Реферат тақырыбы: Коммерциялық банктерді қазіргі жағдайда басқару тиімділігі Орындаған : Тулешева Гульнур


Банкті  басқарудағы банктің құнын арттыру стратегиясының мәні



бет5/9
Дата02.01.2022
өлшемі75.3 Kb.
#453690
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
гулшат апаи тулешева

1.3 Банкті  басқарудағы банктің құнын арттыру стратегиясының мәні 

Банктің құнының ағымдағы жағдайын айқындау негізінде банктің стратегиясы  жасалады. Банктің құны қоршаған ортадағы үнемі өзгерістер жағдайында оның активтерінің табыс әкелу қабілетімен анықталады. Сыртқы  қауіп ұлттық және халықаралық нарықтардағы бәсеклестікке,пайыз мөлшерлемесіндегі, валюта және бағалы қағаздар бағамындағы  ауытқуларға, клиенттерді қызметтерді  тұтынудағы өзгерулерге, сондай ақ банк жүйесін реттеудегі мүмкін болар  өзгерістерге байланысты.



Ішкі  қауіп бірінші кезекте клиенттердің тұтынуына негізделеді. Банктер  көбіне нақты клиенттерге арналған банк өнімдерін шығаруға бағытталады, бір жағынан бұл нарыққа жаңа ұсынысты ұлғайтса, екінші жағынан  банктің шығындарына басқару  тарапынан қатаң бақылау жасауды  талап етеді. Бәсекелестік стратегиясын жасау барысында ішкі және сыртқы қауіп қатерлермен бірге, оның сыртқы және ішкі мүмкіндіктерін ескеру қажет 

Сыртқы  мүмкіндіктеріне банктің жаңа нарыққа  қызмет көрсетуі, банк өнімдерінің  қатарын өсіру, нарықтағы қолайлы  жағдайлардың болуы, қосымша банк өнімдері мен қызметтерін тұтынушыларға  қызмет көрсетулер жатады. Ішкі мүмкіндіктері  банкте білікті мамандардың болуы, банк ресурстарының құрамы мен көлемінің  қолайлылығы,нарықта жетекші орын алуы, озық технологиясының болуы, қызметтерінің  бағасының қолайлылығы, жақсы жарнамасының болуымен сипатталады. Демек сыртқы ортадағы өзгерістерге, ішкі және сыртқы қауіп қатерлердің болуына және мүмкіндіктерінің пайда болуына байланысты банктің стратегиясына үнемі түзетулер жасап отыру қажет.Банктік бәсекелестік стратегиясын бәсеклестік  артықшылықтарға қол жеткізуге  бағытталған банктің ұзақ мерзімді даму тұжырымы ретінде қарастыруға  болады. Мұндай артықшылықтарға  банктің  жекелеген клиенттерге қолайлы  пайызбен жекелеген өнім түрлерін ұсынуға  мамандануын және т.с.с. жатқызуға  болады.Коммерциялық  қызмет барысында банк өзінің клиенттеріне құнды қызмет түрлерін көрсетуге  тиісті. Банк өнімдері мен қызметтерінің  құндылығы негізінен қанша клиенттің  банк сол қызметтер мен өнімдерді  сатып алға дайын екендігімен  сипатталады. Егер банктің ұсынатын қызметтерінің құны банк қызметі  үшін қажетті жиынтық шығындар сомасынан  асатын болса, онда банк қызмет рентабелді болып табылады. Бәсекелестік артықшылықтарға  қол жеткізу үшін банктің клиенттерге  көтсететін қызметтерінің бағасы, бәсекелестерінің сондай қызметке белгілейтін бағасынан  жоғары болмауға тиіс.Құндылық  жасаушы тізбекке енетін банктің  негізгі және қосымша қызметтері банктің өнімдер мен көрсетілетін қызметтерінің тұтыну құнын құраушыларды, яғни банктің бәсекелестік артықшылықтарын  сапалы сипатын білдіредіБанк  өнімдері мен  көрсетілетін қызметтерінің  сапасы жоғары болған сайын, оның құндылығы  арта түседі. Бұл жерден банктің  негігі қызметтері  жаңа өнімдер  мен қызметтерді ұсыну, несиелерді ұйымдастыруды бақылау және инвестицияларды  басқару, сондай ақ өнімдерді сатқаннан  кейін клиенттерге қызмет көрсетулер  оның қосымша қызметтерімен  (инфрақұрылым, ресурстарды басқару, технология, білікті  кадрлар, тәуекелді басқару ) қамтамасыз етіледі. Қосымша қызметтің даму деңгейін банктің арзан немесе жоғары сапалы өнімдер мен қызметтерді  ұсыну қабілетінен байқауға болады. Басқаша айтқанда,  суретте берілген құндылықты жасау тізбегі бұл  жекелеген компоненттерді бөліп  көрсету ғана емес, яғни өзара байланысты элементтердің жүйесін  көрсетеді. Компоненттің біреуінің өзгеруі  көрсетілетін қызметтердің шығындарының өзгеруіне, соның нәтижесінде банк қызметінің рентабельдігіне ықпал  етіп, банктің бәсекелестік артықшылықтарын  төмендетеді.Қазақстандық банктік жүйенің дамуының бастапқы кезеңінде бәсекелестік стратегияның басты элементі ретінде баға белгілеу стратегиясы қолданылды. Ол уақытта  банктер бір ғана өнімге мамандану  арқылы клиенттер тартуға өз қызметтерін  бағыттады. Мысалға қызметтерінің  басымдық бағыттары ретінде жеке тұлғалардан салымдарға қаражат  тарту қарастырды. Ең бастысы олар баға белгілеу стратегиясына мән  берген болатын, яғни тартылған қаражаттарүшін өте жоғары пайыздық мөлшерлеме белгіледі. Агрессивтік пайыз саясат есебінен өздерінің ресурстық базаларын  нығайтуға байланысты мәселелерін  шешкенімен, бірқатар коммерциялық банктер  тартылған қаражаттарды орналастыруда  шығын шегіп, нәтижесінде қаржылық тұрақсыздыққа ( банкроттыққа)  ұшырады.Бәсекелестік  стратегияны екі түрге орнын  алмастыру  стратегиясына  және кеңею  стратегиясына бөлуге болады. Орнын  алмастыру стратегиясы бәсекелестері  есебінен нарықтық үлесін арттыруды  білдіреді. Бұл нарық толған жағдайда жасалады. Кеңею стратегиясы нарықта  бос орын болған жағдайда қолданылады. Мысалға қазақстандық банктік жүйенің  дамуының алғашқы кезеңінде      ден астам коммерциялық банктер  пайда болды. Кейіннен олар, Қазақстан  Ұлттық банкінің нормативтік талаптарын орындамауға және өзге себептерге байланысты қысқара бастады. Қысқарудың басты  себебі бәсекелестік ортадағы қалыпты  өзгерістер жағдайына сай сауатты  менеджменттің және нақты стратегияның болмауы болып табылады.

90 жылдардың  ортасынан бастап, банктер орнын  алмастыру стратегиясына мән  бере бастады. Сөйтіп, банктер  қайта ұйымдастырылу формасына,  яғни бірігу, қосылу және өзге  несиелік мекеме формасына көшті.  Нәтижесінде көптеген банктер  өзара бірігіп, ірі банктерге  айналды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет