1.Коммерциялық банк туралы түсінік
1.1Коммерциялық банктерді басқару ерекшеліктері мен оның функционалдық құрылым
Банк – бұл қаражатты тартып жинақтауға және оларды өз атынан қайтару, жедел, төлем шарттарымен орналастыруға арналып құрылған ұйым.
Банктің негізгі қызметі – қаражатты несие берушілерден қарыз алушыларға және сатушылардан сатып алушыларға тасымалдауда болады. Банктармен қатар, қаражатты нарықта тасымалдаумен басқа да қаржылық және несие-қаржылық ұйымдар (инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік, дилерлік фирмалар және т.б.) айналысады.
Қазақстан Республикасында коммерциялық банктерді құру және олардың жұмысы Қазақстан Республикасының «Банктер және олардың қызметі туралы» Заңына негізделеді. Осы заңға сәйкес Қазақстанның банктері қаржы нарығында кең ауқымды операциялар жүргізеді: түрлі мерзімді несиелерді жеткізу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сақтау, сату және сатып алу, қаражатты түрлі салымдарға тарту, есеп айырысу, кепілдік және т.б. міндетткерліктер беру, делдалдық операциялар жүргізу және т.б..
Қазақстанда банктер меншіктің қандай да болсын түрінде құрыла алады – жеке және:
• Коллективті, акционерлік, аралас. Мемлекеттік меншік формасында негізделген банктерді құру мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Олар ағымдағы заңнама бойынша өз жұмысын коммерциялық негізде атқаруы мүмкін.
Банктер жарғылық капиталын қалыптастыру әдісі бойынша акционерлік (ашыө және жабық түрлі) және пайлық болып ажыратылады. Бір тұлғаға тәуелді (заңды немесе жеке) банк құру мүмкіндігі ағымдағы заңмен жоққа шығарылған. Осы заң бойынша банктік жарғылық капиталы кем дегенде үш қатысушының қаражатынан құралуы қажет делінген.
Егер несиелік жүйені реформалаудың бастапқы кезеңінде коммерциялық банктер негізінен пайлық негізде құралса, ал қазіргі кезең пайлық банктерді акционерлік банктер формасы етіп қайта құрумен сипатталады. Акционерлік қоғамда капиталдың иемденушісі қоғамның өзі, яғни банк болып табылады. Ал пайлық коммерциялық банктерде капиталдың иегерлері бола алмайды, себебі әрбір пай иегері өзінің капитал үлесіне ғана иемденуге құқығы бар болады. Па йлық коммерциялық банктер жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық негізінде құрылған, яғни әрбір пай иегерінің жауапкершілігі оның банктің ортақ капиталына салымына тәуелді. Жарғылық капиталды кеңейту банк қатысушыларының қосымша салымдары, сонымен қатар, банктің құрамына жаңа қатысушылардың еңгізілуі арқылы жүзеге асырылады. Жаңа қатысушылардың еңуі туралы мәселе банктің қатысушыларының жиынында шешіледі.
Ал акционерлік қоғам ретінде жұмыс атқаратын банктерде жарғылық капитал бірдей номиналды құны бар анықталған акциялар (заңды және жеке тұлғалар арасына) санына орналастырылған. Акционерлер банктен осы салымды қайтаруға міндет ете алмайды. Осы жағдай банктің тұрақтылығын, беріктігін қамтамасыз етеді және оның ликвидтілігін басқаруға негіз құрады. Акционерлік банктер ашық және жабық түрлі болады. Жабық банктердің акциялары басым акционерлердің келісімімен ғана бір-біріне беріле алады. Ал ашық түрлі банктердің акциялары басқа акционерлердің келісімінсіз ауыстырыла алады.
Банк қызметін ұйымдастыру өрісінде банктік қызмет көрсетулерді өндіріс қызметінің тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ету, қажет. Үнемі өзгеріп отыратын ортада, банктік құрылымның адаптациясын қамтамасыз етуші объект ретінде, банк экономикасының негізіне жататын элементтердің әрекеттестігі мен құру механизмін айқын көрсету қажет.Басқару операцияларымен қатар өндірістік опреациялар коммерциялық банк қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Банк қызметі өрісінде жоғары технологиялар мен ақпараттандырудың дамуы жағдайында,банктің экономикалық қызметінің мәні туралы ғылыми түсініктеді алдағы уақытта жетілдіру, актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Өндірістік процесс (банк қызмет) үшін басқару жүйесі өте маңызды. Басқару ролінің үнемі өсуі - өндіріс сипатын нығайту мен даму процесіндегі басты тенденция.
Банктік қызметті басқару, банктік технологияларды жетілдіру мен өңдеуді, банк өнімдері мен қызмет көрсетулерін сапалы деңгейде қамтамасыздандыру, барлық есепайырысу түрлері мен банктік операциялардың орындалуын жоспалау мен бақылауды, персоналдармен қамтамасыздандыруды, таза табыстың тұрақтылығын ұстап тұруды кіріктіреді. Дамудың әр кезеңінде экономикалық субъектілердің қажеттілігіне сәйкес, басқарудың неғұрлым тиімді формалары мен әдістерін іздестіру, әрқашан рационалды шаруашылықтандыру шарттарының бірі және болады.Коммерциялық банктердің ресурстарын басқару – бұл экономикалық қатынастардың субъектілері банк дамуының күрделі міндеттерін шешуге, жақсартуға мүмкіндік беретін, қуатты тетік болып табылады. Басқару әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын үнемі және үздіксіз жетілдіріп отыруынсыз, банк қызметін жоғарылатудағы, жаңа технологияларды ендірудегі, ресурстар тиімділігін өсірудегі ілгерілікті елестету мүмкін емес.Банк қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының ауқымдылығы жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және микро деңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы.
Аталмыш қатер ақша нарығына және осыған орай институттардың қызметіне тән көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ұштастырудың қиындығына байланысты туындайды. Сондықтан да банкте ең жауапты шешімдерді ұжыммен ақылдасып шешу принципі қолданылады, несие берушілерді ықтимал қатерлерден қорғаудың әр түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңсесі мен филиалдары арасында несие операцияларын орындау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.Банк операцияларының келісімшарт сипатында болуы, клиенттермен жұмыс тек жоғары экономикалық дайындықты ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге, психология негіздерін, құқықты, іскерлік этиканы жақсы білуді, келіссөздер жүргізе білуді талап етеді, яғни банк мамандарын өзіндік ерекшеліктермен дайындауды қажетсінеді.
Банкті басқару негізгі бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:
Бірінші топ банк құзыреттілігіндегі экономикалық процестерді ұйымдастыру және басқару бойынша мәселелерді қамтиды.
Екінші топ банк ұжымын ұйымдастырумен және басқару мен байланысты.
Осы салалардың әрбіреуі өз кезегінде бірнеше бағытқа ие олардың негізгілерінің мазмүнын қарастырайық.
Банк тұрғысынан басқарудың ең жауапты бөлігіне жоспарлау жатады. Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың құрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады. Ал, банк саясатының құрамдық бөлігіне несие, депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады. Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткісіштерінің келешекте қалайша өзгеретінің анықтаудың, оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді негіздеудің, артықшылыктарды бөліп алудың, жұмысты ұйымдастырудың әдістерін тандаудың маңызы зор.
Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының біріне жатады. Ол тиісті кезеңге белгіленген банк саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесіңде біртұтас екі міндет алға қойылады - жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің салдарынан қалыптасатын ахуалдың негізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.
Әр алуан активтердің банкке әркелкі пайда әкелетіні және олардың қатер деңгейі әр қилы болатыны белгілі. Сондықтан да банк барлық активтерді қаражат салымының мерзіміне, олардың пайдалылығы мен қатер деңгейіне қарай жіктеуі қажет. Активтерді басқарудың әдістері біршама дәрежеде тиісті кезеңце банк шешетін міндеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Сонымен Қатар, пассивтердің құрылымына қарай активтерді орналастырудағы тығыз байланыстың болуы активтерді басқарудың теориясын және оны жүзеге асыратын әдістемелерді әзірлеуді қажет етеді. Ақша нарығы дамыған елдерде қазіргі заман жағдайында активтерді басқару белгіленген пайдалылық пен өтімділік нормативтерінде активтерді орналастыру мен пассивтер жағдайы арасындағы белгілі бір тәуелділікті белгілеуді ұйғаратын экономикалық-математикалық үлгінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл арада әр түрлі экономикалық ахуалдарға баламалы нұсқалар жасалады.
Пассивтерді басқару менеджменттің дербес бағытын бідіреді. Бұл процесте мынадай міндеттер шешімін табады:
міндетті резервтерді қалыптастыратын бөлігін есептемегенде табыс әкелмейтін қаражаттың банкте болуың-жол бермеу;
банк өз клиенттерінің алдындағы тиісті міндеттемелерді орындауы үшін әрі активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіру;
банктердің «арзан» ресурстар есебінен пайда алуын қамтамасыз ету.
Осы міндеттердің әрбіреуі мәселені шешудің айрықша тәсіліне ие. Осылардың ішінде депозиттік процент, оның салым мерзіміне қарай әртараптануы маңызды орын алады. Алайда мөлшерді арттыруды ғана емес, сонымен бірге түрлерді әр алуан етуді білдіретін пассивтік операциялардың дамуы ақша және қаржы нарығының алғашқы негізі ретінде болатын акция айналымының тұрақтылғын қажет етеді.
Банкті басқару міндеттері:
Өзіндік банк қаражатын басқару оның өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуде айрықша маңызды орын
алады. Банктің активтік операцияларын ұлғайтуда әрі депозит
мөлшерін өсіруде өзіндік банк капиталын арттыру қажеттілігі
пайда болады. Өзіндік банк капиталын басқару оның жеткіліктілігінін, сондай-ақ осы жеткіліктілікті бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді тандаудың өлшемдерін негіздеуді қажет етеді. Өзіндік банк капиталын басқарудың тиімді құралына банк шығарған акция бойынша дивидендтер саласындағы саясат жатады. Дивидендтердің артуы акция бағасын өсіреді және осыған орай қосымша акцияларды сатудың, өзіндік капитал өсуінің ықтималдығын тудырады.
Банк жұмысының пайдалылығын басқару оның кірісгері
мен шығыстарын, тартылған қаражат бойынша шекті шығындарын
және несиелеу мен инвестициядан түсетін шекті табысын, каржылық нәтижелер тұрақтылығының қамтамасыз егілуін, ысырап қатерін бақылауды қажет етеді. Банк алатын пайданың шамасына әсерін тигізетін банк қызметіндегі алаяқтық операциялардың арту себебіне, күмәнді және залалды операциялардың талдауына айрықша назар аударылады.
Банк қызметіндегі тәуекелдіктерді басқаруға тәуекелдік - менеджменті жатады. Банк қызметінде қатер әр түрлі операцияларды орындау барысында орын алады: несиенің және ол үшін алынатын проценттің қайтарылмай қалу қатері, қаражатты жеткізушінің уақтылы ала алмай қалу қатері, пайданың алынбай қалу қатері, өтімділіктің болмай қалу қатері және т.б.
Тәуекелдік болмаған жерде кәсіпкерлік болмайды, сондықтан да оны басқара білу қажет. Тәуекелдікті басқару процесінде шешімін табуы тиіс басты міндеттер:
қауіп-қатер пайда болуының ықтимал жағдайын көре білу;
болжалды зиянның ауқымын бағалау;
ескертудің тәсілін немесе оның орнын толтыратын көзді табу.
Қауіп-қатерді (тәуекелдікті) басқару өткен шақта зиянның қалай пайда болғандығын зерделеуге, нақты клиент үшін оның пайда болу ықтималдығын болжауға, ескертудің немесе ықтимал зиянның орнын толтырудың тәсілдерін алдын ала негіздеуге құрылады. Біздің іс-тәжірибеде мәселе бұлайша алғаш рет қойылғандықтан өзіне айрықша назар аудартады. Осыған байланысты банк қызметіндегі ықтимал тәуекелдіктерді болжау мен бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлеу бірінші кезектегі міндет болып табылады.
Қатерлерді басқару проблемасы банк қызметін үйымдастыру-№ең, жауапкершілік жүйесімен жэне банк жүмыскерін еңбекке экономикалық түрғыдан ынталандырумен тығыз байланысты.Негізінен іскерлік серіктестік басталатын және аяқталатын орталықтар – бұл банктер. Экономиканың әл-ауқаты коммерциялық банктің сауатты қызметіне байланысты болады. Коммерциялық негізде қызмет ететін банктің дамыған жүйесінің нақты және тиімді нарықтық механизм құруға ұмтылыс тек игілікті тілек болып қана қалады. Активтер мен пассивтердің банктік портфелі – бұл тиімді тәуекел деңгейінде жоғары пайда алу үшін қолданылатын біртұтас (единое целое). Активтер мен пассивтерді бірлесе басқару депозиттер мен заемдарды іскерлік активтілік циклінің ауытқулары мен мерзімдік ауытқулардың әсерінен қорғау үшін, сондай-ақ банктің мақсатын жүзеге асыруға себепші болатын активтер портфелін қалыптастыру үшін банк беретін құрал болып табылады. Активтер мен пассивтерді басқарудың маңызы баланс құрылымын оның стратегиясына сәйкес келетін тактиканы қалыптастыру және іс-шараларды жүзеге асыру. Банктердің пассивтік операциялары олардың шоғырландырушы (концентрирующую) және жартылай қайта таратушы қызметтерін жүзеге асырады. Оларда банктер несиелік сұранысты тасушылар (алып жүргізушілер) болады, ал олардың контрагенттері – несиелік ұсынысты тасушылар болады.Нақты экономика секторында орналасқан позитивті беталыстар халықтың нақты табыстарын жоғарлату, банктік секторға сеніаді қалпына келтіру, несиелік ұйымдардың ресустық базасын өсіруге себепші болады.Қазіргі таңда банктер еліміздің экономикасында маңызды орынға ие болып отыр. Себебі олар ақша айналымының негізін қалыптастырып, мемлекетті, жалпы, халықты несиелендіреді. Сондықтан да банк күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан , оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс. Тек қана банктерде ғана емес, сонымен қатар кез-келген ұйымда басқару өте маңызды іс.Жалпы, банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады – банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету. Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым – қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрінде шешуге құқығы бар. Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) немесе оның торабының (филиалды немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді. Қазіргі уақытта коммерциялық банктер акционерлік қоғам формасында құрылатындақтан да, оларды басқаруға акционерлері қатысады. Ондай формадағы банктің ең жоғарғы басқару органы банк акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен төрағасын сайлайды, банктің ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды. Яғни банктің стратегиялық міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысы жылына бір рет, жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей шақырылады.
Басқарма (банк кеңесі) – банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды. Басқарманың ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиеттерінің мүддесін қорғау мақсатында да жұмыс жасауы тиіс. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитет құрылады: әкімшілік (ағымдағы сұрақтарды), есеп-қарыздық ( несие беру инвестициялау), ревизиялық (қаржылық жағдайын тексеру).Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды. Басқарма мүшелері банктің операцияларына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде басқарма, бөлім жетекшілерінің есептерін тыңдайды және банк ісін талқылайды. Басқарма мүшелері өздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер туралы заңда бағынбағандары үшін жауапты.Кеңес коммерциялық банктегі акционерлер жиналысының нұсқауына сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы болып табылады. Кеңес (басқарма) тәжірибелік операцияларға жетекшілік жасау және жүзеге асыру үшін банкті басқаратын құрылым құрады. Операцияларды басқару ресурстарды жинақтау қызметтеріне және оларды пайдалану тәсілдеріне бөлінуге негізделген. Директорлар кеңесі іс - тәжірибелік операцияларды жүзеге асыру және басшылық ету үшін банкінің басқару құрылымын құрады. Өкілеттік көлемі мен өз бетіндік дәрежесі бойынша басқару құрылымы 3 деңгейден тұрады.
жоғарғы менеджерлер;
администраторлар;
қадағалау және ревизиялық функциялар берілген тұлғалар.
Жоғарғы менеджерлер - бөлімдер мен службалардың қызметтерін шоғырландырады, олардың бағдарламаларымен нақты мақсатын айқындайды, кеңес және олардың жұмыстарына бағасын береді. Олар өздерінің басты назарын банк жұмысының нәтижесіне аударды.
Администраторлар - бөлімше жетекшілері. Олардың басты мақсаты - өздерінің бөлімшелерінің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Үшінші деңгейдегі қызметкерлерге – қадағалаушылар жатады. Бұл қатардағы жұмысшыларға көмек көрсететін, күрделі және даулы сұрақтарды шешетін, нақты жағдайлар бойынша кеңес беретін, персоналды оқытумен айналысатын шағын маманданған топтар немесе бөлімшелерге басшылық ету тапсырылған неғұрлым мамандандырылған кәсіпқой мамандар. Бақылаушы – бухгалтерлік және статистикалық бөлімінің жұмысын басқарады, жұмыстың жаңа тәсілдерін және есептің автоматтандырылуымен айналысады.Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы, жетекшілердің құрамы, өкілеттіліктердің бөлінуі тағы сол сияқты факторларға байланысты және экономикалық біртұтастығымен анықталады. Банк құрылымын ұйымдастырудың ұтымдылығын талдау – жалпы банктегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың, оның коммерциялық қызметінің маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі белгілері – банктің орындайтын операциясының көлемі мен экономикалық мазмұны болып табылады. Банктік іс тәжірибеде банктік ұйымдастырушылық құрылымының 2 түрі бар: функционалдық және дивизионалдық.Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы банк қызметінің жекелей бөліктерге бөлінуі, іс-әрекеттің немесе қызметінің оқшауланған саласының белгілі бір дәрежеде көрсетілуі, олардың жүзеге асырылуы банктердің алдына қойған мақсатына жетуге септігін тигізеді. Мұндай банк қызметтерінің оқшауланған салаларына, әдетте банк операцияларын басқару, маркетинг, бухгалтерлік есеп пен есеп беру және шаруашылық басқару, тағыбасқалар жатқызылады. Бұл функционалдық блоктардың шешетін міндеттерінің көлеміне байланысты шағын бөлімше құрылуы мүмкін.Банктер үлкен географиялық ауданды қамтып іс-әрекет еткен кезде, оның ұйымдастырушылық негізінде іс әрекет ететін бөлімдердің торабы арқылы құруды болжайтын, әр түрлі аумақтарда өз қызметін ұсынатын аймақтың ұйымдастырушылық құрылымы приципі жатуы мүмкін. Мұндай обылыс, аудан шегінде клиенттерге қызмет көрсетуге бағытталған құрылым жергілікті жағдайларға дұрысырақ білуге мүмкіндік береді.Қазіргі кезде республикада банк қызметтерінің сан алуан түрін көрсетуге, әртүрлі клиенттер топтарымен жұмыс жасауға, сонымен бірге, аймақтың жергілікті ерекшеліктеріне бейімделген коммерциялық банктердің дивизиондық құрылымы құрылған.Банктің жалпы ұйымдастырушылық құрылымында бөлімдердің екі типін бөліп көрсетуге болады: желілік функцияларды орындайтын және штаптық функцияларды орындайтын бөлімдер.
Желілік бөлімдер тікелей операциондық жұмыспен айналысады: салымдық, несиелік, трасталық, бағалы қағаздарды сату сатып алу және т.б.
Штабтық бөлімдер – желілік бөлімдерге қызмет көрсетумен айналысады. Яғни, инфрақұрылымдық оның дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Бұл жоспарлау, кадрлар, заң, статистикалық бөлімдер. Банктің ұйымдастырушылық құрылымын, банк басқармасы және басқару бөлімдері құрайды, олар банк операцияларының жіктелуін есепке алады, сәйкестендіре отыра олардың функционалдық белгісі бойынша қалыптастырады. Коммерциялық банктер шаруашылық есепті ұйымдастыру, пайдалылық, өтімділік қызметтердің сан алуан түрлерін орындауына үлкен көңіл бөледі. Бұл үшін тиісті құрылымдық бөлімшелер құрылады. Депозиттік операцияларды басқару банктің меншіктік капиталымен тартылған қаражаттарды есептеу және талдауым айналысады. Ол әдетте депозиттік операция, қор бөлімдерінен тұрады. Бұның біріншісі салымшылармен шарт жасасумен, депозиттік қаражаттарды есептеу, талдаумен айналысады, екіншісі банктік меншіктік қаражаттарын есептеу және талдаумен айналысады.Несиелік басқарма қарыз алушыларды несиелендіру сұрақтарымен айналысады. Ол әдетте тұрғындарды қысқа мерзімді несиелендіру, банкаралық операция және тағы басқа бөлімдерден тұрады.
Банктің филиалдарын басқару филиалдардың қызметіне жетекшілік етумен, бақылаумен, банк филиалдарына іс-тәжірибелік әдістеменлік көмек көрсетумен айналысады.Есеп-кассалық операциялар басқармасы – клиенттнрге шот ашумен, кассалық операцияларды және есеп айырысуды жүргізумен айналысады. Валюталық басқарма валютамен операцияларды жүргізуге арналған. Статистикалық және талдау бөлімі статистикалық ақпараттарды талдау, жинаумен және клиенттерге ақпараттық – анықтамалық қызмет көрсетумен айналысады.Банктегі жоғары басқару буындарынан басқа (басқарма,директорлар кеңесі және т.б.), ереже бойынша операциялардың өтімділігі мен табыстылығын реттеуді қамтамасыз ететін басқармалар, бөлімдер, секторлар құрылады. Банк қызметі толығынан және бөлек операциялар жоспарланады. Банк басқару аппаратына бөлімшелер кіреді, олар банк операциялары мен оның есеп беруін, операциялық басқаруды ұйымдастырады. Банк қызметінің ұйымдастыруына деген көзқарасқа қарамастан, операциялардың орындалмағанына қарамастан, әр банк өз өнімін шығара отырып, басқару блоктарының міндетті жиынтығына ие болады. Банк қызметкерлерін басқару жүйесін жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді былайша айтуға болады:
банк қызметкерлерінің тиімді еңбектерінің уәждемелерін күшейту;
қызметкерлерден маманды дайындау деңгейін жоғарлату;
бөлімшелер арасында тиімді өзара байланысты қамтамасыз ету;
банк басқармасының қызметіндегі стратегиялық компоненттерді күшейту;
ағынды, жедел міндеттерді шешудегі банк бөлімшелерінің рөлін жоғарлату.
Көптеген отандық банктердің оң динамикалық қасиеттері бар екенін зерттеулер көрсетеді: банк құрылымы сыртқы ортаны жаңа талаптарына биімделеді, банктер қаржы нарығының конъюнктурасына икемделеді, өз қызметінің жаңа бағыттары мен құралдарын меңгереді. Басқарудың стилі мен тәсілдері жүзеге асырылуда, қызметкерлермен жұмыс әдістерінің түрлері ұлғаюда, ізденістердің, іріктеулердің, оқудың және кадрлерді жылжытуды жаңа формалары пайда болады. Бірнеше рет аталып кеткендей, әлеуметтік–экономикалық ортаның динамизі кез келген отандық банкке соншалықты жоғары талаптар ұсынады, олар үшін екі жол ғана бар – тұрақты қарқынды даму немесе сөну. Соған қарағанда көптеген отандық банктердің дамуы іске асырылуда, бірінші кезек мақсаткерлік пен ұмтылушылық әкелетін жетекшілердің мамандық мәдениеттерінің есебінде.Қазақстан банкінің қызметкерлеріне тиімді жұмыстары үшін жеткілікті уәждеме жоқ. Олардың мамандандырылған және лауазымды жағдайларындағы сапалы бетбұрыстарға ереже бойынша жету өте қиын. Банк персоналы өзіне шешім қабылдау мен оларды орындауға толығынан жауапкершілік алуға дайын емес. Көптеген қызметкерлер өздерін банкпен тұтас қоймайды, банк қызығушылықтары мен өздерінің жеке қызығушылық сәйкестігінің қолайлығына белгілері келмейді.Банк персоналына кәсіпқойлық жетпейді, көбінесе қабылданған шешімдердің жалғасының жан-жақты бағалау үшін және макроэкономикалық жағдайлардың динамикалық өзгерістеріне адекватты көңіл аударулары үшін. Осыған дейін орта буындағы мамандар өз жұмыстарында көбінесе отандық нарықтағы қаржы қызметтеріне көптеген банктерді әкедуге бейімделеді. Мұндай жайғасым қалыптасқан макроэкономикалық жағдайда расталады. Банк персоналы жеке организмнен гөрі мамандар тобын көрсетеді. Бөлімшелер арасына бағыттар қатарында рационалдық және міндетті түрдегі өзара-әсерлік процедуралар жоқ. Сонымен банк қызметкері өзін тек бір бөлімшенің тұлғасы екені сезінеді. Сондықтан оның қызметі банк қызығушылығын көрсетпейді. Керісінше тек өз бөлімшесінің талабын сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |