Реферат Тақырыбы: Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқы


Агрессивті мінез-құлықтағы балаларды анықтауға арналған



бет8/16
Дата27.11.2023
өлшемі259.8 Kb.
#484547
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
ЖБЛ-212 Тәрбие

Агрессивті мінез-құлықтағы балаларды анықтауға арналған
психологиялық тренингтер
Мақсаты: жасөспірімдердің өзіндік анықталуын қалыптастыру. Өзіне баға беру, өз ерекшелігін білу, өз мүмкіндіктерін анықтау, жалпы талдау жасауды меңгеру.
Міндеті:
- Оқушыларды өзіндік диагностикаға үйрету, рефлекцияға үйрету;
- Өз мінез-құлқының реакциясын, қатынасын, қажеттілігін үйрету;
- Өз кемшіліктері мен қателіктерін жете түсінуін қалыптастыру.
Ерекшелігі мен қолдануы.
Қиын оқушылардың өзіндік анықталуын қалыптастыру мектеп психологы, әлеуметтік педагогы, сынып жетекшісі жүргізеді. Берілген тренинг қиын оқушылардың өзіндік анықталуын қалыптастырады.
Тренинг жүргізу ұстанымдары мен ережелері.
Тренингтің нәтижесі оны жүргізу принциптерін дұрыс қолдана білуіне байланысты.
Тренингтік сабақ әдісі ашық қарым-қатынас түрінде; әр қайсысы өз ой пікірлерін айту, көзқарасын білдіру, бір-бірінің сөзін бөлмеу, пікірталасқа айналдырмау. Жүргізуші өз ой пікірін, көзқарасын қатысушыларға бойұсындырмау, екінші бір адамды тыңдап үйрену, шиеленісті жағдайды болдырмау керек.
Тренингті жүргізу жетістігіне жүргізушінің тұлғасының рөлі зор. Жүргізуші тренинг барысында іс-әрекетімен, ережелерімен таныстыру қажет. Жұмыс басталмас бұрын неге көңіл бөліп, ой тоқтатуға бағыт беруі керек.
Амандасу – «танысу».
Әр қатысушы өз есімінің бірінші әріпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы; мен Айгүл ақкөңіл қызбын, серік, сенімді жігітпін...
Мен кіммін?
Жүргізуші «мен» тұжырымдамасын таныстырғаннан кейін қатысушылар мен кіммін деген сұраққа «мен» бейнесіне кіру арқылы жауап береді. Ю.В. Валентиннің «мен» тұжырымдамасы бойынша
Мен – тұлғамын
Мен – баламын
Мен – Маратпын
Мен – оқушымын
Мен – доспын....
Әр оқушы өзін әлеуметтік ортаға кім екенін анықтап жазады.
Мен басқаның көзімен.
Ортаға бір оқушыдан кезектеп шығады. Қалған қатысушылар ол жайында қандай ой-пікірді айтады. Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет