Реферат тақырыбы: «Жарма ассортиментін зерттеу және сапасын бағалау»



бет5/5
Дата06.03.2023
өлшемі30.14 Kb.
#470462
түріРеферат
1   2   3   4   5
Жарма туралы түсінік сенсор

Жарманың сапасына бақылау
Жарма сапасына қойылатын талаптар Жарма сапасын анықтаудың негізгі тәсілі органолептикалық тәсіл болып табылады яғни көзбен көру арқылы түсін, түрін, иісін және дәмін көру арқылы.

Сонымен қатар жарма шикізатында зиянкестер болмауы керек. Әртүрлі жармалардың ылғалдылығы 12-15,5% аралығында болуы керек. Шикізаттын яғни бидайдың сапасына қарай жарма сорты анықталады.Сонымен қатар жарма сапасын зертханада анықтау тәсілі қолданылады.Бұл тәсілге жарманың піскен кездегі түсі, түрі, дәмі және иісі арқылы анықтау кіреді. Және қайнау уақыты мен коэфициенті кіреді. Шикізат сапасына қарай және жарма сапасына қарай, ассортиментіне қарай жарманын қайнау яғни пісу коэфициенті әртүрлі болады.


Бидай жармасы - 4 тен 5,2дейін; қарақұмық жармасы- 3,2ден 4дейін;күріг жармасы - 4,3тен 5,2дейін; арпа жармасы 5,5 тен 6,6 дейін; сұлы жармасы — 3,3 тен 4,1 дейін;
Жарма өнімдерін өндіру кезінде мынадай жағдайларда туындайтын барлық ықтимал тәуекелдер ескерілуі тиіс
1) шикізатты қабылдау және қайта өңдеуге дайындау;
2) жабдықтарды, өндірістік және қойма үй-жайларын дайындау;
3) ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіру (шығару), сақтау, тасымалдау және өткізу процестері (сатылары);
4) кәдеге жарату және жою процестері (сатылары).
Жарма өнеркәсібінің өнімдерін сапасын осы ережелерге сәйкестендіру мынадай негізде жүзеге асырылады.
1) өнімді көзбен көріп тексеру;
2) этикеткадағы, тұтыну ыдысындағы, зат белгідегі, салынба парақтағы мәтін түрінде өніммен бірге берілетін ақпарат;
3) зертханалық бақылау мен сынақтардың деректері (қажетті және төрелік жағдайларда).
Осы ережені қолдану мақсаттарындағы сәйкестендіру әдістері қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуге тиіс.
Жарма - жарма дақылдарын (бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық, күріш) қайта өңдеу өнімдері.

Қорытынды
Өнімде В1, В2, В6, Е, Н және РР дәрумендері және қажетті минералдар: калий, кальций, магний, темір, кобальт, фосфор және натрий, крахмал бар. Жармада талшық көп емес, сондықтан ол «үнемді» диеталар үшін, іш қуысынан операциядан кейін қалпына келтіру үшін өте қолайлы. Жарма жұқпалы және жұқпалы емес аурулар мен операциялардан кейін қалпына келтіру кезеңінде адамдар, қарт адамдар және ас қорыту проблемалары бар адамдар арасында танымал.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Уажанова, Р.У. Тағам өнімдерінің сәйкестігін растау және сенсорлық бағалау
[Текст/Электронный ресурс] : оқу құралы / Р. У. Уажанова, Р. А. Изтелиева, Л. К.
Байболова. – Алматы : Альманахъ, 2019. – 241 б. – ISBN 978-601-263-074-9
Заворохина, Н.В. Сенсорный анализ продовольственных товаров на предприятиях
пищевой промышленности, торговли и общественного питания [Текст/Электронный
ресурс] : учебник / Н. В. Заворохина, О. В. Голуб, В. М. Позняковский. – М : Инфра-М,
2017. – 144 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет