lean Startup дегеніміз не? 4
Бизнес-модельдің канвасы қалай құрылатын қарамай тұрып, жаңа ұғым - үнемшіл(немесе Lean startup) стартапы енгізу керек. Lean Startup - бұл үнемшіл өнідірс тұжырымдамасы. Стартап төтенше белгісіздік жағдайында әрекет етеді және іске қосу кезінде мұны ескеру қажет. Дамудың бастапқы кезеңінде қателіктер арқылы үйрену және негізін қалаушылардың гипотезаларын барынша тез тексеру үшін стартап икемді болып калуы қажет, яғни ірі салымдар мен шығындарды болдырмау қажет
Үнемшіл стартап циклы үш кезеңнен тұрады: "құру-бағалау-үйрену". Оның мәні: алдымен өнімнің ең төменгі жұмыс нұсқасын жасау, тұтынушылардың реакциясын бағалау, содан кейін шешім қабылау, таңдалған бағытпен жүруді жалғастыру немесе бағытты өзгерту.
Негізін қалаушы Ник Суинмернің адамдар интернетте аяқ киім сатып алады деген гипотезасынан басталған аяқ киімнің ең табысты интернет-дүкені Zappos - осындай стартаптың мысалы бола алады. Суинмерн бірнеше аяқ киім дүкендерінің ассортиментін суретке түсіріп және фотосуреттерді интернетте орналастыра отырып, өзінің болжамдарын тексеру үшін кішігірім эксперимент өоткізді.
Егер клиент сайтта тапсырыс қалдырса, Суинмерн жай ғана дүкеннен аяқ киімді қалыпты баға бойынша сатып алып, оны сатып алушыға жібереді.
Бизнес-модель канвасы 5
Lean Startup құралдарының бірі - бизнес-модельдің канвасы немесе lean canvas. Бұл бизнес жұмысының негізгі компоненттері мен процесстерін көрсететін көрнекті сызбасы.
Александр Остервальдер жасаған Business Model Canvas бизнесті бір парақта қарапайым және көрнекті түрде салуға көмектеседі. Шаблон бизнестің басты элементтері болып табылатын ұ блоктан тұрады. Олар мәтіндер, стикерлер, суреттер немесе видеоларды пайдалана отырып толтырылады
Достарыңызбен бөлісу: |