Реферат тақырыбы: Қазақстан республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және мемлекеттік бағдарламалар



бет2/4
Дата26.11.2022
өлшемі77.16 Kb.
#465815
түріРеферат
1   2   3   4
Аманкосов Бейбит EKT referat

II. Негізгі бөлім
1.Әлеуметтік қорғау ұғымына жалпы түсінік.
Алдымен «әлеуметтік қорғау» ұғымымен танысайық. Ол адам құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін және әлеуметтік мұқтаждығын қанағаттандыратын шаралар жүйесі. Ол барлық қоғам мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайынан тыс қоғамдық қажеттілігін құрып, жасайтын мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына сәйкес, әр адам әлеуметтік қамтамасыз етілуге және өз абыройын сақтауға тиіс қажеттілікті жүзеге асыруға, экономика, мәдениет, әр мемлекеттің құрылымы мен ресурсына сай әлеуметттік салада ұлттық күш салып, халықаралық ынтымақтастыққа және жеке тұлға ретінде еркін дамуына құқығы бар. Сондай-ақ әр жұмыскер өз еңбегінің әділ бағалануына, өзі және өзінің отбасы лайықты өмір сүреді деп есептеуіне құқығы бар. Айта кетсек, қажет деген жағдайда еңбекақысы әлеуметтік қамтудың басқа да құралымен толықтырылуы мүмкін.
Жалпы, кез келген адамның игілігіне қажетті, кем дегенде, тамақ, киім-кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетілу — денсаулығын сақтап, оның және оның отбасының игілігі қамтамасыз етілуі тиіс. Егер күнелтуге қажетті қаражат болмаған жағдайда азамат (жұмыссыздық, ауыру, мүгедектік, кәрілік немесе асыраушысынан айырылғанда) мемлекет тарапынан көрсетілетін жәрдемге сүйенеді. Аналар мен нәрестелерге құжаттағы мөріне қарамастан ерекше көңіл бөлінуі тиіс: барлық бала некеде туылып, туылмағанына қарамастан, біркелкі әлеуметтік қорғауды пайдаланады.
Әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік қорғау жүйесі өмірлік қажетті игіліктерге белгілі деңгейде және жағдайына қарай (қартаю. Денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылу және басқа заңды негіздер) экономикалық белсенді бола алмайтын және лайықты төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтардың жағдайын белгілі деңгейде қамтамасыз етуге шақырылған.

2. Әлеуметтік қорғаудың үлгілері және түрлері
Әлеуметтік қорғаудың үлгілері:
Неміс үлгісі — адам өзінің белсенді шағында төлеген ақшадан аударылымына сәйкес әлеуметтік құқығы қамтамасыз етіледі. Мүмкіндігі шектеулі отбасыларының барлығына арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар;
Ағылшын үлгісі – қандай да бір санатқа жатсын, жатпасын, әлеуметтік жәрдемнің минимум өлшемі қарастырылған.
Кейде әлеуметтік қорғауды тым тар ұғымда түсінеді: белгілі бір кірісі бар тұрғындар белгілі себептермен өзін-өзі асырай алмаған жағдайда деп түсінеді: жұмыссыздар, мүгедектер, ауыр науқастар, жетімдер, қариялар, жалғызбасты аналар, көпбалалы отбасылар. Қандай жағдай болмасын, әлеуметтік қорғаудың басты қағидалары — адамгершілік, адрестілік, кешенділік, жеке тұлғаның құқығын, бостандығын сақтау болып табылады.
Әлеуметтік қорғаудың негізгі үш түрі: әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек.
Әлеуметтік қамсыздандыру
Әлеуметтік қамсыздандыру — мемлекеттің әлеуметтік саясатын білдірудің түрі. Ол мемлекеттік бюджет қаражатымен белгілі бір санаттағы азаматтарды материалдық қамсыздандыруға және азаматтық әлеуметтік ахуалын басқа қоғам мүшесімен теңдестіру мақсатында мемлекет тарапынан елеулі оқиға (оның даму кезеңінде) болып табылған жағдай туындағанда бюджеттен тыс арнайы қорлардан қаражат бөлуге бағытталған.
Әлеуметтік кепілдіктер
Әлеуметтік кепілдіктер —азаматтарға ұсынылатын әлеуметтік игіліктер және көрсетілетін қызметтер, яғни тексеру қажеттілігі мен еңбек салымының есебінсіз, бөлу қағидасы негізінде, қолда бар қоғамдық игіліктерді мұқтаждығы бойынша үлестіру.
Әлеуметтік сақтандыру — әлеуметтік қорғау жүйесі. Оның міндеті — экономикалық белсенді азаматтардың конституциялық құқығын қамсыздандыруды жүзеге асыру – қартайғанда, ауруға шалдыққанда, жартылай немесе толық еңбекке жарамдылығынан айырылғанда, асыраушысынан айырылғанда, жұмыссыз қалғанда материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Әлеуметтік көмек — ол ақшалай көмек және заттай көмек. Негізінен бюджеттен және өз еркімен жасалған қайырымдылықтан қаржыландырылып, ауыр материалдық жағдайдағы адамдарға төленеді. Олардың кірісі негізінде, өмір сүруге қажетті қаражатына қарай, сондай-ақ кірісі тексерілмей, белгілі бір өлшемдеріне қарай әлеуметтік көмек көрсетіледі. Және де халықтың бір бөлігі көмек көрсету бағдарламасының игілігін пайдаланады деп білеміз.
Әлеуметтік жұмыстың субъектілері — осы жұмысты жүргізетін адамдар мен ұйымдар. Мемлекетттік органдардың әлеуметтік қорғауы арқылы әлеуметтік саясатты жүргізетін жалпы мемлекет.

Әлеуметтік қорғаудың түрлері


Мемлекеттік құрылым:
Қолжетімді денсаулық сақтау;
Жеңілдіктер;
Қолжетімді білім беру;
Зейнетақымен қамсыздандыру;
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі және әлеуметтік көмек ұсыну;
Әлеуметтік қолдау көрсету шаралары;
Мемлекеттік емес құрылымы:
Ерікті әлеуметтік сақтандыру;
Қайырымдылық;
Денсаулық сақтаудың жеке меншік жүйесі және т.б.
Біз мемлекеттік туралы айтып отырмыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет