Есік қорғанынан табылған Алтын Адам
Жетісудағы сақ патшаларының ең жарқын ескерткіші Есік қорғаны болып табылады. Қорғандағы жерлеу б.д.дейінгі 4-5 ғасыр деп белгіленген. Ол 40-тан астам қорғаннан тұратын үлкен бейіттің оңтүстік шетіне орналасқан. Қорғанның көлденеңі 60 метр, биіктігі 6 метр. үйіндінің астынан археологтар екі жерлеу орнын тапты. Олар ортасы мен бүйіріне (оңтүстік шетіне) орналасқан. Орталық бейіт бірнеше рет тоналған, содан ол бүлінген, шеткі молаға ешкім тимеген. Жерлеу лақаты Тянь-Шань шыршасының өңделген бөренесінен қиып салынған. Оның ұзындығы 2,9 метр, көлденеңі - 1,5 метр, биіктігі - 1,5 метр . Лақаттың оңтүстік және батыс бөліктеріне ыдыстар, солтүстік бөлігіне жерленген адам орналастырылған.
"Есік" қорғанындағы бейіт, сірә, былайша тұрғызылса керек: алдымен негізі батыстан шығысқа бағдарланған тік бұрыш түрінде мүрде шұқыры қазылған. Шұқыр түбіне бөренеден қиып жерлеу камерасын жасаған. Оның конструкциясы барынша қарапайым: біркелкі ұзындықтағы бес қатар бөренелерді камера қабырғаларын құрайтындай етіп көлденең орналастырған. Бөренелер бұрыштарында өзара байланыстырылмаған, ал линиялары тиіп тұр, камераның көлденең және ұзына бойғы қабырғаларының бөренелі дөңбек ұштары бұрыштарында біріне-бірі кигізілген, бұл үйіндіден сақтаған. Тастың үсті бөренелермен көлденең жабылған. Бір-біріне тығыз қиюластырған жақсы өңделген он тақтайдан жасалған еденде көмілген адамның түрлі заттары жатты. .
Сірә, өлген адамға арналған еденнің учаскесіне ұсақ алтын белгілермен кестеленген маталық төсеніш жайылған. Оған бар рәсімдерімен жарқыраған парадтық киімімен, толық қару-жарағымен марқұм болған адам арқасынан, басын батысқа қаратып жатқызылған.
Оң жақ беліне ағаш қынапты темір қылыш байланған. . Иықтан асынған былғары белбеудің қайыстарын алтын құрсаулар мен жолбарыс басының кедір-бұдырлы бейнесі әшекейлеген.. Сол жағындағы белдігінде темір ақинақ ілінген, оның ағаш қыны желіп келе жатқан бұлан мен жылқы түрінде орындалған екі алтын табақша тігілген терімен қапталған. . Оның әшекейлерінің арасында екі цилиндрлік қаңылтыр белгі ерекшеленеді. Олар - бүктелген қасқырдың бедерлі бейнесі бар айқаспалы белдіктерге арналған оқ сауыт.
Сол қолының шынтағында алтын ұшты символикалық жебе, одан жоғары - сабы кең алтын лентамен оралған қамшы, одан да жоғары-қола айнасы мен қызыл бояуы бар сәндік жібек дорба жатыр.
Бөлме еденіне өлгендер азығымен ыдыстар қойылған. Рәсімдік ыдыстар құрамына жазуы бар күміс шыны және бір шетте тұрған алтын жалатқан қола табақ кіреді. . Онда жыртқыш құстардың тұмсығы мен тұяғы түрінде орындалған бірнеше алтын табақшалар жатты.
Ыдыстарды орналастыруда белгілі тәртіп сақталған. Саз және ағаш ыдыстар бөлек тұр. Оңтүстік қабырғада ағаш ыдыстар орналастырылған, оның сыртында - екі қатарда - екі табақ, алдыңғы қатарда - табақшалар мен ожау, . Басқа қабырғада бір қатарға бір-біріне тығыз етіп саз құмғандар тізілген, олардың алдында табақшалар, солардың арасында сондай-ақ бірге - екі күміс кесе мен қасық бар. . Қола кесе жерленген адамның басында, сыртта тұр. Камераның шығыс қабырғасындағы еден учаскесі заттардан бос. Бесшатыр қорғандарындағыдай сияқты камераға ену шығыс жақтан болғанға ұқсайды. .
Достарыңызбен бөлісу: |