1.2 Коммерциалық банктің несиелік потенциалы, оның құрлымы
Қазіргі отандық банктің қызметкерлерін басқару өзінше күрделі процес, ол әкімшілікке бұйрық беруге жиынтықталмайды. Қызметкерлерді белсендіруге ынталандыру түрлі әдістерін қолдану қажет: икемді еңбекақы төлеу жүйесі мен сыйақы, моралды – психологиялық ынталандырулар, шығармашылық еңбек, қызметкерлерді банк басқару процесіне тарту. Алайда, әкімшілік әдістерден тұтасынан бас тартуға әлі ерте.Кез келген қазіргі банктер үшін жалғыз қолайлы, әмбебеп құрылымы жоқ. Құрылымы әр банк үшін құрылуы керек, оның ерекшеліктерін есепке алып отырады: салымшылар, несие алушылар, клиенттер, серіктестіктер, бәсекелестіктер, жергілікті және федералды үкіметпен қатынасы, қаржы қызметтерінің параметірлері, макроэкономикалық және саяси процестер, географиялық жағдай және т.б.Банктің функциональдық және ұйымдастырушылық құрылымы банктің сыртқы ортасының динамикалық өзгерістермен бірге икемді түрде алмасуы тиіс, нарық пен қоғамның жаңа тұтас шындықтарына бейімделуі керек, ол тұтынушылардың қызығушылықтарының алмасуына байланысты. Қалыптасқан құрылымдарды, жобалау топтарын «команда» реттеу әдістерін қолдану мақсатқа сай. Банктің қызметін жоспарлауға ерекше маңыздылықты бөлу қажет. Динамикалық нарық жағдайындағы жоспар көп жылға әзірленген қатты сызба нұсқаның сипаттамасын алып жүрмеуі керек. Қазіргі жоспар банктің сыртқы және ішкі ортасын дамытудың комплекстік болжауының негізінде құрылады және оның стратегиясын қорытындылайды. Қабылданған жоспар міндетті түрде орындалатын заң ретінде болуы керек, алайда, ол тұрақты түрде банктің сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерді ескере ала отыра қарастырылуы керек. Жоспар банк жұмыстарының барлық жағын, оның айналасындағы барлық процестерді қамту керек болғандықтан, оның құрылуына, оның қызметкерлерінің максимальды саның тарту қажет, оған қоса барлық рангтегі басшыларды, сыртқы кеңесшілерді, ғалымдарды, құрылтайшылар мен банктік «өнімнің» тұтынушыларын да кіргізу керек. Банк персоналының жұмысын іске асырудың басты тұтқасының бірін тұрақты квалификацияларын жоғарлату, кадрларды оқыту мақсатқа сай болады. Оқыту жүйесі көп деңгейлі болу қажет. Ол бүкіл қызметкерлер мен банктің басшыларына дейін қамтиды. Оқытудың дәстүрлі қалыптарынан басқа фирма ішіндегі оқуда іскерлік ойындар, өзара сынақ мерзімін өткізу, тәлімгерлік, өзара оқу жеке жоспарларын өткізу процестінде қолданған жөн.Банк кеңесінің құрамына банктің құрылтайшылары кіреді. Құрылтайшылардың саны әр түрлі, олар үлестік жарна иелерімен бірге он немесе одан да көп болуы мүмкін. Әрбір құрылтайшы мен жарна иелерінің үлесі құрылтайшылар мен жарна иелерінің жалпы жиналасында анықталады. Банк құрылтайшылары болып, мемлекеттік құрылымдар да (үкісет, министрлік және т.б.) қатыса алады. Ондай банктерді жеке меншіктілердің қатарына қосуға болмайды. Жеке банктердің құрылтайшысы болып, бөлек жеке тұлғалар да қатысады. Әлімдік тәжірибені есепке ала отырып, банктерді ұйымдастырудың негізгі нысаны болып, жекеменшіктің акционерлік түрі тандап алынады. Жеке меншіктің акционерлік нысанында жеке меншіктің әр түрлі нысандарына ие занды және жеке тұлғалар банктің құрылтыйшысы бола алады. Банк кеңесімен банктің жылдық есеп беруі бекітіледі, банктің құрылтайшылары мен жарна иелерінің жылдық жиналысы ұйымдастырылады. Кеңес банктің даму стратегиясын әзірлеуге қатысады. Банк басқармасы (Директорлар кеңесі) банкті жалпы басқарумен айналысады және банктің даму стратегиясының бекітеді.
Басқарма құрамына банктің жоғарғы басшылары кіреді:
төраға, басқарма бастығы немесе банк президенті;
банк төрағасының орынбасары;
банктің басты бөлімдерінің бастықтары.
Банк басқармасына, сондай-ақ банк жалдаған кеңесші, басқа жақтан, шетелден шақырылған ірі мамандаркіруі мүмкін.
Басқарудың жалпы және экономикалық мәселелерінің сараланымына мыналар жатады:
Басқарудың жалпы және экономикалық мәселелерінің сараланымының мақсаты:
банктің дамуының мақсаты бағыты;
алға қойылған міндеттерді орындау;
кіріс пен шығысты реттеу;
ресурстармен қамту;
активдердің сапасын көтеру, капиталдың жеткілікті болуы, өтемпаздық туралы және т.б. Ұлтық банктің талаптарын орындау.
Банктің коммерциялық қызмет әр түрлі банк қызметтерін ұйымдастыруға байланысты:
кредит беру;
инвестициялау;
валюталық, сенімгерлік және басқа да активтік операциялар.
Клиентерге барлық қызметер коммерциялық негізде, яғни төлемақы негізінде көрсетіледі.Осы аталғандардың көмегі арқасында банк пайдамен, табыспен қамтамасыз етіледі. Бұл сараланымға мыналар енеді:
кредит департаменті;
операциялық басқарма;
бағалы қағаздармен операциялар департаменті;
валюталық опеарция және т.б. департаменті;
Кредит департаменті мынадай жұмыс жүргізеді:
кредит коржынын қалыптастыру бойынша;
клиенттерге кредит беру бойынша;
несиене қамтамасыз етуді бақылау бойынша;
бөлімшелердің кредиттік қызметіне бақылау бойынша;
кредиттік операцияларды талдау бойынша;
әдістемерлермен қамтамасыз ету бойынша.
Кредиттік бөлім келесі атқарымдарға бірігеді:
кредиттік келесімшартты ресімдеу және өкімді әзірлеу, несиені беру және жабу үшін операциялық бөлімге жіберу;
өз уақытында негізгі қарыз бен пайызды жабуды бақылауды жүзеге асыру;
қосымша келісімді ресімдеу, кредит мерзімін ұзарту;
қарызгердің қаржылық жағдайына талдау жүргізу;
несиелік берешекті тез өтеу шарасын қабылдау мен әзірлеу;
кредит жағдайы және төленген пайыздар туралы оперативті беруді көрсету;
кредиттік жұмсау құрылымдарын оңтайландыру туралы ұсыныстарды әзірлеу;
кредиттеудің жаңа нысандары мен әдістерін енгізу.
Кредитті қамтамасыз етуді бақылау бөлімі өткізетін шаралар:
кепіл мен кепілдік міндеттемелерді ресімдеу;
кепілге алынған құндылықтардың жағдайына бақылау жүргізу;
мерзімі созылып кеткен үмітсіз қарызды қайтару жөнінде шаралар өткізу;
үмітсіз берешектерді есептен шығару туралы ұсыныс дайындау;
мерзімі өткен несиелерді жабу тетігін жетілдіру.
Кредит қызметі бөлімдерінің бақылау бөлімшесінің атқарылымының міндеттері мыналар:
бөлімдердегі белгіленген лимиттердің сақталуын қадағалау;
лимиттерге өтінімді қабылдау;
бөлімшелердің кредит жөніндегі жұмыстарының жағдайын тексеру;
бөлімшелердегі жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.
Әдіснама талдау бөлімінің міндеттері мыналар:
банктің кредиттік қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу;
банк операцияларының өткізілгені туралы тоқсандық және жылдық есеп беруді әзірлеу;
кредиттік нарық пен пайыздық мөлшерлеменің серпінін талдау;
кредиттік жұмсау мен пайыздық мөлшерлеменің құрылымын жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу.
Аталған шаралар жоспарлы-экономикалық басқаруда өткізілуі мүмкін, онда кредит қызметін ғылыми әдістемемен қамтамасыз етіп қана қоймай, банктің қызметін соған сәйкестендіріп, барлық бағытта жұмыстарын жанжандыра алады.Кредит басқармасының құрамына белсенді операциялар жүргізу үшін ресурстар бөлімі жиі қосылады.Бұл бөлім банктің ерекшеліктеріне байланысты өзі жеке басқарма немесе депаратмент болып бөлінуі мүмкін.Банктер несиені беру мен пайдаланудағы пайыз нәтижесінің есебінен ғана пайда түсірмейді. Банк қызметтерінде пайда түсіретін төлем арқылы есеп айырысу операциялары ерекше орун алады
Достарыңызбен бөлісу: |