«Әлемде жоқ жануар» проективті тесті бойынша салынған суреттер интерпретациясы бойынша өз-өзіне сенімсіздік, өзін төмен бағалау, қорқыныш, үрейді сипаттайтын детальдар азайып, есесіне мінездің нәзік белгісін көрсететін кірпік, құлақ, қауырсын сияқты детальдар көп бейнеленген. Суреттердің анық салуын да өз-өзіне деген сенімділік және артық сызық, бояулардың болмауын мазасыздық деңгейі төмендеген деп бағаладым.
Ассингердің қарым-қатынастағы агрессивтілік тесті бойынша қайтадан екі топтың агрессивтілік деңгейін өлшедім. Тәжірибелік және бақылау топтарының агрессивтіліктің жоспардағы мүмкін динамикасы арасындағы айырмашылық және көрсетілген.
Ассингердің қарым-қатынастағы агрессивтілік тесті бойынша қорытынды нәтиже
Қарым-қатынастағы агрессивтілік деңгейлері
|
2 кезең
|
Эксперименттік топ
|
Бақылау тобы
|
саны
|
сапа
|
саны
|
сапа
|
Жоғары
|
5
|
22 %
|
-
|
-
|
Орташа
|
5
|
22 %
|
10
|
63%
|
Төменгі
|
12
|
56 %
|
6
|
37 %
|
Ассингердің қарым-қатынастағы агрессивтілік тесті бойынша диаграмма
Эксперименттік топ оқушылары және бақылау тобындағы оқушылармен жүргізілген зерттеу нәтижелерін салыстыра отырып эксперименттік топтағы 22 оқушының 17-сінде агрессивтіліктің төмендегендігін, ал бақылау тобының оқушылары еш өзгеріссіз қалғандығын байқадым. Мұнан шығатын қорытынды сыныптағы агрессивті оқушылармен біз жүргізген тренингтік ойындар өз нәтижесін берді, яғни бұл ойындарды бұдан әрмен мектеп психологтары, сынып жетекшілері өз тәжірибелерінде қолданса нәтиже берері анық.
Достарыңызбен бөлісу: |