Атомдар мен молекулалар.
Әр қатысушы жеке – атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құрайтынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады. Ойын бірнеше рет қайталанады.
Қорытынды: неге барлығы кіре алмады?
Ойыннан шыққандар несімен ерекшелінеді.
Бұл өмірде қандай рөл ойнайсыз?
Бүкіл әлем театр, ал адамдар актерлар. Сұраққа көп ойланбай жауап беріңіз. Бұл өмірде қандай рөл ойнайсыз? Қандай рөлде ойнағыңыз келеді?
Қағазға ойнаған рөлдеріңіз бен ойнағыңыз келген рөлдітізіп жазып шығыңыз. Өте табиғи қалыпта ойнап шығыңыз. Жаттығуды орындауда нақтыланыңыз.
Рефлекция: келіңіз талдайық, сізге қандай рөлдерді ойнау сәтті болды. Олардың қасына «+» белгісін қойыңыз. Өзіңіз ойнай алмаған рөлдерді «-« белгісімен белгілеңіз. Сізге ұнаған сүйікті ойындардың астын сызыңыз. Бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.
Афирмациялар.
Қазір көптеген психологиялық әдебиеттер шығарылуда. Әр түрлі мәселелерді шешуде көмектесетін афирмациялар ойлап табыңыз.
Мысалы: бір адамның ісі алғабасса, өзіңіздің жұмысыңыз жүрмесе өзіңізге деген қатынасыңызды өзгертіп, «ол жасаған іс менің қолымнанкеледі» афирмацияны қолданыңыз. «Мен жетістіктің адамымын», «Менің жағдайым күннен-күнге жақсаруда» т.с.с.
Менің ерекшеліктерім.
Шеңбер бойынша амандасу.
Көзімізді жұмамыз. Мен өзімнің сол жағымда отырған адамды жұмылған көзбен сипап сәлем беремін.
Келесісіде жұмылған көзімен менің сәлемімді қабылдайды да өзінің сол жағындағыға сипап сәлем береді, әрі қарай шеңбер бойынша жалғасады. Осылайша сәлем жүргізушіге қайта айналып келгенше жалғасады.
Психологиялық тренинг: «Мен және менің ортам»
Тренинг мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |