"Есік" қорғанында жерленген адам
Антропологтардың айқындауынша, "Есік" қорғанында жерленген адам 17-18 жаста болған, физикалық түрі бойынша ол сақтарға жатады. Жауынгер киімі де ерекше ынта туғызады. Оның киімдерін, бас киімін және аяқ киімін 4000 астам көркемдігі жоғары алтын тоғалар мен табақшалар әшекейлеген. Есік жауынгерінің киіміндегі жеке жануарлы, өсімдікті сарындағы барлық тоғалар күрделі, толық үйлесімді композицияға біріккен. . Бас киімнің оюлы аймағында көп желілі композиция ерекше айқын және мәнерлі берілген. . Егжей-тегжейлі тоқтамастан, тек құстары отырған өскен ағаштарымен тау түріндегі табақшалар шеңбері бойынша дөңгелене орналасу Жетісу үшін соншалықты тән шын мәніндегі тау пейзажының айқын картинасын жасайтындығына ғана назар аударамыз. . Барыстарымен және таутекелерімен тау көрінісі желісімен келесі аймақ тағы да зор әсер қалдырады. Бұл сюжеттерде ойдан, қиялдан шығарған ештеңе жоқ, шебер күнделікті өмірден көргендерін, туған тауларының көрінісін және сонда тіршілік еткен жануарларды бейнелеген. Бірақ ол жансыз көшірмеші болып қоймаған, көсемнің салтанатты бас киіміндегі жыртқыш аңдар бейнесінің семантикасында терең мән мен мазмұн жатыр.
Есік жауынгерінің бүкіл киімі мұқият ойластырылған. Ол шебердің сән әдістері мол құралдарын шығармашылықпен пайдаланғанын, білімін, іскерлігін білдіреді. Ол үшін жануаралар бейнелері оюдың үзігі ретінде ғана маңызды емес. Зооморфтік сарындардың өміршеңдігін өрнектілікпен үйлесімді үндестік табуы өте күшті көркемдік тиімділік туғызады. Тіптен Есік өнерінің қияли желілері, қаншалықты тосын болса да, шыншыл және өміршең.
Есік қорғанының, сондай-ақ Жетісудың басқа сақ ескерткіштерінің торевтикасында жыртқыштар бейнелері пұтнамаларының жалпы ерекшеліктері, оның шығу тегінің жергілікті екендігін білдіреді және бұл зергерлік бұйымдар сырттан әкелінген деуге негіз жоқ. Бұл заттарда "аң стиліндегі " скифтік-сібірлік өнермен ортақтық көп, сонымен бірге жергілікті металл өңдеушілердің қолтаңбасын сыйпаттайтын ерекше белгілер де аз емес.
Жануарлар түрлерінің ерекшеліктері атап көрсетіледі. Жыртқыштарды бейнелегенде торевт өзінің назарын дене иілісінің жұмсақтығына және азулы ауызына аударады. Тұяқтылардың тұяғы, мүйізді және басқалары мұқият бейнеленген. Алайда гиперболизация шамалы немесе бейнені мұқият сомдау қиынырақ болған жерге қолданған. Мысалы, қанжардың жүзінде барлық жануарлар сұлбасы бейнеленген, оның есесіне жыртқыштардың тырнақты табандары, ақсиған ауыздары және жымқырылған үшбұрышты құлақтары, арқарлардың, ешкілердің және бөкендердің қарағайдай мықты мүйіздері, тұяқтары, қояндардың үлкен дөңгелек көздері, салпақ құлақтары үлкейтіп көрсетілген.
Есік қорғанынан жануарлар бейнесінен басқа өсімдікті және геометриялық өрнектелген заттар табылды. Шиыршықтар, жапырақтар, жапырақшалар, қауыздар, түйнектер түріндегі алуан қиыстырулар неғұрлым жиі ұшырасады. . Геометриялық пішіндерден квадрат, тікбұрыш, ромбалар, дөңгелекшелер, жарты ай жиірек салынған. . Мұндай түр барлық ұсақ тоға-жапсырмаларда бар. Бірақ Есіктегі геометриялық және өсімдікті өрнектерде шартты түрде берілген "аңдық стильдің" кейбір белгілері бар. Бұл тұмсық түріндегі және тұяқ түріндегі пластинкалар.
Достарыңызбен бөлісу: |