Реферат тақырыбы: Қабылдау бөлімшесіндегі мейіргердің міндеті


Тақырыбы: Қабылдау бөлімінің құрылысы мен міндеттері



бет5/12
Дата14.05.2024
өлшемі36.11 Kb.
#501112
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
жукенти нб

Тақырыбы: Қабылдау бөлімінің құрылысы мен міндеттері
Қабылдау бөлімі (сырқатты қабылдайтын жер) аурухананың бір бөлімі, ол сырқаттарды қабылдауға, тіркеуге, тексеруге және санитарлық гигиеналық жуып шаюға арналған. Қабылдау бөлімшесінде алғашқы диагноз, алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіледі. Қабылдау бөлімшесі аурухананың жоспары мен құрылысына қарай орналасады. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қабылдау бөлімі болады.
Орталықтандырылған қабылдау бөлімі дегеніміз аурухананың барлық бөлімшелерінің бір қабылдау бөлімі болады.
Орталықтандырылмаған қабылдау бөлімі бөлек орналасады және әрбір бөлімнің дербес бөлімшелері болады. Қабылдау бөлімшесі аурухана территориясына кіруге жақын және сырқаттарды тасымалдауға ыңғайлы жерде болуы тиіс. Ол үшін ыңғайлы төселген немесе асфальтталған жолдар, зембілдер мен оларды тасымалдау үшін кең баспалдақтар мен есіктер қажет.
Науқастар ауруханаға жоспарлы және жедел түрде түсуі мүмкін:

  • жоспарлы түрде келген науқастар – жолдамамен келгендер.

  • Жедел түрде түскендер– жедел жәрдем машинасымен, өздігінен келгендер.

Қабылдау бөлімі аурухананың ең маңызды бөлімі болып табылады.
Қабылдау бөлімінің құрылысы:

  • Күту залы - бұл науқастарға, оларды әкелген адамдарға арналған орын. Бұл жерде орындықтар жеткілікті болуы керек.

  • Кезекші мейірбике бөлмесі - бұл жерде жаңадан келген науқастарды тіркеу, қажетті құжаттарды толтыру өткізіледі 

  • Тексеру бөлмелері – дәрігерлердің (терапевт, хирург, гинеколог) науқастарды қарауға арналған бөлмесі.

  • Жұқпалы ауруға күдік болған жағдайда науқастарға арналған оқшаулағыш (изолятор) бөлме.

  • Санитарлық тазалау бөлмесі.

  • Кіші операциялық бөлме.

  • Манипуляциялық бөлме.

  • Рентген бөлмесі.

  • Зертхана.

  • Әжетхана.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет