Реферат тақырыбы: Қазақстан республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және мемлекеттік бағдарламалар


Қазақстандағы әлеуметтік қорғау және мемлекеттік бағдарламалар



бет3/4
Дата26.11.2022
өлшемі77.16 Kb.
#465815
түріРеферат
1   2   3   4
Аманкосов Бейбит EKT referat

3. Қазақстандағы әлеуметтік қорғау және мемлекеттік бағдарламалар
Қазақстандықтарда қандай әлеуметтік стандарт және әлеуметтік кепілдіктер бар:
Қазақстанда ең төмен әлеуметтік стандарттар ҚР «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Заңына сәйкес, мына салаларда белгіленіп, қолданылады;
1) еңбек;
2) әлеуметтік қамсыздандыру;
3) білім беру;
4) отбасы және балалар;
5) денсаулық сақтау;
6) мәдениет;
7) дене шынықтыру және спорт;
8) мемлекет кепілдігімен заң көмегі.

Еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар


Ең төмен айлық еңбекақы, жұмыс ауысымының ұзақтығы, жыл сайынғы ақылы демалыс — бұл еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар.
Еліміздің Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс істеуші мынаған құқылы:
Демалысқа, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы демалысқа;
еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты денсаулыққа келтірілген зиянның өтелуіне;
міндетті әлеуметтік сақтандыру;
еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындау барысындағы жазатайым оқиғалардан сақтандыру;
кепілдіктер және өтемақылы төлемдер;
өз құқығын және заңды мүддесін барлық заңға қайшы емес тәсілдермен қорғау;
бірдей еңбегі үшін ешқандай кемсітушіліксіз тепе-тең төлеу.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік стандарттар былай анықталады:


ең төменгі күнкөріс деңгейі
ең төменгі зейнетақы көлемі
арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің кепілдендірілген көлемі

Білім беру саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарттар:


мектепке дейін тәрбиелеу және оқыту стандарты;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандарты;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру стандарты;
конкурстық негізде жоғары білім беру стандарты.
шәкіртақы, мемлекеттік гранттар, оқуға квоталар және оқушыларға жеңілдіктер аталмыш стандарттармен белгіленеді.
Отбасы және балалар саласындағы әлеуметтік стандарттар
Бұған жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған, басқа отбасына берілген балалардың құқығы мен мүддесін қорғау кіреді. Стандарт бала асырап алуды, қамқорлыққа алуды немесе бағып-қағу, патронатты отбасы, қамқоршыларға жәрдемақы және патронаттық төлемдерді реттейді.

Денсаулық сақтау саласында


Бұл стандарттар кепілдендірілген тегін медициналық жәрдем беру көлемі мен қолжетімді денсаулық сақтау қызметін қамтамасыз етуді реттейді.

Мәдениет саласында


Мәдениет саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарттар әлеуметтік кепілдіктерді және барлық санаттағы азаматтардың мәдени құндылықтарға қолжетімділік құқығын жүзеге асырады. Бюджет қаражатының есебінен мемлекеттік ұйымдар өткізетін мәдени ойын-сауықтық шараларға мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүгедектерге арналған қызметінің қолжетімділігі бойынша бөлек стандарттар бар.

Дене шынықтыру және спорт саласында


Бұл стандарттармен мемлекет меншігіндегі спорттық ғимараттардың қолжетімділігі және оны барлық санаттағы азаматтар үшін пайдалану көрсеткіштері қамтылады.

Мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегін көрсету саласы


Аталмыш саладағы стандарттар әлеуметтік кепілдікті және әлеуметтік құқық — заңды ақпарат алу, заңды кеңес алу, жеке тұлғаның мүддесін қорғау және адвокат ұсынуды жүзеге асыруға бағытталған. Сотқа арызды қалай дұрыс жазуға болады, адвокатты қалай таңдау керектігі жайлы толығырақ «Транспаренси Қазақстан» сайтында оқыныз.

Қазақстандағы әлеуметтік қорғауды реттеуші Заңдар мен халықаралық шарттар бойынша келесі бағдарламалар бар:


Еңбек кодексі – http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1500000414
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы – http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1300000105
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы» – http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z030000405_#z9
Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері – http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1500001103#z6
Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны белгілеу мен төлеудің ережесі – http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500012521#z8
Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы – http://www.un.org/ru/documents/decl_conv/declarations/declhr.shtml



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет