Реферат тақырыбы: «Есік қорғанынан табылған Алтын адам»


К.Ақышевтің қазба жұмыстары



бет3/5
Дата15.02.2024
өлшемі120.67 Kb.
#491765
түріРеферат
1   2   3   4   5
Турсынбек Альбина

К.Ақышевтің қазба жұмыстары

Ол 1969-70 жылдары Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тарих ғылымдарының докторы, ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткер Кемел Ақышұлы Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылған, біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғғ.жатады.
Кемел Ақышұлы Ақышев 1924 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Әскери училищені аяқтаған соң майданға аттанады. 1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіреді. КСРО ҒА Археология институтының Ленинград бөліміне аспирантураға түсіп, 1953 жылы Мемлекеттік Эрмитаждың Ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғайды.
Студенттік жылдары археологиялық қазба жұмыстарына қатысады. 1955 жылы Қазақ КСРО ҒА Тарих, археология, этнография институтының археология бөлімінің меңгерушісі, содан кейін Әлкей Марғұлан атындағы ҚР ҰҒА Археология институтының бас (негізгі) ғылыми қызметкері болады. 2000 жылы Астана қаласына көшіп, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде археологиялық реконструкцияның лабораториясын құрады.
Археологтар алғаш рет әлемдік тәжірибеде барлық республика көлемінде Археологиялық карта жасап, онда материалдық құндылықтың 5 мыңға жуық ескерткіштері есептеліп, сипатталады. 50 жылдардың соңында К.Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде табылған сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның ғылыми өмірбаянынан ерекше орын алады.
Одан жинақталған материалдарды талдай келе, К.Ақышев сақтардың таза көшпенді емес, олардың қыстайтын орны мен жылы баспаналары болғандығына көзі жетеді және осы тұжырымға нық тоқтайды. Сол жылдардың өзінде-ақ ол тағы бір ғылыми ізденістің бағытын – сақ өнерінің шығу тегін зерттеуді көздейді және ежелде Жетісуда дербес металлургия ошағының және қола құю өндірісінің дамығандығын дәлелдейді.
Бұл бағыт Есік қорғанынан «Алтын адамды» тапқанда да әрі қарай жалғасын тапты. Қорғандардың көпшілігі ертеде тоналған, тек бүйірдегісі ғана, яғни жас сақ көсемінің жатқан жері аман қалған. Қазу тәсілі мен түрлі сызбалар арқылы «Алтын адамның» бейнесі қайтадан жаңғыртылды.
Сақтар түсінігінде ескірмейтін, шірімейтін алтын зат мәңгіліктің символы ретінде болған. Ғылымнан белгілі, тірі кезінде алтын бұйымдар тек патшалардың киіміне ғана жапсырылған. Ал о дүниеге алтын әшекей заттармен аттандыру оның өмірін мәңгілік ету идеясымен байланысты болу керек.
“Алтын адам” 1969-1970 жылдары тарих ғылымдарының докторы, академик Кемел Ақышев бастаған археологтар тобының қазба жұмыстары нәтижесінде Алматы қаласына 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылған. Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан зираттар солтүстіктен оңтүстікке қарай аумағы үш шаршы километрдей жерді алған. Бұл қорғандар патша қорғандары деп аталады. Есік қорғанының диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр. Бір қорғанда орталық зират және қырынан жерленгендердің зираты бар болғаны анықталған. Орталық зират бірнеше қайтара тонаудың нәтижесінде өзінің бұрынғы қалпынан өзгерген. Тонаушылар қырынан жерленген зиратты таба алмаған, ол ешкім тимеген күйінде түгелдей сақталған. Бейітте ұзындығы 1,5-3 метрлік Тянь-Шань шыршасынан жасалған табыт болған. Ағаш табыттың солтүстік бөлігінде ұзыннан жатқыза жерленген адамның қаңқасы, ал оңтүстік және батыс бөліктерінде ыдыс-аяқтар орналастырылған. Жерленген адаммен бірге киімінен алтын пластиналар, белбеу, қару-жарағы, жанынан қола айна, жақұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылған. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, жылқы, түрлі құс бейнелерін беретін хайуанаттар стилі деп аталатын скиф-сақ зергерлік өнерінің үздік үлгісі. Жерленген адамның басынан бастап аяғының ұшына дейін 165 см.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет