Реферат тақырыбы: «Есік қорғанынан табылған Алтын адам»



бет5/5
Дата15.02.2024
өлшемі120.67 Kb.
#491765
түріРеферат
1   2   3   4   5
Турсынбек Альбина

Қорытынды
«Мәдени мұра» шеңберiнде қолға алынып, жүзеге асып жатқан игi шаралар ел көлемiнде, әрине, аз емес. Бiр Алатау өнiрiнде қаншама ескi қорғандар мен обалар бар десеңiзшi. Кезiнде ескерусiз қалған сол тарихи орындарды жөндеп, өңдеп мұражайға айналдыру тек тәуелсiздiк алғаннан кейiн ғана жүзеге асырыла бастады. Бұл тарихымызды түгендеу, жоғалғанымызды табу, барды қайта жаңғырту. Оның ең бастысы Есiк обасынан табылған «Алтын адам» екенiнде сөз жоқ. Ендi сол жерге салынатын мұражай елдiң ағылып келетiн мәдени орнына айналуы үшiн ол ұлттық дәстүрге негiзделуi қажет. «Алтын адамды» дүниежүзi бiледi. Сондықтан да оған салынған сарайда өзiне сай болғаны жөн дер едiк. Тарихи орынды көрем деп келген адамдар рухани азық алып қайтатындай болуы керек. Осы күнге дейiн бiрде бiр археологиялық ескерткiштер шындап қолға алынып, туристiк көрмеге айналмағаны өкiнiштi-ақ. Бiрақ соңғы жылдары iс жүзiне асып жатқан маңызды жұмыстар бұл салаға ерекше көңiл аударыла бастағанын көрсетедi.
Ұлттық археологиялық ескерткiштерiмiздi қорғауда қазiр жаңа көзқарас қалыптасып келе жатқанын байқау қиын емес. Ендiгi жерде мемлекеттiк көзқарас күшейiп келедi. Ең алдымен идеологиялық көзқарас емес, халықтық көзқарас жақсара түстi. Бiз сөз етiп отырған «Мәдени мұраның» негiзгi көздеген мақсаты да мiне осы. Оны дұрыстап жүзеге асыру керек. Әлi де болса бұл салада көп олқылықтар бар. Оны жою үшiн мәдени мұраға жаны ашитын патриоттар көп болса, сонда бұл iстiң бағы ашылып, жолы болады. Ата-бабадан жалғасып келе жатқан мәдени мұра бұл әлi оқылмай жатқан кiтап. Оларды сөйлету керек, олардың сырын ашу қажет. Бұл тұрғыдан алғанда мұражайлардың орны бөлек. Олар тарихымыздың алтын қоймасы, өткенiмiздiң шежiресi, елдiгiмiздiң белгiсi, ертеңiмiздiң айнасы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

  3. К.А. Акишев «Курган Иссык, Искусство саков Казахстана». Москва, Искусство, 1978

  4. Акишев А. К. «Костюм „Золотого Человека“ и проблема катафрактария».

  5. Акишев К. А., Акишев А. К. «Происхождение и семантика иссыкского головного убора». — («Археологические исследования в Казахстане». Алма-Ата, 1979. деген кітабінда.)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет