болып есептеледі. Санитарлық жуып шаю бөлмесінде науқастың шашын тексереді. Егер бит немесе сірке табылса, ауруды шешіндірместен кушеткаға отырғызып, қолда бар ерітінділердің бірімен тазалайды, яғни дезинсекция (жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайтын зиянды жәндіктерді жою) жүргізіледі.
Карбофостың 0,15% сулы – эмульсиялы ерітіндісімен тазалау
Дайындау керек:
0,15% карбофос ерітіндісі, клеенка орамал, мата орамал, жылы су, 6% асханалық сірке суы, майда тарақ, арнайы қап.
Іс- әрекеттер:
1. Орамалды байлап, халат пен биялай киіңіз.
2. Науқасты кушеткаға отырғызып, шашына 0,15% карбофос ерітіндісін
жағыңыз.
3. Клеенка орамалмен, сонан соң сыртынан мата орамалмен ораңыз.
4. 15-20 минуттан кейін жылы сумен жуыңыз, содан кейін 6% асханалық
сірке суымен шайыңыз.
5. Шашын майда тарақпен тараңыз.
6. Науқастың киімін зарарсыздандыру камерасына өткізу үшін қапқа
салыңыз.
7. Медициналық картаның мұқаба бетінің оң жақ бұрышына педикулез
табылған туралы «Р» деген белгі қойыңыз.
8. Науқаспен байланыста болған заттар мен жабдықтарды да жоғарыда
аталған дезинсекциялық ерітіндімен тазалаңыз.
9. Мейірбикенің орамалын, халатын, биялайын, қапқа салып,
зарарсыздандыру камерасына өткізіңіз.
10. Ф-058 «Жұқпалы ауру туралы жедел хабарламаны» қағазын толтырып,
жергілікті санитарлық эпидемиологиялық станцияға жіберіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |