Реферат тақырыбы: Коммерциялық банктерді қазіргі жағдайда басқару тиімділігі Орындаған : Тулешева Гульнур



бет8/9
Дата02.01.2022
өлшемі75.3 Kb.
#453690
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
гулшат апаи тулешева

Қорытынды

Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн ала отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.

ҚР Президентінің жыл сайынға халыққа Жолдауларында банк секторының бәсекелестік қабілеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу керектігі айтылады. 2017 жылдың басында АҚШ-та басталған ипотекалық дағдарыс біздің экономикамызға кері ықпал етпей қоймады. Дағдарысқа байланысты қазақстандық ірі банктеріміздің сырттан қарыз алудағы мүмкіндіктері шектелді, сөйтіп дәл осы уақыттары қайтару мерзімі жеткен сыртқы қарыздарды қайтаруда олардың өтімділігіне қатысты мәселелер орын алды.Нәтижесінде кейбір халықаралық рейтингтік агенттіктер тарапынан еліміздің  ірі компанияларымен қоса ірі  банктерінің рейтингтерінің төмендеуі, олардың әлемдік нарықтардағы акцияларының құндарының төмендеуіне жол берді.

Жалпы қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде банк жүйесін басқарудың тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтер мен пассивтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарынының болуын нақты дәлелдейді. Коммерциялық банктер жүйесін басқаруға бағытталған ғылыми жұмыстарға жасалған талдаудан, банктің өтімділігі  мен табыстарын қамтамасыз етуде ең бастысы банк балансының құрылымын үйлесімді немесе теңгерімді басқаруға қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет