Реферат Тақырыбы: Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқы


Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктерінің теориялық мәселелері



бет2/16
Дата27.11.2023
өлшемі259.8 Kb.
#484547
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ЖБЛ-212 Тәрбие

1. Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктерінің теориялық мәселелері
1.1 Агресивтілікті зерттеудің теориялық аспектілері

Адам бойындағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр.


Агрессияның пайда болу себептері туралы әртүрлі ғылыми пікірлер айтылған. Агрессияға қатысы бар ең бастапқы және белгілі теориялық жағдай бұл мінез-құлықтағы агрессияның шығуы жағынан басым инстинктивті, адамзат осындай әрекеттерге генетикалық немесе конституционалды «бағдарламаланып» қойғандықтан агрессия пайда болады.
Тұрмыстық тілде агрессия: «дұшпандықты туғызатын ашық жауласу», ал «агрессиялық» - басып алушылық сияқты, өшпенділік тудыратын, зиянды әсер көрсетуші деп түсіндіріледі.
Жалпы "агрессия" термині зорлық көрсетуде, басып алушылық әрекеттерді белгілеу ретінде кең таралған. Агрессия және агрессиялық әрқашан жағымсыз, өрескел күш, басып алушылық дегендей бағаланады. Негізінде агрессия жағымсыз мінез-құлық ретінде түсіндіріледі. "Агрессия" ұғымында әртүрлі мінез-құлықтар аспектілері бірігеді және нәтижесінде жауыздық, өшпенділік, қарақшылық және адам өлтіру туындайды. Жасөспірімдік өмірде зорлық көрсету мінез-құлық түрлері кездеседі, бұлар "бәлеқорлық", "төбелескіштік", "ызақорлық", "мейірімсіздік" терминдермен анықталады. Агрессивтілік дұшпандылық күй-жағдайына жақын келеді. Дұшпандылық – әрқашан белгілі бір объектісі бар тар мағынаға бағытталған күй-жағдай. Дұшпандылық және агрессивтілік жиі сәйкес болады. Бірақ адамдар қарым-қатынаста өшпенді болғанмен, ешқандай басқыншылық әрекет көрсетпейді. Дұшпандық әрекетсіз де агрессивтілік болады, ешқандай өшпенді сезімсіз адамдарды жәбірлейді.
Психологияда «агрессия» термині әр түрлі түсіндіріледі. Көптеген авторлар агрессияны зерттеуде оны негативті бағалайды. Бірақ сонымен қатар агрессияға позитивті қарау көзқарасы бар.
Бар анықтамаларды шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады:
1. Нормалар мен ережені бұзатын және оның негізінде қайғы-қасірет келтіретін агрессия. Бұл топта қасақана және инструменталдық агрессия ажыратылады. Инструменталдық агрессия – адам өз алдына агрессиялық әрекетті мақсат етіп қоймайды, бірақ «осылай тура келді» немесе «әрекеттену керек болды» деп тұжырымдайды. Бұл жағдайдың себебі бар, бірақ ол оны мойындамайды.
Қасақана агрессиябұл зиян келтіру ұғымында жасалған әрекет. Бұл көзқарасты А.Р.Ратинов да ұстанады. Оның есептеуі бойынша, агрессиялық тұлға қасиетінің мотивациялық құрылымы бойынша жекелік деңгейге толық жатады деп түсіндіреді.
Бұған Ю.М.Антонян үрейлілік агрессия себеп болып табылады деп есептейді. Бұл анасымен қызу байланыстардың бұзылуы салдарынан, яғни депривация ретінде терең балалық шақта қалыптасады. Үрейлілік қорғау мінез-құлықты тудырады. Төмендетілген үрейлілік өзін-өзі бағалауды туғызады, жеке адамда дау-жанжалды қатерлі жағдай ретінде қабылдау төмендетіледі, жағдайлардың диапозоны кеңейеді, экспрессивтілікті және интенсивтілікті жоғарылатады.
Психолог А.А.Реан «агрессия» және «агрессивтілік» деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия (латын тілінен «agressio» аударғанда – шабуыл, басқындық дегенді білдіреді) – бұл бөгде адамға болмаса адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат.
Психология ғылымында агрессия түсінігі





Автордың аты-жөні

Агрессия – бұл …

1

Л.Блендер

Объектіге жақындау немесе алыстау тенденциясы;

2

Ф.Аллан

Адамның сыртқы күштерге төзе алу мүмкіндігін беретін ішкі күш;

3

Х.Дельгадо

мінез-құлық реакциясы, қоғам мен адамға зиян немесе нұсқан келтірумен көрінеді;

4

А.Басс

нəтижесінде ауырсыну стимулын алатын басқа ағзаға бағытталған реакция;

5

А.Уилсон

дене əрекеті немесе бір жақтан болатын қауіп төндіру, ол екінші жақтың еркіндігін тарылтады немесе генетикалық бейімделуін төмендетеді;

6

Д.Зильманн

басқаларға дене жəне тəндік жарақаттар əкелетін зиян келтіру мүмкіндігі;

7

Э.Фромм

адамдарға, топқа, жануарларға жəне барлық тіршілік иелеріне зиян келтіру;

8

Психологиялық сөздік

Латынша aggress – шабуыл жасау, мінез-құлық, нəтижесінде зиян немесе шығын келтіріледі;

9

Р.Бэрон, Д.Ричардсон

мінез-құлық, тіршілік иелеріне зиян немесе нұсқан келтіру əрекеті;

10

Р.С.Немов

Адамның басқа адамға деген мінез-құлқы, оларға жағымсыз жағдайлар туғызып, зиян келтіруге ұмтылумен ерекшеленеді;

11

 З.Фрейд

супер-эгомен басып тасталатын деструктивті күш.

Агрессивтілік – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі. Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады. Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессивтілік осындай әрекетке дайындық. Адамдар үнемі қауіпті агрессивті әрекеттер жасайды. Неліктен олар мұндай әрекеттерге барады деген мәселе ұзақ уақыттан бері маңызды дискуссиялардың пәні болып келеді. Психология ғылымында психикалық құбылыстардың ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет